ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Балтабаева К.Н. Батыс Сібірдегі қазақтар мен татарлар (1919-1932). - Алматы, 1992. -
172 б.
2
Кабульдинов З.Е. Казахи внутренних губерний России во второй половине XVIII-
начале XX веков. – Павлодар, 2002. – 299 с.
3
Кабульдинов З.Е. Казахи Омской области: история заселения //Қазақ музейлері. - 2005.
- № 1(5), Қаңтар-наурыз.– 41-45 б.
4
Кабульдинов З.Е. Казахи России (вторая половина XVIII-начало XX вв.) – Алматы:
Баспалар үйі, 2009. – 400 с.
5
Катанаев Г.Е. К вопросу о так называемых «земельных захватах» Сибирского
казачьего войска. – Омск, 1898. - 19 с.
6
Кәпқызы Е. «Отан» саяси партиясының Омбыдағы жүздесулері //Егемен Қазақстан. –
2006. - 18 қазан.
7
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В пяти томах. – А-А., 1961. Т.1.
8
Кәрібаев Ш. Сәдуақасовтың ұлдары // Егемен Қазақстан. - 2010. - 29 Мамыр. – 5-7 б.
9
Кабульдинов З.Е. Казахи Омской области: история заселения //Қазақ музейлері. - 2005.
– № 1 (5), Қаңтар-наурыз. – 41-45 б.
10
Андреев И.Г. Описание Средней Орды киргиз-кайсаков. – Алматы, 1998. – 280 с.
11
РЕЗЮМЕ
В данной статье автор показывает, что казахи и их предки начали заселять южную часть
Западной Сибири с ранних времен, то есть с XIII в. С начала середины XVIII века, после распада
государства джунгар, рассматривается «второе» переселение казахов в этот регион. В статье
исследуется история строительства города Омска и история заселения его казахами.
RESUME
In this article the author shows that Kazakhs and their ancestors began to settle the southern part of
Western Siberia from the earliest times, the 13th century. Since the beginning of the mid-18th century,
after the dissolution of the Dzungars’ state there was the "second" migration of Kazakhs to this region.
The article deals with the history of the construction of the city of Omsk and the history of its settlement
by the Kazakhs.
12
ӘОЖ 325.3 (574) (045)
Ж.Р. Абишева
С. Сейфуллин атындағы
ҚазАТУ , т.ғ.к., аға оқытушы
Патша өкіметінің
Қазақстандағы
отарлау саясатын
жүргізудегі
казактардың рөлі
Аннотация
Мақала патша өкіметінің ХVІІІ-ХІХ ғғ.
Қазақстанда казак әскерлерін жасақтау арқылы
жүргізген отаршылдық саясатының барысын
зерттеуге арналған. Автор әскери-әкімшілік
отарлаудың нәтижесінде өлкеде құрылған казак
әскерлері
қазақ
халқын
Ресей
империясы
құрамына түпкілікті қаратып, оны бағынышта
ұстаушы негізгі күшке айналғандығын талдап
көрсетеді.
Түйін сөздер: Отаршылдық саясат, бекіністер,
шекаралық шеп, казак әскерлері, әскери экспансия,
Орынбор, Сібір казак әскерлері, Кіші жүз, Орта
жүз.
Ұлттық егемендік пен тәуелсіздікке қол
жеткізуіміз халқымыздың ұлттық тарихи санасын
қайта қалпына келтіріп, әлеуметтік-экономикалық
және рухани дамуы үшін шексіз мүмкіндіктер
туғызды. Рухани салада ұлттық құндылықтарды
қайта жаңғырту тарихтағы ұлттық проблеманы
қайта қарауға негіз қалады.
Кеңес тарихнамасында Қазақстан мен Орта
Азия
халықтарының
Ресей
империясының
құрамына кіруінің прогрессивті жағы асыра
дәріптеліп, отаршылдық сипаты айтылмады. Қазақ
жерін жаулап алу мен қазақтарды ата қонысынан
айыру, әскери бекіністер мен тірек нүктелерін
салу, орыс-казак әскерлерін орналастыру патша
өкіметінің Қазақстандағы әскери-отаршылдық
қызметінің басталғандығының айқын бір көрінісі
болды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан
басталып ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарына дейін
созылған Қазақстанның бүкіл дерлік аумағын
батысынан шығысына қарай бекіністер, форттар,
форпостары бар үздіксіз әскери шептер тізбегі
қоршап жатты. Ресей империясындағы 11 казак
армиясының 4-і (Орал, Сібір, Орынбор, Жетісу)
Қазақстан территориясында құрылып, олар патша
өкіметінің даладағы әскери тірегіне айналды [1].
Егер де тарихқа көз жүгіртер болсақ, алысты
көздейтін стратегиялық мақсаттағы қазақ даласын
әскери-шаруашылық
отарлау
ХVІІ
ғасырда
қорғаныс бекеттерін құрудан басталды. Оның
алғашқысы 1670 жылы құрылған Ом өзенінің
Ертіске
құяр
сағасындағы
Чернолуцкая
Слободкасы болды [2]. Бұл қорғаныс бекетінің
құрылуы қазақ даласын отарлаудың бастамасы еді.
13
1713 жылы Сібірдің бірінші губернаторы М.П.Гагарин І Петрге Ертіс бойында
бекіністі шептердің тұтас тізбегін салу жоспарын ұсынды. Бекіністер салу мүмкіндігі
көрсетілген хабарламаны алған соң, швед флотымен теңіздегі шайқасқа әзірленіп жатқан
корабльдермен Кронштадта жүрген І Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Алтынды құм бар
жерлерді иеленіп алу үшін подполковник И.Д.Бухгольцтің басқаруындағы экспедицияны
жабдықтау туралы» Жарлыққа қол қойды [3]. 1715 жылдың шілдесінде құрамында 2797
адамнан тұратын драгундер, солдаттар, офицерлер мен жұмысшылар бар И.Д.Бухгольц
отряды жорыққа шықты. 1 қазанда И.Д.Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетіп,
сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды. Бухгольц экспедициясы аймақта
қорғаныс құрылыстарын жүргізгендігі және де 1716 жылдың желтоқсанында Ом өзенінің
сағасында Омбы бекінісінің негізін қалағандығы жөніндегі мәліметтерді сібір
казачествосының тарихын зерттеуші Г.Е.Катанаевтың еңбектерінен де кездестіруге
болады [4].
Өлкені отарлау, оның қыруар байлықтарын игеру міндеттері, керуен саудасын
жүргізу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа аудандарды Ресейге
бекітіп алу бекіністер мен тірек нүктелерін үсті-үстіне салып, көшпелі ортамен үнемі
қатынас жасауды мейлінше керек етті. Бұл әскери-инженерлік құрылыстардың басты
мақсаты оңтүстік-шығыс шекараны, демек, Ресей державасының сыртқы ықпал ету
аймағын да кеңейту болып табылады. Бухгольц экспедициясынан кейін де дала өңіріне
бірнеше әскери экспедициялар ұйымдастырылып, Железинск, Семей, Өскемен бекіністері
салынды. Мәліметтерге сүйенсек, алғашқы кезде өлкені отарлау баяу жүргізілді. Мысалы,
1725 жылы Ертіс бойындағы жеті бекіністе барлығы 489 казак болды [2]. Әрине, 930
километрге созылып жатқан шекараны қорғау үшін бұл казактар аздық етті, сондықтан да
1745 жылға қарай оңтүстік орыс шекараларын қорғау үшін бірқатар жаңа бекіністердің
құрылысы жүргізіліп, осы жерге бес жаяу және атты әскер жіберілді [5]. Бұл жағдай
өлкені әскери тұрғындармен отарлаудың және біртіндеп орыс шекарасының далаға
ішкерлей жылжуының алғашқы қадамы болды.
1734 жылы Сенаттың обер-хатшысы И.К.Кирилловтің Қазақстан мен Орта Азиядағы
Ресей иеліктерін нығайту және осы елдермен сауданы дамыту үшін қалалар мен қорғаныс
шептерін салу жөніндегі ұсынысын Сенат пен сыртқы істер коллегиясы қабылдады. 1734
жылдың 1 мамырында Сенат жарлығымен И.К.Кириллов басшылық еткен Орынбор
экспедициясы құрылды. Кириллов Ор өзенінде шығысқа қарай ішкерлей енудің тірегіне
айналған Орынбор бекінісінің негізін салды. Осы кезден бастап Жайық өзені бойында
бірнеше бекініс салынды және оларға Дон, Самара, Еділ және де басқа аймақтардан
келген казактар орналастырылды. 1743 жылы патша Жарлығымен Орынбор казак
әскерлері ресми түрде бекітіліп, оларға үлкен әскери жалау тапсырылды. Келер жылы
Орынбор генерал-губернаторының иелігіне Жайық казактары да бағындырылды. Сол
арқылы оған кең-байтақ территорияға билік жүргізудің шексіз иелігі тиді. Ал бұл
жерлерде негізінен Кіші және Орта жүз қазақтары тұратын [6]. 1743 жылы және 1758
жылы патша Жарлығымен Орынбор казактарына көптеген жерлер бөлініп берілді, осыдан
кейін олар Жайықтың бүкіл оң жағалауын иемденіп алды. Бірте-бірте Жайық бойы алып
әскери аймаққа айналып шыға келді. ХІХ ғасырдың басында Орынбор казак әскерлері
царизмнің даламен шекарасындағы жақсы ұйымдастырылған әскери күшіне айналды.
1803 жылы Орынбор казак әскерлерінің қатары 20 мың адамға дейін көбейді. Орынбор
әскери-шекаралық шепте 40 бекініс, фортпост, казак станицалары болды. Саны жағынан
Орынбор казактары дондықтар мен кубандықтардан кейінгі үшінші орынға көтерілді.
Олар мықты қаруланған болатын және де әр казакта далаға жорыққа шығар кезде
қосымша ерткен бір ат, карабин мен екі пистолет, басқа да суық қарулары болды.
Қазақтармен шайқаста олар өздерін сенімді ұстады [7].
Міне, осындай қоныстанушылардың салдарынан, Жайық өзені басынан аяғына дейін
Ресей мен қазақ даласындағы шекараға айналды. Ал Жайық пен Орынбор казактары
14
орыстардың Қазақстан мен Орта Азияға жасаған басқыншылық қозғалысының негізгі
авангарды болды.
Алғашқы кездерде орынборлық казактар аймақта орыс ықпалын күшейту, шекара
мен сауда жолдарын күзету, патша әкімшілігі мен қазақ хандары, сұлтандарымен
келіссөздер жүргізу қызметін атқарды. Қазақтар мен патша әкімшілігі арасындағы қарым-
қатынас бейбіт жағдайда болды, өзара тиімді шаруашылық және сауда байланыстары
жалғасып жатты. Шептегі бекіністер қазақтарды жоңғар басқыншыларынан қорғады.
Алайда бірте-бірте орыс казактары тарапынан қазақтарға қарсы ұлттық-отаршылдық езгі
басталды. Қазақтар ата-баба жерінен ығыстырыла бастады. Жайық жағалауынан қуылды,
өзеннің оң жағына өтуге тыйым салынды, бұл жағдай қазақтардың ашу-ызасын туғызып,
бірлескен қазақ топтары казак станицалары мен елді-мекендеріне шабуыл жасап,
адамдарын тұтқынға алып, малдарын тартып алып кетіп отырды. Дәл осы кезеңде
Жайықты бойлай орналасқан Ресей шекаралық отрядтары бейбіт қазақ ауылдарына жиі
шабуылдауды бастады. Өздеріне тыйым жоқ екенін көрген Ресей шекаралық күзет
бөлімдері үшін далаға шығып, қазақ ауылдарына шабуыл жасау біртіндеп баю көзіне
айналды. Олардың бастамашыл тобы көбінесе Орал казак әскерінің старшиналары болды.
М.П.Вяткиннің сөзімен айтсақ, Ресей шекаралық күзетінің барымтасы «отаршылдық
тонау нысандарының біріне айналды» [8]. Көптеген малдары мен адамдарынан айырылған
казактардың қазақ ауылдарына ерекше қатігез шабуылдары 1761 мен 1763 жж. болды [7,
70-б.]. Сондықтан да болар ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы – ХІХ ғасырдың бірінші
жартысы, яғни жүз жыл бойына қазақ халқы отаршылдарға қарсы әділ ұлт-азаттық күресті
жүргізді. Қарсыласу қаншалықты күшті болса, қазақ халқын ауыздықтауға соншалықты
қатаң шаралар қолданылды. Сонымен бірге аймақты одан әрі отарлау жөнінде
ұйымдасқан сипаттағы көптеген іс-шаралар жүргізілді.
ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарында Солтүстік Қазақстанда Ресейдің әскери
экспансиясына және жаңа жерлерді басып алуына қолайлы жағдай қалыптасты. 1752
жылдың жазында генерал С.В.Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен тұратын
Новоишим бекіністі шебін салу басталды, оның ең бастысы Есілдегі Петропавл болды.
Бекіністі шепті салудың басты мақсаты Үй және Ертіс шебін жалғастыру болатын, соның
салдарынан қазақтардан ені 50 шақырымнан 200 шақырымға дейін жететін жер көлемі
тартып алынды [9]. Петропавл бекінісі ең мықты бекініс саналды. Онда қару-жарақтың
негізгі қоймасы бар еді. Бекіністе жаяу әскер батальонының гарнизоны тұрды. Бекіністен
созылған шептерге Дон, Жайық казактарынан құралған 1 мың адам жіберілді. Солтүстік
Қазақстан жеріне Сібір казачествосын орнықтыру осылайша басталды. ХVІІІ ғ. 60-70 жж.
тағы да бірнеше бекіністер салынып, Горькая, Ертіс, Бұқтырма шекаралық шептері пайда
болды. Орыс жағынан қабылданған құжаттарда шептер «көшпелі халықтан қорғану үшін
салынды» деп көрсетіледі. Ал тарихи шындыққа жүгінетін болсақ, шептер көшпелілерден
қорғану үшін емес, қазақ жерін басып алу үшін құрылғанын байқауға болады.
Бекіністер шебі қазақтардың ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген жайылымдарына
шек қойды. Жерден қысым көрген рулар бір-бірімен араздасып, өзара қырқысты. Жердің
иесі қазақтарды қыспаққа алу жоспарлы түрде жүзеге аса бастады. Бір жағынан,
қазақтардан құнарлы, шұрайлы жерлерді тартып алды. Екінші жағынан, жаңа бекіністерді
және оның маңайындағы қоныс тебе бастаған орыс шаруаларын, бекініс гарнизондарын
азық-түлікпен, әсіресе астықпен қамтамасыз ету мақсатымен, Сібірден, Ресейдің ішкі
губернияларынан шаруаларды қоныстандыру басталды.
1763 жылы Сібір шекаралық шебінің бастығы болып генерал-поручик
И.И.Шпрингер тағайындалды. Ол көп ұзамай Сенат пен Әскери Коллегияға 10 атты
полктен бес мыңдық біртұтас казак әскерін құрудың қажеттілігі туралы баяндамасын
ұсынды. Себебі қазақтар Ертістің сол жағалауына орнығуға бар күшін салса, ал генерал
Шпрингер 1765 ж. 31 желтоқсанда бекіністердің комендантарына «қазақтарды Ертістің
сол жағалауына 10 шақырымға және Горькой шебінің Өскеменнен бастап
15
Звериноголовской бекіністерінің бойына дейін жақындатпауға» қатысты арнайы нұсқау
берді [7, 96-б]. Осылайша қазақтар бірнеше мың десятина құнарлы жерінен айырылды. 10
шақырымдық шекара аймағы одан да көп шақырымдарға ұласып, қазақтардың мал
шаруашылығының жағдайын күрт төмендетті. Шекаралық өкімет орындарының
экспансияшыл саясаты қазақтардың наразылығын туғызды, әсіресе Е.И.Пугачев бастаған
шаруалар соғысы жылдарында қазақтардың Ресей әкімшілігімен қатынастары шиеленісе
түсті. Көптеген қазақтар орыс бекіністеріне шабуыл жасауға қатысты. Сібір шебінің
әскери өкімет орындары тұтқынға түскен қазақтарды аяусыз жазалады. Мысалы,
Петропавл бекінісінде К.Жақаев дарға асылды, қалған тұтқындарға дүре соғылды және
танауларын жырып, таңба салынғаннан кейін Сібірге айдалды. Шептік бекіністер
бойындағы толқулар ұзақ уақытқа созылды, көшпелілердің топтары бекіністерге,
редуттарға және казак разъездеріне шабуыл жасады [3, 259-б]. Дегенмен Ресейдің әскери
экспансиясына қарсы тұруға олардың нақты күштері болмады, сөйтіп жайылымдарынан
айырылғанына амалсыз көніп, отаршыл өкімет орындарына ол жерлерде шекаралық орыс
әкімшілігі талап ететін белгілі бір жағдайларда көшіп жүруге ара-тұра өтініш жасайтын
болды.
1773 жылы ІІ Екатерина патшайымның жарлығымен казактарға жан басына
шаққанда 6 десятинадан жер берілді. Бұл шаруаларға берілген жермен салыстырғанда 2,5
есе аз болды. Жердің аз бөліну себебін С.В.Шевченко былайша түсіндіреді: «өкімет
казактардың жермен айналысуына қызығушылық танытуынан қорықты, бұл оларды басты
міндеті – шекаралық шептерді қорғаудан алаңдатады деп қауіптенді». Осыған байланысты
Сенаттың Жарлығында (аудармай, орысша нұсқасын беруді жөн көріп отырмын – Ж.А.)
«наделить землею казаков, без такого, однако излишества, которое не могло их по
всегдашнему в земледелии упражнению удалять от настоящих по казацкому званию
должности» [10], - деп қадап айтылды. Байқап отырғанымыздай, казактардың негізгі
қызметі далада тәртіп орнату, қарсылықтарды басу, шекаралық аймақтарды
көшпелілерден қорғау екендігін ашық айтпаса да, астарлап жеткізеді.
1808 жылы 19 тамыздағы император І Александрдың Жарлығымен Сібір шептік
казак әскері құрылды. Сол жылы 19 қазанда Сібір казак әскерінің бес жүздік құрамы бар
10 атты полктен, төрт резервті эскадроннан және әрқайсысында 12 зеңбірек болатын екі
атты зеңбірек ротасынан тұратын штаты бекітілді. Осы штат бойынша Сібір казак әскери
шебіне барлығы 5950 казак қызмет атқарды [7, 98-б]. Әскердің штабы Омбыда орналасты,
оны атаман басқарды. Әскери атаман өлкенің генерал-губернаторына бағынды.
ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай өлкеде жақсы қаруландырылып, әскери өнерге
машықтандырылған үш казак әскері болды. Олар көшпелілерге қарсы әскери күш, патша
өкіметінің әскери тірегі және де даладағы ұлт-азаттық қозғалысты басу үшін тұрақты
әскердің орнына пайдаланылды. Казак әскерлері сонымен қатар қазақ халқының сана-
сезімін тұншықтыруға, ерік-жігерін жасытуға, орыстандыру саясатын кең құлашпен
жүргізуге де ат салысты.
Патша үкіметі көшпелілерді екінші сортты адам ретінде қабылдап, олардың ар-
намысын таптайтындай әрекеттерге барып, жарлықтар қабылдады. Сөзіміздің дәлелі
ретінде 1808 жылы 23 мамырда І Александрдың «қырғыз балаларын сатуға, сатып алуға»
рұқсат берген Жарлығын айтсақ та жеткілікті. Өткен ғасырдың бас кезіндегі «Записки
Русского Географического Обществаның» бір басылымында атап көрсеткендей, бұл
Жарлық әлі де болса либеральдық заң болды «себебі оны жарияламастан бұрын казактар
және басқа да қызметтегі адамдар қырғыздардан олардың әйелдері мен балаларын күштеп
алып кететін» [11]. Иә, ащы да болса бұл шындық еді. 1810-1815 жж. Батыс Сібірдің
Тобыл, Томск сияқты сауда орталықтарында тірі тауармен сауда кең құлашпен жүргізілді.
Сонымен қатар бұл кезде патша үкіметінің дінге ендіру, орыстандыру саясатының әрекет
өрісі көлемі жағынан кеңейіп, бүкіл Сібір, Кавказ, Еділ бойы халықтарын тұтас қамтыды.
Ендігі кезек қазақтарға, артынша Орта Азиялық халықтарға тиесілі болды. 1808 жылғы
16
«қырғыз балаларын сатуға, сатып алуға» рұқсат берген Жарлықтан кейін казактар «топ
жиып» барып, қазақ ауылдарына шабуыл жасап, жасөспірім балалар мен қыздарды
күштеп алып кетіп отырды. Балаларды шоқындырып, православие шіркеуіне Иса
пайғамбардың уағыздары рухында тәрбиеленуге тапсырса, бала тууға қабілетті қыздарды
көп жағдайда казактар өздеріне әйелдікке алып отырған. Қаншама қазақтың қыздары
тағдырдың тәлкегімен өз ықтиярынсыз елден жыраққа кетіп, «жаман казактың» құрбаны
болды. Сөзіміздің дәлелі ретінде әйгілі орыстың адвокаты Ф.Н.Плеваконың анасының
тағдырын айтсақ та жеткілікті. Ресейде атақты адвокат туралы бiрнеше кiтап жарық
көрiптi. Онда Плеваконың анасының ұлты қазақ қызы болғаны анық жазылады. Сондай-ақ
Егемен Қазақстан басылымының 2010 жылы 24 ақпандағы санында ғалым
М.Мағзумовтың адвокат Плевакоға қатысты мақаласы жарық көрді. Мақалада
Плеваконың анасы Екатерина Степановна (азан шақырып қойған аты Өлмесек) Торғай
облысы, Қостанай уезі Шұбар болысының №7 ауылында ауқатты отбасында дүниеге
келгендігі баяндала келе әкесінің ауылына дұшпандары шабуыл жасаған кезде отағасы
дереу киіз үйді жығып, асығыс көшкенде әлі балиғатқа толмаған жалғыз қызы Өлмесек
(балалары тұрмағаннан кейін осылай атаған көрінеді) қапылыста жұртта жалғыз қалып
қояды. Әке-шешесі де қарақшы жауыздардың қолынан қаза табады. Иен далада жападан
жалғыз қаңғып жүріп бір өзен иініндегі елді мекенге жеткенде танымайтын орыс әйелі
кездесіп, қыз баланы бауырына басады. Жат жұрттың ортасында тәрбие алған Өлмесек
орыс тілін тез үйреніп алады. Бой жеткен шағында кеденшімен бас қосып, үш баланы
дүниеге әкеледі.
ХІХ ғасырдың 30-жылдары патшалық Ресей Қазақстан территориясының едәуір
бөліктерін басып алды. Хандық билік жойылғаннан кейін Қазақстанның Ресейге
бағынышты аймақтарында Ресейдің саяси-әкімшілік жүйесін енгізуге нақты мүмкіндік
туды. 1838 жылы 6 сәуірде Сенат өлкеде отаршылдық саясатты нығайтуға, қазақтардың
ішкі өзін-өзі басқаруға шек қойған, далада ресейлік басқару жүйесін енгізуге және де
бағынбайтындарға жазалау шараларын қолдануға бағытталған «Сібір қазақтарын жеке
басқару туралы Ережені» бекітті [7, 101-б]. Ережеде 1822 жылғы мемлекеттік құрылысты
«сібір қазақтары арасына біртіндеп енгізу» үшін құрылған Омбы облысының өз міндетін
орындап шыққандығы айтылды. Енді «Сібір қазақтарын шекаралық басқару деген атаумен
жеке басқару құрылатыны» жарияланды [12]. Оның орталығы Тобыл губерниясының
құрамына кірген Омбы қаласында болды. Омбы облысының өзі таратылды. Шекаралық
басқарманың басына полковник М.В.Ладыженский тағайындалды. Ол «сібір
қазақтарының шекаралық бастығы» деп аталды. Бұл кезде өлкеде қазақ халқының ұлт-
азаттық күресі өрістей түсіп, белең алған көтерілістерді басу үшін әскер күшін қолдану
күшейтілді. Жергілікті әкімшілік орындарға қазақ халқынан өкілдер сайланды, бірақ та
олар іс жүзінде шекаралық бастықтың бақылауында болды. Шекаралық бастық «тәуелсіз
қазақтарды жалпы тәртіпке бағынуға көндіру» немесе оларды өзіне бағынышты аумақ
шегінен аластау міндеті жүктелді [12, 179-б].
Жергілікті әкімшілік пен казак атамандарының қазақ халқына көрсеткен қиянаты
мен қысымы шексіз болды. Халықтың қиын жағдайын көрген казак атамандары әскери
жерлерді көшпелілерге жалға берді. Жыл сайынғы 3 руб. көлеміндегі мемлекеттік түтін
салығынан бөлек қазақтар казактарға әскери территория арқылы малдарын айдап өткені
үшін де төледі. Казактардың қарамағына өткен жерлерде малдарын қыстап шығару үшін
қазақтар әр бас жылқыға 30 тиын, ірі қараға 12 тиын, ұсақ малға 3 тиын төледі. Кіші және
Орта жүз қазақтарының саяси дербестігін жоюмен бір мезгілде құнарлы жерлерді тартып
алып, оған орыс казактарын орналастыру жоспарлы түрде жүргізілді. Мәселен, Орта
жүзде «Ертіс өзенін бойлай, Алтай өлкесін қамти» жайылымға, балық аулайтын жерлерге,
суға бай, ені он шақырымдық ұзына-ұзақ алқап казактардың қоныстануына берілді.
Әскери топограф Какулиннің есебі бойынша тек 1829 жылы ғана орыс казактарына Ертіс
бойынан, Өскеменнен Омбыға дейінгі 15000 шаршы шақырым жер алынып берілді.
17
Өз жерінен айырылған қазақтардың жағдайы туралы көзімен көрген бір адам былай
деп жазған: «Казактар мен қырғыздар қоян-қолтық тұрады. Ертістен 10 шақырым бүкіл
жағалау казактарға берілді; одан әрі далаға тереңдеп енген сайын олардың иелігіне көше
береді, сөйтіп қырғыздар жиі- жиі Танталдың күйін кешті: су қақ жанында, бірақ ішуіне
болмайды, сондай-ақ балық та аулай алмайды» [13]. Бұл саясат қазақ халқын шексіз
қанауға, тонауға, қайыршылыққа ұрындырды, жағдайы жоқ қазақтардың өз балаларын
казактарға сатуға, ал кейбір жағдайларда христиан дінін қабылдап, шоқынуға итермеледі.
Халықтың ғасырлық көшіп-қонып жүрген маршруттары тұйықталды, шектелді. Енді қазақ
тайпа емес, ауыл шеңберінде ғана көше алатын жағдайға душар болды. Ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрлі шаруашылық өзінің өрісінен айырылды. Халықтың ауыр жағдайы,
бұрынғы тәуелсіздігінен, жерінен айырылуы, дәстүрлі шаруашылықтағы дағдарыс пен
дәстүрлі басқару жүйесінің жойылуы ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары қазақ халқының
заңды ұлт-азаттық көтерілістеріне алып келді. Бұл алдымен Орта жүзде басталып,
кейіннен үш жүздің халқын түгел қамтыды. Үш жүздің территориясын шарпыған, атасы
Абылайдың тұсындағы хандық билікті қалпына келтіремін деп күрескен, әкесі Қасымның
жолын қуған хан Кене бастаған ұлт-азаттық қозғалысты атап өтсек те жеткілікті. Міне,
осы қозғалыспен күресте тұрақты әскерлердің орнына пайдаланылған казак әскерлерінің
рөлі ерекше болды. Ал хан Кенесары бастаған қозғалыстың барысы мен қорытындысы
қалай болды, ол басқа бір мақаламыздың тақырыбының арқауы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |