Етуімен қатар, тұлғаның да дамуына әсер етеді



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата14.10.2023
өлшемі353,18 Kb.
#114570
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
500-1-980-1-10-20181020

1-кесте 
– Дәстүрлі білім берудің ерекшеліктері
Онтологиялық аясы
Белсенділік түрі
Ішкі қажеттіліктер
Қалыпты шарты
Сыни ахуалдың түрі
«Витальдылығы»
Ағзаның тіршілік 
әрекеті
Мұнда және қазір 
қанағаттандыру
Өмірлік игіліктердің 
тікелей болмысы
Күйзеліс
Бөлек өмірлік қатынас
Әрекетшілдік
Түрткілерді жүзеге 
асыру
Қиындық
Фрустрация
Ішкі дүние
Сана
Ішкі келісімділік
Күрделілік
Қақтығыс
Өмір бүтіндік, 
тұтастық ретінде
Ерік
Өмірлік ойды жүзеге 
асыру
Қиындық пен 
күрделілік
Дағдарыс
Дж. Адельсон еңбегінде мұғалімдерді 
өз мамандығын, оқушылары мен білім беру 
мекемелерін ұнату дәрежелері бойынша 
айқындайды. Мұғалімдердің бір тобы үздік кәсіби 
біліммен қаруланған, аса зор құлшыныспен 
студенттерге білімді харизмалық ерекше 
дарындылықпен сіңдіретін ұстаздар ретінде си
-
патталады. Көп жағдайда мұғалім және нашар 
ақпараттанған оқушы арасында байланыс әлсіз 
болады. Фасилитатор рөліндегі мұғалім студент
-
ке бағдарланған жұмыс жасап, білімгерлердің 
өз әлеуетін дамытуын ынталандыруы керек. 
Ғалымның пайымдауынша, мұндай рөл студент
-
терге деген үлкен қамқорлық пен мамандығына 
адалдықты талап етеді. Мұғалімдердің келесі 
тобы мекеме немесе идеяларды мойындай
-
тын ұстаздар қауымынан тұрады. Мұндай 
мұғалімдер белгілі бір құндылықтар жүйесін 
ынтамен білімгерлер арасында насихаттауы 
мүмкін. Бірақ, бұл оқушылардың кездейсоқ 
жағдайларға дайындығын төмендетіп, олардың 
жеке пікірлер қабілетін шектейді (Адельсон, 
1961) [29]. Зерттеушінің өз қорытындыларында 
мұғалімдердің ұнату, қалау өлшемін қарастыруы 
негізгі артықшылығы деп есептейміз. Демек, 
болашақ мұғалімдерді тұлғалық-бағдарлы оқыту 
барысында өз мамандығын ұнату дағдысын 
қалыптастыруға баса назар аудару қажет.
Бірақ, қазіргі нарықтық заман шарттарын-
да мамандықтың мәртебелігін бағалау бар 
екендігін де ұмытпағанымыз жөн. Филосо фия 
ғылымдарының докторы, профессор Л.П. Лит-
виновтың пікірінше: «Болашақ маман дардың 
дүниетанымдық сенімін қалып тастырудағы 
мәсе лелердің бірі болып табыла тын қоғамдағы 
дүниетанымдық ахуал белгісіздігінің сақталуы 
барысында туындайтын кәсіптік қызмет 
мәртебелілігінің төмендеуі, олардың және отба
-
сы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуының сенімді 
тетіктерінің болмауы қиындықтар туғызады. 
Мұның барлығы моральды-психологиялық 
ахуалды нашарлатады, қызметтік міндеттерді 
адал әрі сапалы орындаудың кәсіптік ынта
-
ландырылуын төмендетеді... ... Айқындалған 
дүниетанымдық ұстанымдар негізінде күш-
терді белсенді пайдалануды ұйымдастыру, 
кәсіби топтарды сипаттайтын құндылықтар, 
мақсаттар, эталондар, нормалар мен стандарт
-
тар жүйесіндегі қажеттіліктерді қабылдау және 
игеру, халықтық шаруашылықтың кез келген 
саласындағы өз қоғамдық және мемлекеттік 
міндеттерінің моральды-психологиялық және 
еңбек дайындығы жүзеге асырылады, кәсіби 
өзін-өзі анықтауы қалыптасады. Жастардың 
әлеуметтік және идеялық-адамгершілік жетілуі 
олардың зияткерлік және дене дамуынан артта 
қалса да, олар болашақ кәсіби қызметін, оның 
ішінде болашақ мамандығын тек жеке мүддесін 
қанағаттандыру үшін ғана емес, қоғам мен Отан 
мүддесі үшін қызмет етуді саналы түрде қабыл-
дайды» (Литвинов, 2013) [30]. Сондықтан тұлға өз 
кәсіби мамандығының әсіре жанкүйері болса да, 
прагматикалық және рационалдық көзқарастар 
бойынша өз кәсібінің жемісін де көруі керек.
Мұғалім әрекеттерін толық түсіну үшін 
олардың оқушымен дәнекерлік рөліне ерек
-


Хабаршысы. «Педагогикалық ғылымдар» сериясы. №2 (55). 2018
12
Тұлға философиялық, педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық түсінік ретінде 
ше назар аудару қажет. Мұғалімдердің жеке 
әрекеті мен білім беруге араласуы да ұстаз 
тұлғасына бағынышты. Дегенмен, шет елдік 
зерттеулердің бірінде профессорлар оқытуға 
байланысты қорқыныштарының барлығын жа
-
сырмай, білімгерлермен өзара байланыстар ба
-
рысында студенттік презентацияларға көп мән 
беретіндігі дәйектелген (Хоуликан және т.б., 
2009) [31]. Әрине, мұның барлығы тұлғалық-
бағдарлы оқыту аясында өз жемісін беретіні 
анық. Бүгінде біздің қоғамға өз білімін әрі 
қарай шығармашылық тұрғыдан жетілдіретін, 
рухани көзқарас қалыптастыруға қабілетті 
мұғалімдер қажет. Жоғары мектеп білетін ма
-
маннан бұрын сол білгенін тәжірибе жүзінде 
көрсете алатын, қолынан іс келетін болашақ 
мұғалімдерді тәрбиелеуі тиіс. Сондықтан 
адам бойында қалыптасқан педагогикалық 
құндылықтар бола шақ мұғалімдердің рухани 
дүниетанымын дамыту арқылы білімгерлер 
санасында құндылық бағытындағы тұлғалық 
қабілетті қалыптастыруға себепкер болады 
және болашақ ұстаздың кәсіби мәдениетінің 
негізін қалайды деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет