ТҮЙІН
Мақалада мұғалімнің педагогикалық тәжірибесінің өзін-өзі талдауы кәсіби дамудың
шарттарының бірі ретінде қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается самоанализ педагогического опыта учителя как одно из
условий его профессионального развития.
104
ӘОЖ 769:78-68-27
И.Б. Имангаликова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті,
аға оқытушысы
Е.Ө. Жұматаева
С.Торайғыров атындағы Павлодар
мемлекеттік университеті,
пед. ғыл. д-ры, профессор
Акмеологиялық
тұрғыдан болашақ
мамандарды
дайындау
Аннотация
Мақалада кәсіби білім беруде әдіснамалық
негізін толық қамтып, оның ішкі заңдылықтары
мен
қағидаларының
интеллекті
негізінде
меңгерілуін басқара білу сүбелі нәтижеге қол
жеткізбек. Ішкі заңдылықтың басымдығы, оның
құзыреттілігі
және
тұлғаның
табиғи
мүмкіндігінен әрі қарай интеллектісінің өркендеу
шегі бағамдалады. Инновациялық білім беруді
ұйымдастыруда
мәндік
көзқараспен
тығыз
байланыста акмеологиялық көзқарас қарасты-
рылады. Акмеологияның міндеттері субъектіні
түрлі қызмет салаларында, сонымен бірге таңдап
алынған кәсібі саласында оның табысты өркен
жаюы, дамуының қажетті білімдермен және
технологиялармен
қамтамасыз
етуі
екенін
көрсетеді.
Түйін сөздер: кәсіби білім, құзыреттілік,
интеллект, тұлға, табиғи мүмкіндік, акмеология,
құзырлы педагог, заңдылық, қағида.
Кәсіби құзырлы педагог – кәсіби білім мен
біліктерді игерген; тек қана өз іс-әрекетін
жобалауға қабілетті ғана емес, сонымен бірге
білім беру үдерісінің кез келген өзгерістеріне
жауап беретін, педагогикалық үдерісті басқара
білетін маман. Н.В. Кузминаның пікірінше,
педагог іс-әрекетінің кәсібилігі педагог оқушы-
ларының мәселені өнімді шешуге дайындығын
қалыптастыру өнерін меңгеруімен, өзінің оқу
пәнінің
көмегімен
және
өзінің
ішкі
мүмкіндіктерін
пайдалана
отырып,
оның
тұлғасын дамыту, келесі педагогикалық жүйеге
табысты енуге дайындау біліктерін игеруімен
сипатталады.
Жалпы
айтқанда,
педагогтің
кәсібилігі оның оқушыларды оқуға қалай
үйретуді, қалай тәрбиелеуді білетіндігімен,
оларды
оқығандығының,
білімділігінің,
тәрбиелілігінің бір деңгейінен екінші деңгейіне
тез және ұтымды тәсілдермен ауыстыра алуы.
Акмеологиялық тұрғыда іс-әрекеттің кәсібилігі
еңбек субъектісінің жоғары біліктілігі мен
құзырлылығын бейнелейтін сапалық мінездемесі,
оның қасиеттері, тиімді (шығармашылықты
шешімдерге негізделген) кәсіби дағдылары мен
біліктерінің әрқилылығы, белгілі бір іс-әрекетті
жоғары және тұрақты өнімділікпен жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін келелі мәселелерді
105
шешудің заманауи алгоритмдері мен тәсілдері; дамытуға тән сипаттамалар. Кәсіби
құзырлылық – маманның Акме – жағдайға жету алдындағы кезеңі, жоғары деңгейінің
көрсеткіші. Кәсіби құзырлылық акмеологиялық тұрғыдан – бір нәрсе жайлы беделді ой,
кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімдердің сипаттамасы ретінде
қарастырылады. «Кәсіби құзырлылықты» жеке тұлға нәтижелі кәсіби іс-әрекетті жүзеге
асыруға қабілеттілігі мен өзін-өзі ілгерілетуге ұмтылысын қамтамасыз ететін маңызды
тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіру негізінде өнімді технологиялар кешенін игеру ретінде
қарастыру ыңғайлы. Кәсіби құзырлылық жалпылаушы психологиялық және
акмеологиялық категория болып табылады. Креативтілік – ойлауда, сезінуде, қарым-
қатынас жасауда, сондай-ақ, іс-әрекеттің жеке түрлерінде, жеке тұлғаны немесе оның
жеке жақтарын, іс-әрекет өнімдерін, оларды жасау үдерісін сипаттауда байқалуы мүмкін.
Адамның шығармашылық мүмкіндіктері (қабілеттері). Креативтілік жайлы П.Торренс
мәселелерді, алынған білімдегі ақауларды немесе үйлесімсіздікті сезінудің байқалу
үдерісі, осыларды анықтау, олардың шешімін іздестіру, болжам қою, оны тексеру,
болжамды өзгерту және қайта тексеру, ең соңында мәселені шешу нәтижелерін түзу және
хабарлау деп түсіндіреді. Сонымен бірге, креативтілікті дамыту жеке тұлғаның өзін-өзі
ілгерілету және оның тұлғалық, кәсіби шыңға жету (акmе) үдерісінде маманның
шығармашылық мүмкіндігін айқындауы деп зерттейді. Креативті тұлғаны өзін-өзі
ілгерілетудің жоғары деңгейінде маманның шығармашылық мүмкіндіктері барынша
ширатылса, шығармашылық іс-әрекеттің қайнар көзіне айналады [1, 156].
Шығармашылық әлеует – іс-әрекетті ақыл-ойдың алғы шарты ретінде қарастырған
Д.Б. Богоявленская әр адамда болатын интегралдық динамикалық тұлғалық құрылым
ретіндегі дарын деп зерттеген А.И. Савенков, адамның тектілік қасиеті, жаңалықты
өнімділендіру қабілеттілігі ретінде зерттеген А.И. Санникова. А.М. Матюшкиннің пікірі
бойынша, шығармашылық әлеует – адамның шығармашылыққа деген көзқарасын
бейнелейтін тұлғалық қасиет. В.И. Андреев, Е.В. Бондаревская, Я.А. Пономарев, А.В.
Хуторской шығармашылық әлеуеттің дамуына тұлғалық белсенділіктің ақыл-ой,
субъектілік және т.б. түрлері ықпал ететініне көңіл бөлген. Педагогикалық
шығармашылық өте күрделі феномен болып табылады. Педагог шығармашылығының
жаңашылдық мәні неде? В.А. Кан-Калик және Н.Д. Никандров педагогикалық
шығармашылықты «адамның адамды күрделі түрлендіруі» ретінде қарастырады. Бұл
ұғымның бір жақты анықтамасы жоқ. С.Л. Рубинштейн аталған ұғымды қоғамдық маңызы
бар жаңа материалдық және рухани құндылықтарды дүниеге алып келетін адами іс-әрекет
ретінде сипаттайды. В.И. Андреев (1988) шығармашылықты адам іс-әрекетінің бір түрі
ретінде анықтай отырып, оны біртұтас үдеріс ретінде сипаттайтын бірқатар белгілерді
ұсынады:
1) мәселелік жағдаятта немесе шығармашылық міндеттерде қайшылықтың болуы;
2) қоғам мен тұлғаның дамуына өз үлесін қосатын әлеуметтік және жеке
маңыздылық пен қарқындылық;
3) шығармашылық үшін объективті алғы шарттар (әлеуметтік, материалдық) мен
жағдайлардың болуы;
4) шығармашылық үшін субъективті алғы шарттардың (тұлғалық сапалардың –
білім, біліктер, әсіресе оң мотивация, шығармашылық қабілеттер) болуы;
5) үдерістің немесе нәтиженің жаңалығы мен сонылығы.
Кәсіби даму мамандықты меңгеру және кәсіби іс-әрекетті орындау барысында еңбек
адамының психикасында және тұлғалық сапаларында қарқынды өзгерістердің пайда болу
үдерісі оның тұлғалық қалыптасуымен тығыз байланысты.
Акмеология кәсіби дамуды оңтайландыру жолдарын зерделейді, өзін-өзі барынша
толық жүзеге асырудың, кәсібиліктің шыңына жетудің тәсілдерін белсендіре отырып
адамды өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде ынталандырудың тәсілдерін жасайды,
ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдау нәтижелері магистратурада ғылыми-
106
педагогикалық мамандарды дайындау акмеологиясының астарларын зерттеу барысында
төмендегідей әдіс-тәсілдерге сүйену қажеттілігін көрсетті:
- педагогикалық жүйенің барлық компоненттерін (магистранттарды оқытудың
мақсаты, міндеттері, мазмұны, қағидасы, түрлері, әдістері) тығыз байланыста
қарастыратын жүйелік әдіс-тәсілдер (В.В. Краевский, Г.П. Щедровицкий, Э.Г. Юдин және
т.б.);
- акмеологиялық жүйенің жүйе түзуші факторы болашақ маманның тұлғасы, яғни
өзінің жеке іс-әрекетімен және акмеологиялық технологиялардың көмегімен тікелей өзін-
өзі дамыту және ілгерілету субъектісі болып саналады. Бұны зерттеген ғалымдар:
Б.Г. Ананьев, А.А. Деркач, Н.В. Кузьмина, С.Л. Рубинштейн және т.б.;
-
болашақ
маманның
құзырлылығын
қалыптастыруды
көздейтін
және
магистратураның білім беру ортасында мамандар даярлау сапасын анықтау тұрғысында
базалық болып саналатын құзырлылықты әдіс-тәсілдерді зерделегендер: И.А. Зимняя, Дж.
Равен, А.В. Хуторской және т.б.);
- іс-әрекетті тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың негізі, құралы және басты шарты
ретінде қарастырған; жеке тұлғаны қоршаған әлемді барынша тиімді түрлендіруші
ретіндегі шығармашылықты еңбекке ұйымдастыруға бағыттайтын; іс-әрекет үдерісінде
тұлғаны дамытудың оңтайлы шарттарын анықтауға мүмкіндік беретін іс-әрекеттік
тәсілдер (С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, А.В. Брушлинский және т.б.);
- адам мен мәдениеттің дамуын құндылықтар жүйесі ретінде және адамның өзін
дамытуы, оның шығармашылықты тұлға және мәдениет субъектісі ретінде қалыптасуы
ретінде қарастыратын мәдениеттанушылық әдіс-тәсілдерді анықтаған ғалымдар:
В.Л. Сластенин, Е.В. Бондаревская, Н.Д. Никандров және т.б.
Осы әдіснамалық әдіс-тәсілдерге қатысты алғанда, акмеологиялық әдіс-тәсілдер
болашақ маманның барынша жоғары деңгейде кәсіби жетістікке жету, жоғары оқу
орнынан кейін білім алу кезеңінде өзін-өзі толық жүзеге асыру бағыттарының
қалыптасуын бағдарлайды деп есептейді бір топ ғалымдар: Н.А. Рыбников, Б.Г. Ананьев,
А.А. Бодалев, Н.В. Кузьмина, А.А. Деркач [2, 164].
Жоғары білімнің маңызы қай уақытта да артпаса, кеміген емес. Оны қоғамның
дамуына ықпал етіп қана қоймай, оның сұраныстарын да қамтамасыз ететін әлеуметтік
институт екені белгілі. Бүгінгі ғаламдық кеңістікке шығып кеткен кең ауқымды және жан-
жақты мазмұнға ие экономикалық қарым-қатынастар ең алдымен жоғары оқу
орындарында кәсіби дайындалған әмбебап мамандарға деген сұранысты туғызып отыр.
Мұның өзі жоғары білім беру жүйесін жер жүзіндегі озық ғылым мен техниканың жеткен
биігі болып есептелетін «әлемдік мүддеге» сәйкес келуге итермелейді. Халықаралық білім
беру кеңістігін құру, әртүрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық
үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық
білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін
халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім - 1997 жылғы Лиссабон
конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде
пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі
(Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын
сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның
30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға
сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің бірыңғай жүйесіне көшу көзделген
болатын. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен
республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл – білім сапасы
мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Президент
Н.Ә.Назарбаев Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін
заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін – білім», – дегені – бүгінгі күн талабы. Қоғамның сұранысы мен
107
талаптарына сай жаңа технологияларды пайдалану арқылы бәсекеге қабілетті мамандар
даярлау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Жоғары оқу орны, негізінен, жақсы білім
алған, сондай-ақ, болашақтағы кәсібін білетін, оған бейім оқуын жалғастыруға
бағытталған жастардың түсуіне мүдделі. Г.И. Рузавиннің айтуынша, егер студент өзінің
болашақтағы кәсіби ортасын жақсы елестете алса, онда білім алудағы іс-әрекеті мақсатты
болады. Жоғары оқу орнына түскен кез келген студентке тиімді білім беру ақпараттық
технологиялар негізінде іске аспақ. Кез келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір
сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің
инновацияның даму деңгейімен анықталмақ. Инновация – бұл оқытудың тиімділігін
арттыру мақсаты мен білім беру үдерісін зерттеу негізінде оқу үдерісін жүзеге асыру және
бағалау, бағдарлаудың жүйелі тәсілі. «Инновация» термині ғылымға ХIX ғасырда енді,
ағылшын тілінен тікелей аудармасы «жаңашылдық», «жаңалық енгізу» деген ұғымды
білдіреді. XX ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы
үдерісінің сатысы ретінде қаралып, оның негізгі элементтері аталып көрсетілді.
Инновациялық процестің толық түсінігін XX ғасырда экономист И. Шумпетер
экономикалық жүйенің дамуындағы өзгерудің «жаңа комбинациясын» талдады. 30
жылдары И. Шумпетер, Г. Менш «инновация» терминін ғылымға енгізді. Себебі жаңа
технологияның және заттың ғылыми тұтас жаңалығын ашты. Осы кезден бастап
«инновация», «инновациялық процесс», «инновациялық потенциал» терминдері жалпы
ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты. Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі
жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол-жүйе элементтерінің және әртүрлі
салалардың сапалық және сандық өзгеруі. Инновация сөзі латын сөзінен аударғанда
жаңалықты енгізу деген ұғымды білдіреді. Ал инновациялық тәрбиелеу дегеніміз –
жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қазіргі таңдағы кейбір жаңалықтар жүйесі
– ескінің айналып келуінен немесе өзгеріске түсіп, қайталауынан туған болмыстың
сипаты. В.Г.Белинский: «Ең ескі дүниені жаңамен байланыстырып өзгеше сипат беріп,
жаңалық ашуға болады» деген болатын. Мысалы, В.Т. Шаталовтың тірек конспектілері
педагогикада бұрыннан қолданылып келе жатқанымен, мектептердің қазіргі даму
жағдайына байланысты оны «жаңа» бір әдіс-тәсіл ретінде, яғни белгілі бір өзгерістерді
өмірге енгізу арқылы мұғалімдердің жұмысында кеңінен пайдалануға болады [3, 138].
Қазіргі заманғы студенттің басты мақсаты – көптеген пәндерден, олардағы ұшан-
теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәндік көзқарас
жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын
қарастырады. Инновациялық білім беруді ұйымдастыруда мәндік көзқараспен тығыз
байланыста акмеологиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология («акме» – грек сөзі,
«шың», «төбе», «бір нәрсенің ең биік басқышы» дегенді білдіреді) – зерттеу объектісі
өмірдің әртүрлі өзін-өзі көрсету салаларында өзін-өзі дамытушылық, өзін-өзі
ілгерілетушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатын ғылыми пәндер
кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы. Акмеологияның пәні адамның шығармашылық
әлеуеті, субъектінің өзін-өзі ілгерілетуінің айқындалуының түрлі деңгейлеріне, шыңына
жетуінің заңдылықтары мен шарттары. Акмеологияның міндеттері субъектіні түрлі
қызмет салаларында, сонымен бірге таңдап алынған кәсібі саласында оның табысты өркен
жаюы, дамуының қажетті білімдермен және технологиялармен қамтамасыз етуі екенін
көрсетеді. «Акме» кәсіпкерліктің шыңы жұмыстың жоғары нәтижелерінің тұрақтылығы –
сенімділігі. Алайда бұл акмеологиялық факторларды іске асыру үшін күшті қозғаушы
себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері (мотивациясы) болуы мүмкін.
Оқытушының міндеті – студенттерге олардың мотивтері мен қажеттіліктерін
қалыптастыруға көмектесу. Осылайша, инновациялық білім беру өз құрамына – жеке
тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық
көзқарастарды, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық)
синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді. Бүкіл дүниежүзілік
108
білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі
құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер
енгізумен байланысты елімізде болып жатқан түрлі инновациялық үдерістің кең тараған
түрі-технология термині. Технология ежелгі гректің «techno» – өнер, шебер, білгір және
«logos» – ілім, ғылым деген сөздеріне шыққан. Сонымен технология – шеберлік,
өнерлілік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. Көп уақыт желісінде «технология» түсінігі
педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні («шеберлік жөніндегі
ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау,
жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Педагогикалық әдебиеттерде қандай да технологиялар сипатын айқындаушы көптеген
терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту технологиялары,
білімдендіру және дәстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған және проблемалық
оқу технологиялары, авторлық технология және т.б. Алғашқыда педагогтер
«педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу технологиясы»
ұғымдарының өзіндік мән-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық
технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне
байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда.
Осыдан «педагогикалық технология» мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы»
ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Ақпараттық
технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар.
Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко
және т.б.), екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.
Шаталов және т.б.). Ақпараттық технологиялар үнемі қарқындап өсуде. ХІХ ғасырдың
екінші жартысына дейін негізгі ақпараттық технология құрамына қағаз, қауырсын, сия,
статистикалық есеп кітаптары кірді. Коммуникация құжаттарды мекен-жайға бағыттау,
жіберу арқылы жасалды. Ғалым М.С.Мәлібекованың ғылыми сараптаған пайымдауларын
негізге алатын болсақ, адам баласы орта есеппен 0,1 парақ бет ақпаратты меңгеріп өңдей
алады екен. Болашақ педагог-психолог мамандарды жаңа өрлеу заманында
ақпараттандыру негіздерімен қаруландыру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін
мәселелерінің бірі. Себебі біздің қазіргі өмір сүріп отырған дәуір-ұлан-ғайыр әлеуметтік
өзгерістердің дәуірі. Қазіргі кезде оқу процесінде ақпараттық технологияларды
қолданудың мәні көптеген факторлармен айқындалады:
- жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді интеграциялау;
- оқу материалының көлемін арттыруға мүмкідік жасау;
- оқу процесіне ақпараттық технологияларды, қазіргі телекоммуникациялық
құралдарды енгізу. Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалануда
студенттердің білімін көтерумен қатар оның тәрбиелік те маңызы айқындалады. Дәстүрлі
оқыту әдісіне қарағанда кредиттік оқыту жүйесі, электрондық оқулық немесе жаңа
инновациялық оқыту технологиясы студенттердің жалпы қызығушылығын туғызады, ол
өз кезегінде оларды сапалы және тұрақты білім алуына жағдай жасайды. Қазіргі кезеңде
ақпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыты «мультимедиа» жүйесі болып
табылады. «Мультимедиа» терминін ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «көп
орталық», яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде мәтін, сурет,
бейне және т.б. топтаушы деген мағынаны береді. Н.В. Клемешова мультимедиа терминін
оқу материалының мазмұнына дыбыстық және визуальдық түрде интерактивтік форма
беретін, сезімдік қабылдау процестердің тиімді өтуіне қолайлы жағдай туғызатын,
студенттердің жеке қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызатын компьютерлік құрал деп
түсіндіреді. Мультимедиа бағдарламасында ақпарат үш құрал: сызба, аудио, видио
арқылы беріледі. Оқытудың кез келген түрінің тиімділігі студент пен оқытушының ара-
қатынасына,
педагогикалық
технологиялардың
пайдалануына,
оқу-мазмұнына,
әдістемелік материалдардың құрастырылу деңгейіне тәуелді [4, 65-76].
109
Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің
категориясын шығарады. Әдіс – жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын
байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы
рөлін «мақсат – мазмұн – оқыту үдерісінің түрі – оқыту әдісінің құралдары»
көрсетеді.Әдіс (гректің mеtоdоs) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және
әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу
жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті
белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады.
Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді нақты меңгеруге
бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдерінің жиынтығы.
Педагогтер оқыту әдісі туралы түсінікті әртүрлі етіп дәлелдеді. Д.И. Тихомиров оны
«танымды басқаға беру әдісі» десе, Н.В. Ельницкий мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі
деп қарастырса, С.А. Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы»
ретінде көрсетеді. Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін
танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды
негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі – бұл студент пен оқытушы
арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет
жүйесі. Оқыту әдістері – тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының
ауысуына байланысты өзгереді. Американдық педагог К. Керр оқыту әдісі сапасындағы
төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі – үлгі болып табылады, мұғалім – ата-
аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі – ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды,
үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі – осы кезде болып жатқан
автоматтандыру мен компьютерлендіруді оқыту процесіне енгізуді болжады. Оқыту
әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір
дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі – оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі
қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі – әдіс элементі,
оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын
болса, онда әдісті және әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып
табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің
мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық
бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер). Әдіс пен тәсілдің
байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады. Қазіргі дидактиканың ең бір
көкейтесті проблемасы — оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс
классификациясы – нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген
авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның
алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл мәселе төңірегінде нақты тоқтам жоқ.
Дидактика тарихында ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі
категориясын бөліп көрсетіледі. Оны Б. В. Всехсвятский атымен байланыстырады. Ол
бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі – зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті.
Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың
зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдауды және оны қолдануға
педагогикалық классификацияның жоғары деңгейін талап етеді [5, 147].
Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі –
уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын
білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи
категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде іс-әрекетке қатысты төмендегі ғалымдардың
классификациялары кеңінен қолданылуда: Ю.К. Бабанский, Н.М. Верзилин, Е.И.
Перовский, Е.Я. Голант, М.И. Махмутов, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин т.б. Оқыту әдісінің
классификациясында айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын»
білдірмейді, керісінше, олардың әдісті объективті, айқын көптүрлілігін, ол туралы
білімінің интеграциясы мен дифференциясының табиғи үдерісін білдіреді. Классификация
110
тек аталған ғалым зерттеу шеңберінде қалса, онда заман өзгерісіне орай оқытудың
парадигмасы
өте
төменде
болары
сөзсіз.
Сонымен
қатар
оқыту
әдісі
классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар. Оқыту әдісінің
өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Оның барлығы мұғалімнің мектептегі оқу –
танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе
әдістер саласында педагогтердің жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Мектептің
оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция рөлін атқарады, олар:
оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын табу, өркендету, олардың
тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке бейімдеу. Бүгінгі модернизация
кеңістігінде әдістер білімденудің инновациялық технологияларының бір құрамдық бөлігі
сапасында қалып отыр. Мұны түсіну мұғалімдерге қиындық келтіруде. Оның басты
себебі, «технология», «ойлау өнері» дегенге қызмет етпей, сол «әдіс-тәсіл, амал» сияқты
ұғымдардың баламасы ретінде қабылдануы – үлкен кемшілік. Осыған орай, әдістің өзін
«вербальды» және «вербальды емес» ұғымдарымен жіктейміз. Вербальды емес әдістерге
жататындары ойлау өнерін ең жоғары деңгейге бағдарлайтындары (жалқылау, жалпылау,
талдау, жинақтау, феноменін табу, силлогизм, суггестив және т.б.).
Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам өзгерісінің
қазіргі кезеңіне сай жастардың парасатты ойлауын қамтамасыз ету, шығармашыл, өз
мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға сомдау. Қоғамның дамып-
өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер,
жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып,
салауатты өмір салтын құруға, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруге,
қоғамымызды ізгілендіруге олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне
байланысты екендігін, түйсінетін мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал
болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр
күн сайын балаларға қуаныш әкелетін сапаға бағдарлау [6, 681].
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі
дәстүрлерін, асыл қасиеттерін студенттердің бойына дарыту, этнопедагогика
материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң
бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.
Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек
ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда
болсын, жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық
психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалары салт-дәстүрімен сабақтастыра
тәрбиелеу қазіргі күннің ең көкейкесті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. ХХІ
ғасырды бәсеке ғасыры дегенде, оның монополиялық қарымын ескерген жөн. «Бәсеке»
ұғымы бір ұстаздың екінші бір ұстазбен жарысқа түсуі емес, оның өзінің-өзімен сараптама
жасауы дегенді білдіреді. Меңгерген кәсіби құзыретінің интеллектуалды әлеует қорының
күннен-күнге ұлғая түсуін тек сол тұлға ғана есептей алады.
Қорыта айтқанда, магистратура жағдайында болашақ мамандарды дайындаудың
акмеологиялық астарлары осы үдерісті акмеологиялық әдіс-тәсілдер тұрғысынан
қарастыруды көздейді. Сонда оның негізгі категорияларының бірі ретіндегі болашақ
мамандардың кәсіби құзырлылығы мен акмеологиялық құзырлығының арасындағы негізгі
айырмашылықтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік туады.
111
Достарыңызбен бөлісу: |