Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#6106
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. – Алма-Ата: Наука, 1980. – 78 с. 
2
 
Жүнісбек  Ар.  Қазақ  тілі  дыбыстарының  артикуляциялық  моделі.  –  Алматы:  Арыс, 
2005. – 108 б. 
3
 
Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002. – 783 б. 
4
 
Строй казахского языка. Фонетика. - Алматы, 1991. – 220 с. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  рассматриваются  фонетические  группы  возможных  вариантов 
звукосочетаний  в  казахском  языке  на  стыке  корня  и  окончания.  Артикуляционные  признаки 
гласных  и  глухих  согласных  звуков  имеют  свойства  постоянства.  Количество  артикуляционных 

 
216 
групп  зависит  от  звукосочетания  сонорных  согласных.  Определены  9  видов  артикуляционных 
групп.  
 
RESUME 
 
In this article the authors  considered the phonetic group options  of the sound combinations in the 
Kazakh  language  at  the  junction  of  the  root  and  the  ending  articulation  signs  of  vowels  and  voiceless 
consonants  possess  the  properties  of  permanence.  The  number  of  groups  depends  on  the  articulation of 
sonorous sound combinations of consonants. Nine types of articulation groups are identified. 
 

 
217 
ӘОЖ 82/821(100-87) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.Т. Қобланов 
Ш.Есенов атындағы Каспий 
мемлекеттік технологиялар және 
инжиниринг
 
университеті,  
ф.ғ.к., профессор 
Жованни 
Боккаччо – 
новелла 
жанрының шебері 
 
Аннотация 
Мақалада 
Жованни 
Боккаччоның 
новеллаларындағы  кейіпкерлер  табиғатын,  кезең 
көрінісін  ашудағы  қаламгер  шеберлігі  жан-
жақты сөз болады.  
Боккаччо  шығармашылығының  алғашқы 
дәуірінде-ақ  өз  заманының  келеңсіз  жақтарын 
көріп,  қолына  қалам  алған  болатын.  Жазушы 
қоғамда 
белең 
алған 
келеңсіздіктерге, 
озбырлықтарға  сын  көзбен  қарады.  Орта 
ғасырдағы адам тағдыры және оның арман-тілегі 
туралы  ілгерішіл  пікірде  болды.  Боккаччо 
шығармаларына тән өмір қуанышынан ләззат алу 
сипаты  оның  новеллаларында  да  жиі  кездеседі. 
Бірақ  оларда  келеңсіз  оқиғаларды  бейнелеу, 
зұлымдық  пен  соқыр  сенімді  сынға  алу  негізгі 
мәселе болып қалады.  
Новеллаларындағы  шынайы  оқиғаларды 
бейнелеуде  қаламгер  өмірге  сенім  туғызатын 
бейнелі,  бедерлі  тәсілдерді  таба  біледі.  Автор 
итальян  жазушысының  осы  қырларын  мақалада 
толық ашып көрсетеді. 
Түйін  сөздер:  әдеби  орта,  пастораль,  халық 
строфасы,  психологиялық  роман,  діни  аскетизм, 
новелла,  хикая,  хроника,  дәстүр,  риторика, 
логика, шопандық поэзия. 
 
 
Итальян Қайта өрлеу дәуірінің екінші бір ірі 
өкілі - Жованни Боккаччо ғалым, жазушы еді. Ол 
осы  дәуірде  «назарға  лайық  емес»  деп  келген 
заманагөй  новелла  жанрын  жоғары  даму 
сатысына  көтерді,  оның  реалистік  және 
демократиялық 
бағытын 
айқындап 
берді. 
Боккаччо  жазушының  өзіне  тән  қасиеттерін 
жоққа  шығаратын,  әдебиеттің  халықшылдық 
рухына  және  реалистік  дамуына  кедергі  болған, 
табиғат  пен  адамның  қадір-қасиетіне  дұшпан, 
шынайы  өмірді  мойындамайтын  діни-аскеттік 
саясатқа қарсы болды. 
Боккаччо 
Парижде 
туды, 
анасының 
өлімінен соң, оны Италияға алып келді. Боккаччо 
Флоренция мен Неапольде тәрбиеленді. Әкесінің 
тілегімен 
сауда-саттық 
және 
құқықтану 
мәселелерімен 
айналысса 
да, 
ол 
антик 
жазушылардың 
шығармаларын 
оқуға 
өте 
қызығатын. 
Бірақ 
талантты 
жас 
тарихи 
ескерткіштер, 
грек 
тіліндегі 
әдеби 
шығармалармен  терең  таныса  алмады.  Өйткені, 
оған  әкесі  көне  әдебиет  үлгілерін  оқуға  тек  бос 
уақыттарында ғана рұқсат беретін. 

 
218 
Боккаччо  жігіттік  дәуірін  (1327-1340)  Неапольде  өткізді.  Бұл  жерде  ол 
гуманистермен  танысып,  грек  тілі  мен  антик  әдебиетті  үйренуге  кіріседі.  Жаңа 
достарының көмегімен король Роберт Анжуйский сарайындағы әдеби ортаға араласады.  
Боккаччо  шығармашылығының  алғашқы  сатысында  серілік  романдарды  қайта 
өңдеумен айналысады. Осындай шығармаларының бірі – «Фиколода». 1338 жылы жазушы 
орта ғасырлар әдебиетіндегі христиан және өзге діндегі екі жас (Флорио мен Бьянчифоре) 
арасындағы  қайғылы  махаббат  тақырыбын  қайтадан  жазды.  Бірақ  автор  бұл  мәселеге 
жаңалық енгізе алмады. 
Онша  көлемді  емес  «Филострато»  поэмасында  (1338)  ақын  итальян  әншілері 
орындап  жүрген  сегіз  жолды  халық  строфасы  (бәйіт)  октаваны  да  Сент-Мордың  «Троя 
туралы  романынан»  алды  және  Троя  жауынгері  Троил  мен  грек  тұтқыны  Грезеиданың 
махаббатын өз тұрғысынан қайта жырлайды. Оған психологиялық моменттер енгізеді. 
Боккаччо өлең және қарасөз аралас әдіспен жазған «Амето» пастороль идилласында 
(1341)  антикалық  шопандық  поэзия  үлгісін  пайдаланды.  Бұл  шығармада  автор 
кейіпкерлердің ішкі сезімдерін ғана емес, сонымен бірге шопандар тұрмысындағы өзекті 
мәселелерді  де  кең  қамтуға  көңіл  бөлді.  Жазушы  шығармада  өмір  қуанышын,  табиғи 
сезімді және шынайы махаббатты суреттеуге ұмтылды.  
Шығарманың  бас  қаһарманы  Амето  олақ,  ебедейсіз  жігіт.  Ол  аң  аулауды  жақсы 
көреді.  Аңда  жүріп  Амето  перілер  арасындағы  Лия  есімді  қызға  кездеседі.  Сұлу  Лия 
сиқырлы әнімен жігіттің жүрегінде махаббат сезімін оятады. Осыдан бастап жігіттің бүкіл 
ақыл-есі  қызда  болады.  Лияға  деген  махаббат  әсерінен  ол  қайта  тәрбиеленіп, 
адамгершілікті, инабатты жігітке айналады. 
«Фъезолан перілері» поэмасында  (1345-1346) Боккаччо  шопандық тақырыпқа қайта 
оралады.  Шығарма  көне  мифтерге,  әсіресе,  Овидийдің  «Метаморфозаларына»  еліктеп 
жазылған.  Шығармада  Фьезолан  жотасы  маңында  қосылатын  екі  өзен  -  Африко  мен 
Мензоланың қалайша екі ғашықтың атымен аталғандығы баяндалады [1, 162]. 
Фьезолан  қаласы  әлі  бой  көтере  қоймаған  ерте  замандарда  осы  жотада  Диана 
басқарған  көп  перілер  жасаған.  Олардың  құзырына  келген  бақташы  Африко  пері  қызы 
Мензолаға  ғашық  болады.  Жігіт  Венера  құдайдың  көмегімен  әйел  киімін  киіп,  қызбен 
жасырын  кездесіп,  өзінің  ғашық  екендігін  білдіреді.  Ерге  шықпауға  ант  еткен  Мензола 
оның  махаббатын  қабылдамайды.  Бірақ  қыз  жүрегінде  туған  ғашықтық  сезім  ондағы 
тартыну мен ұяттан басым шығып, жігітке ризашылығын береді. Көп уақыт өтпей, ол өз 
қылмысына  өкініп,  жігіттен  алыстай  бастайды.  Жігіт  бұған  шыдай  алмай,  өзін  өлтіреді. 
Оның қаны осы жерден ағатын кіші өзенге төгілгендіктен, сол өзен Африко атымен атала 
бастайды.  Мензола  перзент  көріп,  оны  Дианадан  жасырады.  Бірақ  мұны  сезген  Диана 
қатты  ашу  үстінде  оны  кіші  өзенге  айналдырып  жібереді.  Өзен  Фьезолан  жотасындағы 
Африко өзенімен қосылып, осы кезден бастап Мензола атымен аталған. 
Африконың ата-анасы оның ұлын мейірім-шапағатпен тәрбиелейді. Италияға келген 
Иапеттің  қаһарман  ұлы  Атлант  Фьезолан  қаласын  салған,  перілерді  жер  астына  қуған. 
Осылайша, бұл жерде жаңа мәдени дәуір басталған. Африко мен Мензоланың ұлы есейіп, 
осы жерді мекендеп қалады. 
Мензола  Африкоға  ғашық  болып,  махаббатын  ұмыту  үшін  өз-өзімен  күреседі.  Бұл 
күресте адамның табиғи биологиялық талабы мен діни аскеттік әдет-ғұрыптар арасындағы 
қарама-қайшылықтар  ашып  берілген.  Бірақ  адамның  табиғи  талаптары  олардан  үстем 
шығады. Ғашықтар өз талап-тілектері жолында мерт болады. 
Адал махаббат ескерткіші ретінде Африко мен Мензола өзеңдері мәңгілік жасайды. 
Мұндай  қорытынды  автор  гуманизмі  мен  дүниетанымының  толық  қалыптасқандығының 
жарқын дәлелі еді. 
Боккаччо өз шығармашылығының толысқан шағында «Фьяметта» (1348) туындысын 
жазды.  Бұл  шығарма  Батыс  Еуропа  әдебиетіндегі  тұңғыш  психологиялық  роман,  «нәзік 
сезімдерге  толы  ғашықтық  қисса»  еді.  Жазушы  мұнда  сүйіктісі  тастап  кеткен  әйелдің 

 
219 
сезім-толғанысы  мен  жан  азабын  кейіпкер  тілі  арқылы  шебер  баяндайды.  Романда 
өмірбаяндық  моменттер  де  кездеседі.  Мәселен,  өмірде  Фьяметта  Боккаччоға  опасыздық 
қылған болса, романда Памфило Фьяметтаға сатқындық жасайды. 
Бір күні сұлу жас әйел Фьяметта шіркеуде Памфило есімді көрікті жігітті көріп, оған 
ғашық болады. Күйеуі болса да, оның бүкіл ақыл-есі жігітке ауады. Жігітпен табысқанда 
ол өзін өте бақытты сезінеді. Міне, айрылысатын сәт те келіп жетті. Памфилоны қарт әкесі 
шақыртып,  еліне  кетпекші  болады.  Жігіт  Фьяметта  алдында  басын  иіп,  оған  деген 
адалдығының мәңгілік екендігін, тез арада оралатындығын айтып, уәде береді. Фьяметта 
жалғыз  қалды.  Уақыт  болса  өтіп  жатыр,  бірақ  жігіттен  хабар  жоқ.  Сағыныш  аралас 
қызғаныш  әйел  жанын  қатты  азапқа  салады.  Мұның  үстіне  Памфило  үйленіпті  деген 
сыбысты естиді. Бірақ әйел үмітін үзбейді. Памфилоның үйленгендігі жайлы хабар бекер 
екен,  дегенмен  ол  басқа  әйелге  ғашық  болыпты.  Енді  Фьяметта  үшін  өмір  сүрудің  мәні 
қалмайды. 
Орта  ғасырлық  серілік  әдебиетте,  жалпы  одан  соңғы  әдебиетте  де  ханымдар  көкке 
көтеріле  дәріптелетін.  Олар  алдында  бас  иіліп,  қандай  да  бір  қол  жетпейтін  биік  идеал 
ретінде  суреттелетін.  Еуропа  әдебиетінде  Боккаччо  алғаш  рет  әйелдерді  өз  орны, 
характері,  олардың  ішкі  дүниесі,  ой-сезімдері,  қуанышы  және  қайғыларымен  бірге 
шынайы көрсетіп, әдебиеттегі психологизмге негіз салды. 
Боккаччоның 
Флоренциядағы 
өмірі 
қызу 
күрестер 
жағдайында 
өтті. 
Мануфактуралық  өндірістің  шапшаң  дамуын  байлар  («үлкен  цехтар»  деп  аталатын 
бірлестікке біріккен ірі  буржуазия) мен  кедей халық (цехқа кірмеген жүн сабаушы және 
түтуші жалдамалы жұмысшылар) арасындағы қайшылықтар өршітіп жіберген еді. Бұқара 
халық  1343-1345  жылдары  озбырлық  пен  ауыр  салықтарға  қарсы  екі  рет  көтеріліске 
шыққан  болатын.  Мұнан соң  да жүн өндірісі жұмысшыларының үлкен көтерілістері жиі 
болып тұрды. 
Боккаччо  билеуші  гвельфтер  партиясынан  дипломатиялық  тапсырмалар  алады. 
Республикашылдық  бағытты  қолдаған  ол  қала  кедейлерінің  әрекетіне  салқын  қарады. 
Боккаччо  алдымен  ғалым  ретінде  Петрарканың  көне  әдебиетке  байланысты  ісін 
жалғастырды.  Латын  тілінде  бірнеше  шығармалар  да  жазды.  Оның  көне  мифологияға 
негізделіп  жазған  «Құдайлардың  пайда  болуы  туралы»  кітабы  және  т.б.  шығармалары 
замандастары үшін жан-жақты мәлімет беретін кітап ретінде маңызды болды.  
Боккаччоның  ең  маңызды  шығармасы  -  «Декамерон»  атты  хикаялар  жинағы. 
Гуманистік идеяларды шынайы суреттейтін «Декамерон» - орта ғасырлық діни аскетизмге 
қатты соққы берген, Қайта өрлеу дәуірінің тұңғыш ірі туындысы. 
Өз  дүниетанымы  жағынан  республикашыл  болған  Боккаччо  әдебиет  саласында 
халықтың  мәдени  дәстүрлеріне  өте  жақын  тұрды.  Ол  халық  ауыз  әдебиетінің  ең  үздік 
үлгілерін  және  антик  әдебиет  мұраларын  үйрену,  олардан  тиімді  пайдалану  нәтижесінде 
новелла жанрын жоғары даму сатысына көтерді. 
Итальянша  «Новеллиноның»  (новеллалар  кітабы)  мазмұны  әртүрлі.  Онда  орта 
ғасырлық серілік романдар,  Інжіл,  Шығыс ертегілері, көне аңыздарда баяндалатын түрлі 
оқиғалар  хикаяланады  [2,  201].  Бірінші  кезекте  Италия  өмірінен  алынған  тұрмыстық 
тақырыптағы  реалистік  хикаялар  оқырманның  назарын  өзіне  тартады.  Бірақ  оқиғаларды 
артықша  суреттеу  реализмте  нұқсан  келтіреді.  Боккаччо  новелла  жанрына  классикалық 
сипат  беріп,  итальян  хикаяшылығының  түрі,  типі,  характері,  тілі  және  әдісін  жасады. 
Боккаччо  шығармасының  демократиялық  рухы  оның  халық  дәстүрлерімен  тығыз 
араласуының нәтижесі болатын. 
Боккаччо  новелла  жанрына  жаңа  гуманистік  мазмұн,  реалистік  характер  енгізу 
арқылы  оны  «төмен»  жанрдан  «жоғары»  жанрлар  дәрежесіне  көтерді  және  дербес  әдеби 
жанрға айналдырды. 
«Декамеронда» жүз новелла бар. Олар белгілі бір тәртіппен орналасқан. Новеллалар 
бірін  екіншісіне  байланыстырушы  хикаялармен  жалғасып  отырады.  Мұндай  әдеби  әдіс 

 
220 
көне Шығыс («Мың бір түн») және антик («Метаморфозалар») әдебиетте де қолданылған, 
бірақ оларда байланыстырушы хикаялар жағдайды баяндау, жазаны кейінге қалдыру үшін 
енгізілген. Боккаччо болса байланыстырушы жаңа новеллаларды тұрмыстық оқиғаларды, 
характерлерді суреттеуге пайдаланған. 
1348 жылы Флоренцияда қорқынышты індет тарап, көп адам көз жұмады. Бұл індет 
аман  қалған  жандардың  мінез-құлқына  қатты  әсер  етеді.  Орта  ғасырдағы  діни  әдет-
ғұрыптар,  о  дүниелік  азаптар  туралы  қорқытулар  тағы  да  өрши  түседі.  Осындай  ауыр 
кезеңде Боккаччо жаңа пікірлерді баяндайтын шығарма жазуды ойлап, «Декамерон» атты 
туындысын жазды. Шығарма індеттің таралуын суреттеуден басталады. 
«Декамеронның»  кіріспе  бөлімінде  бір  топ  флоренциялық  қыз  бен  жігіттің  індетті 
өзгеше, яғни ержүректікпен қарсы алуы хикаяланады. Олар ажалды қайғы-қорқынышпен 
емес,  ақыл-жігермен  жеңуге  ұмтылады.  Ауру  жайлаған  қаладан  шығып  кеткен  жеті  қыз 
бен  үш  жігіт  Флоренция  маңындағы  Эрам  бағына  барып,  өмірлерінің  соңғы  сәттерін 
ойын-күлкімен  өткізе  бастайды.  Жастар  мұнда  он  күн  жасайды.  «Декамерон»  сөзі  де 
осыдан келіп шыққан (декамерон - грек сөзі, «он күндік» деген мағынаны білдіреді). Олар 
әр  күнгі  отырысты  басқару  үшін  өз  араларынан  король  мен  ханша  сайлап,  хикаялар 
айтумен  айналысады.  Бір  күнде  он  адам  бір-бірден  он хикая  айтқан.  Он  күнде  айтылған 
хикаялар саны жүзге жетеді. Әрбір күннің соңында жазушы осы топтың өмірін суреттеуге 
оралып  отырады.  Боккаччо  хикаяшыларының  өз  өмірлері  жайлы  баяндауы  бүкіл 
жинақтың  бір-бірімен  байланысуын  қамтамасыз  етіп,  новеллалардың  біртұтас  туынды 
болуына мүмкіндік береді. 
Боккаччо  католик  шіркеуінің  «о  дүниеге»  дайындық  үшін  «бұл  дүниенің»,  яғни 
ақиқат  өмір  қуаныштарынан  бас  тарту  керек  деген  кертартпа  уағызына  қарсы  шығып, 
оның  негізсіздігін  нақты  өмірлік  фактілер  арқылы  дәлелдейді.  Сондықтан  да  Боккаччо 
махаббат  жолында  батыл  күрескен  және  шіркеу  ілімін  мойындамаған  қаһармандарды, 
әсіресе,  әйелдерді  қорғайды.  Нағыз  махаббатты  жырлау,  феодалдық  -  дворяндық  әдет-
ғұрыптарды  сынға  алу,  католик  діні  өкілдерінің  бұзықтықтарын  әшкерелеу,  христиан 
дінінің  үстемдігі  туралы  мифтің  негізсіз  жалған  екендігін  көрсету,  қарапайым  халықтың 
әрекетін мақұлдау - «Декамерондағы» окиғалардың негізгі тақырыбы. 
Гуманист Боккаччо шығармашылығында ғашықтық тақырыбы үлкен орын алады. Ол 
махаббатты жеке бастың құмарлығы ретінде емес, ал кең мағынада, яғни қоғамдық өмірге 
байланысты  жағдайда  алып  бейнелейді.  Оның  суреттеуінде  махаббат  адамды 
шынықтырады, қиыншылықтарды жеңуге үйретеді және адам бойында жақсы қасиеттерді 
қалыптастырады. 
Бесінші  күннің  бірінші  новелласында  махаббатқа  байланысты  осындай  жаңа 
қасиеттер қалыптастырған жас жігіт Чимоне туралы хикаяланады: 
Кипр  аралында  өте  бай  Аристипп  есімді  көпес  жасайды.  Оның  ұлдарының  бірі 
Галезо  бойшаң,  сымбаты  келіскен,  бірақ  тентек  жігіт  екен.  Оның  бұл  мінезі  әкесіне 
ұнамайды. Мұғалімнің насихаттары мен әкенің таяғы  да оған әсер етпейді. Ол не оқуды, 
не  әдептілікті  үйренбейді.  Адамдар  мазақ  қылып,  оны  Чимоне  («хайуан»)  деп  атайды. 
Чимонені әкесі қыстақтағы қызметшілер арасына жібереді. Олардың мінез-қылықтары да 
Чимонеге  ұқсас  еді.  Бір  күні  Чимоне  бұлақ  басында  ұйықтап  жатқан  сұлу  қызды  көріп, 
оған ғашық  болады, бірақ қызға сезімін білдіруге батылдығы жетпейді. Әкесінің алдына 
барып,  өзін  ағалары  сияқты  киіндіруін  өтінеді.  Қыздың  махаббатына  ерісу  тілегі  оны  аз 
уақыттың  ішінде  сауатты,  әдепті,  тәрбиелі  болуға  мәжбүрлейді.  Ол  музыка  мен  әнді 
үйренуге  кіріседі,  әскери  жаттығуларда  ерекше  ептілігімен  көзге  түседі.  Сөйтіп,  Чимоне 
көп қиыншылықтардан соң сүйіктісінің махаббатына қол жеткізеді. 
Чимоне «адам – таңғажайып мақұлық» деген қорытындыға келеді. Боккаччоға дейін 
ешкім  адамның  бүкіл  адамгершілік  қасиеттерін  жарқын  бояуларымен  толық  ашып  бере 
алмаған  еді.  Чимоненің  адам  туралы  осындай  жаңа  түсінігінен  соң  ғана  онда  махаббат 
сезімі  туады.  Адамның  жаратушылық  күші  христиандық  таным  түсінігіндегідей  емес, 

 
221 
оның  құдіреті  шексіз  деген  терең  гуманистік  мағынаны  аңғартады.  Адам  мен  махаббат 
дүниеге әкелген ерлік әрқандай тағдыр және кездейсоқ сәттіліктен биік. Махаббат адамды 
хайуандықтан арылтады, оны өз тағдырын өзі жасаушы күшке айналдырады. Сондықтан 
да  Чимоне  үлкен  ризашылықпен  қызға:  «Саған  деген  махаббатымның  арқылы  мен  адам 
болдым», дейді.  
Боккаччо терең адамгершілік сезімдерді, гуманистік пікірлерді буржуазия эгоизміне, 
байлыққа  ұмтылу  мен  озбырлыққа  қарсы  қояды.  «Декамерондағы»  ерлік,  достық, 
жомарттық  және  махаббат  сезімдеріне  толы  романтикалық  рухтағы  новеллалар 
феодалдық-дворяндық  әдет-ғұрыптарға  қатты  соққы  береді.  Өкінішті  оқиғаларға  әкеліп 
соқтыратын әлеуметтік теңсіздік қатты сынға алынады. 
Шахзада Танкредтің қызы сұлу Гисмонда (төртінші күннің новелласы) ері өлген соң 
әкесінің сарайына қайтып келеді. Сарайда өз қызметшісі, ақылды жігіт Гвискордоны сүйіп 
қалады. Онымен жасырын кездесіп тұрады. Мұны сезіп қалған Танкред «менің әулетімнің 
абыройын  төктің»  деп,  жігітті  қамауға  алады.  Шахзада  ертеңіне  қызының  алдына  келіп, 
болған көңілсіз оқиғаны есіне салып, оған ренжиді. Гисмонда оны сүйетіндігін айтып, өз 
ниетінен қайтпайтындығын білдіреді.  Кедей ортадан  шыққан, бірақ өз күші,  жігері  және 
қабілетімен  дворяндардан  жоғары  тұрған  ержүрек  бір  жанды  сүюге  құқы  бар  екендігін 
ашық айтып, бай мен кедейге бөлген әділетсіз заманды қатты сынға алады. Адамгершілік 
сезімдерден  мақұрым  шахзада  Гвискорданы  өлтіріп,  оның  жүрегін  алтын  ыдысқа  салып 
қызына  жібереді.  Оқиғаны  түсінген  Гисмонда  «әкем  дұрыс  істепті,  мұндай  жанның 
жүрегіне алтын табақ ғана лайық», деп осы ыдыспен өзі де у ішіп, қайғылы жағдайда мерт 
болады. 
«Декамеронда» бейнеленген негізгі идеялар дінге қарсы бағыттар еді. Ескі діни әдет-
ғұрыптардан еркін махаббат жоғары қойылады. 
Боккаччо  жасаған  дәуірде  Рим  папасы  ашкөздік,  сатқындық  және  бұзықшылық 
істерге  мүлде  беріліп  кеткен  болатын.  Шіркеу  князьдері  діни  мансаптарды  сату,  күнаны 
кешіру есесіне ақша алып, өте көп байлық жинайды. Абыройы айрандай төгілген шіркеуге 
қарсы  ересьтік  әрекет  күшейеді.  Бірақ  христиан  діні  мұндай  наразылықтарды 
жауыздықпен  жаншып  отырды.  Католиктік  монах  ордендері  барлық  жерде  қаптап  кетті. 
Мыңдаған  монахтар  арамтамақтықпен  күн  көрді.  Олар  байлық  жинауда  католиктік  дін 
өкілдерінен  қалыспады.  Сондықтан  да  Боккаччо  новеллаларындағы  ащы  сын  олардың 
ымырашылдық, екіжүзділік әрекеттерін әшкерелеуге бағытталды. 
Шіркеу мен дін өкілдерінің аярлығы бірінші күннің бірінші новелласында өте шебер 
көрсетілген: 
Уаппелето - өте айлакер, жемқор, тіпті адам өлтіруден де қайтпайтын пасық жан. Ол 
діндар емес, бірақ дін өкілдерінің сыналған қаруы аярлықты шеберлікпен меңгеріп, өлімі 
алдынан поптарға тән «пәк жүрекпен» өз күналарына «тәуба» қылады және әулие атағын 
алады. Аңқау адамдар айлакер діндардың сөзіне сеніп, оны үлкен салтанатпен монастырь 
алаңына  жерлейді.  Декамерондағы  көп  новеллаларда  монахтардың  қулықтары 
әшкереленеді. Олар аяқтарын басқан сайын зұлымдық жасайды, халықты алдайды, бірақ 
соңында  өздері  масқара  болады.  Мұны  монах  Альберт  туралы  хикаядан  анық  көруге 
болады: 
Имола  деген  жерде  қылмыстары  ашылып,  абыройдан  жұрдай  болған  Берто  делла 
Массо есімді бір алаяқ Венецияға барып, өзін өте діндар аға Альбертпін деп таныстырады. 
Бірте-бірте  дін  өкілі  ретінде  абырой  жинайды,  жасырын  түрде  жағымсыз  қылықтарын 
жалғастырады.  Монастырда  жеңілтек  жас  әйел  Лизеттаны  кездестіріп,  оның  сұлулығын 
мақтайды.  Соңынан  «періште»  сипатында  әйелдің  үйіне  келіп  тұрады.  Бір  күні  кеште 
«періште»  киімінде  пайда  болған  Альберт  сезіліп  қалудан  қорқып,  терезеден  секіріп 
қашады  және  бір  кедейдің  үйіне  кіріп  жасырынады.  Таңертең  періште  туралы  дақпырт 
бүкіл қалаға тарайды. Бұл хабарды естіген үй иесі құтқарып жіберу сылтауымен Альбертті 
сайқымазақтар мейрамына хайуан киімінде шығуға көндіреді. Оның денесіне  бал жағып, 

 
222 
оған қауырсындар жабыстырып, қала алаңына жетектеп шығады. Сона мен шыбындар бал 
жағылған  алаяққа  қарай  лап  қояды.  Соңында  Альберттің  айласы  әшкереленіп,  масқара 
болып түрмеге түседі.  
Алтыншы  күннің  үшінші  новелласында  шіркеу  алаяғы  Чиполланың  қулықтары 
әжуаланады.  Епті,  алаяқ  әрі  қу  Чиполла  шайтанмен  күрескен  періште  Михаилдың 
терлеген  «терін,  Херувимнің  тырнағын,  әулие  Лазардың  жақ  сүйегін  және  т.б.  ғажайып 
нәрселерді  көрдім»  деп,  аңқау  жандарды  алдайды.  Бір  күні  Чиполла  шаруаларға 
періштенің  қауырсындарын  көрсетемін  деп  мақтанады.  Чиполла  жиналған  жұртқа 
періштенің  қауырсындарын  көрсетпекші  болып,  қорапшаны  аша  бастағанда  болған 
оқиғаны  тез  aңғapған  ол  ештеңені  сездірмей,  әулие  Лаврентийдің  өртелгенінен  қалған 
«көмір»,  деп  көмірмен  адамдардың  киімдеріне  крест  салып,  адамдарды  алдап, 
бұрынғыдан көп ақша жинап алады. 
«Декамеронда»  қарапайым  монахтан  бастап,  Рим  папасына  дейін  сынға  алынады. 
Дін өкілдерінің қылмыстарын жақсы білетін Боккаччо олардың бұзықшылықтарын аяусыз 
ашып  тастайды.  Жазушы  дін  өкілдерін  мазақ  ету  үшін  керекті  көркем  тәсілдерді  шебер 
пайдаланады, оларды күлкілі персонаждарға айналдырады, сөйтіп, халық алдында масқара 
қылады.  Христиан  шіркеуіндегі  руханилар  «біздің  істегенімізді  емес,  айтқанымызды 
істе»деген  принцип  негізінде  әрекет  етеді.  Сондықтан  да  ұлы  гуманист  Боккаччо 
«Декамеронда»  озбырлық  ұрығын  себуші  христиан  діні  мен  оның  діншілдерінің 
зұлымдықтарын әшкерелеуге бүкіл күш-жігерін, білімі мен талантын жұмсады [3, 182]. 
Фольклордағы  күлкілі  элементтерді  пайдаланған  Боккаччо  қарапайым  адамдардағы 
жақсы қасиеттер - ептілік, даналық және тапқырлықты бейнелейтін новеллалар да жазды. 
Андреуччо  туралы  новелланы  (2-күннің  5-новелласы)  осындай  туындыға  жатқызуға 
болады: 
Перуджияда  ат  саудасымен  айналысатын  Андреуччо  есімді  бір  жігіт  жылқы  сатып 
алуға Неапольге келеді. Бірақ бұл күні оның саудасы бітпейді. Аңғал жігіт босқа сандалып 
жүр демесін деп, әмиянын біресе қолына алады, біресе қалтасына салады. Оны көрген бір 
алаяқ  әйел  жігіттің  ақшасын  қолға  түсірмекші  болады.  Кешке  қарай  Андреуччо  тұрып 
жатқан қонақүйге жалшысын жіберіп, өз ағасы екендігін (Андреуччоның әкесі Палермоға 
келіп жүрген кезінде оның жесір анасымен көңіл қосып, одан өзінің туғандығын) айтып, 
оны  сендіреді.  Кешкі  астан  соң,  әйел  «өзге  жұртта  түнде  жүру  аса  қауіпті  ғой»  деп 
қонақтың  кетуіне  рұқсат  бермейді.  Оны  алдап  ішкі  бөлмеге  кіргізгенде,  қазып қойылған 
лас шұңқырға жігіт құлап түседі. Алданғанын сезген Андреуччоның жан айқайына ешкім 
құлақ  салмайды.  Ол  мұнан  соң  да  бірнеше  көңілсіз  оқиғаларды  басынан  өткізеді.  Оның 
қонақүйдегі  серіктері  жақында  өлген  Неаполь  архиепископының  өзімен  бірге  қосып 
көмілген қымбат бұйымдарын алу үшін Андреуччоны қабірге де түсіреді. Бұл жерден әрең 
қашып құтылған Андреуччо тез арада өз қыстағына қайтуға мәжбүр болады. 
Сегізінші  және  тоғызыншы  күндері  айтылған  новеллалардың  кейіпкерлері 
сайқымазақ,  епті  жігіттер  Бруно,  Буффальмако  мен  Неллолар  ақымақ  Симония  және 
Каландриноны  келеке  етеді.  Боккаччо  қарапайым  адамдарды  жақсы  қасиеттерге  бай 
жандар ретінде суреттеп, оларға үлкен құрметпен қарайды. 
Үшінші күннің екінші новелласында бір атбағар өз қожайыны  король Агилульфпен 
ханшаның  сүйіктісі  туралы  айтысады.  Корольмен  тапқырлық,  ақылдылық  сайысына 
түскен ол жеңіп шығады. Кітапта осындай мысалдар өте көп. Бұлар  «Декамерон» ішінде 
фольклорлық  материалдар,  демоқратиялық  пікірлер  мол  қамтылғанын  көрсетеді. 
«Төменгі» топтан шыққан жандар әрқашан ақсүйектерді жеңіп отырады. Граф Анверский 
(екінші күннің сегізінші новелласы) ғайбат-өсектің себебінен туған жерінен қуғындалып, 
өзге  елде  атбағар  қызметін  атқарады.  Күшті  жігер  иесі  болғандықтан,  ол  көптеген 
қиындықтарды  жеңіп, соңында  өз  Отанына  оралады.  Халық  санасына  сіңген  «ақиқаттық 
пен  әділеттілік  ақыры  салтанат  құрады»  деген  пікір  осы  хикаяда  өз  көрінісін  тапқан  [4, 
108]. 

 
223 
Боккаччо  кіші  көлемді  хикаялары  арқылы  осы  дәуір  тұрмысының  түрлі  жақтарын 
реалистік суреттерімен бейнелей білген шебер жазушы. Қаламгер новеллаларының тіліне 
ерекше  көңіл  бөліп,  тірі  тілдегі  қысқа,  жарқын  образды  суреттерді  шеберлікпен  қолдана 
білген.  XIV,  XV  және  XVI  ғасырларда  өмір  сүрген  итальян  хикаяшылары  Боккаччо 
шығармаларының тілінен үлгі алды. 
 «Декамеронды»  жазып  болған  соң,  Боккаччода  аскеттік  көңіл-күй  қайталанады. 
Мұны оның аллегориялық «Корбоччо яки махаббат шытырманы» (1354-1355) поэмасынан 
көруге  болады.  Ақынды  масқара  қылған  бір  әйелден  кек  қайтару  мақсатында  жазылған 
бұл  шығарма  әйелдерге  арналған  памфлет  еді.  «Декамеронда»  әйелдерге  ерекше 
құрметпен  қараған  қаламгер  енді  оларға  қарсы  шығады.  Өмірінің  соңында  Боккаччода 
мұндай көңіл-күйдің тууы феодалдық шіркеудің қатты қысымының әсерінен болды. Бірақ 
бұл  өзгеріс  «Декамерон»  шығармасының  халық  санасының  өсуіне  тигізген  ықпалын 
кеміте алмады. Орта ғасырлық діни-аскеттік ілімге аяусыз соққы берген Боккаччоның осы 
шығармасының мәңгілік жасайтыны сөзсіз. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Қобланов Ж.Т. Шетел әдебиетінің тарихы. – Алматы: «Дәуір». 2011. 
2
 
Андреев Л.Г. История зарубежной литературы. - Москва, 1989. 
3
 
Андреев Л.Г. История зарубежной литературы. - Москва, 2000. 
4
 
Қобланов Ж.Т. Шетел әдебиеті тарихы. - Астана: «Фолиант», 2008. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  рассматривается  художественное  мастерство  великого  итальянского 
писателя  Джованни  Боккаччо  в  жанре  новеллы.  Боккаччо  глубоко  раскрывает  характер  своих 
героев  и  осуждает  средневековый  монастырь.  Но  писатель  всегда  оптимистичен,  он  верит  в 
будущее.  Поэтому  его  герои  борются  за  справедливость,  за  духовную  независимость,  при  этом 
высмеивая  алчность,  предательство  и  религиозный  фанатизм.  Автор  статьи  всесторонне 
анализирует образы некоторых новелл и оценивает роль великого писателя в развитии этого жанра 
в мировой литературе. 
 
RESUME 
 
The author of the article considers the artistic craft of a great Italian writer Giovanni Bocccaccio in 
the novel style. Boccaccio deeply discloses the characters and condemns the medieval monastery. But the 
writer  is  always  optimistic,  he  believes  in  the  better  future.  That’s  why  his  herves  fight  for  justice,  for 
spiritual  independence  mockering  greediness,  treachery  and  religious  fanatism.  The  author  analyses  the 
images of some novels and highly appreciates the role of the great writer in the development of this genre 
in the world literature. 
 

 
224 
ӘОЖ 82 – 7(045)12 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ә.Д. Қабылов 
Ш.Есенов атындағы Каспий 
мемлекеттік технологиялар және 
инжиниринг
 
университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
Көркем бейнедегі 
кекесін сыры 
 
Аннотация 
Мақалада  көркем  прозадағы  иронияның 
стильдік  қызметі  көрнекті  қазақ  жазушысы 
М.Мағауиннің  «Аласапыран»  романы  мыса-
лында 
қарастырылады. 
Иронияның 
образ 
сомдаудағы  қолданысы  шығармадағы  нақты 
кейіпкерлер бейнелері арқылы талданып, ондағы 
кейіпкер  әлемін  жан-жақты  ашудағы  әмбебап 
қызметі дәлелденеді.  
Түйін  сөздер:  ирония,  қазақ  прозасы, 
концептуалдық  ирония,  мазмұндық  категория, 
образ құрылымы.  
 
 
Қазіргі  ғылымдағы  басымдық  бағыт  алып 
отырған антропоцентристік тенденцияларға орай, 
адам 
психологиясындағы, 
философиялық 
танымы  мен  эстетикалық  талғамындағы  күрделі 
құбылыстарды  бейнелеуде  суреткердің  дара 
стиліндегі 
маңызды 
стиль 
түзуші 
құрауыштардың  қатарында  ирония  да  өзіндік 
роль атқарады. 
Ирония  мәтіннің  мазмұндық  категориясы 
ретінде  белгілі  бір  кезеңдегі  басымдық  алушы 
философиялық,  саяси,  этикалық  ағымдарға, 
сондай-ақ  ұлттық  менталитетке,  автордың 
дүниетанымы мен эстетикалық талғамына сәйкес 
келеді.  Өмір  сүріп  отырған  орта  мен  тарихи 
жағдай  иронистердің  белгілі  бір  типі  мен 
ирониялық  тәсілдерді  тудырады.  «Ирония  тек 
таза  тілдік  құбылыс  қана  емес,  ол  белгілі  бір 
дәрежеде  менталитетпен,  ұлттық  сипаттармен, 
жеке  темпераментпен,  басқа  да  факторлармен 
байланысты 
болады», 
– 
деп 
жазады 
О.П.Ермакова [1, 168].  
Ирония  жеке  жазушылардың  даралық 
стиліндегі 
автордың 
дүниетанымы 
мен 
эстетикасына 
байланысты 
өрнектелетін 
мазмұндық категория ретінде де қарастырылады. 
Персонаждардың бейнесін жасаудағы иронияның 
стилистикалық  және  концептуальдық  типтерінің 
қатынасын 
саралау 
арқылы 
ирониялық 
қолданыстардың 
ұқсастықтары 
мен 
ерекшеліктері айқындауға болады. 
Қазіргі  таңда  иронияны  стильдік-тілдік 
тұрғыдан  зерттеушілер  оны  екі  тұрғыдан 
қарастыруға  ден  қоюда:  стилистикалық  тәсіл 
түріндегі  ирония  және  түрлі  деңгейдегі  тілдік 
құралдар  арқылы  мәтіннің  мазмұндық  бірлігін 
түзетін  ирониялық  мән-мағына.  Иронияның  бұл 
екінші   типін   концептуальдық   (немесе   мәтін- 

 
225 
түзуші,  ассоциативтік)  ирония  деп  атайды.  Мысалы,  О.Г.Петрова  иронияны 
стилистикалық (тәсіл) және концептуальдық (суреткер дүниетанымын бейнелейтін автор 
бейнесінің  құрауышы)  ирония  деп  екі  түрге  бөліп қарастырады  [2,172].  Оның пікірінше, 
стилистикалық  ирония  тек  тілдік  құралдардың  көмегімен  жүзеге  асса,  ал  жинақтаушы, 
біртұтас концептуальдық ирония көбінесе экстралингвистикалық, яғни тілдік құралдардан 
тыс тәсілмен жасалады.  
Ирониялық  реңк  тудырудың  мұндай  құралдарының  даралануын  қазіргі 
коммуникативтік стилистикада регулятивтерге байланысты қарастырады. Регулятивтердің 
негізіне  адресаттың  мәтіннің  жалпы  коммуникативтік  стратегиясының  шеңберіндегі 
мотивтерді сезінуі жатады. Зерттеушілер регулятивтерді «авторлық дүниетанымды, оның 
шығармашылық  ойын  бейнелейтін  нақты  мәтіндік  жүйенің  қорытындысы»  ретінде 
қарайды  [3,167].  Регулятивтерді  бейнелеудің  лингвистикалық  құралдарына  «ырғақтық-
дыбыстық, лексикалық, морфологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік», яғни тілдің барлық 
деңгейдегі  құралдары, ал экстралингвистикалық  құралдарға  «композициялық, қисындық, 
графикалық» құралдарды жатқызады [3,168]. 
Көркем  шығармадағы  иронияның  сипаты  автордың  жеке  тұлғасына  байланысты 
болмақ. Оның әлеуметтік дүниетанымы, саяси көзқарасы, эстетикалық талғамы, этикалық 
түсініктері  –  осының  барлығы  да  иронияға  қатынасын  айқындап,  суреткердің  көркем 
ойлауын  тереңірек  пайымдауға  мүмкіндік  береді.  Яғни  ирония  арқылы  автор  өзінің 
көзқарасын білдіріп отырады.  
Көрнекті  қазақ  жазушысы  М.Мағауин  шығармаларында  иронияның  стилистикалық 
та,  концептуалдық  та  түрлері  жиі  кездеседі.  Иронияны  жазушының  суреткерлік 
политрасындағы  өнімді  де  көрнекті  стильдік  қолданыс  деуге  болады.  Біз  бұл  мақалада 
жазушының  көлемді  шығармасы,  кезінде  Мемлекеттік  сыйлық  алған  тарихи  романы 
«Аласапырандағы» ирониялық арналарды қарастырмақпыз.  
Кейіпкер бейнесін сомдауда қолданылатын иронияның жүзеге асу жолдары әр түрлі 
болып  келеді.  Өмір  көріністерін  мейлінше  дәл  де  шыншылдықпен  беруде,  образдарды 
сенімді  түрде  қалыптауда  иронияның  қолданысының  да  маңызы  бар.  Жазушы  қоғамдық 
өмірдегі  оқиғаларды,  кейіпкерлердің  іс-әрекеттерін,  мінез-құлықтарын  жай  ғана 
бақылаушы,  оларды  салқынқандылықпен  суреттеуші  ғана  емес,  жекелеген  адамдарды 
бейнелеу арқылы тұтас қоғамның толыққанды суретін беруді де мақсат етеді.  
Романда  мейлінше  дәл  сомдалған  портреттерді,  барынша  ашылған  мінездерді 
көреміз.  Олар  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болып,  қоғамдық  өмір  құбылыстарын 
типтендіре көрсетіп, суреткерлік ойдың іске асу нәтижесі  болып табылады. Жазушының 
шеберлік  мәнерінде  кейіпкер  бейнесін  сомдауда  иронияны  қолданудың  түрлі  амал-
тәсілдерін кездестіруге болады. 
Бірінші  кітаптың  «Ерулік»  тарауындағы  Ораз-Мұхамед  сұлтанның  алдында  кінәлі 
болып, әрқайсысы тоғыз аяқтан қымыз ішуге тиіс болатын екі бектің айыптарын өтейтін 
тұс  былайша  зілсіз  юморлық  ирониямен  суреттеледі:  «Ақыры  біреуі  қымызды  ішіп 
тауысты.  Аздан  соң,  намысқа  тырысқан  екіншісі  де  аһ  деп,  ықылық  ата  тәмамдаған. 
Қошамет,  мадақ  астында  үшінші  шара  құйылды.  Тағы  да  көтерме  басталған.  Бірақ 
айыпкерлерде  манағы  қарқын  жоқ.  Судан  жеріген  сиырдай,  мұрындарын  шүйіріп, 
бастарын шайқай, бұрынғыдан әлдеқайда ауырлап кеткен шараларын қолдарына алған.  
– Я тәңірім!.. – деді бірі көкке қарап күбірлеп. 
–  Я  аруақ...  –  деді  екіншісі  өлімге  барар  алдындағы  жан  берген  кейіппен  тілі 
күрмеліп. 
– Жаса! Жаса! Жаса!  
Бұл сөздер екеуіне: «Жарыл! Жарыл!» болып естілген. Бірақ айыпкерсің – жарылсаң 
да жалтара алмайсың, қиын міндеттеріне қайта кіріскен» [4, 52]. 
Осындай  айыпталудың  соңы  қандай  игілікпен  аяқталатынын  автор:  «Айып 
ұмытылды, кінә жуылды. Енді екеуінің де ертең, игі жақсылар бас қосқан жерде ғана емес, 

 
226 
кез  келген  шаршы  топ  алдында  сұлтанның  өз  қолынан  қымыз  ішіп,  өз  иығынан  шапан 
жамылдық деп мақтануға қақысы бар», – деп түйіндейді [4, 53]. 
Орыс патшасы Федор Ивановичті суреттегенде: «Орыс елінің күш-қуатын, байлығы 
мен  батырлығын,  сән-салтанатын  айқын  танытқан  тақ  қандай  ғаламат  болса,  тақта 
отырған  адамның  түрі  де  соншалықты  қораш  еді.  Кеспелтек,  шодыр  ағаштай  жуантық, 
мықыр  денеге  орнатылған  кішкентай,  сопақша  бас  пен  тақтың тепкішегіне  еркін  жетпей 
сұлық салбырап тұрған екі аяқ бір қисап еді. Сүйекті, имек мұрын боп-боз, секпіл бетке өр 
кейіп емес, жасық, болбыр рең беріп тұр. Басындағы гауһар, зүбаржат тастары жарқ-жұрқ 
етіп, көз шағылдырған алтын тәжді ойын үшін кигендей. Ал бір қолындағы алтын аса, бір 
қолындағы  кресті  алтын  алма  –  анда-санда  шайқалып-шайқалып  кетеді.  Әрең  көтеріп 
отырғандай...» [4, 361], – деген кекесін бар.
 
Мұнда  иронияның  стилистикалық  типінің  тілдік  құралдарына  бір-бірімен  сәйкес 
келе  бермейтін  «сөздік  қатарлар»  жатады:  патша  тағының  ғаламат  құдіреті  мен  онда 
отырған патшаның қораштығын қатар алып, қайшылықты сипатымен кекесіндік мән беріп 
тұр. Оның қораштығын көрсету үшін кейіпкер портретіне орын береді. Алтын тәж, алтын 
аса мен кресті алтын алма сол қораштыққа сәйкес келмей, ирониялық мән тудырып тұр. 
Романның  екінші  кітабында  жалған  Дмитрий  «патша»  Ораз-Мұхамедтің  көзімен 
былайша суреттеледі:  «Бойы ортадан сәл төмен, төртпақ кісі екен. Сирек, жирен сақалы 
тамағына біткен, маңдайы қыртыс-тыртыс. Сүйекті, үлкен мұрны үстіңгі түрік ерніне төне 
түскен. Сәл-пәл тершіген беті әлде шабдар, әлде сары таңдақ. Бітіс-болмысында ақ патша 
түгілі  алпауыт  боярға  тән  ешқандай  сипат  жоқ,  кемеңгер  біліктілік,  кірпияз  бекзаттық, 
ноян ірілік атаулыдан ада, үстіндегі қымбат киімі демесе, түр-тұлғасы әлде қарақшы қара 
шаруаға,  әлде  жалдамалы  жолнерге  көбірек  ұқсайтын  аса  сүйкімсіз  әміршінің  бар 
құдіреті көзінде екен. Дымдана жалтырап тұр. Бар зұлымдық түбіне тұнған перінің көзі. 
Оқыс  жалт  етіп,  үңіле  қарағанда,  Ораз-Мұхамед  өңменінен  суық  жел  шаншылғандай 
болды  [4,  699].  Мұндай  портреттік  суреттемеде  өзінің  отырған  тағына  сәйкес  келмейтін 
«патшаның»  ұсқынын  контрастық  тұрғыда  суреттейді.  Үстіндегі  қымбат  киімі  мен 
сүйкімсіз  бейнесінің  арасындағы  қайшылықты  сипатты  көрсете  отырып,  «бір  кереметі» 
ретінде  көзін  ерекше  екпін  түсіре  көрсетеді.  Осындай  өткірлеу  арқылы  суреттемеге 
ирониялық  реңк  үстейді.  Яғни  автор  мағыналық  сәйкессіздікке  негізделген  мәтіндерде 
иронияның тілдік құралдарын пайдаланады 
Романның  композициясы,  жекелеген  образдардың  құрылымы,  характерлерді  ашу 
тәсілдері мен оларды түсінуге жасалатын ишаралар секілді құрылымдық-композициялық 
сипаттағы  экстралингвистикалық  құралдардың  бәрі  автор  философиясы  арқылы 
анықталады.  Бұлар  көркем  мәтінде  жинақталып,  тұтас  көркемдік  полотно 
концепциясындағы шешуші арна болып табылады.  
Жазушы  өз  кейіпкеріне  мінездеме  бергенде  оның  сырт  келбетін,  мінез-құлқын 
сипаттау үшін де, кейде кейіпкер сөздері арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынастың 
қайшылықты  сипатын  таныту  үшін  де  иронияны  қолданып  отырады.  Мысалы,  диалог 
арқылы берілетін кекесінді жауаптасуды Көшім ханның інісі Махметқұлдың: «Есіл қайда, 
Еділ  қайда?»  деген  сұрағына  орай  Ораз-Мұхамедтің  жауаптасуынан  көреміз.  Ал  мына 
үзіндіде орталық кейіпкердің ашу үстіндегі ызалы кекесіні байқалады: «Әйел араласқан іс 
қашан да осылай қағынады! – деп ойлады оқыс ызаланған Ораз-Мұхамед. – Ісім құрдымға 
кетсін  десең,  тізгінді  әйелге  тапсыр.  Қарашыға  хан  тоқтап  сәлем  берді  деген  осы!»  [4, 
132].  
«Аласапыран»  романындағы  юморлық  бейнелеу  тұрғысынан  шынайы  да 
қызғылықты  сомдалған  эпизодтық  кейіпкерлердің  бірі  –  Төбет  батыр  бейнесі.  Ораз-
Мұхамедтердің еру аралап жүрген кезінде Бесоба батыр аулынан кездестіретін қарапайым 
халық  өкілі,  ашық  та  аңқылдақ,  нағыз  қазақы  мінезімен,  қонақжай  да  қанағатшыл 
қалпымен көрінетін әсерлі тұлға. Төбет батырдың ерекше мінез-құлық белгілерінің бірі – 
күпілдек  араластырса  да,  шындықты  өз  көзімен  бағалап,  ақтарыла  сөйлейтіндігі.  Оның 

 
227 
сөйлеген сөздері арқылы оған деген баяндаушының, сондай-ақ оқырманның жеңіл кекесін 
аралас тілеулестігі көрініп отырады.  
Төбеттің  мінездемесін  ашуға,  әсіресе,  Бесобаның  сөздеріндегі  субьектінің 
өмірбаяндық  іс-әрекеттерін  бағалаудағы  қайшылықты  сипатты  зілсіз  кекесіндер  («бір 
сөзінде жалған жоқ»; ақыл аз, жас кезі – «қырыққа жаңа келген кезі»; «Біздің Төбет батыр 
қақ айыра бастан шабам деп жүргенде, анау да әккі екен, қаптамасыз қолды қырықты да 
түсірді»)  де  қызмет  етіп  отырады.  Төбет  батырға  қатысты  эпизодтағы  негізгі  ой  – 
Бесобаның  «...Жаудан  келген  –  жауға  кетеді  екен.  Жау  алмаса,  жұт  алады  екен.  Қан 
арқалағаннан өзге нәтижесін көрмедім. Ең үлкен олжа – мал олжасы емес, жан олжасы ма 
деймін. Мен айдап келген жүз жылқының арты өткен қыста далада қалды. Ал мына Төбет 
әкелген олжаға осы үйдің іші толып отыр» [4, 89],  – деген сөзінен туындайтын Төбеттің 
тәубешіл сөздерінде жатыр. 
Жазушы  кейіпкерлерге  топтық  мінездеме  беруде  де  иронияны  пайдаланады.  Ораз-
Мұхамедтің  Хан-Керменге  хан  көтерілу  салтанатындағы  ақ  киізден  түскен  кездегі  «ең 
қадірменді тоқсан кісінің» шашу шашып, тәбәрік үлестіру сәті былайша суреттеледі: «Хан 
көтеру салтанатындағы ең құрметті орынға енген тоқсан кісі  – ылғи қалталылар, арнайы 
әкелген  алтынды-күмісті  ақшаларын  қасындағы  серіктеріне  көрсете,  мақтаныш  пен 
масаттық  үстінде  құлаштай,  құлаштай  лақтырысады.  Ханды  көруге  (сәті  түссе,  хан 
аяғының астында шашылып жатқан теңгелерді жинауға) ұмтылған жұрт кері жапырылды. 
Күнкөріс  қамынан  артық  не  бар.  Ақ  киіздің  үстінде,  жаңа  ғана  көтерілген  ханның 
төңірегіне шашылған теңгелер де жинаусыз қалмайды. Жаңағы жомарт тоқсан жер таяна 
тиын теруге кіріседі. Тәбәрік. Хан шашуынан тиген теңге бақыт, байлық әкеледі» [4, 488]. 
Бұл  үзіндіде  мақтаныш  пен  масаттықтың  астарындағы  аярлық  пен  дүниеқоңыздық 
астастыра  бейнеленеді.  Мұндағы  ирония  мәтінтүзушілік  қызметімен  концептуальдық 
сипат алып тұр. 
Тіршіліктегі  адамдар  қарым-қатынасын,  кейіпкерлердің  ішкі  әлемін,  адамдық 
болмысын  суреттеуде  ирония  өзіндік  өрнегімен  қызмет  етіп  отырады.  Ирония  автор 
сөзінде  белсенділікпен  көрініп,  заман  мен  қоғам,  адамзат  тарихы,  қоғамдық  қатынастар 
секілді күрделі мәселелерді зердеге жеткізе ұғындырып, қарапайымдылықпен қабылдауға 
септігін  тигізеді.  Мысалы,  «Адам  атадан  Ораз-Мұхамедке  дейін»  тарауының  басындағы 
авторлық  баяндауларда  Әбіл  мен  Қабылдың  жауластық  сыры  туралы  түрлі  талдауларды 
салыстыра  отырып,  «жер  бетінде  алғашқы  адам  қанының  төгілуі»  туралы  бірнеше 
тұрғыдан  пайымдайды.  «Қасиетті  кітаптар  айтыпты»,  «Ұлы  ақындар  айтыпты»,  «Ғұлама 
ғалымдар  айтыпты»  деп,  ежелгі  аңыз-әпсананы  түрлі  ракурста  тәпсірлейді.  Мәтіннің 
ирониялық  сипаты  бір  оқиғаны  бірнеше  танымдық  тұрғыдан  түсіндірудің  астарында 
жатыр  және  бұл  тура  кекесін  емес,  ақыл-ой  тарихындағы  діни,  көркем,  ғылыми 
сараптаулардан  өздігінен  түйін  шығаруға  шақыратын  әлеуметтік-философиялық 
пайымдау  арнасы  болып  табылады.  Қасиетті  кітаптардағы  жақсылық  мен  жамандық, 
махаббат пен зұлымдықтың бастауларын тура баяндау мен ақындық шығармашылықтағы 
көркем  бейнелеу  ерекшеліктерін  айта  отырып,  енді  олардан  ғұламалардың  ғылыми 
жинақтау  шығаруын  көрсетеді.  Адам  болмысындағы  қарама-қарсы  екі  полюстің  сырына 
қанықтыратын эпизод тегін алынып тұрған жоқ, автор осыдан келіп жазба тарихтағы екі 
тұлғаның  – Темуджин мен Тоғрыл тарихын баяндауға ауысады. Мұның бәрі  – тарихтың 
айнымалығына,  адамзаттың  туыстығына,  біреуге  істегеніңнің  ертең  өз  алдыңнан 
шығарына меңзейтін ирониялық тәмсіл:  «Жаулаушылар  – жат  жұртты қырып жатырмыз 
деп  ойлады.  Адам  атаулының  тегі  –  бір,  туысы  –  ортақ  екенін,  бүгін  бауырыңды 
бауыздасаң, ертең – балаң өзіңе ор қазарын қайдан білсін» [4, 144]. 
Автор кейде оқиғаларды бағалауда да иронияға жүгініп отырады. Мысалы, Тущино 
түбіндегі  ұрыс  кезіндегі  екі  жақ  әскерлерінің  арасындағы  байланысты  суреттеуде: 
«...Орыстың богатырі мен ляхтың рыцарі келесі кездесуде, ұрыс үстінде бірінің басын бірі 
жоярына  серт  айтып,  соғыстырып  тұрып  ішеді.  Бірін-бірі  арқаға  қағып,  амандықпен, 

 
228 
ризашылықпен тарасады. Келесі шабуылдан соңғы таныста дауыстап шақырып, бірін-бірі 
іздейді. Бар болса шынымен қуанады. Жоқ болса, шынымен өкінеді, өлді деп емес, басқа 
біреудің  қолынан  қаза  тапты  деп.  Қандай  жолдағы  қасап  болмасын,  ерліктің  өз  ережесі 
бар  екен»  [4,  717-718],  –  деп,  қилы  кезеңдегі  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың 
өзгеше табиғатын мысқылмен баяндап, одан кекесінді қорытынды шығара кетеді. 
Жазушы қазақ мақал-мәтелдеріне сүйене отырып, ондағы ойды дамыта пайдаланып, 
ой-тұжырымды  басқаша  ракурста  ирониялық  көзқарасқа  бейімдеуге  бейіл.  Кейде  халық 
мақалдарын  негізге  алып,  содан  пікір  өрбітіп,  болып  жатқан  оқиғаға  орай  сол  мақалды 
басқа  арнада  дамытып,  кейіпкер  көңіл-күйін  бейнелеуге  құрады:  «Іздесем  –  ізі  жоқ, 
бауыздасам  –  қаны  жоқ»  деген  жұмбақ  есіне  түсті.  Шешуі  –  қайық  еді.  Жансыз  су 
күймесіне емес, тірі адам – өзіне арналғандай. Артында қалған іс жоқ. Не батырлық жасап 
майданда  танылмаған.  Не  келелі  кеңеске  түсіп  көсемдік  көрсетпеген.  Өткен  өмірі  ізсіз 
болғанда, қазіргі халі қандай? Сықса – сөл, қақса – қан шыға ма» [4,238]. Ал мына тұста 
мақалдағы  ой-тұжырымды  осыған  орайлас  өмірдегі  жайларға  ойыстырып,  сол  екпінмен 
салыстырулар  жасап,  үдетпелі  ырғақпен  дамытады:  «Екі  өгіз  сүйкенсе  –  шыбын  өледі 
екен. Екі патша тартысса – ортадағы халық күйзеледі екен. Ал екі жұрт тоғасса – телімдегі 
әлсіз қауым жазаға ұшырамақ» [4, 735]. 
Халық  мақалдарындағы  ұғым-түсініктерді  сыни  тектес  басқа  ұғымдармен 
ауыстырып, айтпақ ойды әсірелей кекесін-мысқылға сүйей баяндау да кездеседі: «Шарап 
қайда, шалапқа зарсың»; «Шәрлі жерде шайтан жүреді деуші еді қазақ. Бұл жерде шайтан 
–  шарапшылар  екен»  [4,  578].  Кейде  мақал-мәтелге  түсінік  бере  отырып,  оның  мәніне 
қарама-қарсы жайттарды да мысқылмен өткірлей түседі: «Бір кісі таққа мінсе, қырық кісі 
атқа  мінеді»  деуші  еді  қазақ.  Яғни,  бір  адамның  мәртебесі  өссе,  соның  төңірегіндегі 
қаншама  жан  қатарға  кірмек,  жұрттан  озбақ.  Керісінше  қаншама  кісінің  сағы  сынары, 
бағы қайтары айтпаса да түсінікті» [4, 582].  
Романдағы  орталық  кейіпкердің  ой-танымы  мен  көзқарасын  танытатын 
сөйленістерде  жазушы  белгілі  бір  сөздер  мен  сөз  тіркестеріне  қосалқы  ирониялық 
тұрғыдан  түсінік  бере  кететін  қызғылықты  тәсілді  де  қолданады.  Жақшаның  ішінде 
келтірілетін  мұндай  «коментарийлер»  алдыңғы  сөзге,  сөз  тіркесіне  қатысты  мысқыл-
кекесінді  мән  үстейді:  «Бәйге  атты  сараптаған  сыншыдай  (әлде  сойысқа  келген  өгізді 
салмақтаған  қасапшыдай)  артынан,  оң,  солынан,  тағы  да  екпетінен  қарап  болған  соң, 
қанағаттанған сыңаймен бас изеп, күбір етті де, қайтадан «тағына» барып отырды. [4,698]; 
«Бірақ,  амал  не,  басқа  әйелдердің  бәрінен  (Ай-Шешек  деп  атап  айтуға  дәті  бармады, 
мейлі,  қай  атасы  екеумен  тоқтапты!)  сол  Ділшаттың  еңсесі  биік  болмақ,  тізгінді 
сұлтанмен  бірге  ұстамақ,  бәлкім,  кейін  тіпті...»  [4,  122],  «Патшаның  демалыс  жайы, 
ханымның  (бәйбіше  де,  басқасы  да  өзі  –  жалғыз!)  ғимараты,  бас  уәзірдің,  атақты 
боярлардың мекен-қонсы осында» [4, 255]. 
Романда  ирония  тек  авторлық  ремаркалар  мен  пайымдауларда,  суреттеулерде  ғана 
кездесіп  қоймайды,  сондай-ақ  шығармада  айналасындағыларға  ұдайы  кекесінмен 
қарайтын,  болып  жатқан  оқиғаларды  ирониямен  бағалайтын  кейіпкер  де  бар.  Ораз-
Мұхамедтің досы Петр Урусов – осындай өзіне-өзі кекесін, әжуамен қарайтын бірден-бір 
кейіпкер.  Бұл  оның  ерік  күшін  танытып,  өмір  құбылыстарына  өткір  сыншылдықпен 
қарайтын ерекше адамдық бітімін де көрсетеді.  
Кейде  жазушылар  кейіпкерлерді  шартты  типтік  бетперде  (маска)  арқылы  береді. 
Мұндай  жағдай  дүние  құбылыстарын,  өмір-тіршілікті  ойын  түрінде  қабылдаудан  туып 
жатады.  Кейіпкер  саналы  немесе  санасыз  түрде  өмірдегі  белгілі  бір  рольдерді 
ойнайтындай  көрінеді.  Сол  арқылы  осы  персонаждың  мүмкіндіктері  ашылады.  «Ойын» 
тарауындағы  Петр  Урусовтың  адуын  қалжыңдары,  кейінгі  жалған  Дмитрий  патшаны  өзі 
сыйлаған  шу  асауды  үйретуге  үндеуі,  тайыншадай  аюмен  шайқасуға  итермелеуі  секілді 
неше  түрлі  мазақ  ету,  қорлау  ойындары  жалғандықты  көпшілік  алдында  әшкерелеудің, 
тоңмойындықты ащы мысқылмен бауыздаудың шынайы үлгісі болып табылады. 

 
229 
Кейіпкерлердің  сөйлеу  стилдері  арқылы  көрінетін  иронияның  әр  қилы  сипаттары 
жазушының  концептуальдық  ой-шешімі  мен  бағалаушы  сипаттамалар  жүйесіне 
байланысты.  Олар  автор  сөзімен  берілсе  де,  персонаждар  сөздерінен  көрінсе  де  бәрібір 
автор  бейнесін  (образ  автора),  оның  тілдік  дүниебейнесін  көрсетеді.  Автор  сөздері 
негізінен орталық кейіпкер Ораз-Мұхамедтің айналасына көзқарасымен тоғысып жатады, 
болып  жатқан  оқиғаларға  сыншылдықпен  қарауда  иронияға  жүгініп  отырады:  «Енді, 
тарихшы  айтқандай,  «кабак»  деген  сөзге  «царев»  дейтін  анықтама  қосылды  –  «царев 
кабак» – патша кабагы – шайтанның шіркеуі, малғұнның мешіті деген тәрізді» [4, 579]. 
Кейіпкерлердің негізгі мінез-құлқын анықтаумен қатар, характерлерді өткірлеу үшін, 
өткен  жайларды  пайымдап,  болып  жатқан  оқиғаларға  баға  беруде  көбінесе  ирониялық 
рефлексия  орын  алып  отырады.  Мысалы,  бала  Мұрат-Мұхамедтің  Арсланмен  татулығы 
туралы естігендегі Ораз-Мұхамедтің ішкі ойы былайша өрілген: «Ұлұғ ау» кезінде қасқыр 
мен  түлкі  бір  апанға  тығылушы  еді.  Тұмсық  түйістіріп  жата  беретін.  Аңшылар  нөпірі 
үстерінен өтіп кеткенше ғана. Содан соң... Ескі тіршілік заңына жүгінеді. Мына екеуінің 
бал жаласқан достығының ақыры немен тынар екен... Жымия бере езуін жиды» (4, 577). 
Ораз-Мұхамедтің  бұл  кекесінінен  көрінетін  қауіп,  бауырының  болашағына  деген 
алаңдаушылық  бекер  болмай  шығады:  Мұрат-Мұхамед  романның  ақырында  сыйға  бола 
сатқындық жасап, Ораз-Мұхамедтің басын жұтуға себепші болады. 
М.Мағауин  шығармаларында  кейде  ирония  сарказмға,  тіпті  сатираға  жақын  келеді. 
Бірақ  оны  сатирик  жазушы  деуге  әсте  болмайды,  жазушы  стиліне  ирония  мен  юмор 
жақын, оның шығармаларына негізінен мұңды юмор, ызалы кекесін тән. Автор иронияны 
қайсыбір  кейіпкерді  бейнелеудің  құралы,  көбінесе  оқиға  мен  жағдайларды  етене 
танытудың, оған бағалаушы қатынасты іске асырудың тәсілі ретінде жиі пайдаланады.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Ермакова О.П. Ирония и ее роль в жизни языка. - С. 169-179. 
2
 
Петрова  О.Г.  Ирония  как  способ  создания  образов  персонажей  в  идиостилях 
Ч.Диккенса и У.М.Теккерей // Вестник Челябинского государственного университета. 
- 2009. - № 34. - Филология. Искусствоведение. - Вып. 36. - С. 73-77. 
3
 
Болотнова Н.С. Коммуникативная стилистика текста: словарь-тезаурус. Томск. Изд-во 
Том.гос. пед. ун-та, 2008. - 384 с.  
4
 
Мағауин М. Аласапыран. Тарихи роман. – Алматы: Жазушы, 1988. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Статья  посвящена  стилеобразующим  функциям  иронии  в  художественной  прозе. 
Стилеобразующая функция иронии рассматривается на примере романа «Вешние снега» видного 
казахского  писателя  Мухтара  Магауина.  Применения  ироний  в  романе  проанализированы  в 
разных  аспектах,  проблема  рассмотрена  на  основе  художественно-стилистического, 
эстетического, концептуального подходов.  
 
RESUME 
 
The  article  is  devoted  to  the  style-forming  functions  of  the  irony  in  prose.  The  style  -  forming 
function of the irony is considered on the basis of the prominent Kazakh writer Mukhtar Magauin’s novel 
"Vernal  snow".  Applications  of  the  irony  in  the  novel  are  analyzed  in  different  aspects,  the  problem  is 
considered on the basis of artistic, stylistic, aesthetic and conceptual approaches. 

 
230 
УДК 306 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Р.Ш. Бердалиева 
Международный казахско-
турецкий университет  
им. Х.А. Ясави,  
к.ф.н., старший преподаватель 
 
Человек 
в современном 
мире: место 
невербальных 
средств  
в межкультурной 
коммуникации 
 
Аннотация 
Статья посвящена  изучению невербального 
поведения  человека  в  контексте  межкультурной 
коммуникации,  которая  является  результатом 
взаимодействия 
представителей 
различных 
культур. 
В 
процессе 
контактирования 
представителей  различных  культур  в  сфере 
общественной  жизни  интерес  к  изучению 
национально-культурной  специфики  межкуль-
турной  коммуникации  заметно  возрастает. 
Несмотря  на  то,  что  жестовые  и  мимические 
знаки  могут  иметь  универсальный  характер, 
очень  часто  их  значения  могут  не  совпадать  у 
разных  народов,  что  позволяет  говорить  об  их 
национальном характере и связаны с этнической, 
географической,  социально-культурной  средой. 
Межкультурная  коммуникация  описывается  как 
процесс  взаимодействия  различных  культур,  а 
значит  и  языков,  как  части  культуры  любого 
народа,  что  позволяет  включать  в  ее  состав 
наряду 
с 
вербальными 
средствами 
и 
невербальные средства общения.  
Ключевые  слова:  невербальное  поведение, 
жесты, 
мимика, 
культура, 
контекст, 
интерпретация, контакт, национальный характер, 
стили коммуникации. 
 
 
Человеческое  поведение  -  это  продукт 
миллионов  лет  эволюции,  оно  заложено  как 
генетически, 
так 
и 
обусловлено 
нашей 
принадлежностью  к  какой-либо  группе,  полу, 
возрастом, 
личным 
жизненным 
опытом, 
уровнем  образования  и  многими  другими 
факторами.  Несмотря  на  эти  различия  люди  во 
всех  культурах  вступают  между  собой  в  самые 
разные  отношения,  в  контексте  которых  они 
встречаются, 
обмениваются 
мнениями, 
совершают  какие-то  поступки  и  т.д.  Смысл 
каждого 
конкретного 
поступка 
зачастую 
необходимо понять, ибо он не всегда лежит на 
поверхности, 
а 
чаще 
всего 
скрыт 
в 
традиционных  представлениях  о  том,  что 
нормально,  которые  в  разных  культурах  и 
социокультурных группах также разные [1, 27].  
Истории  известно  огромное  число  фактов, 
когда  попытки  различных  культур  установить 
взаимные  контакты  и  отношения  заканчивались 
безуспешно.  Чаще  всего  неудачи  объяснялись 

 
231 
личными причинами, недостатками другой стороны или просто языковым непониманием. 
Культурные различия в качестве причины неудачной коммуникации приводились крайне 
редко. Это объясняется тем, что причины такого рода чаще всего остаются скрытыми от 
взаимодействующих сторон. 
Дело  в  том,  что  поведение  людей  в  процессе  коммуникации  определяется  целым 
рядом  факторов  разной  степени  значимости  и  влияния.  Во-первых,  это  связано  с 
особенностью  механизма  инкультурации,  в  соответствии  с  которым  освоение  человеком 
своей  родной  культуры  осуществляется  одновременно  как  на  coзнательном,  так  и 
бессознательном  уровне.  В  первом  случае  это  происходит  посредством  социализации 
через  образование  и  воспитание,  а  во  втором  -  процесс  освоения  человеком  своей 
культуры  происходит  стихийно  под  влиянием  различных  житейских  ситуаций  и 
обстоятельств.  Причем,  эта  часть  культуры  человека,  как  показывают  специальные 
исследования,  является  не  менее  значимой  и  важной  в  его  жизни  и  поведении,  чем 
сознательная  часть.  В  этом  отношении  культуру  можно  сравнить  с  дрейфующим 
айсбергом, у которого на поверхности воды находится лишь небольшая часть, а основная 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет