К.С. Адильжанова
Қазақ инновациялық
гуманитарлық-заң университеті,
PhD докторанты
Болашақ педагог-
психологтердің
кәсіби дамуындағы
эмоционалды
интеллектінің
маңыздылығы
108
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу
орындарының басты мақсаты-мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім
кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық
қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну-қазіргі таңда
өзекті мәселелердің бірі. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында
баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.
Психологтер
де,
педагогтер
де
адамның
рухани
интеллектуалдық,
кәсіби
шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп көрсетеді.
Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары білімді ғана емес,
әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйымдастырушы мұғалім даярлау керек
екені бәрімізге белгілі. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші - білікті, шебер, парасатты
ұстаздар. Оқу іс-әрекетінің өзіндік құндылығы кәсіби өзін-өзі анықтаудың неғұрлым алыс
мақсаттарына бағынады. Адам тек білімнің өзі үшін ғана оқымайды, болашақта неғұрлым
мәнді нәрсе үшін оқиды, бұл студенттік жаста неғұрлым көп дәрежеде көрінеді. Педагог-
психологтер әр түрлі кезеңдегі жастардың бейімделуі кезінде пайда болатын мәселелерді
шешіп және кеңестер беріп қана қоймай, сонымен қатар сол балалардың ішінен дарынды,
қиын балаларды анықтап, әрқайсысымен жеке сұхбаттаса отырып, кеңес беруі қажет. Әр
жастың санасын білім нәрімен сусындатып, оны әрі қарай тереңдете жалғастырып, қазіргі
заманның талабына сай етіп даярлау және тағы басқалары. Осылардың барлығы педагог-
психологтің қызметі. Аталған барлық бағыттар үшін жалпылық бұл студент тұлғасына,
оның даралық ерекшеліктеріне, студенттердің әлеуеттік мүмкіндіктерін, өзіндік дамуын
анықтау үшін арнайы әдістер мен тәсілдерді таңдау қажеттілігіне бағдарлану болып
табылады. Сонымен, жоғары оқу орнында студенттерді оқыту ерекшеліктерін теориялық
және практикалық әдебиеттерге жасаған талдау негізінде тұлғаны дамытудағы қарым-
қатынасты жетілдірудің мәні, құрылысы және мазмұнын нақтылауға; тұлғаны дамытудағы
қарым-қатынасты жетілдіру моделін құруға, студенттердің тұлғалық дамуын қамтамасыз
ететін критерийлерді, көрсеткіштерді және деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді [1, 2].
Сондықтан жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық-
психологиялық мамандардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек
нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ
педагогтар мен психологтерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау мәселесінің
өзектілігі зор. Маман даярлауда, ең алдымен, әрбір педагог-психологтің жеке тұлғасын
қалыптастыру талап етіледі. Алайда, оның негізі кәсіби дайындау барысында жетіледі.
Қазіргі педагог-психологтің алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық
мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып,
содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-
жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Ол үшін мектептер қаражатпен,
техникалық құралдармен, мәдени қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы
білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелілігі, ең алдымен, педагогтар мен
психологтарға байланысты. Олардың жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі,
адамгершілік
және
ақыл-ой
парасаты,
педагогикалық
мәселелерді
шешуде
шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілігі, денсаулығы мен рухани
байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады. Жоғары оқу орнында
болашақ мұғалімді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке даярлау мәселесін О.А. Абдуллина,
В.И. Андреев, Э.Ф. Зеер, Н.В. Кухарев, Е.В. Ткаченко, А.В. Усова және тағы басқалары
шешкен. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін зерттеуге (И.Я. Зязюн, Н.В. Кузьмина,
В.А. Сластенин, Н.Н. Тарасович, Г.И. Хозяинов және тағы басқалары).
Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерді
сараптау
кәсіби-педагогикалық
дайындықтың жоғары оқу орны студенттерінде қалыптастыруға қажетті мынадай ең
маңызды жақтарын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді: педагогикалық іс-әрекеттің әр
түрлі компоненттері (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин және т.б.); зерттеу
109
біліктері мен дағдылары (О.А. Абдуллина, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.); оқу
үрдісінде тәрбие міндеттерін шешуге даярлық (Н.Ф. Белокур, С.Е. Маушкин, П.И.
Чернецов және т.б.); шығармашылық педагогикалық іс-әрекетке даярлық (К.А.
Абульханова-Славская, Ю.П. Азаров, А.А. Вербицкий, В.А. Кан-Калик, Ю.И. Кулиткин,
Н.В. Кухарев, Г.С. Сухобская ж»не т.б.); педагогикалық сараптама, өз педагогикалық іс-
әрекетінің рефлексиясын жасау қабілеттілігі (Ю.А. Конаржевский, Г.Н.Сериков, В.А.
Черкасов, Т.И. Шамова және т.б.). Сонда болашақ педагогтарды кәсіби іс-әрекетке
дайындаудың кейбір аспектілері зерттелген. Сол сияқты педагог-психологтарды да кәсіби
іс-әрекетке дайындау біршама қарастырылған. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа
жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен
білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім [3].
Педагогтер мен психологтер адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби
шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.
Мысалы, ұлы педагогтер А. Дистерверг, К. Ушинский, А. Макаренко, В. Сухомлинский
және т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне
бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы
тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге
көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені
терең зерттеген А. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей
психологиялық критерийлерін анықтаған.
Достарыңызбен бөлісу: |