РЕЗЮМЕ
Объектом исследовательской работы является жанр предания в фольклоре тюркских
народов. Цель статьи - анализ жанровой характеристики, поэтических особенностей и функций
преданий тюркских народов (казахи, чуваши, башкиры, татары).
RESUME
The object of the research is the genre of legend in the folklore of the Turkic peoples. The aim of
the article determines the analysis of the genre characteristics, poetic peculiarities and functions of the
legends of the Turkic peoples (the Kazakhs, the Chuvashs, the Bashkirs, the Tatars).
294
ӘОЖ 8.80.808.808.1
А.Е. Алимбаев
Еуразия гуманитарлық институты,
магистр
Г.А. Сейсембай
Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институты,
аға оқытушы
Абай
шығармаларындағы
өмір-өлім
философиясы
Аннотация
Мақалада Ұлы Абай туындыларындағы
өмір-өлім философиясы әлемдік ойшылдармен
қатар
қарастырылған.
Тұлға
бойындағы
жақсылық-жамандық қасиеттері және өмір
философиясының әдебиеттегі көрініс табуы
туралы сөз болады.
Түйін
сөздер:
өмір-өлім,
философия,
адамгершілік, имандылық, индивид, ақиқат
жолы.
Жалпы бүкіл ғылым саласына тән орталық
проблема адам болып табылады. Индивид -
тұлға. Индивид – адам тумысының жеке өкілі.
Индивид-өзінің физологиялық және психология-
лық ерекшеліктеріне қарай қайталанбайтын
қасиеттері бар нақты адам.
Адам
ерекше,
бірегей,
қайталанбас
қасиеттеріне
қатысты
дара
жаратылыс.
Сондықтан «даралық» деген сөзге «жарқын»,
«қайталанбас» деген эпитеттер сәйкеседі.
Өмірдің мәні өмірдің өзінде. Адам өмірі
өзінше құнды. Өмірді бағалап, сүйіп, оны өзгелер
үшін де жақсарта түсуге ұмтылу керек.
Ғұмырдың мәні туралы тек өз өміріңді емес,
өзгелердің өмірін де құрметтеген кезде ғана
айтуға болады. Адамның әлеуметтік мәнінен
әрбір адамның өз қабілеттерін жан-жақты
дамытып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып,
қоғамдық процеске, оның мәдениетіне жеке
үлесін қосуы қажеттігі дәйектеледі.
Адам жеке тұлға ретінде өз істері арқылы
көрінеді де, халықтың жанында тек «ақиқат
жолында» ғұмыр кешіп, «ақиқат жолында»
жасап, «ақиқат жолында» әрекет етуші ретінде
ұзақ сақталып қалады. Әрине, әрбір адам өз
өмірінің
мән-мақсатын,
құндылығын
өзі
айқындайды. Әрбір индивидтің әр кезеңдегі
өмірдің мақсат-мәнін түсінуі бірдей болмайды,
ол өзгеріп отыруға икемді келеді.
Сөйтіп Софоклдің «Дүниеде таңқаларлық
нәрселер көп, ал олардың ең ғажабы – Адам»
деген тұжырымдамасына қосылуға болады.
Жалпы, адам өмірінің мәні, өмір мен өлім
проблемасы – ғылымдағы мәңгілік тақырып-
тардың бірі. Әсіресе, қазақ философиясында бұл
тақырып терең зерделенген. Мысалы, өлімді
өнердің күшімен кідірткен Қорқыт Ата
295
ұлағатының өзі әлемдік философиядағы мәңгілік проблеманың өзгеше шешімі болып
табылады.
Иә, адам – жер бетінің қонағы. Қазақ халқы бұл ақиқатты «өзекті жанға бір өлім» деп
қысқа да нұсқа тұжырымдаған.
Жалпы, Шығыс философиясында, оның ішінде қазақ философиясында да, адам
баласының ертеңгі «бір өлім» туралы ойлануы оның имандылыққа, ізгілікке бет
бұруының өлшемі ретінде қарастырылады. Өлім туралы ойланған адам сатқындық пен
арамдық жасамайды, бұл пәнидегі ғұмырын мәнді өткізуге ұмтылады [4].
Зерделі Абайды көп толғантып, ойға қалдыратын нәрселер – табиғаттың құпия
сырлары, олардың арасында адам санасынан тыс болып жататын құбылыстар, адам көзіне
көрінбейтін байланыстар, адамның соларға тәуелділігі, кейде тіпті дәрменсіздігі, адам
өмірінде уақыт ырқымен болатын өзгерістер, тағы сол сияқты мәселелер.
Соларды ой сарабынан, сана сүзгісінен өткізіп, өмірде өзі куә болған, бастан өткізген
жәйттердің себеп-салдарын салмақтап, олардың өз түйсігіне тигізген әсерлерін қайта бір
сезінгендей күй кешкен кездерінде ақын Адам, Өмір, Уақыт туралы терең тебіреніске
түседі. Айналада болып жатқан немесе өтіп кеткен бір оқиғалардың әсерімен өмірдің көп
жайлардағы баянсыздығын, адамдар тіршілігіндегі көп әрекеттердің мағынасыздығын,
байлаусыздығын, ойлап торығады.
Абайдың ғұмыр жайлы жазған өлеңдері: «Сап-сап, көңілім, сап көңілім!», «Балалық
өтті білдің бе?», «Жас қартаймақ, жоқ тұрмақ, туған өлмек», «Тоты құс түсті
көбелек»,
«Сағаттың шықылдағы емес ермек», «Ой, дәурен өмір емес, бір көрген түс»,
«Көк тұман -
алдыңдағы келер заман.», «Өлейін деп өлмейді, өлерлік жан», «Есінде бар ма жас күннің»,
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» т.б. туындыларын жатқызуға болады.
Абайдың ғұмыр диалектикасында "мен" және "менікі" деген философиялық ұғымдар
кездеседі. Мұңдағы "мен" - адам жаны, тәні, физикалық денесі, тән - табиғи нәрсе - тозады,
өледі, жан - рухани нәрсе - тозбайды, өлмейді, мәңгілік дегенге саятын сияқты. Оның
пікірінше, "мен" мен "менікінің" ажырасуы - өлу емес,
МҰНЫ
адамның мән - мәнісінің, түн
болмысының бір сападан екінші сапаға ауысуы, яғни тән мәйіт болып б
ҰЛ
дүниеде
қалғанда жан рух болып басқа мәңгілік қонысқа, орынға көшуі деп түсіну кисынға
келеді», - деп жазады абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов [2].
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.
"Мені" мен "менікінің" айрылғанын
Өлді де ат қойыпты өңкей білмес.
Ақыл мен жан «мен» өзім, тән-менікі,
"Мені" мен "менікінің" мағынасы - екі.
"Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел, бастан,
"Менікі" өлсе өлсін, оған бекі [1, 120].
Олай болса, бұл дүниеде, нәпсі тән құзырларын шамасыз күйттей бермей, адам
ғүмырының негізгі мән-мәнісі - әділет, арлылык, махаббат, шапағат т.б. мәңгілік, рухани
қазына жиып-теріп өтуді өсиет етеді ойшыл ұстаз. Адами қасиеттерді бойға сіңіре білу
ата-ана берген тәрбиеге байланысты деп ойлаймыз.
Шырақтар, ынталарың, "менікінде",
Тән құмарын іздейсің күні-түнде
Әділеттік, арлылық, махаббат пен
Үш жолдасың қабірден әрі өткенде
Адам ғапыл дүниені деп менікі.
Менікі деп жүргенің бәрі онікі.
Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Сонда ойла, болады не сенікі? [1, 69]
296
Ескі философиялық еңбектерде табиғат өлсе де адам өлмейді деп, осы екеуін бір-
біріне қарама-қарсы қою кездеседі. Мысалы, Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып,
әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу
деген көңіл бөлуге тұрмайды деп санаған.
Ал діни кітаптарда адамның денесі, табиғаты мен оның жаны екі бөлек алынып, адам
өлгенде тәні топыраққа айналады, күнәға бату, арамдану, жексұрындық тәнге, денеге
байланысты, жоғалтатын сол тәні, денесі, ал жаны өлмейді деген түсінік орын алған. ХІ
ғасырда өмір кешкен Византия жазушысы Филипп Пустынниктің «Зерцало» атты белгілі
кітабында осындай пікір айтылған. Табиғат өзгереді, құриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы
бір алла ғана деген ұғым кейінірек Еуропада таралған. Сонымен қатар жақсы адамның өзі
өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді философтар да айтқан.
Абай туындыларындағы осыған орайлас пікір «адам өлсе де, кейінгіге айтқан сөзі,
қалдырған өсиеті мен өнегесі өлмес» деген тұжырымға саяды.
Ғұмыр мен ажал тұтастығы, "біреуге жай, біреуге тез" келетін қаза басқа түскен
шақтарда болған іске болаттай болып, "қайғы келсе - қарсы тұру" керектігі сияқты тоқтам-
байламдар Абайдың сүйікті
перзенті Абдрахман қайтыс болғандағы жоқтау, жақындарын
жұбату өлендеріне де өзек болады.
Мәселен,
Ажал тура келген соң,
Шыдатпайды берікті.
Ғариптікке көз жетті,
Алғаннан соң серікті.
Өмірін берген құдайым,
Ажалын да беріпті.
немесе:
Ұмытқаның жарамас
Жаратушы кұдайды.
Халық билеген патшалар
Уақыты жетсе құлайды,
Дәл уақыты жеткенде,
Талайдың гүлі
қурайды,
Расулді алған бұл
өлім,
Кімнен жөнді сұрайды [1, 82], - дегендер сияқты.
«Абайдың өзінен бұрынғы белгілі ғалымдардың, ойшылдар мен философтардың
пікірлерімен еңбектерімен таныс болғандығы өзінің өлеңдерінде, қарасөздерінде кейбір
сөздерді жай күнделікті айтылатын мағынасында ғана емес, жүйелі ғылыми ұғым
(категория) дәрежесіне көтере түсініп, солай қолдануынан анық көрінеді» [3], - дейді
ғалым З.Ахметов.
Осы пікір Абай философиясының, ондағы қолданған әр сөздің мән-мағынасы терең,
әріжүйелі түрде сараланған.
Өлім - өмірдің, тірліктің соңы. Ал өмір – ақын ұғымында, ақыл табу, еңбек ету, адал
жүру, шын пейілмен сүйе білу. Тірлікте осы адами асыл істер өз деңгейінде көрініп жатса,
ақын өлімді көп айтпас еді. Ақын жиі айтатын өлім кісіге қасиет сақтауды үйретеді, кейде
мәжбүр етеді. Абайдағы өлім – көбіне қазақты мәжбүр етіп түзеудің құралы екендігін
аңғарамыз.
Әдетте ақылсыз, ойсыз күйкі адам өлімнен қорқады. Абайдың өлімді қорқыту
құралы етіп адами қасиеттері жетілмеген адамдарға қарсы қолдануында осындай мән бар.
Ал адамгершілік мұратының шынайы көрінісіне айналған ұлы Әбіш туралы өлеңдерінде
өлім алдындағы үрей, қорқыныш сейілгендей болады. Өлім алдындағы қайғы-
қорқыныштан сиреп қалмай, адами асыл қасиетіңді сақтап қалу – бірегей жандардың ісі.
«Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ» деп ақынның өзі де айтады. Ал үміт күткен,
297
адамгершілік қасиеті мол, ақылды да парасатты ұлы Әбіштің қазасына қатысты туындаған
өлеңдерінде ақын тарапынан ерекше ой түйіліп, өзгеше пікір айтылады.
Ақын тірлікте қылған әрекеті үшін ұрпақтар алдында ақталмақшы емес. «Қап,
әттегене» - дейтіндей өкініші де жоқ. Жалғыз-ақ, келер заман иелерін әділетке жүгінтіп,
басындағы мұңы мен зарын түсіндіріп кетпек. Өз заманында көрген қоқайының аз
болмағанын айтып, болашақтың талқысынан ада қылуды өтінбек.
Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін - өсекші, жұртқа жаяр.
Сырымды тоқтатайын айта бермей [1, 56], - деген Абайдың кейінгі ұрпаққа айтып
кеткен өнегелі сөзі мәңгілік мәнін жоймайды.
Абайдың пайымы бойынша, адам - пенде, оның бұл дүниеде үзақ та қызық ғұмыр
сүре бергісі келеді, алайда табиғат заңын ешкім аттап өте алмайды, жастық кетеді, өмір
жәрмеңкесі көрген түстей өте шығады. Көңіл құлазиды, қиындығы мен қызығы
қосарланған өткен шақ - сағыныш, аңсар көгінде алыстағы сағымдай елес беріп есте
қалады.
Есінде бар ма жас күннің.
Кімді көрсең - бірі дос.
Махаббат, кызық, мал мен бақ
Көрінуші еді досқа ортақ.
Үміт жақын, көңіл ақ
Болар ма сондай қызық шақ?
Құдай-ау, қайда сол жылдар.
Махаббат қызық мол жылдар?!
Ақырын, ақырын шегініп.
Алыстап кетті-ау құрғырлар [1, 37].
Абай мұрасынан анық байқалып, аталмыш тақырыптағы өлеңдерінде негізгі идеялық
түйін болып тұрған мәселе – «өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ» деген пікір деуге
болады. Өмірге келгеннен соң, кетер күннің де бар екендігін, адамның бұл дүниеге бес
күндік қонақ екендігін естен шығармау, олай болатын болса өлшеулі ғұмырды адам деген
атқа лайық өткізуді, өзің өлгенмен соңыңда өлмес істерің мен мәңгілік сөздерің
қалатынын дана да дара Абай өз өмірімен-ақ дәлелдеп кетті.
Адам өліп, шіріп кету үшін емес, өндіру үшін туады. Адам құр бос жүру үшін емес,
өзі қуана алатындай ұлы және даңқты істерге ұмтылу үшін, сондай-ақ жетілген
қайырымдылығын пайдаланып, бақыт табу үшін туады. Жеңілгісі келмейтін адам жеңіске
тез жетеді. Тағдыр тәлкегіне тек бағынуға дағдыланғандар ғана төзеді (Гуманист, философ
математик, сәулетші Л.Альберти) [4].
Дүниеде өзгермейтін, бір қалыпта тұратын ешқандай құбылыс жоқ. Адамның
тіршілігінде де қиын-қыстау, тіршіліктің шарты-сүйіну, күйіну, жеңілу, жеңу. Кейде өмір
жазығын сары далада жүргендей сайрандасың, кейде шатқалдарынан сүрінбей өтуге тура
келеді. Сөйтіп, кейде жазылып жадырасаң, кейде жабығып, қамығасың. Өмір күрессіз,
тартыссыз, зырғып өтер жылтыр мұз тақта емес деген ой түйеді ақын.
Қазақтың «Қамшының сабындай қысқа ғұмыр» деген сөздің идеясын Абай өз
туындыларында кеңінен қолданып, келешек ұрпаққа өшпес те, айқын із қалдырған ойшыл.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Құнанбайұлы А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ том – Алматы:
«Ғылым баспасы», 1977. – 312 б.
2
Мырзахметұлы М. Абай және Шығыс. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 208 б.
298
3
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. «Ана тілі». – Алматы, 1995
4
http://bigox.kz/filosofiyadagy-adam-problemasy/
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается проблема философии жизни и смерти в произведениях
Великого Абая наряду с мировыми мыслителями. А также затрагиваются положительные и
отрицательные качества в облике человека, освещаются проблемы философии в литературе.
RESUME
The problem of philosophy of life and death in the Great Abay’s works is considered in this article,
along with the world thinkers. Positive and negative qualities of human images are also touched on. The
problems of philosophy in literature are lighted up.
299
ӘОЖ 821.512.122.09:81’374
Б.Н. Нуржанова
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл
білімі институты,
Ph.D докторанты
Жазушы
шығармалары тілі
сөздігіндегі әдеби
норма мәселесі
Аннотация
Мақалада әдеби тілдің негізін құрайтын басты
арналардың
бірі
–
ұлы
ақын-жазушы
шығармаларының сол кезеңдегі әдеби тіл мен
жалпыхалықтық тілдің қолданым ерекшеліктерінен
хабар беретіндігі, олардың әдеби тілімізге қосар
үлесі және әдеби норма мен нормативтілік мәселесі
қарастырылады. Сонымен қатар қазақ әдеби тілін
ұлттық әдеби тіл дәрежесіне көтеру үшін, оны жан-
жақты дамыту үшін Абай шығармаларының қосқан
үлесі
жөнінде
баяндалады.
Автор
жазушы
шығармалары тілі сөздігінің басқа сөздіктерден
ерекшеліктерін, әдеби тілді қалыптастыру‚ оны
байыту‚ ең бастысы - оның байлығын оқырманның
жақсы
меңгеруі,
түсінуі
мақсатымен
жасалатындығын отандық және басқа халықтардың
зерттеушілерінің
ғылыми
еңбектеріне
сүйене
отырып, салыстырып талдайды.
Түйін сөздер: лексикография, жазушы тілі
сөздігі, әдеби норма, әдеби тіл, жалпыхалықтық тіл,
ұлттық әдеби тіл, норма, нормативтілік.
Әдеби
тілдің
негізін
құрайтын
басты
арналардың бірі – ұлы ақын-жазушылардың
шығармалары екендігі ақиқат. Ол шығармалар сол
кездегі әдеби тіл мен жалпыхалықтық тілдің
қолданым ерекшеліктерінен хабар береді, ұлттық
тілдің сол кезеңдегі құрамы мен құрылымдық
ерекшеліктерін айғақтайды, тілдің тарихи даму
жолындағы заңдылықтарды анықтауға жағдай
жасайды,
ақындық
өнердегі
заңдылықтарды
белгілеуге, дәстүрдегі сабақтастықты айқындауға
мүмкіндік береді. Жазушы (ақын) тілі сөздігінде
автордың шығармашылығы мен зертханасы тұтас
күйінде,
толық көрінеді.
Автордың барлық
шығармаларындағы (поэтикалық, прозалық, драма-
лық, т.б.) сөзқолданым үлгілері жүйелі түрде
беріледі. Мұның өзі оның жеке шығармалары
арасындағы ой, образ сабақтастығын айқындауға
мүмкіндік берері сөзсіз. Мұндай еңбектер тіл
тарихын
зерттеушілер,
жеке
ақындардың
шығармашылығын зерттеушілер, жалпы ұлт тілін
оқытушылар үшін өте құнды болмақ. Бұл сөздіктің
әсіресе ұлт тілінің әдеби түсіндірме сөздігін жасауда
қажет болары анық. Себебі әдеби үлгілерден
жалпылама қолданымға арналған түсіндірме сөздік
үшін алынатын дәйектеме материал осындай ақын-
жазушылардың шығармаларын тұтастай қарастыра-
300
тын анықтамалық еңбектер негізінде, салыстырыла, салғастырыла, екшеле отырып,
сұрыпталып алынғаны жөн болады.
XX ғасырдың 50-60-жылдарында Абайдың әдеби мұрасын игеру, оның қазақ әдеби
тілін дамыту жөніндегі қызметін айқындау мәселелерін жалпылай да, арнайы да зерттеу
өрши түсті. Академик Р. Сыздықтың жазуы бойынша, проф. Қ.Жұмалиевтің «Абай
поэзиясының тілі» атты монографиясынан [1, 150] басқа Абай шығармаларының тіліне
арналған жеке көлемді еңбектер жоқ болғанмен, қазақ ғалымдары әр кезеңде, әр тұста
Абайдың қазақ жазба әдеби тілі тарихындағы атқарған рөлі мен алған орны туралы сөз
етіп келді. Бұл ғалымдардың кейбіреулері жеке мақалалар арнап [2, 29-44; 3, 15-21] сөз
еткен болса, оларға қосымша, Абай шығармаларының текстологиясы туралы жазылған
Қ.Мұхаметхановтың монографиялық еңбегі [4, 11], сондай-ақ, Р.Сыздықованың «Абай
шығармаларының тілі» (1968) және «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1971)
атты монографиялары жарық көрді [5, 11; 6, 15]. Аталған монографиялардың
алғашқысында Абайдың әдеби мұрасы қазақ тілі тарихының материалы ретінде зерттелді.
Ақын өлеңдерінің синтаксистік құрылысына арналған екінші монографияда қазақ
өлеңдерінің, оның ішінде Абай туындыларының синтаксистік амал-тәсілдері, ұйқасы,
өлшемі, композициясы және олармен синтаксистік құрылымының өзара байланысы нақты
талданды. Бұл екі еңбекте негізінен Абай шығармалары тілінің лексикасы мен
грамматикасы жүйелі түрде зерттелді, дегенмен, Абайдың шеберлік тәсілдері, даралық
ерекшеліктері, қысқасы, көркемдік дүниесі арнайы талдау дәрежелеріне көтеріле алмаса
да мұнда ұлы ақын поэтикасы мәселелері кеңінен қозғалды.
Абай шығармаларының толық жинағы алғаш 1939 жылы жарық көрсе, М.Әуезовтің
басшылығымен шыққан екінші академиялық басылымы 1957 жылы екі томдық болып
жарияланған болатын. Сөздік осы соңғы басылым бойынша жасалып отыр.
Қазақ әдеби тілін ұлттық әдеби тіл дәрежесіне көтеру үшін, оны жан-жақты дамыту
үшін Абай қандай үлес қосты, қандай қызмет атқарды? - деген сұрауға жауап беру қажет
болды.
Профессор М.Малбақов өз еңбегінде осы норма мәселесіне кеңінен тоқталады.
Ғалымның жазуы бойынша, қазіргі орыс әдеби тілінің сөздігі мәселесін зерттеген
Ф.П.Сороколетов, біріншіден‚ қазіргі орыс әдеби тілі ұғымының хронологиялық шегі
ретінде XX ғасырдың екінші жартысынан бергі кезеңді белгілеуді ұсынады. Екіншіден‚
«қазіргі әдеби тіл ұғымының» міндетті түрде кеңейтілуі қажеттілігін жазады. ХІХ ғасырда
«орыс әдеби тілі» ұғымы мен «орыс көркем әдебиетінің тілі» ұғымдарының ара жігі
ажыратылмай бірге қарастырылып келгендігін‚ ол ұғымдардың бір-біріне сәйкес
болғандығын айта келіп‚ оның басты себебі ол кезеңдегі әдеби тілдің нормаларының
қалыптасуында көркем әдебиеттің шешуші рөл атқарғандығы деген қорытынды жасайды.
Ғалымның жазуы бойынша, «тілдік нормаларға аса зор әсер ететін факторлардың бірі -
жазу‚ жазба тіл. Себебі жазудың ортақтығы - мәдениет ортақтығына әкеледі. Орта
ғасырлардан бастап өлкемізде араб тіліндегі араб жазулы діни әдебиеттің‚ араб және
парсы тілдеріндегі араб, араб негізді парсы жазулы қисса‚ дастандардың кең таралуы‚ ол
шығармалардың ортаазиялық жазба түркі тіліндегі аудармаларының‚ қайтадан жырланған
нұсқаларының болуы - бір кездері арабы-парсы-түркінің араласа‚ қоян-қолтық
қолданылуының айғақтары іспеттес. Тілдік нормалардың бір түрі – жазба әдеби норма.
Жоғарыда сөз болған жайттар сол кезеңдердегі өзіндік ерекшеліктері бар жазба әдеби
норманың қалыптасуына жағдай жасады. «Құтадғу білік» тәрізді көптеген авторы бар
әдеби‚ шежірелік шығармалар дүниеге келді. Арабы-парсы-түркіні бірдей меңгерген
ғұламалар мен шежірешілердің‚ жыраулар мен жыршылардың‚ ақындар мен
жазушылардың өз кездеріндегі жазба әдеби норманың канондарын ұстанғаны дау
тудырмайды. «Ортағасырлық түркі лексикографиясындағы М.Қашғаридың сөздігінен
бастау алатын көптеген арабша-түркіше‚ түркіше-арабша сөздіктер‚ солардың ішіндегі
«қыпшақ сөздіктері» атанған «Тәржіман»‚ Әбу Хайан сөздігі‚ «Ат-тухфа», «Бүлғат ал-
301
мұштақ» т.б. туындылардың өз кезеңіндегі жазба әдеби тілдің канондары негізінде‚ сөздік
жасаудың дәстүрлері бойынша түзілгені белгілі. Ортағасырлық жазба түркі тілінің әдеби
дәстүрі‚ «Ортағасырлық түркі тілінің элементтері»‚ «кітаби тіл элементтері» ретінде
шежірешілердің тарихи еңбектерінде‚ мерзімді баспасөз беттерінде‚ ресми іс-қағаздар
тілінде‚ жыраулар мен жыршылардың‚ шайырлардың жыр-дастан‚ қиссаларында‚ «кітаби
ақындар» тілінде‚ сөздіктердің бірқатарында (И.Лаптев‚ И.Букин‚ Қ.Кемеңгеров‚ т.б.
сөздіктері) жалғасып келгендігі‚ демек‚ тілімізде қолданыста бар құбылыс болғандығы
белгілі» [7, 13]. Академик Л.В.Щерба әдеби тіл сөздігі ұғымын да нормативті сөздік‚
академиялық сөздік ұғымдарына жақын‚ астарлас мәнде қолданады. Еңбектің еш жерінде
олардың арасын ашып‚ айырым белгілерін көрсетпейді. Ғалым түсіндірме сөздіктердің
әдетте әдеби тілдің қалыптасуына‚ нормалануына қызмет ету мақсатымен («Француз
академиясының сөздігі») немесе сол әдеби тілдің белгілі бір себептермен түсініксіз болып
отырған элементтерін айқындау мақсатымен‚ демек бұл жолы да әдеби тілді
қалыптастыру‚ оны байыту‚ ең бастысы - оның байлығын оқырманның жақсы меңгеруі
мақсатымен жасалатындығын жазады. Ғалым академиялық типтегі сөздіктердің
әлеуметтік негізін айқындауда кезігетін қиындықтар қатарына жазба әдеби тіл мәселесін
қосып: «Әдеби тілге әдеби сөйлеу тілімен қатар әдеби жазба тіл де кіреді. Біз өткен
ғасырларда жазылған шығармаларды да оқи береміз. Бірақ солардағы сөздердің көбісін
түсінгенмен‚ оларды ауызекі сөйлеу тілінде айтпақ былай тұрсын‚ жазбаймыз да. Себебі
қазіргі норма басқа» [7] - дейді. Осы орайда Ғылым академиясының А.С.Пушкин
заманынан бергі кезеңді қамтитын «Қазіргі орыс әдеби тілінің сөздігін» шығаруды
жоспарлап отырғанын сөз ете отырып‚ осы идеяны қостайды. Жастардың Пушкиннен
бұрынғы авторларды білмейтіндігіне тоқталып‚ «Әдеби тіл сөздігіне қазіргі ұрпаққа
түсініксіз сөздер кірмеу керек. Пушкин шығармаларында кездесетін сөздерді де сұрыптап‚
қазіргі нормаға қайшы келмейтінін ғана беру керек» - деген қорытынды жасайды.
Ғалымның «Пушкиннен бергі әдебиет» дегенін қазіргі әдеби тіл ұғымында түсінер болсақ‚
«Пушкин шығармаларындағы түсініксіз сөздерді бермеу керек» дегеніне қарап ғалымның
қазіргі әдеби тіл сөздігіне түсініксіз сөзді алуға‚ оған анықтама беруге қарсы екендігін
байқаймыз.
Академик Л.В.Щербаның нормативті академиялық сөздік туралы жоғарыда айтқан
пікіріне қарап алғашқы кезде «бұл жерде қазіргі кездегі жалпы көпшілікке арналған әдеби
тілдің түсіндірме сөздігі туралы ғана әңгіме болып отыр екен» деп ойлауға болады.
Алайда ғалым қазіргі тілдік сананы бейнелейтін академиялық сөздіктер қатарына басқа да
сөздік түрлерін, атап айтқанда, жеке ғылым түрлері бойынша жасалатын салалық
сөздіктерді (медициналық, әскери т.б.) жатқызады. Л.В. Щерба жеке аймақтық тіл
ерекшелігін білдіретін сөздік түрлерін де нормативті немесе академиялық сөздік типіне
енгізеді. Ғалым‚ жоғарыда сөз болғандай‚ салалық сөздіктер мен аймақтық тіл
ерекшеліктерін білдіретін сөздік түрлерін академиялық‚ нормативті сөздіктер қатарына
енгізу арқылы «әдеби тіл» ұғымының аясын кеңітеді. Ал анықтамалық сөздіктер
қатарына‚ жоғарыда аталғандай‚ ұлт тілінің түрлі дәуірлердегі сөйленімін қамтитын‚
тарихи принципке құрылған түсіндірме сөздіктерін‚ жалпыға бірдей энциклопедиялық
сөздіктерді‚ пәнаралық техникалық сөздіктерді‚ таза облыстық сөздер сөздігін (әдеби
тілде қолданылмайтын)‚ жазушы тілі сөздігін т.б. енгізеді. Ғылымның бір саласының
сөздігі нормативті‚ академиялық сөздік болып саналады да‚ пәнаралық яғни салааралық
сөздіктер мен жазушы тілі сөздігі - анықтамалық сөздік болады. Әдеби тілден
айырмашылықтары айқын ажыратылып көрсетілмеген‚ яғни тезаурустық тәсілмен
зерттелген говор тілінің сөздігі - академиялық‚ нормативті болады да облыстық сөздердің
сөздігі - анықтамалық сөздік болады. Бұл жердегі мәселе‚ біздің пайымдауымызша‚
біріншіден‚ нормативтіліктің өлшемі - жалпы халықтық қолданыс (яғни‚ халықтың тілі -
нормаланған тіл) деген көзқарастың болуына байланысты. Ғалым ешқашан да халық тілін
әдеби тілге қарсы қоймайды. Екеуін шендестіріп қарамайды. Бұл тұрғыдан оның
302
көзқарасы көптеген кейінгі зерттеушілердің қөзқарасынан‚ нормативтілікке тек әдеби тіл
талабы тұрғысынан қараушылыққа негізделген‚ диалектілік сөздерді‚ терминологиялық
лексиканы‚ ауызекі тілдегі қарапайым сөздер тәрізді сөз топтарын‚ сөз варианттарын‚ т.б.
сөз топтарын әдеби емес деп бөлектеп қараушылықтан өзгешеленеді. Екіншіден‚ нақты
сала тілінің сөздігі - академиялық‚ нормаланған сөздік болып‚ ал аралас салалық
сөздіктердің - нормаланбаған сөздіктер қатарында аталуы‚ біздіңше‚ ғалымның нақты
ғылым тілінің сөздігін нағыз ғылым тілінің көрсеткіші ретінде бағалауына байланысты
болса керек.
Норма мен нормативтілік туралы жазылған арнаулы әдебиеттің ішіндегі ғылыми
деңгейі өте жоғары еңбектердің бірі - Л.П.Ступин еңбегі [8, 14]. Ғалым норма мен
нормативтілік құбылысының даму жолын ғылыми зердеден өткізеді. Норманы тілдік жүйе
мен сөйленімнің (речь) ара жігіндегі‚ осы тіл өкілдерінің тілдік жүйенің өзіне қатынасын
көрсететін прагматикалық фактор деп біледі. Л.П.Ступин тілдің тек қана әлеуметтік
қатынас құралы еместігін‚ оның көбіне жеке адами‚ кісілік даралықты білдіру құралы
болып табылатындығын‚ алайда‚ кеңестік тіл білімінде әлі күнге дейін норманың
варианттылығына емес‚ оның тұрақтылығы мен міндеттілігіне ерекше көңіл аударылып
келгендігін сөз етеді. Ғалым нормативтілікке байланысты теориялар мен қағидаларға
талдау жасай отырып‚ «нормативтілік тілдің өз табиғатынан келіп шығады» деген
қорытындыны жөн санайды. Осыған қатысты төрт пікірге: 1) аумақтың беделі теориясы;
2) әдеби бедел теориясы; 3) тілдік шарттылық теориясы; 4) жалпылама дағдылы қолданым
теориясына тоқталады. Ғалымның жазуы бойынша‚ аумақтың беделі теориясы норманы
тұрақтандыру‚ бекіту жолындағы негіз ретінде аймақтық диалектіні ұсынады. Yлгі
ретінде‚ әдетте‚ ең беделді диалект алынады.
Әдеби бедел теориясы болса‚ белгілі классик ақын-жазушылардың шығармаларының
тілін үлгілі нұсқа ретінде ұсынып‚ оларды нормативтіліктің негізі ретінде санайды.
Л.П.Ступиннің пікірі бойынша‚ аталмыш дәстүрдің теориялық тұрғыдан байқалатын
кемшілігі: біріншіден‚ ұлы тұлғалардың ұлы шығармалары тілдегі сөздердің мағынасын
айқындауға‚ стилдік өңін ашуға‚ жазба тұлғасын белгілеуге зор үлес қосады. Бірақ сол
сөздердің айтылымын белгілеп бере алмайды. Себебі ол мүмкін емес. Жер-жерде бір
сөздің бірнеше фонетикалық варианты болуы мүмкін. Әр жерде өмір сүретін адамдардың
сөздерді дыбыстап сөйлеу жағынан ерекшеліктері көп болады. Екіншіден‚ бұл теорияны
жақтаушылар классиктердің туындыларының тілі миллион сан халықтың ауызекі сөйлеу
тіліне шешуші әсер етеді деп ойлайды. Шындығында, тілдік норманы жазушылардың
өздері жасамайды. Олар халықтың тілінде бар дайын норманы пайдаланады. Олардың
тілге өң беруі‚ оны әрлендіре түсуі‚ байыта түсуі мүмкін. Бірақ тұтас бір халықтың тілін
нормаға сала алмайды [8, 16]. Ғалым‚ сондай-ақ‚ классиктердің шығармаларының беделін
пайдаланып‚ жазба тілді телегей теңіз халықтың ауызекі сөйлеу тілінен жоғары
қоюшылықтың да қылаң беретінін‚ даналардың да халықтың перзенттері екендігін және
олардың тілінде де белгілі бір дәрежеде өзгешеліктердің‚ жергілікті ерекшеліктердің
болатынын еске салады. Осы жерде ұлы Абайдың тілі туралы А.Ысқақовтың жазғаны еске
түседі. Ғалым, жоғарыда сөз болғандай: «Дүние жүзі тарихында ешбір елде бірде бір
жазушы өз тұсынан жаңадан тіл жасап көрген емес және жасамақшы да емес. Керісінше,
барлық елдердің ұлылы-кішілі жазушыларының қай-қайсысы болсын өз шығармаларын
жазуға жасынан ойының өcyiнe негіз болған, оның өзімен және ойымен бipгe жасасқан ана
тілін төсек еткен» деген еді.
Yшіншіден‚ ғалымның пікірі бойынша‚ тілдің үнемі жаңаруда‚ өзгерісте болатыны
анық. Ал ұлылардың шығармалары ұлы суреткердің қаламынан шыққан туынды
(полотно) тәрізді‚ тілдің бір кезеңдегі ғана жай-күйін сипаттайды. Ғалым әдеби бедел
теориясының төртінші‚ басты кемшілігі ретінде оның тиянақсыздығын‚ ақын-
жазушылардың кейбір еңбектеріндегі кейбір қиын сөздерді нормативті қолданыс
қатарына қоспаушылықтың барлығын атайды. Ұлы шығармалардың нормативтіліктің
303
бекуіне негіз болатынын мойындай отырып‚ алайда‚ олардың тек қана өзіне дейін
қалыптасқан тілдік норманы дұрыс көрсетіп отырғандығын‚ өз қолдарымен жаңадан
норма жасап отырмағандығын қайталайды [8, 17].
Жалпылама дағдылы қолданым (узус) теориясы бойынша‚ тілдік ұжым мүшелерінің
тілінде тұрақты түрде‚ үнемі қолданылатын тілдік құбылыстардың бәрі де нормативті
болып саналады. Бұл теория бойынша‚ тілдік үлгі тілден тысқары болмайды. Ол тілдің
ішінде‚ тілдік тәжірибеде болады. Адамдардың түрлі топтарының тілдік тәжірибесі
әрқилы болатындықтан және ол өзгермелі әлеуметтік сөйленім жағдайына тәуелді
болатындықтан‚ бұрынғы жалпыға бірдей жалғыз дұрыс норма концепциясының орнына
норманың мүлде жаңа түсінігі ұсынылады. Л.П.Ступиннің айтуы бойынша‚ тілдік ұжым
кең ұғымда да (осы тілде сөйлеушілердің барлығы)‚ тар ұғымда да (әлеуметтік топтар‚
аумақтық топтар‚ жас ерекшелігіне байланысты топтар‚ білім дәрежесіне байланысты
топтар‚ білім саласына байланысты топтар т.б.) ұғынылуы мүмкін. Демек бұл жағдайда
нормалардың бірнеше жүйесі болады. Олардың бәрі осы тілдегі нормалардың
архижүйесіне кіреді. Узус теориясы әрбір нақты сөзқолданыста осы архижүйеге кіретін
нормативті варианттардан таңдау‚ таңдағанда белгілі бір нақты әлеуметтік сөйленім
жағдайына үйлесетін‚ осы жағдайда шынымен тиімді болатын вариантты таңдау
мүмкіндігін береді. Аталған төрт ұстанымның да тілімізде негізі бар екендігі‚ бәрінің де
қажет екендігі‚ бәрінің де жақсы жақтарын тіліміздің тұтастығы мен жан-жақтылығын‚
байлығы мен күш-қуатын арттыру қызметіне пайдаланудың керектігі анық. Шамамен XX
ғасырдың алғашқы жартысында жазудың‚ ғылым-білімнің‚ бұқаралық ақпарат
құралдарының бұрынғыдан да шұғыл орталықтануы халықтық тілдің ғылыми тұрғыдан
жүйелене түсуін‚ әдеби тілдің нормалануын тездете түскендігі әркімге аян.
Әдеби бедел ұстанымы қазақтың халықтық тіліне қашан да игі әсер етіп келді.
Бұрынғыдан қалған сөз‚ аталар сөзі‚ көсемдер мен шешендердің‚ билердің‚ жыраулар мен
ақын-жазушылардың сөз саптаулары‚ авторы белгісіз халықтық мақалдар мен мәтелдер‚
нақыл сөздер халық тіліндегі әдеби нұсқа үлгілеріне қызмет етіп келді. Абай тәрізді ұлы
тұлғалардың әсері де өте зор болды.
Лексикографиядағы норма және нормативтілік туралы ғылыми пікірлерді
талдағаннан кейін өткен дәуірдегі одақтық тіл білімінде шешуші рөл атқарған әдеби тіл
нормасы ұғымына қатысты пікірлерді де қорытудың қажеттігі анық байқалып отыр. Орыс
тілі үшін қазіргі әдеби тілдің хронологиялық шегі ретінде А.С.Пушкин заманынан бергі
кезең саналды. Түсіндірме сөздіктерге сол кезеңнен бергі ақын-жазушылардың
шығармаларынан дәйектеме материал алынды. Ол кезеңдегі түсіндірме сөздіктер жазба
мұралардың‚ әсіресе ақын-жазушылар шығармаларының беделіне негізделіп жасалатын
еді. Алайда түркі тілдері үшін қазіргі әдеби тілдің хронологиялық шегі қазан төңкерісінен
әрі асып алысқа кете алмады. Мәселен‚ қазақ әдебиетінде ұлы Абайдың тұлғасы мен
шығармалары төңірегінде қаншама айтыс-тартыстың болғаны белгілі. Ақыры Абай және
Ыбырай шығармаларына‚ көтерілісшіл ақын атанған Махамбет шығармаларына, өткен
дәуірдегі ақын-жазушылардан санаулы тұлғалардың ғана шығармаларына жол ашылды.
Бұл жазылмаған заңдылық болды. Әдеби норманың үнемі өзгерісте болатынын‚ оның
шегі‚ шеңбері үнемі кеңейіп отыратынын‚ жалпы әдеби норма‚ әдеби стиль ұғымдарының
өзі де өзгеріп отыратындығы жан-жақты дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |