Л. Нәби
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті,
пед. ғыл. канд., доцент
Г.Б. Төртқараева
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті,
пед. ғыл. канд., доцент
Д.К. Омарова
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университеті,
магистрант
Мектепке дейінгі
білім беру
мекемелерінде
«Сындарлы оқыту
теориясын»
қолданудың
маңыздылығы
Аннотация
Мақалада мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде «Сындарлы оқыту теориясын»
қолдану арқылы балаларды сын тұрғысынан
ойлауға, талдау жасай білуге, қорытынды
жасауға үйретудің маңыздылығы сипатталады.
Түйін сөздер: сындарлы оқыту теориясы,
педагогикалық
технология,
шығармашылық
қабілет.
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім
беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі
білім беру саласында, соның ішінде мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына
сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім, ғылым саласында
инновациялық педагогикалық технологиялар
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына
дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де
педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен
қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Қазақстан
Республикасының
«Білім
туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтармен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар
жасау;
…
оқытудың
жаңа
технологияларын
енгізу,
білім
беруді
ақпараттандыру,
халықаралық
ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» делінген [1,
30].
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту
мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі.
Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту
мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке
басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Бірақ
бұл
сатыдағы
баланың
танымдық
процестері, зейіні, есте сақтауы, қабылдауы,
ойлауы толық дамымағанымен, білуге құштар,
барлығы визуалды түрде ұнатады. Сондықтан да
оқу, тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық
технологияларды қолдану тиімді, әрі жемісті
болмақ.
Осыған байланысты мектепке дейінгі білім
беру мекемелерінің тәрбиеші-мұғалімдерін осы
өзгерістерге
сәйкес
жаңа
педагогикалық
технологияларды меңгерту және алған заманауи
91
педагогикалық технологияның арқасында ХХ ғасырда мәнді болған, бірақ жаңа заманда
тиімділігі төмен екендігі анық көрінген «Өмір бойына жетерлік білім беру» қағидатынан
ХХІ ғасыр талабына сай «өмір бойы білім алуға үйрету» ұстанымына көшу болып отыр [2,
112].
Дүниежүзілік Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)
зерттеуі анықтап отырғандай, ХХІ ғасырда мектептердің білім берудегі басты міндеті –
оқушы бойында табысты болу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру болса, ал педагог
мамандардың міндеті – талапқа сай білім беру болып табылады. Сондықтан бұл міндет
алғашқы баспалдақ болып саналатын мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен бастап
жүзеге асуы тиіс.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мақұлдаған, Кембридж
университеті ұсынып отырған «Сындарлы оқыту теориясы» балалардың шығармашылық
қабілеттерін ашу мен оны арттыруда ықпалы зор болады деп сеніммен айтуға болады.
Өйткені жаңаша өткізген сабақтар балалардың оқуға деген ынтасын арттырып, өзара
қарым-қатынасын, бір-біріне деген қолдауын белсендіріп, өздерін және өзгені бағалауды
үйрету, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға үйретіп, топпен жұмыс жасау дағдыларын
жетілдіріп, мәселені шығармашылықпен шешудің жолдарын қарастыруға, үйретуге
болатындығын тәжірибеде көріп жүрміз.
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.Ол маңызды
мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан
ойлау ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі
ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, тәрбиешілердің де сын
тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді [3, 45].
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде
алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып
табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын
тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер
жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты
дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан балаларға бақылау, талдау, қорытынды
жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мысалы,
Айналаны қоршаған ортаны оқытуда балаларды:
- суреттер, фотосуреттер сияқты дәлелдерді құрастыру, топтастыруға;
- негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақ қоюға;
- қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді
салыстыру және талқылауға;
- анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қарауға тартуға
болады [3, 46].
«Сындарлы оқыту теориясының» негізгі ерекшелігі – балаларды топпен отырғызып,
топтық және жұптық жұмыстар арқылы балаларды практикалық іс-әрекет үстінде білім
алуға бағыттау болып табылады.
Балалар табысты болу үшін қажетті дағдыларға жататын төменде көрсетілгендей
икемдік дағдыларды меңгереді:
- топтық жұмыс барысында өзара диалогке түсуі арқылы әлеуметтік қатынастарға
үйренеді;
- мәселені шығармашылықпен шешуге үйренеді.
Тәрбиешілер:
- балаларды шабыттандыра алатын дағдыны игереді;
- балалардың шығармашылық қабілеттерін ашудың оңтайлы жолдарын меңгереді.
Әркім өзі алатын білімін имплициттік білімге айналдыра білгенде ғана іс-әрекет
нәтиже беретінін еске алсақ, балалардың имплициттік білім алуы үшін, сабақ барысында
игеруге тиіс материалды көздерімен көріп, қолдарымен ұстайтындай мүмкіндік
92
туғызылуы қажет. Яғни балалар абстрактілі ұғымдарды визуалды нәрсеге айналдыра
білулері керек. Мұның бірден-бір жолы – сабақ материалдарын сөзбен айтып қана қоймай,
суретке салу, көрініс түрінде қою, коллаж түрінде жасау сияқты шығармашылық ойлауды
талап ететін жұмыс түрінде орындауды тапсырса, балалар әрі жаңа сабақты имплициттік
түрде игереді, әрі шығармашылық қабілеттері дамиды, сондай-ақ әрбір сабақтан кейін
шығармашылық өнер туындысы яғни, жасалған дайын өнім алынады. Демек, әрбір
сабақты «Сындарлы ойлау теориясы» негізінде өткізсе, тәрбиеші үшін де, тәрбеленуші
үшін де мұндай сабақты нәтижелі, өнімді сабақ болды деп сеніммен айтуға болады.
«Сындарлы оқыту теориясы» оқушылардың шығармашылық қабілеттерін (көзге
елестете білу, санасындағы суреттері сипаттай білу, өз пікірін қағазға сурет түрінде
бейнелей білу т.б) ашуға және дамытуға ықпалы зор деп білеміз. Топтық жұмыс
барысында белсенді емес балалардың өзі бірлескен жұмыс арқылы қарым-қатынасқа түсе
отырып, өздерінің ойлау, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дамыта алады. Сондықтан
балаларды балабақшадан бастап топпен жұмыс жасауға, тапсырманы шығармашылық
қабілеттерді талап ететін жұмыс түрлері арқылы орындауға (сурет салу, көрініс қою,
сазбалшықтан мүсіндер жасау, коллаж жасау, т.б.) баса назар аудару қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – А., 2007.
2
Бекишев К. «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар»
https://www.google.kz/search.org
3
Студентке арналған нұсқаулық. Педагогикалық шеберлік орталығы. - Астана, 2015. -
Б. 45-46.
РЕЗЮМЕ
В статье «Конструктивное обучение в ДОУ» показано, как развивают у дошкольников
критическое мышление, умение анализировать, делать выводы.
RESUME
In the article "Design education in preschool", shows how preschoolers develop critical thinking,
the ability to analyze, draw conclusions.
93
ӘОЖ 378.2
У.Ж. Қонақбаева
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты,
PhD докторы
А. Саипов
М. Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік
университеті,
пед. ғыл. д-ры, профессор
А. Оразова
Сырдария университеті,
пед. ғыл. канд., аға оқытушы
Ж. Алиева
Техникалық лицей, Шымкент
қаласы, мұғалім
Құзыреттілік
ұстаным - 12
жылдық мектепте
бейіндік оқытуды
жүзеге асыруға
болашақ
мұғалімдерді
даярлаудың басты
тұғыры
Аннотация
Мақалада 12 жылдық мектепте бейіндік
оқытуды жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді
даярлаудағы
құзыреттілік
ұстанымын
қалыптастырудың мәні, нақты қажеттілігі, оның
өзекті мәселе болып табылатындығы мәселелері
айқындалған.
Түйін сөздер: модернизация, инновация,
бейіндік оқыту, кәсіби даярлық, құзыреттілік,
болашақ мұғалім, пәндік компонент
Қазақстандық білім беруді модернизациялау
тұжырымдамасының басым бағыттарының бірі -
жалпы білім беретін мектептердің жоғары
сыныптарында арнайы даярлық жүйесі және
еңбек нарығының анық қажеттіліктерін ескере
отырып оқушылардың әлеуметтендірілуі мен
оқытуды
жекелендіруге
бағдарланған
оқушылардың бейіндік оқуларын ендіре отырып
жалпы білім берудің қол жетімділігі мен сапасын
көтеру болып табылады. Бұл жаңалықтың
нәтижелілігі жоғары сынып оқушыларының
бейіндік оқуларын жүзеге асыру бойынша
инновациялық
қызметке
қатысатын
педагогикалық кадрлардың кәсіби даярлығына
тәуелді. Бейіндік оқыту жүйесінде жұмыс істейтін
педагог өзінің жаңа кәсіби міндеттерін дұрыс
шеше білуі тиіс, сол үшін білім беру үдерісіне
еніп жатқан жаңалықтарды меңгеруі тиіс.
Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы»
заңында жоғары білім берудің кәсіптік оқу
бағдарламалары біліктілікті және "бакалавр"
академиялық дәрежесін бере отырып мамандар
даярлауға,
олардың
кәсіптік
даярлығының
деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталғаны
туралы
айтылса
[1],
ал
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-
2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасында жоғары білімнің еуропалық
аймағына бірігуді қамтамасыз ету, жоғары білікті
ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау
мәселелері баяндалған [2]. Он екі жылдық білім
беру бойынша құжаттарда жаңа ғылыми-
педагогикалық идеяларды шығармашылықпен
қабылдай
алатын,
оқыту
теориясы
мен
әдістемесін, кәсіби-педагогикалық құзыреттілік-
тің жоғары деңгейін игерген маман ретінде
даярлау мәселесі қарастырылған [3].
94
Болашақ мұғалімдерді оқушыларды технологиялық бағыт бойынша бейіндік оқытуға
кәсіби даярлықтарын қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары: жүйелілік тұғыр –
кәсіби даярлық барысында болашақ мұғалімдерде кәсіби құзыреттілікті әдіснамалық,
теориялық, әдістемелік және технологиялық компоненттер бірлігінде қарастырады;
тұлғалық-іс-әрекеттік тұғыр – болашақ мұғалімдердің өздерін субъект ретінде сезінуіне
көмектеседі және олардың кәсіби құзыреттілігінің құрылымын және мазмұнын меңгеру
тетігін айқындауға мүмкіндік жасайды; аксиологиялық тұғыр – болашақ мұғалімнің жаңа
білім беру философиясының және соған сәйкес заманауи педагогиканың әдістемесінің
негізін меңгеруге бағыттайды; құзыреттілік тұғыр – болашақ мұғалімдердің іскерлігі мен
қабілеттерімен, теориялық және тәжірибелік даярлығымен, жоғары деңгейлі
технологиялылығымен,
мәдениеттілігі
және
шеберлігімен,
түбегейлі
білімінің
жиынтығымен, өзін-өзі дамытуға үнемі дайын болуымен қамтамасыз етіледі
Құзыреттілік тұғыр бiлiм беру нәтижелерiндегi және зaмaнaуи тaлaптaрдың
aрaсындaғы aлшaқтықты жоюғa бaғыттaлғaн әлемдiк бiлiм беру жүйесiнiң aлғaн бaғыты
болып тaбылaды. Бiлiм беруде құзыреттілік бағытты бaғдaрлaнғaн бiлiм мен іскерліктер
кешенiн, сондaй-aқ функционaлдық сaуaттылық элементтерiн қaлыптaстыру aрқылы,
игерген білімдерін өмірлік жaғдaяттaрғa қолдaну ретінде қарастырады[4].
5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығы үшін ҚР МЖМБС белгіленген болашақ
мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктеріне қойылатын талаптарға және жоғарыда аталған
қызмет түрлеріне сәйкес болашақ мұғалімдерді кәсіби оқыту қызметінің негізгі
бағыттары: техникалық немесе қызмет көрсету еңбек технологиясы, түрлі бейіндер және
салалар, дизайн, менеджмент және т.б. бойынша оқыту. Болашақ мұғалім қандай да бір
кәсіби даярлық бағытын таңдаса да ол тек кәсіби және бейіндік педагогика, жас ерекшелік
психологиясы бейіндері бойынша өндірістік салаларда, білім беру үдерістерін басқару
саласында
және
т.б.
құзыретті
болып
қана
қоймай,
сонымен
бірге
халықшаруашылығының және өндірістің таңдап алған саласында да маман болуы
маңызды. Осылайша, жоғары оқу орындарында бейіндік оқытуға болашақ мұғалімнің
кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың нақты қажеттілігін және өзекті мәселе болып
табылатындығын айқындаймыз.
«Құзыреттілік» ұғымының шығуы (лат. competentia, competo сөзінен – бірлесіп қол
жеткізу, сәйкес келу, үйлесу) «бір нәрсе жайлы талқылауға мүмкіндік беретін білімді
меңгеру», «хабардарлық, құқықтылық», «беделділік, тең құқықтылық» тәрізді
түсіндіріледі [5]:
- болашақ мұғалімнің мамандықты тасымалдаушы ретінде, оның қызмет ету
барысында педагогикалық нормалардың талаптары арқылы оқу-тәрбие үдерісіне
жүктелетін, шектеулер мен ұйғарымдарды ескере отырып, оқушының тұлғалық қалыптасу
құралына айналдыру қабілеті;
- білімнен, ептіліктер мен дағдылардан, сонымен қатар оларды қызметте, қатынаста,
тұлғалық дамуда (өзін-өзі дамытуда) жүзеге асыру әдістері мен тәсілдері;
- педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және тәжірибелік даярлықтың
біртұтастығы ретінде;
- мектеп оқушыларын оқытуда және тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізу,
барынша жоғары деңгейде педагогикалық қызметті, педагогикалық қатынасты жүзеге
асыру сияқты мұғалімнің еңбегі ретінде қарастырылады.
Ғылыми еңбектердің бірінде көрсетілген бірқатар құзыреттілік анықтамаларының
ішінен бұл ұғым «білім мен дағдыларды біріктіру қабілеті, оларды сыртқы ортаның
талаптары өзгеріп отырған жағдайда қолдану тәсілдері» деп түсіндіріледі. Ғылыми
зерттеулерде кәсіби құзыреттілік алуан түрлі анықталады. Кәсіби құзыреттілік дегеніміз -
кәсіби қызметті жүзеге асыруға жоғары оқу орны түлегінің теориялық және тәжірибелік
даярлығы мен қабілетінің біртұтастығы, біліктілік және кәсіби бағдардың жоғары деңгейі,
95
маманды даярлау, еңбеу ету тиімділігінің әлеует сапасын сипаттау болып табылады [5,
84б.].
А.К. Маркова мұғалімнің психологиялық-педагогикалық кемелденуінің түрлі
аспектілерін сараптай отырып, оның кәсіби құзыреттілігінің төрт түрін жіктейді: арнайы,
әлеуметтік, тұлғалық және жеке, оларға төмендегідей сипаттама береді:
- арнайы немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті
меңгеруді білдіреді және тек арнайы білімнің орын алуын ғана емес, сонымен бірге
оларды тәжірибеде қолдану ептілігін де қамтиды;
- әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қатынас тәсілдерімен кәсіби қауымдастықта
қабылданған, бірлескен кәсіби қызмет және ықпалдастық тәсілдерін меңгеруді
сипаттайды;
- тұлғалық кәсіби құзыреттілік өзін-өзі дамыту және өз ойын білдіру тәсілдерін,
кәсіби өзгерістерге қарсылық көрсету құралдарын меңгеруді алға тартады. Бұған
А.К. Маркова болашақ мұғалімнің өз кәсіби қызметін жоспарлауын, өз бетінше шешім
қабылдауын, өзекті мәселені көру қабілеттерін жатқызады;
- жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі реттеу, кәсіби өсуге дайын болу, кәсіби тозуға
ұшырамау, тұрақты кәсіби мотивациясының болу тәсілдерін меңгеруді сипаттайды [5,
39б.].
О.Ю. Перцованың анықтамасында, педагогтің кәсіби құзыреттілігі келесідей
тұжырымдалған: «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – бұл, бір жағынан, білімді,
іскерліктерді, дағдыларды, кәсіби және өмірлік тәжірибені, ал келесі жағынан, кәсіби-
тұлғалық қабілеттерді қолдану арқылы кәсіби педагогикалық қызметтің нақты
жағдайларында туындайтын, кәсіби өзекті мәселелерді және әдеттегі кәсіби
тапсырмаларды педагогтың шешуге даярлығын және қабілетін анықтайтын, дамыған
маңызды, негізгі және арнайы құзыреттіліктерде бейнеленген тұлғаның интегратвитік
мінездемесі» [6].
Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі туралы аталған зерттеушілердің пікіріне
қосыла отырып, бұл құбылыс сан қырлы деп есептейміз. Ол құнды бағыт-бағдардың орын
алуымен, сонымен бірге оның мәдениетінің (сөйлеу, қатынас стилі, өз-өзіне және өз
қызметіне, білімнің бір-біріне байланысты салаларына қарым-қатынасы және т.б.)
интегративтік көрсеткіштерімен сипатталады. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық
қызметін өнімді ұйымдастыруда және педагогикалық өзара әрекеттесуде тұрақты түрде
жоғары нәтижелерге қол жеткізетін, оқушылардың бейіндік оқуын айтарлықтай жоғары
деңгейде басқаруды жүзеге асыратын мұғалімді зерттеу пәнімізге жақын қолданылатын
кәсіби құзыретті мұғалім деп атауға болады.
С.А. Дружилов педагогикалық бағыттағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін пән
аясы тәрізді педагогика және психология саласында да ғылыми-теориялық білім жүйесін
қамтитын, маманның тұлғалық мінездемесінің сапасы ретінде қарастырады. Ғалымның
пікірі бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі – көп факторлы құбылыс, ол
болашақ мұғалімдердің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдайларда
оларды қолдану тәсілдерін, болашақ мұғалімдердің құнды бағыт-бағдарын, сонымен бірге
оның мәдениетінің (сөйлеу, қатынас стилі, өз-өзіне және өз қызметіне, білімнің бір-біріне
байланысты салаларына қарым-қатынасы және т.б.) интегративтік көрсеткіштерін
қамтиды. С.А. Дружиловтың пікірі бойынша педагогикалық жоғары оқу орнында оқытуды
кәсіби құзыреттіліктің негіздерін (алғы шарттарын) қалыптастыру үдерісі ретінде
қарастыру қажет [7].
Ю.В. Варданянның докторлық диссертациясында келтірілген анықтамада маманның
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде қолданымды
екенін растайды. Автор жоғары білімді маманның кәсіби құзыреттілігін «кәсіби қызметті
жүзеге асыруға жоғары оқу орны түлегінің, яғни болашақ мұғалімдердің теориялық және
тәжірибелік даярлығы мен қабілетінің біртұтастығы» ретінде тұжырымдайды. Ол кәсіби
96
құзыреттілік құрылымына субъективтік, объективтік және пәндік компоненттерді
жатқызады. Субъективтік құрамдас білім беру, өндіру және дамыту мақсатын көздейтін,
кәсіби тұрғыда өз-өзіне диагностика жасап, өзін-өзі өзгерте алатын, бағалай және сараптай
білетін, сонымен бірге кәсіби қызметі мен оның нәтижелеріне диагностика жасап, өзгерту,
бағалау және сараптау сияқты қабілеттерді иемденетін маманның сапалы өзгешелігін
бейнелейді. Объективтік компонент маманмен кәсіби қызмет жүйесін құру және оның
тапсырманы алуынан бастап жемісті нәтижеге қол жеткізгенге дейінгі барлық
кезеңдердегі қозғалысын іске қосуды қамтамасыз ету үдерісін сипаттайды [8].
Көптеген зерттеушілер атап өткендей, кәсіби құзыреттілік қызмет барысында
қалыптасады және үнемі адамның құндылықтық бағдарларымен шектелген біртұтастықта
байқалады, себебі тек қызметке, тұлғалық қызығушылыққа құндылықтық қатынас орнаған
жағдайда ғана жоғары кәсіби нәтижеге қол жеткізіледі [9; 10; 11; 12; 13].
Болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығы кезінде кәсіби құзыреттілік компоненттерін
игеру білім беру үдерісіндегі субъектілердің бірлесіп бөліну қызметінде жүзеге
асырылады, ал оны қолдану «субъектілердің кәсіби көмекті және қызметтерді көрсету
және алудағы бірлесіп-бөлінген қызметінде» жүзеге асырылады. Бұл кезеңдерде болашақ
мұғалімнің қызметінің өнімі оның кәсіби құзыреттілігі болып табылады деп есептейміз.
Осылайша, кәсіби құзыреттіліктің аталып өткен анықтамаларының тіпті қысқаша
талдануы, бұл кәсіби қызметте, кәсіби қатынаста, педагогтың тұлға ретінде
қалыптасуында, оның даралығында адамның кемелденуін алға тартады.
Біздің еліміздегі білім берудің жаңа бағыты негізінен болашақ мұғалімдермен қатар
оқушының құзыреттілігін дамытуға бағытталған педагогикалық жүйені жүзеге асыру
болып есептелінеді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқыту нәтижесі білім, іскерлік және
дағдыны меңгеруді көздейді. Дегенмен отандық және шетелдік практика бұл үштіктің
оқушының барлық таным дүниесін қамтымайтынын көрсетеді, яғни оқушының
шығармашылық қызметін және эмоционалдық құндылық қатынастарын қамтымайды.
Түйінді құзыреттіліктер түрінде метапәндік нәтижелерге жету негізінен оқушының
шығармашылық қызметі мен эмоционалдық құндылықтар қатынасы арқылы жүзеге
асырылатынын көрсетеді (кесте 1).
Кесте 1 - Құзыреттілікке негізделген білім берудің тұжырымдамалық негізі
Пәндік нәтиже
Метапәндік нәтиже
Соңғы нәтиже
1. Білім, іскерлік, дағды
2. Шығармашылық
қызметтің тәжірибесі
3. Экономикалық
құндылықтар қатынасы
Түйінді құзыреттіліктер
1. басқару
2. ақпараттық
3. коммуникативтік
4. әлеуметтік
5. тұлғалық
6. азаматтық
7. технологиялық
Әлеуметтік
тапсырыстың
орындалуы
1. әлеуметтік бейімделу
2. белсенді азаматтық
позицияны қалыптастыру
3. ғұмыр бойы оқу
дағдысын дамыту
Сонымен, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру саласын
реформалаудың түпкілікті мақсаты нарықтық қатынастар негізінде дамып келе жатқан
қоғамымызда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға
дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастыру болып есептелінеді.
Педагогтің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу сатысында алдыңғы құзыреттілік
блогының әрбір келесісіне әсер етуі үшін қандай да бір платформа түрінде оның
қолданылуы мен меңгерілуі педагогикалық ғылыммен бекітілген. Аталған теорияға сәйкес
құзыреттіліктерді қалыптастыру сатысы педагогикалық құзыреттіліктің алты түрін
97
ұсынады:
білімділік,
қызметтік,
коммуникативтік,
сезімталдық,
тұлғалық,
шығармашылық. Болашақ мұғалімдерді оқыту барысында құзыреттілікті қалыптастыруға
тікелей қатынасы бар кезектілік қағидасына ерекше мән беріледі.
Біз кәсіби құзыреттілік мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарына жүргізілген
сараптамаға сүйене отырып, бейіндік оқытуда болашақ мұғалімдердің кәсіби
құзыреттілігін педагогикалық қызметті жүзеге асыруға, мінез-құлық пен бағалау
терминдерінде, қолданыстағы білім, іскерлік пен дағдыларды жүйелі түрде тереңдетуге
және жаңартуға ұмтылатын болашақ мұғалімнің кәсіби тұлғасын жетілдіру мақсатында
және бүгінгі күн талабына сай өмірлік тәжірибені жинақтаған, әлеуметтендірілу
шамасына іс-әрекет түрлерін нақты анықтауға жоғары оқу орны түлегін, яғни болашақ
мұғалімдердің теориялық және тәжірибелік даярлығының біртұтастығы деп ұғынамыз.
Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер кәсіби білім беру жүйесіне деген жаңа құлшыныстарды талап
етеді. Елбасының бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша қабылданған
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары реформасының 79 қадамында белгіленгендей, білім беру
саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын
әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан болса, ұсынылып отырған
ғылыми мақала сол әрекеттер бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесі ретінде бір
тамшысын құрайды деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |