СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1
Чермак Л. Формы киргизского землепользования //Сибирские вопросы. – 1908. –
№ 41-42. – С. 4-11.
2
Дело об улучшении скотоводства в Киргизской степи // ЦГА РК. Ф. И-369. Оп.1. Д.
10335
3
Цит. Клеменц Д. Заметки о кочевом быте //Сибирские вопросы. – 1908. – № 49-52. -
С. 18-57.
4
Олкотт М.Б. Казахи //Из истории казахов. Составитель Е. Аккошкаров. – Алматы:
Жалын, 1997. – С. 303-336.
5
Остафьев В. Возможно ли при существующих знаниях и данных о Сибири определить
количество свободных, годных и удобных земель для колонизации? //Записки ЗСО
РГО. Книжка XVIII. – Вып II. – Омск. 1895. – С. 1-62.
6
Очевидец. Переселенческий вопрос в Западной Сибири // Наблюдатель. – СПб., 1891. –
№ 8. - С. 121-141.
7
Старков. Краткое обозрение Киргизской степи в географическом, историческом и
статистическом отношениях //Тобольские губернские ведомости. – 1860. – № 26. –
С. 193-195.
8
Письма Г. Потанина. – Иркутск: Изд-во Иркутского университета, 1987. – Т.1. – 276 с.
9
Селиванов А. Поездка по Акмолинской и Семипалатинской областям. Извлечение из
отчета министру //ГАКО. Ф. 1487. Оп.1. Д. 178.
10
Акмолинские областные ведомости. – 1871. - № 5. – С. 2-3.
11
Ковальченко И.Д. К истории скотоводства в Европейской России в первой половине
XIX века //Материалы по истории сельского хозяйства и крестьянства СССР. –
М.: Наука, 1960. – С. 175-190.
36
12
Колонизация и народно-хозяйственное значение проектируемой Южно-Сибирской
магистрали //Вопросы колонизации. – 1913. – № 13. – С. 100-129.
13
Материалы по земельному вопросу в Азиатской России. Вып. 1. Степной край.
Составитель В.А. Тресвятский. – Пг., 1917. – 135 с.
14
Чиркин Г. Проектируемые Сибирские железные дороги и их колонизационное
значение //Вопросы колонизации. – 1910. – № 6. – С. 26-45.
15
Обзор Акмолинской области за 1895 г. – Омск, 1897. – 90 с.
16
ЦГА РК. Ф. И-369. Оп. 1. Д. 10678.
17
Дело о командировании Снегирева в Акмолинскую область для обследования
скотоводческих районов //ЦГА РК. Ф. И-8. Д. 272.
18
Кудашев П. О положении коневодства в Акмолинской области //Записки ЗСОРГО.
Отчет о деятельности ЗСОРГО за 1896 год. – Омск: Тип. Окр. Штаба, 1897. – С.5-6.
ТҮЙІН
Мақалада ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамының дәстүрлі
экономикасының нарықтық қатынастарға қарай бейімделу үрдісі қарастырылады. дәстүрлі мал
шаруашылығының нарықтық жағдайға бейімделу үрдісі талданады, мал шаруашылығын
дамытудың аймақтық ерекшеліктері анықталады.
RESUME
In this research paper the author considered the process of adaptation of traditional economy of the
Kazakh society to market conditions in the second half of the XIX-th, the beginning of the XX-th
centuries. There was analyzed the process of adaptation of the traditional cattle breeding economy of
Central Kazakhstan and regional features of the development of cattle breeding.
37
ӘОЖ 33. 025. 88 (574)
Қазақстандағы
арнайы
экономикалық
аймақтар
(1991 жылдан бүгінге
дейін)
Аннотация
Бұл мақалада тәуелсіздік жылдарында іске
кіріскен Арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА)
құрылу тарихы мен қызметі туралы мәселелер
көтерілген. 1991-1992 жылдардан бастап еліміздің
батысы мен шығысы, оңтүстігі мен солтүстігі және
орталық аймақтарында әрекет еткен АЭА-дың
қызметі ұлттық экономиканың құрамдас бір бөлігі
ретінде қарастырылады.
Түйін сөздер: тәуелсіздік, ұлттық экономика,
арнайы экономикалық аймақтар
Тәуелсіздік жылдарында қолданыс аясына
енген жаңа ұғымдардың бірі - арнайы экономикалық
аймақ (АЭА). Мамандардың айтуынша, еліміздің
басқа аумақтарында қолданылмайтын, ерекше
жеңілдіктер мен ынталандыру жүйесі жасалған
арнайы
экономикалық
аймақтар
ұлттық
экономикалық кеңістіктің бір бөлігі саналады және
белгілі бір дәрежеде оқшауланған географиялық
аумақ болып табылады [1]. Сонымен бірге «арнайы
экономикалық аймақтарды – ұлттық немесе
шетелдік кәсіпкерлер үшін қалған аумақтарға
қарағанда, экономикалық жеңілдіктері бар айрықша
құқықтық мәртебесімен ерекшеленетін шектеулі
аймақ» деп түсіндіруге болады.
Ғылыми әдебиетте «арнайы экономикалық
аймақ», «еркін экономикалық аймақ» ұғымдары бір
мағынада қатар айтылады, бірақ олай емес. «Арнайы
экономикалық
аймақтың»
аясына
визалық,
салықтық, валюталық, кедендік сипаттағы жеңіл-
діктері бар кәсіпкерлік пен шаруашылық қызметінің
ерекше кез келген аумағы кіреді» [2, 502 б].
Еліміздегі алғашқы арнайы экономикалық
аймақтардың
тарихы
1991-1992
жылдардан
басталады. Айталық, Жезқазған облысында Жәйрем-
Атасу, Талдықорған облысында Алакөл мен
Жаркент, Талдықорған қаласында «Талдықорған-
внештранс»
субаймағы,
Қостанай
облысында
Лисаковск АЭА, Алматыда «Атакент» еркін сауда
аймағы, сол сияқты Атырау, Шығыс Қазақстан,
Қарағанды,
Маңғыстау
облыстарында
еркін
экономикалық аймақтар пайда болды. Олардың
жалпы саны – 9.
К.М. Ілиясова
ҚР БҒМ ҒК
Мемлекет тарихы
институты, т.ғ.к., доцент
38
Кесте 1 Арнайы экономикалық аймақтар (1991-2000 жылдар)
№
АЭА атауы
құрылу мерзімі
1
Жәйрем-Атасу (Жезқазған облысы)
1991 ж.
2
Маңғыстау арнайы экономикалық аймағы
1992 ж.
3
Алакөл, Жаркент (Талдықорған облысы)
1992 ж.
4
«Талдықорғанвнешсервис» (Талықорғаны қ.)
1992 ж.
5
Шығыс Қазақстан арнайы экономикалық
аймағы
1992 ж.
6
«Атакент» еркін сауда аймағы (Алматы қ.)
1994 ж.
7
Лисаковск (Қостанай облысы)
1996 -1999 жж.
8
Қызылорда АЭА (Қызылорда қ.)
1996-1999 жж.
9
Ақмола АЭА (31.03.1999 бастап Астана)
1996-1999 жж.
Барлығы – 9
Осы аймақтарды құру үшін, алдымен оның заңнамалық негіздері жасалды. 1990
жылдың қараша айында «Қазақ КСР – да арнайы экономикалық аймақ құру туралы»
алғашқы заң шықты. Онда «Қазақ КСР-дағы Арнайы экономикалық аймақтар – ерекше
құқықтық тәртібі мен әкімшілік шекарасы айқын белгіленген, сол аймақтың әлеуметтік-
экономикалық дамуын жеделдету үшін шетел капиталын тарту және оның басқарушылық
тәжірибесі мен озық технологиясын пайдалану мақсатында құрылған» деп, АЭА ұғымы
ресми бекітілді.
Одан кейін 1994 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің «Еркін
экономикалық аймақтардың қызметін реттеу шаралары туралы» Жарлығы шықты және
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» ҚР-дың заңдары
1996 ж., 1999 ж., 2007 ж., 2011 ж. жаңғыртылды. Қазақстандағы АЭА-лар осы заңдар
шеңберінде қызмет етеді. Заң бойынша АЭА–ны құру туралы шешімді қабылдау құзыреті
Қазақстан Республикасы Президентіне берілген және АЭА-ның қызмет ету мерзімі 25
жылдан аспауы керек [3].
1991 жылы сол кездегі Жезқазған облысында алғашқы АЭА - Жәйрем-Атасу еркін
экономикалық аймағы құрылады. Сонымен қатар жоғарыда аталған Жарлыққа сәйкес
Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау еркін экономикалық аймақтарын құру
туралы шешім күшінде қалды.
Ұлттық мұрағат қорларында «1996 жылы экономикалық реформалардың аймақтарда
орындалу барысын бақылау (мониторинг) мақсатында Алматы қаласы және басқа да
облыс әкімдерінің қызметіне рейтингілік жүйе енгізілгені» туралы құжаттар кездеседі.
Бұл жүйе аймақтарды орталықпен байланыстыратын жаңа амалдардың бірі болды.
Рейтинг кестесінде Алматы қаласы, Атырау мен Маңғыстау облыстары алдыңғы қатарда
тұрды. Ал Торғай, Талдықорған, Семей облыстары, әсіресе Торғай облысы тұйықталып
қалды. Бұл аймақтарда өнімнің өсу қарқыны, тұтыну бағасы, табыс көздері, бюджеттік
міндетті төлемдер мен халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жұмыстары артта қалды.
Мысалы, Талдықорған облысында 1995 жылмен салыстырғанда, өнеркәсіп
өндірісінің көлемі күрт төмендеп кеткен (10,6 %), әлеуметтік салада зейнетақыны төлеу
қарызы бір жылда 3,7 есеге (1735.2 млн. теңге) көтерілген. Ал желтоқсан айында
бюджеттік жалақыны төлеу 1,8 есеге өскен.
1995 жылмен салыстырғанда, 1996 жылдың аяғында Семей облысында ауыл
шаруашылығы 65,3 %-ға құлдырап кеткен [4, 18-19 пп].
Ескеретін жағдай, АЭА-ның ішінде Қостанай облысындағы Лисаковск оң
нәтижелерге қол жеткізген.
1996 жылдың жаз-күз айларында Қостанай облысында құрылған Лисаковск АЭА-
ның мерзімін 2010 жылға дейін, Қызылорда қаласындағы Қызылорда АЭА-ны 2007 жылға
дейін ауыстыру туралы ұсыныстар жасалады.
39
Аймақтардың орталықпен байланысын жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғасты.
Стратегиялық ортақ міндеттер шеңберіндегі нарықтық реформаларды іске асыру
мақсатында 1996 жылғы желтоқсандағы Қаулыға сәйкес, Үкімет 1997 жылдан бастап төрт
облысты (Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда) тәжірибе жүргізу нысанына алды
[4, 20-21 тт].
Жәйрем-Атасу АЭА-н 2007 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жоспарланды. Бұл аймақ
Жезқазған облысына қарасты Қаражал қаласы, Жәйрем және Шалғын поселкелерін де
қамтыған еді. Аймақтың жалпы аумағы 12 662 шаршы метрді құрады. АЭА құру арқылы
Жәйрем тау-кен комбинаты еліміздегі темір рудасы мен марганец концентратын өндіретін
ірі кәсіпорынға айналды. Бұдан басқа марганец рудасын өңдейтін кен байыту фабрикасы,
мырыш пен қорғасын өндіретін металлургиялық завод құрылысы іске қосылды [5, 206 б].
Алайда, кейбір мамандардың айтуынша, 90-жылдары құрылған АЭА-лар бұрынғы
шаруашылық байланыстарға кері әсерін тизізіп, отандық тауар өндірісін әлсіретті және
арамза бәсекелестікке жол ашты. Сондықтан Атырау, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды,
Маңғыстау еркін экономикалық аймақтарын жоюға тура келді. Оның басты факторы сол
аймақтың экономикалық мүмкіндіктерінің алдын-ала талдау жүргізілмегені айтылады.
Бұға, қоса бұл аймақтарды пайдаланудың құқықтық және әкімшілік механизмдері
сақталмаған. Мысалы, АЭА әкімшілігі қаржылық, салықтық және ұйымдастырушылық
жұмыстарын өздігінше шешуге қауқарсыз болған [6].
1999 жылғы наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан
Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері» туралы
Жарлығына сәйкес Лисаковск, Кызылорда, Жайрем-Атасу арнайы экономикалық
аймақтары мерзімінен бұрын жойылды. Сөйтіп 90-жылдардағы АЭА-тан 2000 жылға
дейін тек «Астана-жаңа қала» АЭА сақталып қалды.
Осы кезде «Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы» атауының өзгеруіне
байланысты Ақмола арнайы экономикалық аймағы туралы Жарлыққа өзгерістер енгізіледі
де, АЭА-ны басқару Бөлекбаев Аманжол Қуанышұлына жүктеледі. АЭА қызметінен
түсетін пайданың 60 пайызы қалаға тиесілі болды. Облыстың бюджеті де сырт қалған жоқ,
оған қаржы түсімінің 40 пайызы бөлінді... Егер осы АЭА құрылмаса, 1997 жылдан
басталған құрылыс жұмыстарының өте ауқымды көлемін еңсеру мүмкін емес еді. Бұл
қорға жинақталған қаржының бастапқы көлемі 70 млн. долларға жетті» [7, 192 б].
Көп кешікпей Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «Астананы салуға
тартылған инвестициялар көлемі 2 млрд.-тай долларды құрады. Бір атап өтерлігі, соның 70
пайызы біздің өз инвестициямыз» болды [7, 99 б].
2001 жылы қайта құрылып, бір жылдан кейін іске кіріскен «Астана – жаңа қала»
АЭА-н басқаруға кәсіби құрылысшы Николай Петрович Тихонюк келді, оған жергілікті
экономикалық кеңістікте тиімді құрылыс салу және инвестицияларды ынталандыру үшін
жеті жылдық кезеңге арналған еркін экономикалық аймақтың бүкіл әлеуетті
артықшылықтарын іске асыру міндеті тапсырылды.
«Астана шежіресіндегі жаңа кезең - Сол жағалауды игеру және «нөлден бастап» деп
аталатын мүлде жаңа бөлігін құру кезеңі басталды.
Әлеуетті инвесторға ЕЭА не береді: біріншіден тауарларды (жұмыстарды, қызметтер
көрсетуді) өткізу жөніндегі айналымды қосымша құн салығынан босату; екіншіден
тауарлар мен жабдықтар өткізу кезінде қосылған құн салығының нөлдік ставкасын
қолдану; үшіншіден жер учаскелері бойынша жер салығынан босату; төртіншіден заңды
және жеке тұлғалардың ғимараттары мен құрылыстарының қалдық саласы мүлік салығын
салу обьектісі болып табылады» [7, 153-155 б].
Осылайша 2000 жылдың ортасына қарай жоғары технологиялық құрылысты жүргізу
үшін Қарағанды облысы мен Астана қаласында индустриалды аймақтар құрыла бастайды.
Жалпы 2001-2012 жылдар аралығында елімізде құрылған АЭА-лар саны – 10. Атап
айтқанда, «Астана – жаңа қала» (Астана қ), «Ақпараттық технологиялар паркі» (Алатау),
40
«Оңтүстік» (OxyTextile, Хлопкопром-Целлюлоза), «Ақтау теңізпорты», «Бурабай»,
«Сарыарқа» (Қарағанды), «Хоргос-Шығыс қақпасы» (Алматы), «Павлодар» өнеркәсіптік
химиялық және мұнайхимиялық саласы«Павлодар» өнеркәсіптік химиялық және
мұнайхимиялық саласы, «Тараз химиялық паркі» іске қосылды.
Кесте 2
Арнайы экономикалық аймақтар (2001-2012 жылдар)
№
АЭА атауы
құрылу мерзімі
1
«Астана – жаңа қала» (Астана қ)
2001-2027 жж.
2
«Ақпараттық технологиялар паркі» (Алатау)
2003 ж.
3
«Оңтүстік» (OxyTextile, Хлопкопром-
Целлюлоза)
2005 ж.
4
«Ақтау теңізпорты»
2006 ж.
5
«Ұлттық индустриалды мұнайтехникалық
технопаркі»
2007 ж.
6
«Бурабай»
2008 ж.
7
«Сарыарқа» (Қарағанды)
2011 ж.
8
«Хоргос-Шығыс қақпасы» (Алматы)
2011 ж.
9
«Павлодар» өнеркәсіптік химиялық және
мұнайхимиялық саласы
2011 ж.
10
«Тараз химиялық паркі»
2012 ж.
Барлығы – 10
Осылардың ішінде 2006 жылдан бастап «Ақтау теңіз портын» біртіндеп ұлғайту
жұмысы қолға алынды. Осы кезде мұнайды сыртқа шығару 2 еселенді, яғни өнімнің
көлемі жылына 11 –ден - 23 млн. тоннаға дейін өсті. Оның үстіне «Арселор Миттал»
компаниясы Ақтауға мұнай трубаларын шығаратын завод салып берді [8, 165 б].
«Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» немесс «Алатау IT City» АЭА –н
Орталық Азиядағы High-Tech индустриясының бірінші нысаны деуге негіз бар. Өйткені,
бұл еліміздегі алғашқы ірі ұлттық технопарк жобасы еді. Оған құрылған күнінен бастап
5,3 млрд. АҚШ доллары құйылды және 1100-ға жуық адам жұмыспен қамтылды. Сол
сияқты жобаның 47 қатысушысы болды. Бұл кәсіпорындарда сұйықкристалды теледидар
өндірісі, жеке компьютерлер, мониторлар, ноутбуктер, серверлер, бағдарламалық өнімдер,
жартылай сымдық приборлар және т.б. электрондық техника өнімдері шығарылды.
«Оңтүстік» АЭА-на көптеген инвестициялық жобалар тартылды, атап айтқанда
целлюлоза мен мақта шикізат өндірісі - «Хлопкопром-Целлюза» ЖШС, кешенді
автоматтандырылған жіп иіру-айналдыру фабрикасы - «Oxy Textile» ЖШС, тігін
фабрикаты - «АГФ Групп» ЖШС, қағаз өндіріс заводы - «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС
жұмыс істейді [9].
АЭА-ның қызметі елімізде қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға
ықпал етті. Мысалы, біз қысқа мерзімде шетелдік инвестициялық ағымды
тұрақтандырдық. 1991-2001 жылдары елімізге тартылған шетелдік инвестиция көлемі 140
млрд. долларды құрады. Ал 2012 жылға қарай оның көлемі 160 млрд. долларға өсті.
Инвестор-елдердің қатарында Нидерланды, АҚШ, Франция, Қытай, Жапония,
Ұлыбритания сияқты мемлекеттер болды. [10, 175 – 176 б].
Қорыта келгенде, біз тәуелсіздік жылдарында құрылған АЭА-ның қызметін ұлттық
экономика кеңістігінің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруымыз керек. Өйткені, осы
жылдары оның заңнамалық негіздері жасалды, сенімді инвесторлар анықталды, қолайлы
инвестициялық климат қалыптасты.
Бұл процестің пайда болуы мен дамуы бастапқыда күмән туғызып, алғашқы
сәтсіздіктерге ұшырауына қарамастан, Қазақстандағы АЭА-лар өз жұмысын тоқтатқан
жоқ. Керісінше, біз 90-жылдардың басында кеткен кемшіліктерді ескеріп, өзімізге сабақ
41
алдық, тәжірибе жинақтадық. Сол сияқты отандық және шетелдік кәсіпкерлерге
жеңілдіктер беру жұмысын ретке келтірдік. Сонымен қатар АЭА – ны құрудың тиімді
жағына инфрақұрылымды дамыту, басқа да өндірістік салаларды ашу, әртүрлі азық-түлік
өнімдерін шығару, жаңа жұмыс орындарын ашу, құрылысты дамыту және жергілікті
халықты жұмыспен қамтудағы серпілісті айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда,
Қазақстандағы АЭА-тар ұлттық экономикамызды қалыптастыруға елеулі үлес қосты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
Кайгородцева Т.Ф. Специальные экономические зоны Казахстана. Материалы
интернет-портала G-global. От 11.12.2012. http://www.group-global.org
2
Большой юридический словарь. 3-е изд. доп. и перераб. / под ред. проф. А.Я. Сухарева.
– М.: ИНФРА – М; 2009 – VI, 858 c. / библиотека словарей ИНФРА – М.
3
Сарсембаев М.А. Правовой статус экономических зон Казахстана и мира: – Астана:
Данекер, 2002 – 100 с.
4
Қазақстан Республикасы Ұлттық Мұрағаты. ҚР Экономика және сауда министрлігі.
10-қор. 1 (қосымша) т., 5-іс. Протокол №1 заседания коллегии Министерства
экономики Республики Казахстан и документы к нему. 14.02.1997.
5
Хроника Независимости Республики Казахстан. События и факты (1991 – 2011 годы) –
Павлодар: Типография Сытина, 2011. – 764 с.
6
Балабекова Д.Б., Медетова Д.Х. Типология свободных и специальных экономических
зон.
Сайт
института
экономики
и
права
Ивана
Кушнира.
http://www.be5.biz/ekonomika1/r2012/2980.htm
7
Назарбаев Н. Еуразия жүрегінде. - Алматы: Атамұра, 2005. – 192 б.
8
История независимого Казахстана: монография/ Под общ. ред. Х.М. Абжанова,
Л.Н.Нурсултановой. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 400 с.
9
Материалы интернет-портала G-global. http://www.group-global.org
10
Казахстан: 20 лет независимости: Монография/ Под общ. ред. Б.К. Султанова –
Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2011. – 408 с.
РЕЗЮМЕ
В статье отражена роль Специальных экономических зон (СЭЗ), как составной части
национального экономического пространства. Описывается история создания и конструктивная
роль СЭЗ, существовавших в течение первых десяти лет в различных регионах Казахстана, и о том
какую пользу принесли СЭЗ, существовавшие во время второго десятилетия: «Астана – новый
город», «Оңтүстік», «Морской порт «Актау», «Бурабай», «Сарыарка», «Хоргос-Восточные
ворота», «Павлодар», «Химический парк Тараз».
RESUME
The article reflects the role of the Special Economic Zones (SEZ) as one of the possibilities of the
development of the national economy. The history of creation and a constructive role of SEZ of the areas
which exist during the first ten years in different areas of Kazakhstan and about the use brought by CEZ
during the second decade. «Astana – a new city», «Ontustyk», «Seaport «Aktau»», «Burabay», «Sary-
Arka», «Khorgos – the Eastern Gates», «Pavlodar», «Сhemical park «Taraz».
42
УДК 325. 11 (574)
Центральный
Казахстан в 1920-
1930-е годы:
особенности
социально-
экономических и
политических
процессов
в регионе
Аннотация
Статья посвящена исследованию Центрально-
Казахстанского региона в 1920-1930-е годы.
Социально-экономическое развитие Центрального
Казахстана в 1920-1930-е годы было подчинено
общему курсу на индустриализацию и коллективи-
зацию. Создание тяжелой промышленности шло
исключительно за счет внутренних ресурсов,
централизованного планирования и опережающими
темпами по сравнению с аграрным сектором.
Ключевые слова: Центральный Казахстан,
Караганда, Карсакпайский медеплавильный завод,
коллективизация,
индустриализация,
угольно-
металлургическая база, раскулачивание, откочевки.
Развитие Центрального Казахстана в 1920-
1930-е гг. проходило под влиянием сложных
политических и социально-экономических процес-
сов, которые были детерминированы развитием как
республики, так и СССР в целом.
Промышленное
освоение
Центрального
Казахстана, начатое еще во второй половине XIX
века русскими и иностранными предпринимателями
и заложенное ими развитие горно-добывающей
промышленности, было прервано начавшейся в
России 1917 г. Октябрьской революцией и
последовавшей за ней гражданской войной. Процесс
восстановления промышленности в 1920-е годы в
Казахстане, в том числе и Центральном, протекал
медленнее и длился дольше, чем в центральных
районах СССР. В 1921 г. в Центральном Казахстане
не
действовало
ни
одно
промышленное
предприятие.
В декабре 1925 г. XIV съезд ВКП(б) принял
постановление об упразднении НЭПа и взял курс на
индустриализацию народного хозяйства СССР, а XV
съезд – на коллективизацию, что послужило одной
из главных причин развернувшегося по всему СССР
процесса создания крупных коллективных хозяйств
– коллективизации сельского хозяйства. Индустриа-
лизация в Центральном Казахстане началась с
разведки и уточнения запасов и месторождений
полезных ископаемых. В 1920 г. в Центральный
Казахстан для ведения геолого-разведочных работ
на Карагандинском месторождении была направлена
экспедиция Геологического комитета ВСНХ под
руководством А.А. Гапеева. В целом, было изучено
5 рабочих пластов мощностью 1,22-3,53 м. По трем
Достарыңызбен бөлісу: |