Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет23/37
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#6106
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37

 
 
 

 
188 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Филология 

 
189 
ӘОЖ 070.4 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С. Садықов 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік 
университеті, ф.ғ.д., профессор  
 
Қазақ 
публицистикасы: 
ұлттық төл 
тарихтың 
бастаулары 
 
Аннотация  
Ұлттық 
сананың 
өзіндік 
қайталанбас 
ерекшеліктері,  ұлттық  бірегейлікке  негізделген 
ұлттық  пара-парлыққа  ұмтылыс  жолындағы 
жетістіктер  Қазақ  еліне  әлемдік  қауымдастықта 
лайықты  орын  алуға  мүмкіндік  берді.  Қазақ 
халқының  ерлікке  толы  бай  тарихы  ұлт  ретінде 
ұйысудың  негізі  болып  табылды.  Бұл  ғасырлар 
қойнауындағы  Ұлы  Дала  көшпенділерінің,  ұлы 
тұлғаларымыздың  мұқалмаған  рухымен  астасып 
жатыр.  Бабаларымыздың  елдік  пен  ерлік  дастаны 
бүгінгі  кемел  елдікке  қарай  бағыт  алған  тарихи 
кезеңде  құрыштай  негізге  айналуы  тиіс.  Адам 
бойын  осындай  сезім  билегенде  бүгінгі  ұрпағына 
Ұлы  Даланы  мирас  етіп  қалдырған  батыр  бабалар 
тұлпарларының  тұяқ  дүбірі  құлаққа  келгендей 
болады. 
Олай 
дейтініміз, 
әлемдік 
даму 
арнасындағы  соңғы  үш  жүз  жылдың  бір  жарым 
ғасырға  жуығын  еліміз,  жеріміз  үшін  қиян-кескі 
шайқаспен  өткізген  халқымыз  небір  қиын-қыстау 
кезеңдерде  илікпеді,  сынбады,  қайтпас  та  қайсар 
ұлт екенін дәлелдей білді. 
Бұл  мақалада  қасиетті  қазақ  жерін  сыртқы 
жаулардан 
қорғау 
жолында 
ұлттық 
төл 
тарихымыздың  бастауларында  тұрған  батыр 
бабаларымыз хақында сөз қозғалады. 
Түйін  сөздер:  жер  –  қасиетті  мұра, 
тұлпарлардың  тұяқ  дүбірі,  ұлы  дала  сардарлары, 
ғұндардың  тәңір  құты,  Едіге  батыр,  кеңестік 
қаралау науқаны. 
 
 
Тәуелсіздікті  құрметтеудің,  тәуелсіз  елдің 
азаматы  бола  білудің,  оның  қасиеті  мен  қадірін 
түсінудің айқын жолы өз халқының тамыры терең 
тарихынан  бастау  алады.  Осылай  десек,  еліміздің 
тарихында жер мәселесі айрықша мәнге ие. Жер – 
қазақ  халқының  қадым  замандардан  бері  атадан 
балаға  қалып  келе  жатқан  ең  қасиетті  мұрасы. 
Жерге  қатысты  әртүрлі  дау-дамай  мен  зорлық-
зомбылықты  көп  көрген  халқымыздың  жанды 
жерінің  бірі  де  жер  десек  артық  айтқандық  емес. 
Қазақтың  жатқа  жерін  кесіп  бергенде  етінен  ет 
кесіп  бергендей  аласұрып,  күйзеліп,  қолына  қару 
алып, қарсыласқан кезі де аз болған жоқ.  
Соңғы  ғасырларда  өзгелердің  үстемдігінен 
өзіндік  үні,  ой-пікірі  айқын  аңғарылмаған 
тоталитарлық  өктемдіктің  құйтырқы  да  зымиянды 
айла-шарғыларын  бастан  кешіріп,  озбырлықтан 
шат-шәлекейі  шыға  жаздаған,  қалай  десек  те 
Тәуелсіздікке  қаншалықты  дімкәс  болса  да тұтас 
 

 
190 
ұлт  күйінде  жеткен  халық  үшін  бұдан  асқан  бақыт  бола  қоймас.  Іргесі  берік  қаланған 
егемен елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің ең басты нәтижесі  болар, ұлттық  санамызда үлкен 
сілкініс,  тың  үрдіс  бой  көтеріп  келеді,  тарихи  жәдігерлерімізді  алақанға  салып 
аялаудамыз,  кезінде  көзден  кетсе  де  көңіл  түкпірінде  жүрген  ұлттық  салт-дәстүрлеріміз 
қайта жаңғырып, жасаруда. 
Республика  Ұлттық  Ғылым  академиясының  академигі  Тілеуберді  Сайдулдин  «Ұлт 
мүддесі  және  ұлттық  идея»  деген  мақаласында  қазақтың  ұлттық  идеясы  туралы  әртүрлі 
пікірлер  айтылғанмен,  оның  айқын  анықтамасының  әлі  қалыптаспағанын  тілге  тиек  ете 
отырып,  ұлттық  идеяның  қарапайым,  ұғыныңқы  түрде  жалпыға  ортақ  мүддені 
тұжырымдап,  халық  бұқарасының  санасына  сіңісті  етіп,  іс-әрекетін  бір  арнаға  бағыттап, 
оның  ұлт  ретінде  қалыптасып,  сақталуын  қамтамасыз  ететініне  баса  назар  аударады. 
«Қазақ  тарихын  бағамдасақ,  -  дейді  академик,  -  бір  халық  болып  біріккен  рулар  мен 
топтардың  ең  басты  ортақ  мүддесі  жерге  иелік  мәселесі  болған.  ...  ұлттық  идеяға  негіз 
болған мәселе ешқашан да өзінің мәнін жоймақ емес. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі жер 
мен  жер  байлығына  иелік  ету  тәртібінің  біздің  тарихи  қалыптасқан  ұлттық 
құндылықтарымызға сәйкестігін жан-жақты терең зерттеп, пайымдау қажет» [1]. 
Жалпы,  қазақ  халқының  көп  ғасырлық  тарихы  –  елін,  жерін  қорғау  тарихы.  Ата-
бабаларымыздың  көп  өмірі  батыстан  да,  шығыстан  да,  оңтүстіктен  де,  солтүстіктен  де 
қаруын  кезініп  келген  басқыншылармен  арпалыста  өткен.  Тарих  сахнасында  Ұлы  Дала 
деген атпен енген қазақ сахарасында мекендеген скиф, сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, түрік, оғыз, 
қыпшақ  тайпаларының  көсемдерінен  бастап,  кешегі  қазақ  хандығының  хандарына  дейін 
осы  өздері  қоныс  теуіп,  тіршілік  еткен  ұлан-байтақ  қазыналы  өңірді  жат  жұрттық 
жаулардан қызғыштай қорып, ұлтарақтай жер үшін жан алып, жан беріскен. Оның жарқын 
мысалын  ғұндардың  атақты  тәңірқұты  –  Мөденің  арпалыспен  өткен  өмірінен  көруге 
болады.  Ол  хандық  құрған  кезеңде  ғұн  елінің  атақ-даңқы  аспандап,  ұлы  мемлекетке 
айналғаны тарихтан белгілі.  
«Ғұндар  жер  үшін  қытайлармен  мыңдаған  жыл  соғысты,  -  деп  жазады  жалынды 
публицист  Думан  Рамазан.  –  Мөде  тәңірқұт  өзінің  асқан  ақыл-парасатының  арқасында 
Орта  Азиядағы  барлық  халықтарды  біріктіріп,  Қытай  еліне  қарсы  қоя  білді.  Сөйтіп  ол 
Қытайды  өзіне  бағындырып,  оларға  жыл  сайын  салық  төлеп  тұруды  міндет  етті. 
Қытайлықтардың  ғұндардан  қорқып,  бес  мың  шақырым  қашықтықта  ұзыннан-ұзынға 
созылған қамал тұғызатын тұсы – міне, осы кезең. Біздің ата-бабаларымыздың жаужүрек 
болғандығын тарихтың өзі дәлелдеп берді» [2]. 
Президент  Н.Назарбаев  «Тарих  толқынында»  атты  кітабында  ғұндардың  Тәңірқұты 
Мөдеге  байланысты  жазбаларында  көне  тарихтың  күмбірін  былай  жеткізеді:  «Аса 
танымал  шығыстанушы  Иакинфтің  (Н.Я.Бичуриннің)  аудармасындағы  Қытай  дерек 
көздерімен таныса келіп, өз басым аса бір жарқын мысалға тап болдым. Оның ғибратына 
қарағанда, көптеген аса қажет заттардан қол үзуге болады, ал жерден айырылу мемлекетті 
күйретудің  алғашқы  қадамына  пара-пар  көрінеді.  Ғұндардың  әмірі  шанью  Мөденің 
тарихы былай баяндалады: «Дун-ху оған елші жіберіп, Тұманнан (бұрынғы әмір, Мөденің 
әкесі)  қалған  мыңлилік  сайгүлікті  (күніне  мың  ли  жерге  шабатын  ат)  қаламақ  ниетінің 
барын білдіреді. Мөде ақсүйек бектерін шақыртып алып, кеңес құрады. Ақсүйектер оған « 
мың  лилік  тұлпар  ғұндардың  қазынасы  ғой,  беруге  болмайды»  дейді.  Оларға  Мөде: 
«көрші  тұрған  жұрттан  бір  жылқыны  аяған  болмас»  дейді  де,  мыңлилік  жылқыны  беріп 
жібереді. Арада біраз уақыт өткен соң Дун-ху Мөдені өзінен қаймығады деп ойлап, тағы 
да  елші  жібереді.  Бұл  жолы  одан  ханымдарының  біреуіне  көңілі  құлағанын  білдіріп, 
Яньжиді атап сұрайды. Мөде өз төңірегіндегі жақын жүргендердің ақыл-кеңесіне тағы да 
жүгінеді.  Төңірегіндегілер:  «Дун-ху  ұятсыз  адам  екен,  Яньжиді  сұрауын  қарашы,  -  деп 
таңғалысып,  -  оған  соғыс  жариялау  керек»  деп  кеңес  береді.  Мөде  бұл  уәжге  «  көрші 
тұрған кісілерден бір әйелді аяп қажеті не?» деп сүйікті Яньжиін Дун-хуға беріп жібереді. 
Әкім Дун-худың айтқаны екі  болмай, әбден кердең кетеді.  Ғұндардың иелігінде батысқа 

 
191 
қарай кең жатқан мың лидей бос жер бар еді. Онда тек шекара бойлай екі жақта тұратын 
қарауыл  күзет  қана  болатын.  Дун-ху  екі  жақты  шекара  күзетінің  арасында  бос  жатқан 
ғұндарға тиесілі, бірақ оларға қолайсыз жерлерді алғысы келетінін Мөдеге айту үшін елші 
аттандырады.  Мөде  бектерінен  ақыл  сұраса,  олар:  «бұл  қолайсыздау  жер  ғой,  беруге  де, 
бермеуге  де  болады»  деп  былқылдатады.  Сонда  Мөде  терісіне  сыймай:  «Жер  дегенің 
мемлекеттің негізі, оны қалайша басқаға беруге болады?»  - деп қатты ашуланады. Жерді 
беру керек деп ақыл айтқандардың бәрінің басын алады» [3, 197-199 б.]. 
Ер кезегі үшке дейін. Кезек бітті. Мөде де қайырылмастан морт сынды: «Тірі жүріп 
бұндай қорлықты көргенше, жаудың жағасына жармасып өлейін!» деп Қытай еліне қарсы 
ұлы соғыс  жариялайды. Жер үшін шайқасқан бұл  соғыста Мөденің мерейі  үстем болып, 
жеңіске  жетеді.  Тәңірқұттық  қызметін  осылайша  жерін  қорғаудан  бастаған  Мөде  көзі 
жұмылғанша ғұн елінің қарым-қарыс жерін жауға берген жоқ.Ол билік құрған кезеңде ғұн 
елінің атақ-даңқы аспандап, ұлы мемлекетке айналғаны тарихтан белгілі. 
Мөде тәңірқұттың жолын ұстанған қазақ хандығының хандары да туған жерлерін, өз 
елінің территориясын жат  жұрттық  жаулардан қорғауда ештеңеден қаймығып, тайсалған 
жоқ. «Ғасырлар бойында ел аузында айтылып келген аңыз, жырдың бірі – «Едіге батыр, -
деп  жазды  академик  Р.Бердібай  [4].  –  Ертеде  бұл  жырдың  қазақтың  кең  даласында  зор 
даңққа  бленгендігі  соншалық  –  «Едіге  деген  ер  еді,  елдің  қамын  жер  еді...»  деп  келетін 
жолдарды естмеген, жатқа айтпаған жан болмады.  
Академик бұл еңбегінде қазақтың өзге де бірсыпыра жырлары тәрізді «Едіге батыр» 
дастанын  да  қырсық  шалып,  соңғы  жарты  ғасыр  ішінде  ол  туралы  зерттеу  түгіл  қысқа 
хабар  да  жазылмағанын  күйінішпен  айтады.  Кеңестік  дәуірде  бірнеше  буын  өкілдерінің 
жалған ұғымдар рухында тәрбиеленуінің түп-төркінінде ұлттық мәдени мұраны тану мен 
бағалауда біржақтылыққа жол берілгендігі жатты. Ал оның ең негізгі  ұлы орысшылдық, 
шовинистік  көзқарастан  туған  озбырлық  саясат  еді.  Енді  орайы  келіп  тұрғанда  қазақ 
халқының ежелгі жыр-дастандарына, аңыз-әпсаналарына, інжу-маржан асыл мұраларына 
зобалаң  туғызып,  қаралап  келген  сұм  саясаттың  теориялық  негізіне бір  сәт  ой  жүгіртсек 
артық етпес... 
Фашистік  Германияның  Кеңес  Одағына  тұтқиылдан  шабуылы  ел  халықтарының 
тұрмыс-тіршілігін  түбірімен  өзгертті.  Барлық  күш  мейірімсіз  жауға  қарсы  күреске 
жұмылдырылды.  Қазақстан  майдан  арсеналына  айналды.  «Бәрі  де  майдан  үшін,  бәрі  де 
жеңіс  үшін»  елдің  тыныс-тіршілігінің  ұранына  айналды.  Қан  майданда  қазақтар  ерекше 
жанқиярлықпен  шайқасты.  «Қазақстан,  -  деп  жазды  «Правда»газеті,  -  әркімнің  жүрегіне 
жақын,  ол  совет  халқына  аса  қымбат,  бізде  ашық  та  ержүрек  қазақтар,  олардың 
байсалдылығы мен адалдығы шексіз сүйіспеншілікке бөленуде» [5]. 
Сұрапыл соғыс жылдарындағы республикалық газет тігінділерін ақтарып қарасаңыз 
қайтпас  та  қайсар  халқымыздың  майдан  мен  тылдағы  мәңгі  өшпес  ерлігіне  тәнті болып, 
бас  иесіз.  Басмақалалар,  қазақ  халқының қазақ  майдангерлеріне  немесе  майдангерлердің 
қазақ  халқына  арналған  хаттары,  үндеулері  публицистикалық  отты  сөздермен  өріліп 
жатты.  Қазақ  халқының  қазақ  майдангерлеріне  хаттары  негізінен  алғанда  «Осынау  қан 
майданда  сендерді  ұлы  батыр  бабаларымыз  Едігенің,  Бекеттің,  Кенесары  мен 
Наурызбайдың,  Исатай  мен  Махамбеттің,  халық  батыры  Иманұлы  Амангелдінің 
аруақтары  қолдасын!  Өліспей  беріспеңдер!  Арттарыңда  ұлы  Отаның  тұр!»  деген  аманат 
сөздермен аяқталып отырды.  
Жыр  алыбы  Жамбыл  бастаған  халық  ақындарының  республикалық  айтысы  күндері 
олар  Сталинге  жазған  хатта  «Біз  ер  аталарымыз  Едіге,  Қобланды,  Кенесары-Наурызбай, 
Исатай-Махамбет,  Амангелділердің  жауынгерлік  салтымен  егес  майданда  өктем  шыққан 
қазақ халқының батыр ұлдарын жыр етеміз!» деп жар салды [6].  
Фашистік  Германияға  қарсы  соғыс  жеңіспен  аяқталғаннан  кейін  1945  жылғы  24 
мамырда  Кремльде  «халықтар  көсемі»  Сталин  даңқты  қолбасшылардың  құрметіне 
жасалған  салтанатты  қабылдауда  «Кеңестер  Одағындағы  барлық  ұлттар  ішіндегі  ең 

 
192 
ерекше  ұлт»  болып  отырған  орыс  халқының саулығына  тост  көтерді,  «ұлы  орыс  халқы» 
деген тіркеске үлкен саяси мағына бере отырып айтты, орыстардың қан майданда атқарған 
рөліне айрықша тоқталды [7]. 
Осыдан  соң-ақ  «Ұлы  орыс  халқы»  деген  тіркес  кеңестік  журналистиканың  туына 
айналып  жүре  берді,  Ресей  тарихы  қайта  қаралып,  оны  тек  мадақтау,  «ұлылығын» 
дәріптеу сипатындағы көзқарас белең алды [8]. 
Бұдан  бұрын  да  БК(б)П  Орталық  Комитетінің  1944  жылғы  9  тамызда  қабылданған 
"Татарстан  партия  ұйымы  бұқаралық-саяси  және  идеологиялық  жұмысының  жайы  мен 
оны  жақсартудың  шаралары  туралы"  қаулысында  Едіге  жайындағы  ұзақ  жылдарға 
созылған  айыптаудың  негізі  көрсетілген  болатын  [9].  Аталмыш  қаулыда  Татарстанда 
Едіге  жайлы  эпостың  насихатталуының  қате  екендігі  ашып  айтылып,  жырға  «хандық-
феодалдық»  деп  баға  берілген  еді.  Бұл  баға  қызыл  империяның  саққұлақтарына»  қаруға 
айналды. Осыдан кейін-ақ қазақ халқының даңқын асқақтатып келе жатқан «Едіге батыр» 
жыры да, ер Едігенің өзі де баспасөз бетінде қаралана бастады [10].  
Өткен тарихта Ресеймен соғысқан, жауласқандардың бәрі де орыс халқының, демек, 
халықтар  достығының  жауы  деп  бағаланды,  патшалық  Ресейге  қарсы  күрескен  ұлт 
өкілдерінің  бәрі  дерлік  «дұшпан»  ретінде  жария  етілді.  Ресей  жаулаушылығы 
басталғаннан  көп  бұрынғы  тарихи  оқиғалар  да  дәл  осындай  сірескен  догматикалық 
тұрғыда қарастырылды. Бір мысал: XIV ғасыр мен XV ғасырдың шежіресінде елеулі орын 
алған  даңқты  би,  қолбасы,  мемлекет  қайраткері  Едіге  де  қараланды.  Оның  1409  жылы 
ауыр  әскермен  барып  Мәскеуді  қоршағаны,  орыстарға  салық  салып,  айып  алғаны  алғы 
кезекке шығарылып, орыс халқының жауы деп көрсетілді [11, 108-109 б.].  
Қазақ жерін патшалықтың құлдығынан сақтап қалу жолында арпалысқан Кенесары, 
Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кертартпа, монархист ретінде қараланды.  
Республика  Ғылым  академиясының  негізін  қалаушы,  әрі  бірінші  президенті,  КСРО 
Мемлекеттік,  Лениндік,  Сталиндік  сыйлықтарының  лауреаты,  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің 
депутаты,  халқымыздың  аяулы  перзенті,  академик  Қаныш  Сәтбаевты  Қазақстан  КП(б) 
Орталық  Комитетінің  жабық  мәжілісі  1951  жылғы  23  қазандағы  шешімімен  үш  факті 
бойынша  қаралағаны  тарихтан  белгілі.  Солардың  бірі  –  1927  жылы  оның 
редакциялауымен және алғысөзімен шыққан Едіге туралы аңыздың қателігін 1945 жылдан 
кейін  де  айыптамағаны  болды.  Қ.Сәтбаев  1952  жылы  20  қаңтарда  И.В.Сталиннің  атына 
жазған  хатында  былай  деп  жазады:  «Менің  алғысөзіммен  1927  жылы  кітапша  болып 
шыққанша  Едіге  туралы  аңызды  Уәлиханов,  Мелиоранский,  Потанин,  Диваев 
жинастырып, жариялаған, ал менің кітапшам шыққаннан кейін де Батырлар жырының 1-
томының  авторлары  мен  редакторларынан  бастап  түрлі  оқулықтардың,  жинақтар  мен 
пьесалардың  құрастырушыларына  дейін  ол  көптеген  адамдардың  еңбектерінде 
жарияланды. Едіге халық батыры ретінде Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің Насихат 
бөлімінде әзірленген Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің барлық секретарьлары  және 
басқалары  қол  қойған  белгілі  «Қазақ  халқының  қазақ  майдангерлеріне  хатында»  да 
ерекше атап көрсетілген болатын. Бұл деректер Едіге туралы реакциялық эпосты тұңғыш 
насихаттаушы  мен  емес  екенімді  әсіресе,  дәйекті  насихаттаушы  емес  екенімді,  дәлелдей 
түседі...» [11, 77-80 б.]. 
Осы  орайда  академик-публицист  Қ.И.Сәтбаевтың  тағдырына  тек  жеке  тұлғаның 
тағдыры  ретінде  ғана  қарамау  керек,  бұл  республика  ғылымының  қалыптасу  кезеңіндегі 
қиындықтарды, тосқауылдарды да көз алдымызға келтіргендей. Оның Қазақстан ғылымы 
тарихында  да  зор  маңызы  бар.  Өкінішке  орай,  қай  кезде  де  болмасын  ірі  таланттарға 
кедергілер  көп  болды,  қара  күйені  баттастыра  жағуға  құлшынып  отырушылар  аз  болған 
жоқ.  Кезінде  Қаныш  Имантайұлының  үстінен  әр  түрлі  өкімет  және  партиялық  орындар 
мен  мекемелерге  жолданып  отырған  домалақ  арыз-хаттар  осы  айтқанымыздың  айқын 
дәлелі бола алады. Әрі оны ұйымдастырушылар өз маңайында жүрді. Қалай дегенмен де 

 
193 
әділдік  жеңді,  1955  жылдың  ортасында  академик  Қ.И.Сәтбаев  Республика  Ғылым 
Академиясының президенттігіне қайта келді.  
«Едіге  би  халық  тарихындағы  пассионарлық  тұлға,  -  деп  жазады  академик 
Ғарифолла Есім «Қазақ елі – атамекен ренессансы» деген публицистикалық толғауында. – 
Академик  Қаныш  Сәтбаевтың  «Едіге  жырын»  зерттеуінің  сыры  тегін  емес.  Ол  кезінде 
«Едіге  жырын»  зерттеуді  қолға  алуы  арқылы  отандық  тарихтың  бастау  арнасын  дөп 
тапқан.  Сол  үшін  академик  жұмыстан  қуылды,  бірақ  ол  Қаныш  Сәтбаевтың  тарих 
алдындағы ерен ерлігі еді» [13].  
Академик  бұдан  әрі  қазақ  халқының  төл  тарихы  Ер  Едігеден  бастау  алатынын 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты айтқанын тілге тиек етеді: «Біздің қазақтың арғы-
бергі  тарихында  Ордабалық,  Суяб,  Тараз,  Баласағұн,  Сығанақ,  Жент,  Сарайшық, 
Түркістан  сияқты  қалаларда  ордалы  жұрттың  туы  тігілген.  Астананың  дәл  іргесінен 
табылған  Бозоқ  қаласы  да  үлкен  орталықтың  бірі  болғанын  ғалымдар  дәлелдеп  берді. 
Астананың  қазіргі  жарқыраған  жаңа  көшелерінде  Сарайшық,  Сығанақ,  Түркістан  деген 
аттарының берілгенін байқаған боларсыздар. Бұл төл тарихымызға деген бүгінгі ұрпақтың 
құрметі. Ертедегі ер бабамыз Едігеден бастап, айбынды Абылайға дейінгі хандарымыздың 
бәрі осы Есіл бойында орда тіккендері тіпті де тегін болмаса керек» [14].  
Мына  жайтқа  назар  аударған  жөн.  Сталиннің  «Ұлы  орыс  халқы»  деген  тіркеске 
айрықша  мән  беруіне  дейін  ұлышовинистік  империялық  пиғыл  бұрын-соңды 
осыншалықты  дәрежеде  ашық  түрде  бас  көтере  қоймаған  болатын.  Бұған  дейін  даңқты 
Едіге,  Кенесары,  т.б.  бабалар  есімдері  басылымдар  материалдарынан,  өлең-жырлардан, 
әдеби-көркем,  ғылыми  еңбектерден  түскен  емес  еді.  Кеңес  Одағында  қазақ  халқының 
беделі жоғары еді. 
Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібектен бастап, Қасым, Хақназар, 
Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай, Кенесары хандарға дейін туған жерді қорғауда жан 
алып,  жан  берісті.  Қаншама  жойқын  соғыстарды  бастан  кешіріп,  «Ақтабан  шұбырынды, 
Алқакөл  сұламаға»  ұшыраса  да  қазақтың  ұлан-байтақ  даласын  жат  жұрттықтардың 
табанына таптатпауға жандарын салды.  
Жоңғар  шапқыншылығы,  «Ақтабан  шұбырынды»  қазақтың  көшпелі  мал 
шаруашылығының  осал  жақтарын  көрсетті.  Бір  жақты  көшпелі  мал  шаруашылығына 
негізделген  байырғы  тұрмыстық  тыныс-тіршілікпен  қуатты  көрші  мемлекеттердің 
тегеурінді  шабуылына  төтеп  беру  қиын  еді.  «Ақтабан  шұбырынды»  тұсында  Қазақ  елі 
терең рухани дағдарысты басынан кешірді. Басы «Елім-ай» болып, ХYІІІ ғасырда өмірге 
келген түрлі  жанрдағы туындыларда  уайым-қайғының сарыны есіп тұруы да сондықтан. 
«Рухани дағдарыстан арылу рулық-жүздік танымнан жалпы ұлттық санаға, дүниетанымға 
өтуге, ұлт ретінде әлемдік кеңістіктегі өз орныңды анықтап алуға тәуелді еді, - деп жазады 
тарихшы  М.Қойгелдиев.  –  Қазақ  елінің  рухани  элитасы  бұл  заман  талабын  тура  түсінді. 
Бөгенбай, Саңырық, Тайлақ және басқа батырлар рулық мүдде, рулық патриотизмге жол 
берген  жаңа  тарихи  кезеңнің,  соған  байланысты  өмірін  тек  өз  руының  ғана  емес,  ауыр 
азапты жағдайдағы қазақ жұртының тағдырымен байланыстырған, тек өз руының теңдігі 
мен  еркіндігі  үшін  емес,  жалпы  ұлттық  теңдік  пен  еркіндікті  мақсат  тұтқан,  демек  өз 
дәуірінің прогресшіл принциптерін ұстанған тұлғалар болатын» [15]. 
Тәуелсіздік қарсаңында еліміздің ұлттық басылымдарында ұлт мүддесін жалаулатқан 
мақалалар  бұрынды-соңды  болмаған  леппен  жарияланып  жатты.  Олардың  негізі  қазақ 
халқының ұлт ретінде қалыптаса бастауынан бергі кезеңдердегі басына төнген қасіреттің 
қадау-қадау  мәселелерін  ашып  көсетуге  арналды.  Сол  материалдарды  саралар  болсақ, 
бұлардың арасында ел, жер тарихына, Ресей отаршыларының кең байтақ қазақ жеріндегі 
небір сұрқия озбырлықтарына байланысты жарияланымдардың аз болмағанын байқаймыз.  
Патшалық  Ресейдің  қазақ  жеріне  бекіністер  салу,  орыс  шаруаларына  халқымыздың 
ата қоныстарын ата-бабаларынан қалған мұрадай үлестіріп беріп, сол шұрайлы жерлердегі 
қазақтарды  күштеп  қуудағы  патша  өкіметінің  негізгі  саясаты  да  кең  байтақ  даланы 

 
194 
иемденіп  қалып,  қазақты  ұлт  ретінде  жойып  жіберу  еді.  Он  жетінші  жылғы  Қазан 
төңкерісі  де  үмітті  ақтамады.  Олардың  да  түпкі  мақсаты  отаршылдықты  орыстандыруға 
ұластыру болды. Осы құйтыртқы саясат кеңес үкіметі тұсында да өзінің заңды жалғасын 
тауып, қазақ өз елінде азшылыққа ұшырады. 
Қазіргі  қазақ  қоғамын  өркениетті  елдер  қатарына  шүбәсіз  алып  баратын  бірден-бір 
жол елдегі тыныштық, сан алуан ұлттар арасындағы өзара келісім, күллі әлем алдындағы 
арта түскен абырой-бедел,  «Қазақстан»  деген елдің,  «қазақ» деген халықтың бет-бейнесі 
мен  өзіндік  үнінің  асқақтай  түсуі,  еліміздің  Орталық  Азия  көшбасшысы  ретінде  таныла 
бастауы айқын дәлелденгендей.  
Қорыта  келе  айтарымыз,  Тәуелсіз  Қазақ  елі  тарихшыларының,  фиолософтары  мен 
публицистерінің  алда  тұрған  ұлы  міндеттерінің  негізгі  бір  парасы  төл  тарихымыз 
бастауларын  терең  ой  елегінен  өткізіп,  ұлы  дала  –  жер  тарихына  қатысты  нақты 
тұжырымдар жасау болып табылса керек. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Сайдуллин Т. Ұлт мүддесі және ұлттық идея // Егемен Қазақстан. - 2012. - 19 шілде. 
2
 
Рамазан Д. Қазақстан көп ұлтты республика ма? // Қазақ әдебиеті. - 1996. - 28 мамыр. 
3
 
Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. - 1997-1999 бб. 
4
 
Бердібай Р. Едіге деген ер еді... «Эпос – ел қазынасы» кітабында. – Алматы: «Рауан» 
баспасы, 1995. - 105-172 бб. 
5
 
Арсенал фронта. Передовая статья // Правда. - 1943. - 6 февраля. 
6
 
Халық ақындарының Сталинге хаты // Социалистік Қазақстан. - 1943. - 7 желтоқсан. 
7
 
Торжественный прием в Кремле // Правда. - 1945. - 25 мая. 
8
 
Великий русский народ. Передовая статья // Правда. - 1945. - 27 мая; Ұлы орыс халқы 
– ерекше ұлт //Социалистік Қазақстан. 1945. 27 шілде; т.б. 
9
 
КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференции и пленумов ЦК. 1971. Т.6. –С. 
119.  
10
 
Бекмаханов Е. Едіге – халықтың зұлым жауы // Социалистік Қазақстан. 1945. 2 қазан. 
11
 
Бердібай  Р.  Едіге  деген  ер  еді...  «Эпос  –  ел  қазынасы»  кітабында.  –Алматы:  «Рауан» 
баспасы,1995. -108-109 беттер. 
12
 
Сәтбаев Қ. Жазықсыз  кінәлі  болғаным ба? // Қазақстан коммунисі.  1989. № 4.  -77-80 
беттер. 
13
 
Есім Ғ. Қазақ елі – атамекен ренессансы // Егемен Қазақстан. 2011. 14 қараша.  
14
 
Президент Н.Назарбаевтың Астананың 10 жылдығына арналған салтанатты жиындағы 
сөзі // Егемен Қазақстан. 2008. 7 шілде.  
15
 
Қойгелдиев М. Саяси элита және ұлт мүддесі. Тарих. Таным //Егемен Қазақстан. 1999. 
26 ақпан.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет