:
1) Сабақ формасы. Сабақта оқушылардың аса көлемді шығармашылық
тапсырмалармен жұмыс істеп, тұтынуы жүреді. Алайда қазіргі сабақтың ерекшелігі тек
білім беру, қажетті ақпаратты хабарлау емес, сонымен бірге шығармашылықпен жұмыс
істеу тәсілін үйрету. Сондықтан да дәстүрлі сабақтардан басқа тұтыну мәдениетін
қалыптастыру мен технологияларды түрлендіру үшін әсіресе, нақты біліми өнімді
жасақтауға жетелейтін сабақтардың орны ерекше. Бұл бағытта, біздің ойымызша,
бастауыш сынып оқушылары үшін аса қызықты да шығармашыл маңызы зор дәстүрлі
емес сабақ түрлерін, оқытудың жаңа технологияларына құрылған сабақтардың ролі өте
зор.
2) Сабақтан тыс формалар. Оқытудың бұл формасының оқушылардың креативтігін
қалыптастыруда аса өнімді де әрекеттік формасы болып табылады [4, 81-82 б.].
Креативтікті қалыптастырудың бастапқы кезеңінде негізгі әдістемелік тәсіл болып
біздіңше, бұл жастағы оқушылардың табиғатына сәйкес келетін және оқу-танымдық іс-
әрекеттерінің психологиялық қолайлы формасы - ойын болуы тиіс. Өйткені мектепке
дейінгі кезеңде негізгі іс-әрекеті ойын болған балаға бірден мектепке, ондағы оқу үрдісіне
бейімделуі қажетті уақытты қажет ететіні сөзсіз. Сол себепті де бастауыш мектепте дербес
пәндерді оқыту әдістемесі тұжырымдамасы негізіне оқытудың ойындық формасының
басымдылығынан біртіндеп сабақтың бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздану
өзгешелігіне қарай арнайы қолданылатын педагогикалық технологияларды ескере
отырып, дәстүрлі аудиториялық сабақтардың басым болуына көшіру қажет. Бастауыш
мектептің сабақ құрылымындағы бұндай орын алмасулардың қарқыны және көрсетілген
оқыту формаларының ара-қатынасы жеке сыныптардың топтық, психологиялық
ерекшеліктеріне, оқыту бағыттылығына қарай түрлене алады [5, 12-13 б.].
Адам тұлғасы жеткілікті толық деңгейде жеке тұлға қасиеттерімен ішнара
қиылысатын көп мінездемелік сипаттамалармен сипаттала алу мүмкіндігі бар екендігі
белгілі. Белгілі кәсіби іс-әрекет түріне қатысты алына отырып, қасиеттер болжалды
нәтижеге әсер ету дәрежесіне қарай, яғни кәсіби мәнділігіне байланысты бөлінеді.
Сондықтан да біз өз зерттеуімізде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін креативтігін
қалыптастыру жағдайындағы маман-педагог моделінің базалық қасиеттері ретінде
психологиялық-педагогикалық негіздері ұстанымы жағынан үш блокқа қатысты
қарастырамыз.
Бірінші блок – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің креативтігін қалыптастыру
жағдайында педагогикалық іс- әрекетке деген шығармашылық бейімділігі.
Екінші блок – бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық
технологияларды қолдануға деген маманның кәсіби дайындығы.
128
Үшінші блок – инновациялық технологияларды қолдана отырып, педагог маманның
педагогикалық қарым-қатынасқа енуі.
Танымдылық бейімділік кәсіби педагогикалық іс-әрекетті жобалау және
модельдеудің қазіргі амалдары туралы білімдерді қамтиды. Олар: кәсіби-педагогикалық
іс-әрекетте қолданылатын инновациялар туралы, математикалық модель жасақтауға және
психологиялық-педагогикалық
эксперимент
қорытындысын
өңдеуге
қажетті
математикалық инструментарийлер, білімді бақылаудың адаптивті әдістері; ақыл-ой
қабілеттері (интеллект, логика, есте сақтау, тәжірибе, назар аудара білу қабілеті және т.б.)
педагогикалық қабілеттер, техникалық қабілеттер, өзіндік қасиеттер, ынта. Яғни біз
адамның интеллектуалдық дамуы, жағымды эмоционалды көңіл-күй мен педагогикалық
және техникалық қабілеттердің қалыпты деңгейі нормаларының тұрақты бірлігін
болжаймыз.
Мұғалім іс-әрекеті инновация үрдісімен байланысты болғандықтан, тұлғасына
қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар тұлғаның педагогикалық қабілеттері
жиынтығын да кірістіруі қажет. Осы проблемамен байланысты ғылыми еңбектерді талдау
негізінде басты педагогикалық қабілеттер есебінде дидактикалық, ғылыми-зерттеушілік,
педагогикалық елестету. Осыған сәйкес педагогикалық қабілеттер келесі мазмұнға ие:
Дидактикалық қабілеттер мұғалімнің оқытудың мақсаты мен нәтижесін жобалау,
қойылған мақсатқа жетудің негізгі бағытын анықтау, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне
сәйкес оқу материалын бейімдеу және оны белгілі формада меңгертуді ұсынудың
әдістерін, құралдарын; оқушылардың өзбетіндік жұмыстарын ұйымдастыру қабілеті;
оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, оны керекті бағытқа
бағыттай білу және нәтижесін өлшей білу қабілеті.
Ғылыми-зерттеушілік қабілеттер оқушыларға қажетті білім, білік және дағды
деңгейін қамтамасыз ететін оңтайлы компьютерлік бағдарламаны жобалауда, сондай-ақ
ақпараттық технологиялардың кірістірілуін ескере отырып, педагогикалық үрдіс
компоненттері арасындағы ішкі және сыртқы байланыстарды айқындап білу қабілеті;
тәжірибелік-эксперимент зерттеу жұмысын жүргізу.
Педагогикалық елестету қабілеттері оқушылар тұлғасын біліми және тәрбиелік
жағынан жобалауда, өз іс-әрекетінің салдарын алдын-ала көрумен, оқушыларда дамытуға
болатын қасиет түрлерін болжау білігімен сипатталады. Бүгінгі таңда қажетті
талаптардың бірі - маманныңтехникалық ойлауға бейімділігі мен оның техникалық
қабілеттерінің дамуын қарастыру болып табылады [6, 16-17 б.].
Жүргізілген зерттеулерге негізделе отырып, маман-педагогтердің кәсіби іс-
әрекеттерінің шығармашылық ынтасы саласындағы компоненттік құрамын былайша
көрсетуге болады:
1. Кең әлеуметтік ынта. Оны келесі ынталық бағдарлар құрайды:
а) әрбір мәдениетті адам еңбек құралы есебінде қазіргі ақпараттық технологияларды
қолдана білуі тиіс;
ә) қазіргі инновациялық технологияларды қолдана білу әріптестер және оқушылар
тарапынан мойындатуға мүмкіндік береді;
б) қазіргі педагогикалық технологияларды кәсіби іс-әрекетке ендіру елеулі
табыстарға жетуге көмектеседі. Ол жұмыс сапасына әсер етеді және сәйкесті біліктілік
разрядының артуына мүмкіндік береді.
2. Тұлғаның интеллектуалдық-шығармашылық дамуымен байланысты ынта. Ол
келесі ынталық бағдарды қосарлау есебінен жүзеге асырылады:
а) қазіргі технологияларды меңгеру маман педагогтің шығармашылық ізденістерінің
креативтік іс-әрекетпен қамсыздандырылуын күшейтеді;
ә) қазіргі инновациялық технологиялар арқылы ғылыми ақпаратқа қол жеткізу
мүмкіндігі өз инновацияларын жалпылауға, талдауға және рәсімдеуге көмектеседі;
129
б) ғалымдардың оқу орны оқытушыларымен бірлесе отырып және олардың
басшылығымен эксперименттік жобаларға, сондай-ақ дамып келе жатқан қашықтықтан
оқыту жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді [7, 4-5 б.].
Психологтер дайындықты психикалық күй (уақытша дайындық жағдайы) және
тұлғаның тұрақты сипаттамасы ретінде ерекшелейді. Педагогтің өзінің креативтік
қабілеттерін кәсіби іс-әрекетінде қолдануға деген өзіндік дайындық деңгейінің негізгі
көрсеткіші болып оның креативтігі мәселесінде кәсіби құзыреттілік деңгейі болып
табылады.
Креативтікті
қалыптастыру
логикасы
кәсіби-шығармашылықтың
қалыптасуының негізі болып саналады. Тек креативтігін қолдана отырып, кәсіби есептерді
шешудің
нақты
тәсілдерін
табуға
бағытталған
саналы
жұмыста
педагог
шығармашылығының құнды психологиялық мүмкіндіктері, іс-әрекеттің жаңа тәсілдері
мен әдістерін жасақтау мүмкіндіктері қалыптастырылады [8, 66-67 б.].
Ұйымдастырушылық қабілеттер, коммуникативті қабілеттер, іс-әрекеттің дербес
стилі және қажетті біліктер мен дағдылар. Бүгінгі мұғалімге қойылатын талаптарды
талдау бізге болашақ бастауыш сынып мұғалімі келесі білік, дағдылармен қарулану
қажеттігін қөрсетті:
- оқытудың қазіргі бағдарламалық-техникалық құралдарын пайдалана отырып, оқу
материалдарын нақты және орынды жеткізу;
- қазіргі инновациялық технологияларды шығармашылықпен қолдану және
бастауыш сынып оқушыларын оған бейімдеу;
- оқу үрдісін ұйымдастыру мен білімді тексеруде ҚАТ қолдану:
- ғылыми және педагогикалық эксперимент жүргізіп, алынған нәтижелерді өңдей
және талдай білу;
- керекті жұмыс ақпаратын жүйелі жинақтау, өңдеу және оны практикалық іс
әрекетте пайдалана білу;
- өз іс-әрекетін жоспарлау, жобасын жасау және оның практикалық түрде жүзеге
асуын тексере білу.
- объектілер мен үрдістердің креативтік моделін құру;
- педагогикалық диагностика құралдарын жасақтаудың әдістері мен тәсілдерін
қолдану;
- қазіргі ақпарат құралдарын қолдана отырып, қызмет бабындағы құжаттарды
дайындау, іскерлік хат алысуды жүргізу, электронды құжаттармен жұмыс [7, 101 б.].
Педагог тек білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде
жеткіліксіз. Қазіргі оқытушы жоғары педагогикалық және психологиялық мәдениетті
меңгеруі керек. Осыған орай, психологиялық пәндерді оқыту маңызы сонымен қатар,
педагогикалық іс-әрекетке индивидуалды психологиялық даярлықтың құрамдас бөліктері
психологиялық мәдениет, психологиялық құзырлылық, адамның өзін таныта білу іскерлігі
толыққанды қамтамасыз етілуі керек.
Психологиялық-педагогикалық сабақтар болашақ мұғалім – инноватордың
«ядросын» құрушы тұлға сапасын жүйелейді: бастамалық, өзбеттілік, рефлексивтілік, өз
мүмкіндіктерін адекватты бағалау, сыни талқылау т.б.
Зерттеулер бойынша жоғары оқу орнының түлектері тек қана білім, дағды, икемділік
қорымен ғана айырмашылықта болмайды, өз кезегінде кәсіби сапалардың жүйеленуімен,
кәсіби қарқынымен де айқындалады.
Қажетті білімді өзін-өзі жетілдіру арқылы толықтыру аса қиынға соғады. Бұл үшін
жеке сапаларды дамытатын бағдарламалар қажет. Яғни бұл жерде қатаң педагогикалық
тренингтер, инновациялық ойындар, рефлексивті практикумдар оқытудың негізгі құралы
болуы тиіс.
Қазіргі заманғы инновациялық технологиялардың аннотациясы ұсынылады.
Оқытудың мазмұнын жүйелей отыра, тұлғаның когнитивті аймағының психикалық
жаңашылдығын зияттан жан күйзелісіне, оның оқытудан тәрбиелеуге қалдыруға
130
болмайды. «Әлеуметтік орта бас миының жұмысының бағдарламасының құрылымын
қамтамасыз етіп, оның кейбір маңызды бөлшектеріне кетеді. Бұл өз кезегінде зият-
тылықтың дамуын анықтап тұлғаның барлық құралдарын ашады. Шығармашылық энер-
гия, құруға деген құштарлық әлеуметтік ортаның бағдарлаушы ықпалының арқасында
жүйелей түседі.
А.М. Матюшкиннің тұжырымдамасын негізге ала отырып, яғни бұл тұрғыда
дарындылық тұлғаның жалпы шығармашылық дамуының психологиялық алғышарттарын
қарастыра келе, модельденген жүйе мен тұлғаның креативтігінің жағымды қарқынын
туындатып, оның тұлғаның аймағына ықпал етеді. Сондықтан тұлғаның креативтігін оқу
орындарында жетілдіре отыра, тәрбиелеуші жүйенің мақұлдаудан өткен үлгісін білу керек
[9, 32 б.].
В.М. Моляко шығармашылық тұлғаның психологиялық құралына тоқталған:
а) қызығушылықтар мен түрткілердің басымдылығы;
ә) іс-әрекеттің эмоционалды қысымдылығы;
б) шешім қабылдаудағы еріктілік;
в) іс-әрекет үрдісі мен өніміне қанағаттанушылық.
Бұл құралдар басымды әрі дарынды баланың тұлғалық ортасына тән [10, 93 б.].
Яғни қазіргі заманғы нақты жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етуді білу қажет.
Инновациялық оқыту үрдісінде субъектіге ықпал етуде тұлғаның тұлғалық аймағын
сипаттайтын тұлға және психиканың құралының деңгейін ескеру шарт: 1) түрткілер
құрылымы; 2) тартылыс деңгейі; 3) өзін-өзі бағалау; 4) тұлғалық мазасыздық деңгейімен
фрустрациялық; 5) басымдылық әлеуметтік мәртебе т.б. Бұл әлеуметтік тәрбиелеудің моделі
арқылы тұлғаның құрылу мәселесін шешуге болады, ол тұлғаның шығармашылық
тұжырымдамасының айқындалуына мүмкіндік тудырады [7, 81 б.].
Шығармашыл тұлғаны табысты дамыту мүмкін болатын педагогикалық шарттарды
іздеу шығармашылық мәнін, механизмдері мен өлшемдерін теориялық саналы түрде
түсінудің өзекті қолданбалы аспектілерінің бірі болды. Орта ғасыр кезінде белгілі болған
педагогикалық-психологиялық идеялар Орталық Азия ойшылдарының пікірлерінен
көрініс тапты
Тұлғаның креативті типі әрекет түріне қарамастан (суретші, музыкант,
өнертапқыштар және тағы басқалар) барлық жаңашылдарға тән.
Шығармашылық қабілет (креативтік) интеллектіге тәуелді емес, өз бетіндік фактор
болып табылады (Дж. Гилфорд, К. Тейлор, Г. Грубер, А. Пономарев). Басқаша айтсақ,
интеллектуалдық деңгейі мен креативті деңгейі арасында арасында аз ғана өзара қатынас-
тылық бар, яғни интеллектісі төмен креативтер жоқ, бірақ креативтілігі төмен деңгейлі
интеллектуалдар бар. Дж. Торренстің пайымдауы Д. Перкинстің әрбір кәсіп иелері үшін
интеллектіні дамытудың төменгі мүмкіндік деңгейі бар деген мәліметтеріне сай.
Интеллектіні дамытудың жоғары деңгейі шығармашылық қабілеттердің жоғары
деңгейін аңғартады немесе керісінше. Психикалық белсенділіктің ерекше формасы
ретінде шығармашылық үрдіс жоқ. Осы пікірге интеллект аумағын зерттеуші барлық
мамандық қосылады (Д. Векслер, Р. Уайсберг, Г. Айзенк, Л. Термен, Р. Стенберг және
басқалар) [11, 169 б.].
Аталған бағыттардың біріншісінің дәлелі ретінде Д.Б. Богоявленская өзінің
«Креативтік өріс» әдістемесінен алынған мәліметтерді келтіреді. Онда шығармашылық
қабілеттер теориялық ойдың операционалды аппараты қалыптасқан балаларда ғана
көрінгені дәлелденген. Бұл оның шығармашылық қабілеттер компоненті ретінде
қажеттілігінен көрінеді [12, 249 б.].
А.Н. Лук, Д. Хочевар түрлі әрекет аумағында шығармашылық қабілеттердің 6 түрлі
көрсеткіштерінің өзара қатынастығын зерттеді [13, 18 б.].
Д. Фельдман креативті үрдіс моделінде үш өзара байланысты құрамдасты көрсетеді:
1) рефлексивтілік адамның жаңалықтардан айырмашылығын көрсететін, тіл арқылы
131
әлемді талдау, жоспарлау, көрсету арқылы өзіндік сана, өзін-өзі бағалау негізгі үрдіс
ретінде.
2) жақсыға өзгерту мүмкіндігіне сену ортаны нақты өзгертуге мүмкіндік беретін
«ішкі және сыртқы» тәжірбиені ұйымдастыруға мүмкіндік беретін мақсатты бағыттылық
немесе интенционалдық.
3) мәдениет пен даралық ерекшелігі ұсынған трансформация немесе қайта
ұйымдастыру тәсілдерін меңгеру.
Ф. Баррен мен Д. Харрингтон креативтік аумағындағы зерттеулер қорытындысын
жалпылады (1970-1980 ж.):
1) Креативтік – бұл жаңа бағыт пен жаңа өнімге қажеттілікке бейімді әсер тигізу
қабілеттілігі. Бұл қабілеттілік үрдісс саналы және саналы түрде аңғарылмаған сипатта
болса да болмыстағы жаңаны сапалы түсінуге мүмкіндік береді.
2) Жаңа шығармашыл өнімді жасау көбінесе жасампаз тұлғасы мен оның ішкі
мотивациясының күшіне байланысты.
3) Креативті үрдіс, өнім және оның авторының ерекше қасиеттері сонылылық, өз
бетінділік, сәйкестілік, міндетке барабарлық және жарамсыздық деп атауға болатын
эстетикалық, экологиялық, тиімді формада, сол мезетке дұрыс және соны қасиеттер болып
табылады.
4) Креативті өнімдер табиғатта түрлі болуы мүмкін: математикада жаңа мәселені
шешу, химиялық үрдісті ашу, музыка, картинка немесе поэма, жаңа философиялық, діни
жүйе құру, заңтанудағы инновация, әлеуметтік мәселені тың көзқараста шешу және тағы
басқа [14, 183 б.].
Сонымен креативтіктің көп қырлылығы ашылды: адам әрекетінің қанша түрі болса,
оның сонша түрі болады, адам табиғатында қанша аспекті болса (дене, психикалық,
интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық және тағы басқа), онда да сонша болады
және олар барлық жаста, барлық мәдениетте кездеседі (Э. Ландау). Бұл түрлер мен
аспектілер дәреже мен деңгейіне қарай ажыратылады; үздіксіздікті креативтік өнімінде
емес, креативті үрдістен іздеу керек.
Креативтік ғылымдарға әр тұлға мен жалпы адамзаттық ізгіліктікті даму факторы
тұрғысынан да маңызды.
Сөйтіп, шығармашылық қабілет пен креативтікті түсінуде үш негізгі беталыс белгілі.
Олар біртіндеп пайда болды.
Бірінші беталыс тұтас жүз жыл жасады және С.Л. Рубинштейн мектебімен қоса,
классикалық психологиялық мектептерге тән болды. Екінші беталыс Дж. Гильфорд
жұмыстары мен оның ізбасарларымен байланысты. Үшінші беталыста авторлық болып
табылады және Д.Б. Богоявленская зерттеулерімен байланысты (70-жылдардан бастап).
Бірінші жағдайда шығармашылық қабілеттердің барынша айқындалуы ретінде
қарастырылады, яғни бірдей деп санады.
Екіншісінде – олар жеке факторға бөлінеді, дербес болады және ой қабілеттеріне
параллель, тіпті қарама-қарсы бола алады. Сөйтіп, креативтік пен жалпы парасаттылық
қабілет болып табылады, олардың әрқайсысы міндетті шешу үрдісін анықтайды, бірақ бұл
үрдістің түрлі кезеңінде түрлі рөл ойнайды [14, 335 б.].
Үшіншісінде олар «жоғалып кетті». Бұл дегеніміз шығармашылықтың тууы үшін
жауап беретін ерекше субстанцияны іздеу, бірақ оларды таба аламаймыз дейді
Д.Б. Богоявленская [12, 302 б.].
Креативтіктің ғылыми «көпқырлылығы» оны кең мағынада өз бетіндік феномен, тар
мағынада шығармашылыққа жалпы қабілеттілік деп қарастыруда негіз болады. Бұл тезис
төмендегі теориялық ұйғарымды қалыптастыруға мүмкіндік береді:
1) Егер креативтік шығармашылыққа жалпы қабілеттілік болса, онда оған әмбебап
сипат тән болу керек, яғни креативтік әркімге тән.
2) Кез келген басқа қабілеттілік сияқты креативтік жасырын болуы мүмкін.
132
Креативтік көрінбейтін жағдаяттар мен уақытша мезгілдер болуы мүмкін, бірақ сонымен
бірге жасырын немесе етек алу, пайда болу сатысында болады.
Шығармашылық әрекет мазмұнымен тікелей байланысты түрткілер басым (елігу,
тілек, бейімділік, қызығушылық, қажеттіліктер), мотивациялық қажеттілік аумағының
иерархиялық құрылымында бағыттылықты шығармашыл тұлғаның негізгі сипатының бірі
ретінде ұсынамыз.
Сөйтіп, шығармашыл тұлғаның мотивациялық ерекшеліктері шығармашылық
үрдісіне деген анық ұмтылыс, өзін-өзі көрсете білуі, шығармашылық әрекет мазмұнымен
табанды әуестенушілік. Шығармашылық мотивацияның күші өлшемін ескеру де маңызды.
Креативтік құрылымында шығармашылық (өнімді) ойлау нышандар, қабілеттердің
табиғи алғы шарты, интеллектің өзгешелігінің жиынтығын құрайды. Бұл үш бірлік
моделінің құрамдасы Л.В. Светличнаяның зерттеулеріне сәйкес қабілеттері орташа
студенттерді алғанда, олардың әрекетінің табыстылығын қамтамасыз етеді және
компенсаторлық функцияны орындайды [15, 42 б.].
Э. Ландау шығармашылық ойлау ұғымының орнына «креативті ойлау» ұғым – сөз
тіркесін қолданады. Ол «біздің қиялымызға ішкі немесе сыртқы қозғалыс жасағанда біз
«ойланамыз»; өз сезімімізді білдіргіміз келгенде, еске түсіргенде, жоспарлағанда біз
«ойланамыз»; ойлағанда, мәселені шешуге тырысқанда, ойлағанды қалыптастырғанда біз
«ойланамыз». Осының барлығы логика мен фантазия, ішкі және тұлға аралық қарым-
қатынас полюсі болып табылатын креативті ойлау, белсенділік», – деп жазады [16, 300 б.].
Қалыптасқан шығармашылық (өнімді) ойлы студент байқампаздығы және жадының
жақсылығымен ерекшеленеді, айқын және жан-жақты білуге құштарлық танытады,
бейнелеу әрекетінде, ойындарда, материалдар мен идеалдарды қолдануда ойлап тапқыш;
сонылы идеяларды жүзеге асыруға немесе сонылы шешім табуға қабілетті, практикалық
білімге қабілеттілік танытады, негізгі ұғымдарды жылдам меңгереді, ақпаратты тез есіне
сақтайды. Әдетте, бұндай студенттер білімнің көп аумағында жетістікке жетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 603 б.
2
Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. // Қазақстан мектебі. – 2005. - №
4. - 97-98 б.
3
Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері. // Қазақстан
мектебі. – 2007. - № 1. - 45-46 б.
4
Шарапат Ә. Педагогикалық инновацияны іске асырудың жолдары // Қазақстан
мектебі. – 2001. - № 6. - 81-82 б.
5
Бейсембаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің мүмкіндіктері. // Қазақстан мектебі.
– 2001. - № 4. - 12-13 б.
6
Көшімбетова С. Оқыту тиімділігі – озық технологияларда. // Қазақстан мектебі. –
2005. - № 7. - 16-17 б.
7
Камзина Б.М. Жаңа инновациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің
педагогикалық шарттары. 2006. - 4-5 б.
8
Карвасарский Б.Д. Психотерапевтическая энциклопедия. – Питер, 2000. - 66-67 б.
9
Матюшкина А. М.
Развитие творческой активности школьников
. - М.: Педагогика,
1991. - 160 с. (С. 32)
10
Моляко В.А. Психологическое изучение творческой личности. - Киев, 1978. - 93 с.
11
Васильева Т.П. Психолого-педагогические условия развития креативности учащихся
начальных классов в Вальдорфской школе: дисс. ... кандидата пед. наук. − Санкт-
Петербург, 2001. - 187 с.
133
12
Лебедева Л.Д., Бибикова Н.В. Креативность младших школьников: контекст
«развитие». - Ульяновск: УлГПУ, 2004. - 194 с.
13
Ахметова Г.К. Образовательный идеал в теории и практике подготовки
педагогических кадров. - Алматы: Қазақ университеті, 2000. - 124 с.
14
Турчак С.К. Педагогическое сопровождение развития креативности младших
школьников: дис. ... кан. пед. наук. − Ростов-на-Дону, 2007. – 190 с.
15
Каргин
С.Т.
Влияние
профессионального
взаимодействия
в
вузовском
педагогическом процессе на качество подготовки будущих учителей: автореф. ...
доктор пед. наук. - Алматы, 2000. − 42 с.
16
Қайдарова А.Д. Логика исследования проблем становления и генезиса развития
содержания высшего педагогического образования: учебно-методическое пособие. -
Алматы: Ғылым, 1997. - 300 с.
Достарыңызбен бөлісу: |