Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#9903
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Сапрыкина,  Е.Н.  Педагогическое  взаимодействие  «преподаватель-студент»  в 
университетсом образовании. // Высшее образование сегодня. - 2008. - №1. - С.84-87. 
2
 
Фроловская,  М.  Преподаватель-студент:  возможность  понимания.  //  Вестник  высшей 
школы. - 2005. - №10. - С.29-33. 
3
 
Подласый И.П. Педагогика. – М.: Владос, 2003 кн.2: Процесс воспитания. - 256.: ил. 
4
 
Пекелис В.Д. Твои возможности, человек! – М.: Знание, 1984. – 272 с. 

 
184 
5
 
Кузьмина  Н.В.  Предмет  акмеологии.  /Н.В.Кузьмина.  -  СПб.:  Политехника,  2002.  – 
189с. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  рассматриваются  отдельные  аспекты  педагогической  акмеологии,  в 
частности, пути и методы достижения профессионализма и компетентности в сфере образования. 
 
RESUME 
 
The  author  of  the  article  dwells  on  some  aspects  of  pedagogical  acmeology,  i.e.  the  ways  and 
methods of achieving professionalism and competence in the sphere of education.  

 
185 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Филология 

 
186 
ӘОЖ 821.512. 122 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
С.Б. Жұмағұлов 
Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 
ұлттық университеті, 
ф.ғ.д., профессор 
 
А.Б. Жұмағұлов 
Е.А.Букетов атындағы 
Қарағанды мемлекеттік 
университеті, ф.ғ.к., доцент 
 
А.Б. Алимбаев 
Еуразия гуманитарлық 
институты, магистр 
Ғұмар  Қараштың 
«Қазақ»  газетінде 
жарияланған 
мақалалары 
 
Аннотация 
Мақалада 
ХХ 
ғасыр 
басындағы 
қазақ 
әдебиетінің  айтулы  тұлғасы  Ғұмар  Қараштың 
ұлттық  серпіліс  пен  сілкініске  бұла  күш  дарытқан 
«Қазақ»  басылымында  жарық  көрген  мақалалары 
қарастырылады.  Елдікті  арқау  еткен  мақалалардың 
қазақ қоғамының сан алуан саяси және рухани өзекті 
мәселелерін  әлеумет  талқысына  салудағы  маңызы 
талданады.  Мақалаларының  тақырыптық  өзегі 
айқындалып, Алаш көсемсөзін жаңа заманауи биікке 
көтерудегі құндылығы бағаланады. 
Түйін  сөздер:  Ғұмар  Қараш,  «Қазақ»  газеті, 
мақалалары, саяси-әлеуметтік мәселелер, ұлтық рух, 
Алаш  қайраткерлері,  елдік  мәселелер,  Алаш 
көсемсөзі, «Қазақстан» газеті, «Мұғалім» журналы. 
 
 
«Аталы  жұртымыздың,  ауданды  ұлтымыздың 
аруақты  атын»  иемденген  «Қазақ»  газеті  «ұлт  үшін 
деген  істің  ұлғаюына  күшін  қосып,  көмектесіп, 
қызмет  ету  қазақ  баласына  міндет»  және  де 
«қияметке  шейін  қазақ  қазақ  болып  жасамақ,  осы 
ғасырдың  ғылым  жарығында  қазақ  көзін  ашып, 
өзінің қазақшылығын жоғалтпас және өзіміздің әдет-
ғұрыпқа  сай  «қазақ  мәдениетін»  (казахская 
культура)  құрып,  бір  жағынан  «қазақ  әдебиетін» 
(казахская  литература)  тұрғызып,  қазақшылығын 
сақтамақшы» [1] деп осы жолда ерен істер атқарды. 
Қазақ  мемлекеттігін  қалпына  келтіруде  тарихи 
қызмет  атқарған  Алаш  зиялылары  сол  биік  мұрат-
мақсат  биігінен  табылудың  тар  жол,  тайғақ  кешулі 
жолдарында  қаны  мен  жанын  пида  етті.  Бұл  ретте 
ұлтқа 
қызмет 
етудің 
мәңгілік 
үлгі-өнегесін 
қалдырған Алаш зиялыларының елдік рухтағы кемел 
істерінде  қоғам  қайраткері,  ақын  және  көсемсөзші 
Ғұмар Қараштың тұғыры асқақ. 
1913  жылы  Ресейдің  Орынбор  қаласында 
«Қазақ»  газеті  ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынұлы 
редакторлығымен тұсауын кескенде барша әлеуметті 
«халықтың көзі, құлағы һәм үні» болған басылымды 
қолдауға шақырды. 
«Жарық жолға бастаушыға ереміз бе,  
Ақ жүректі шын ерлерге сенеміз бе?  
Таза қанды, кірсіз жанды қазақ жұрты 
Өз алдына ел болғанын көреміз бе?  
«Алаш» атты орда құрып шалқығанын,  
Бақ дәулеті туып өсіп балқығанын,  
Әрбір істе қазақ исі аңқығанын,  
Тірілікте  көзімізбен  көреміз  бе?! [2,  128]  -  деп 
ұлт   тәуелсіздігін  жырлаған  Ғұмар  Қараш  елдіктің  
 

 
187 
кемел бағытын ұстанған газетке «Сүйінші» өлеңін арнады.
 
Ақын  басылымның  әлеуметтік,  қоғамдық  өмірде  алар  орынын  ерекше  бағалап, 
қазақтың мұңын, мұқтажын өтейтіндігін терең білгірлікпен былай деп байыптады: 
«Киіз үйлі қазаққа -    
 
Тарыққанда тапқаның 
«Қазақ» атты ұл туды  
 
Зарыққанда татқаның. 
Сүйінші, қазақ, сүйінші 
 
Аспандағы айқын нұр 
Ием тілек беріп тұр.    
 
Алабыңа еніп тұр. 
Ұран салып, үй тігіп   
 
«Алатау» мен «Ыстықкөл» 
Бас қосуға шақырып,   
 
«Сарыарқа» мынау жазық шөл. 
Болашақ неше болғанға 
 
«Еділ», «Жайық» арасы 
Құлағын салып түріп тұр. 
 
Аралап хабар беріп тұр.  
Өмір-бауын берік етіп- 
 
«Қазақ» атты ұл туды  
Ел -ұлтына көрік етіп - 
 
Түндік ашты, күн туды - 
Мұрадын «намыс», «ерік» етіп - 
Сүйінші, қазақ, сүйінші !! 
Берер кезі келіп тұр.   
 
Міне, көзі көріп тұр».  
Татардың «Тәржіман», «Шора», «Фикер», «Уақыт» және қазақтың «Айқап», «Қазақ», 
«Қазақстан»,  «Дұрыстық  жолы»,  «Абай»  газет-журналдарында  жарық  көрген 
мақалаларында өз дәуірінің ең өзекті де ділгір мәселелерін көтерген Ғұмар Қараш «Қазақ» 
газетінің бірден бір рухани қолдаушысы болды.  
1914 жылы  «Қазақ» газетінде басқарма атынан берілген  «Оренбург, 9 январь» атты 
мақалада  басылым  ісіне  ерекше  еңбек  сіңірген  қазақтың  елшіл  азаматтары  қатарында 
Ғұмар Қараш есімі үлкен құрметпен аталады.  
«Қазақ»  газетасы  көздеген  мақсұдына  жету  үшін  шыққаннан  бері  күш-қуатын 
жұмсады  һәм  жұмсамақшы.  Бір  жылдың  ішінде  «Қазақта»  қаламымен  қызмет  еткен  һәм 
мұнан  былай  да  пайдалы  қызметтері  үміт  етіліп  алашқа  аты  білінген  білімді  азаматтар: 
Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, доктор Әбубәкір Алдияров, 
доктор  Арғынғазы  Поштаев,  доктор  Халел  Досмұхаметов,  доктор  Дулатша  Күсебғалиев, 
доктор  Бенкевич,  присажный  поверенный  Райымжан  Мәрсеков,  инженер  Мұхамеджан 
Тынышбаев,  қазақшыл  Хасанғали,  студент  Есенғали  Қасаболатов,  шежіре  Шәкәрім 
Құдайбердин, Ғабдулғазиз Мосы, Ғұмар Қарашев, Жұмағали Тілеулин, һәм басқалар» [1, 
82]  деген  ілтипат  өсер  ел  азаматтарының  ортақ  істегі  жұмыла  атқарған  береке  -  бірлігін 
көрсетеді. 
«Қазақ»  газетінде  Алаш  қайраткері  Ғұмар  Қараштың  «Сүйінші»  (1913,  №  14),  «Екі 
бауырға»  (1916,  №  171)  өлеңдері,  «Заң  мәселесі»  (Шарғи  мәселе)  (1914,  №  50),  «Шарғи 
мәселе  қақында»  (1914,  №  53),  «Юсіп  Субан  баласына  ашық  хат»  (1914,  №  75), 
«Варшавада қазақ студенттер» (1915, № 101), «Астархан жері» (1916, № 189), «Қазақтың 
мүфтілікке  қосылуы  туралы»  (1917,  №  245),  «Мекеме  шаригиеде  қазақ  бөлімі»  (1917, 
№251), «Ішкі Орда имамдарына» атты (1918, № 265) мақалалары басылды.  
«Халықты ояту үшін не керек?» атты мақаласында «Егер ұйқымыздан бас көтермей 
бұрынғыша  жата  берсек,  шексіз  тез  заманнан,  дүниежүзінен  көшпекпіз.  Сол  себепті, 
дүниежүзінде  қалғымыз  келсе,  адам  баласын  ғәйри  жан  иесінен  бір  адамды  бір  адамнан 
артық еткен ғылым, өнер үйреніп, өзімізден ілгері кеткен халықтармен қатарласуға талап 
ету  тиіс»  [2,  211-212],  -  деп  тығырықтан  шығар  жол  нұсқаған  Алаш  қайраткер  Ғұмар 
Қараш  «Қазақ» газетінің қолдаушысы және мұраттасы бола отырып, жер, муфтилік, дін, 
оқу мәселесіне арналған өзекті тақырыптардағы мақалаларымен қазақ жоғын түгендеуде 
халық санасына қозғау салып отырды. 
«Заң  мәселесі»  (Шарғи  мәселе)  мақаласында  орыс  тілінде  оқитын  оқушыларға 
қаражат  қалай  жиналатыны  баяндалып,  Хамидолла  Наубетовтың  осы  мәселеге 
байланысты  білдірген  түсінбеушілігін  тарата  жазып,  шариғат  заңын  бұрмаламай, 
құрбандық  шалуға  орынсыз  шығынданбай  ұлт  игілі  және  ел  ертеңі  иманды  жастарды 

 
188 
оқытуға  қаржылай  көмектен  аянбау  керектігін  ислам  діні  құндылықтары  негізінде 
дәлелдейді. 
«... Аллаға шалынған малдың еті, қаны жетпейді, бәлки ақ ниет, адал жүрек жетеді, 
яғни малды шалып қанын ағызу яки табақтан етін тарту мақсұд емес, бәлки адам малын - 
мүлкін  қиын  жақсы  күндерде  алла  жолына  шығаруы  мақсұд  деген.  Бірдің  емес,  көптің, 
жалпы  жұрттың,  ұлттың  пайдасына  жараған  орынды.  Алланың  өзі  һеш  нәрсеге  мұқтаж 
емес.  Енді  осы  заман  халін,  ұлтымыздың  жайын  ойлап  қарасақ,  әлгі  аяттың  көрсеткен 
жолымен  жүрсек,  сол  құрметті  ізгі  үш  күнде  нендей  орын  тиісті,  ұлтымызға  пайдалы 
болып,  сол  орнымызға  малымызды  сарф  ету  жарайды,  нағаз  сауапты  құрбан  болып 
мойнымыздан түседі» [2, 217], - дейді.  
Мұсылман  дінінің  имандылық  пен  ғылым  -  білім  игерудегі  пәрменді  күшін:  «Осы 
күнде пайғамбарымыз тіріліп, қайтадан арамызға келіп халымызды көрсе, ең әуелі бастап 
өз  құрбандығын  сатып  біздің  ғылымды-өнерлі  болуымыз,  басқа  елдерге  қатарласуымыз 
жолына жұмсар еді. Ғалымдар пайғамбарлардың жолын қуушылар деген сөз бар. Тек айт, 
жұмада мінбеге шығып тыңдаушылар түсінбейтін бір тілменен хатбе оқудан пайғамбарға 
ілтипат  табылмайды.  Бәлки,  осындай  орындарды  халыққа  түсіндіріп  ілгері  басуына 
себепші  болу  -  әне  сол  пайғамбарға  қарыздық  болады»  [2,  217-218],  -  деп  ұғындырады. 
Қайырымдылық  қоғамдар  ашып  солар  арқылы  зекет,  құрбандықтарымыздың  қаржысына 
мектеп-медресе  ашу,  мұқтаж  шәкірттерді  оқыту,  білікті  мұғалімдер  алдыру,  пайдалы 
кітаптар  бастырып  тарату  бірінші  парыз  екенін  терең  екшейді.  Мұндай  тың  пікір  сол 
тұстағы оянған ұлттық сананың Ғұмар дүниетанымында қаншалықты биікке көтерілгенін 
жаңа бір қырынан айғақтайды деуге болады.  
«Варшавада  қазақ  студенттер»  мақаласында  Польшада  білім  алып  жүрген  қазақ 
жастары  туралы  оқырмандарды  хабардар  етеді.  Автор  Семей  облысынан  Әшірбек 
Шалымбеков, Әбілмәжін Күшіков, Жетісу облысынан Қырғызи Сұлтанов өз күштерімен 
білім  алып  жүргені,  ал  Торғай  облысынан  Ахмет  Тунғаншин  стипендия  алатынын 
айтқанда елден жырақта жүрген қыр перзенттерінің білім алудағы игілікті қадамдарының 
өзгелерге өнегелі де ғибратты болар жағын ескергенін байқаймыз.  
Газетте басылған «Екі бауырға» (1916) өлеңінде татар мен қазақтың достық қарым-
қатынасын  жырлаған  ақын  туысқан  халықтардың  арасында  түсінбестіктен  туындаған 
келеңсіздіктен арылып, қай істе болмасын ортақ мақсатта бірлікте болуын көздеп: 
«Ата айтқан жаттық емес «қазақ, татар», 
Баласы бар ананың өскен қатар.   
Біріксе жөней бара айқын жолда, 
Жарық таң алдарынан жайнап атар. 
Бір жүріп, қол ұстасып, сапар шексе, 
Бауырлас жақындықтың дәмін татар. 
Жақынды жаттай көріп шетке қақса, 
«Үйімді» тілек еткен жанға батар» [2, 145], - дейді. 
Мұнда  гуманист  Ғұмардың  мұрат  -  мақсаты  ортақ  түбі  бір  туысқан  әрі  бауырлас 
елдерді татулық пен тұтастыққа шақырған парасат-пайымы, азаматтық келбеті танылады. 
Ғұмар  Қараш  ұлт  баспасөзінің  қоғамдық  қозғаушы  күш  ретіндегі  әлеуметтік 
маңызын  ерекше  бағалай  отырып,  оның  қандай  да  болмасын  түйінді  мәселелеріне 
қатысты  сергек  үн  қатып  отырды.  Ұлт  игілігі  үшін  атқарылар  маңызды  істердің 
ұраншысы, ұйытқысы болуды азаматтық парызы деп білді. Атап айтқанда, алғашқы қазақ 
басылымдарының  бірі  -  «Қазақстан»  газетін  шығарудағы  ұлт  зиялыларының  ерен  істері 
Ғұмардың  «Баку»  очеркінде  кеңінен  қамтылған.  Аталған  очерктен  «Қазақстан»  газетін 
шығаруда  Шәңгерей  Бөкеев,  Ғұмар  Қараш,  Елеусін  Бұйрин  сынды  Алаш  зиялыларының 
қайтпас қайсарлық танытқан сом тұлғаларын танимыз.  
«Ала ту Абылайдың ала аттансаң, Аламан артыңдағы біреуі мен» деп жырлаған ақын 
Шәңгерей  газетке  қаржылай  көмек  берді,  демеушілік  жасады.  Бүгінгі  ұғымға  жанастыра 

 
189 
айтсақ, ел игілігі үшін қазақ топырағында Есенқұл қажы Маманов, Ахмет ишан Оразаев 
қатарында меценанттықтың негізін қалады.  
Қаржы  мәселесі  тіптен  тығырыққа  тірелген  кезде  түбі  бір,  тілегі  бір  әзірбайжан 
халқының  ұлтжанды  азаматы  генерал,  қажы  Зейнел-Ғабиден  Тағиевке  Шәңгерей  Бөкеев 
Ғұмар Қараш пен Елеусін Бұйринді жіберіп, көмек қолын ұсынуды өтініп хат жолдайды. 
Міне,  Ғұмардың  аталған  «Баку»  очеркінде  осы  сапар  туралы  жазылған.  Бұл  мәселені 
кеңінен  қарастырған  Мақсат  Тәжімұратов  «Шәңгерей.  Жасампаздық  өмірі»  атты  іргелі 
зерттеуінде  «Жолаушылар қажы шарапатындағы орыс  -  мұсылман қыздар  училищесінде 
болады,  училище  жанындағы  мешіт,  жатақхана,  театр  үйін  аралап  көреді.  Сонсоң  қажы 
қабылдауына  кіреді.  Бұл  ретте,  жай  -  күйді  түсіндіруге  әзірбайжан  түркілерінің  белгілі 
қоғам қайраткері, «Мұсылман - иттифағын» бастап құрушы, Думаның неше қабат ағзасы, 
Тағиев  шәкірті,  «Каспий»,  «Хаят»  газеттерінің  шығарушысы  Ғалимардан  бек 
Топшыбасовтың көмегі тиген. Нәтижеде генерал «Қазақстанға» жәрдем ретінде мың сом 
береді (Нұғыман Манайұлы «1300 сом болса керек» дейді, бірақ бұл өсіңкіреп айтатын ел 
ішінің әңгімесі сияқты). «Хажы ...аталық сифатынан ағып шыққан сөздерін айтты, - дейді 
Ғұмар. - Барлық қазақ атағына...құран шариф ғадие қылды. Амандасып айрылысар жерде 
«Қазақ баласына менен сәлем  - дәулет менікі емес, милләттікі» деген сөзін айтып көзіне 
жас алды ...» Әне, ол заманға милләт, ұлт желімі сондай болған!» [3, 271] деп жазады.  
Ұлт басылымдарының қолдаушысы Ғұмар Қараш 1919 жылы Ордада жарық көрген 
қазақтың  тұңғыш  ғылыми-педагогикалық  «Мұғалім»  журналын  шығарушылар  алқасын 
басқарды.  Ал  осы  жылы  «Дұрыстық  жолы»  газетінің  жандануына  үлес  қосты,  өзекті 
тақырыптарды  қамтыған  «Екеуі  екі  басқа»,  «Ұлт  һәм  туған  тіл»  атты  мақалаларымен 
көрінді. 
«Екеуі  екі  басқа»  атты  мақаласы  Ғұмардың  саяси-әлеуметтік  тақырыптағы  ой-
өрісінің кеңдігін, азаматтық болмыс-бітімінің ел мүддесімен қашанда тоғысып жатқанын 
әрі өз ұстанымынан танбаған көзқарасын танытады. 
Ақын төңкерістен кейінгі аласапыран кезең қайшылығына көз жүгіртіп, саяси билік 
жолындағы  түрлі  топтар  арасындағы  қанды  текетірестерде  адасқан  қазақтың  әлеуметтік 
өмір шындығын қарастырады. Қарапайым халыққа төңкеріс мақсатын, одан өрістеген қым 
қиғаш талас-тартыстарды түсіндіруді мақсат етеді. Әсіресе қазақ даласына ылаңын салған 
талай бассыздықтың, жүгенсіздіктің тамырын дөп баса көрсетеді.  
«Ақ  малтасын  езіп  ішіп,  алаңсыз  отырған  біздің  қазақ  жұртын  революция  тасқыны 
келіп, басқа еш нәрсеге әзірленбеген, қартаң тарихтың қалай аяқ салатынын болжамаған 
сорлы  қалай  етерін,  қайда  кетерін  білмей  сасқалақтап  қалулы.  Саяси  топтардың  күресі 
граждан соғысына айналғанда, көбі қосақ арасында бос кетіп, құр далаға құрбан болулы. 
Ескі  патшалық  режимнен  бізге  жиіркеніш  мирас  болып  қалған  бұзықтар,  белгілі 
кейіпсіз пысықтар атқа мініп қалған әдеттері бойынша «Құдай жаңа берді, шалу жоқ, қағу 
жоқ,  момынның  не  бәрі  менікі!»  деген  бағытқа  түсулі»  [2,  220]  деген  толғанысының 
астары  мол.  Сол  арқылы  имансыз  саясаттан  зардап  шеккен  елдің  ендігі  тығырықтан 
шығар  жолын  теңдік  және  бостандық  ұранын  көтерген  большевиктермен 
байланыстырады.  Олардың  ұлттық  және  әлеуметтік  теңдік  орнатудағы  бағытына  сенім 
артады. 
«Қызыл  ту  ерлер  қолға  алған  жолы»  (1919)  өлеңі  де  ақынның  халқының  теңдікке 
жетудегі үмітіне, сеніміне құралған.  
«Қызыл ту ерлер қолға алған жолы. 
Соныдан жарып тіке салған жолы,  
Жер бітіп, су аққалы адам ұлы,  
Жете алмай қарап көзі талған жолы. 
Төр-талқан, есік қирап мұның үшін, 
Қымбатты құрбан талай шалған жолы.  
 

 
190 
Екі иіні көкке жетіп қалған жолы. 
Желпініп бейнетқорлар ерік алып,  
 
Шам-шырақ бастарына жанған жолы. 
Басында біздің қазақ үрписе де,    
Осы күн анығына қанған жолы». 
Алайда  жаңа  билікке  сенім  артқан  гуманист  ақын  үміті  ақталмады.  Кеңестер 
ұстанған  саясат  «Тұрымтай»  (1918)  жинағындағы  «Жұртым  саған  не  болды?»,  «Неден 
қорқам?»,  «Күн  туды»  өлеңдерінде  жырланғандай  болып  шықты.  Қоғам  қайраткері 
Смағұл Садуақасов терең білгірлікпен анықтағандай, кеңестік тоталитарлық жүйе «қызыл 
коланизаторлықпен»  саяси  зобалаң  толқындарын  жүргізу  арқылы  орыстандыру  және 
ұлтсыздандыру саясатын асқан қаталдықпен жүзеге асырды. 
Заман  ағымын  терең  байыптаған  ақын  большевиктік  биліктің  зорлық  пен 
зомбылыққа негізделгенін тереңнен болжай білді. «Күн туды» өлеңінде:  
«Екі талай іс болып,  
Елге қиын күн туды.  
Аспанда ай тұтылып,  
Жер - жиһанды қан жуды» деп жырласа,  
«Үрім-бұтақ ұрпағыңды құл етер,  
Әлпештеген аруыңды күң етер,  
Жарық сәуле бостандыққа мұң етер,  
Ойламастай,  жұртым,  саған  не  болды?»  деген  толғанысымен  ұлт  тағдырына  егілді. 
«Неден қорқам?» өлеңінде: 
«Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам,  
Жауынсыз, құр желдеткен шаңнан қорқам,  
Таң туды, мезгіл жетті жеп адасып,  
Құрылған қараңғыда заңнан қорқам... 
Теңгеріп жарлы - байды құрып ұжмақ,  
Теп-тегіс  жұртқа  жеткен  тойдан  қорқам»,  -  деп  Қазан  төңкерісінің  алапат 
зардаптарынан сақтандырды.  
«Тұрымтай» жинағындағы қай өлең болмасын, Ғұмар Қараштың Алаш қайраткерлері 
ұстанған  тәуелсіз  мемлекет  құру  идеясын  кеңінен  жырлауымен  және  әлеумет  санасына 
сіңіруімен  маңызды.  «Көреміз  бе?»  өлеңі  жалпы  қазақ  мемлекеттігін  қалпына  келтіруді 
діттеген  Алаш  партиясының,  Алаш  автономиясының  өмірлік  мұрат-мақсатын  анық 
танытатын  және  де  осы  жолдағы  ерен  істерді  әрдайым  қолдаушы  тұлға,  қозғаушы  ақын 
болғанын  ұғындырады.  Ақын  «Таза  қанды,  кірсіз  жанды  қазақ  жұрты  Өз  алдына  ел 
болғанын  көреміз  бе?»  деп  жатқа  тізгін  бермейтін  еркін  ел,  азат  мемлекет  болу  сияқты 
өзекті де өміршең мәселені арқау етті.  
Тәуелсіз мемлекет құрудың өмірлік талаптарын өткір қойды. Қай істе болмасын дос 
пен  дұшпанын  айыратын  Алаш  перзентінің  мерейі  қашан  да  үстем,  өзгелерден  еңселі 
болуы  үшін  оқу-білімнің  тереңдігі,  береке-бірліктің  жоғарылығы,  ұлттық  сана-сезімнің 
асқақтығы,  саяси  бағыт-бағдардың  айқындығы,  қоғамдық  және  діни  имандылық 
ұстанымдарының нақтылығы қажет. Осындай іргелі шарттарға иек артқан, оны ұстанған 
ұлттың алар асуы, шығар биігі де зәулім болмақ. 
«Оқу жұрты даярланып жеткендігін, 
Жалпы оқуды қазақ міндет еткендігін, 
Қазақ ұлы озат шығып кеткендігін, 
Тірілікте көзімізбен көреміз бе? 
 
Талас қойып ынтымаққа кіргендігін,  
Бір жолменен бір бағытқа жүргендігін, 
Дос-дұспаны кім екенін білгендігін, 

 
191 
Тірілікте көзімізбен көреміз бе? 
 
Жалқаулықты, бос жүрісті тастағанын, 
Орынсызға дәулет мүлкін шашпағанын, 
Керек жерде бойды балап қашпағанын, 
Тірілікте көзімізбен көреміз бе? 
 
Әулие деп көрінгенге бас ұрмауын, 
Дін деп қорқып ақиқатты жасырмауын, 
Ешнәрсені өлшеуіне асырмауын, 
Тірілікте көзімізбен көреміз бе?». 
Тәуелсіздіктің  басты  сипаты  мемлекеттік  істердің  ұлттық  мүдде  тұрғысынан 
шешілуі, өз жерінің қазба байлығын халық игілігіне жаратуы десек, осынау кемелділікке 
жетудің жолдарына қатысты ғасыр басында-ақ Ғұмар келелі ойлар түйеді. 
«Өз жерінен шыққан кенді өзі алғанын, 
Әдемілеп айқұш - ұйқұш жол салғанын, 
Еуропаның өнерінен үлгі алғанын, 
Тірілікте көзімізбен көреміз бе? 
 
«Алаш» атты орда құрып шалқығанын, 
Бақ дәулеті туып өсіп балқығанын, 
Әрбір істе қазақ исі аңқығанын, 
Тірілікте көзімізбен көреміз бе?! [2, 128]. 
Қазақ  рухын  асқақтату,  өзіндік  ұлттық  болмысын  сақтау  және  әлемнің  дамыған 
елдерінен  үлгі  алуға  шақырған  Ғұмар  арманы  барша  Алаш  орда  қайраткерлерінің  ел 
алдында өтеу ісіне деген парыз бен қарыз ұғымына адалдығын танытады. 
Ғұмар Алаш автономиясы жарияланған тарихи кезеңде жазылған «Алашқа», «Алаш 
азаматтарына» деген өлеңдерінде халықты әлеуметтік белсенділік пен сергектікке, ел мен 
жерді қорғауда тұтастыққа шақырды. 
«Ау, Алаш, көзіңді бүгін ашар күнің!  
Қарманып ілгері аяқ басар күнің! 
Шығарып бір жеңнен қол, бір жерден сөз,  
Адымдап асқар белден асар күнің. 
Теңізім, телегейім-қайран елім, 
Кемерлеп толқын атып, тасар күнің! 
Ақ күміс, қызыл алтын жиғаныңды, 
Құрбан қып осы жолға шашар күнің! 
Терезең теңгеріліп қатар тұрса, 
Осы!-деп сонда жүрек басар күнің. 
Ау, Алаш, заман жайын білеміз бе? 
Құлаққа айтқан сөзді ілеміз бе? 
Заманның ыңғайынша амал қылып, 
Зырлаған желмаяға мінеміз бе?   
Өнерлі, білімдінің қылған ісі 
Майданда мұны байқап көреміз бе? 
Күш қосып, құралданып бас қорғаудың 
Жолына белді буып кіреміз бе? 
Болмаса күнде бір ел қырғын тауып, 
Жылаулап бастан-аяқ жүреміз бе?» («Алашқа»). 
«Ақ жүрек азаматтар асқар күнің 
Дұшпанды алдан байқап жасқар күнің; 

 
192 
Дұрыстық ел қосында еткен істі, 
Қол соғып, қошеметтеп қостар күнің 
Күш қосып, қол ұстасып сөз бекітіп, 
Арадан алалықты тастар күнің!» («Алаш азаматтарына») [5, 146]. 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  баспасөзінің  өсіп-өркендеуіне  ерекше  үлес  қосқан  Ғұмар 
Қараштың  «Қазақ»  басылымында  жарияланған  көсемсөздерінде  қамтылған  ділгір 
тақырыптар  елдік  мәселелерді  тереңнен  қозғауымен  құнды.  Ол  ұлт  керегі  дегеннен  бас 
кетсе  де  тартынуды  білмеген  Ғұмар  Қараштың  ХХ  ғасыр  басындағы  отаншыл  рухтағы 
Алаш көсемсөзінің айтулы өкілі болған тау тұлғасын жаңа бір қырынан танытады. Алаш 
перзенті  «Аспандағы  айқын  нұр»  деп  ақын  бағалаған  «Қазақ»  газеті  елдік 
мәселелеріміздің  намысын  қайраған  байрағы  тұрғысынан  бүгіндері  де  ұлт  ұраншысы 
болатын басылымдарға үлгі-өнеге болып қалады.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
«Қазақ» газеті. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». Бас редакциясы, 1998. – 560 б.  
2
 
Ғұмар Қараш. Замана. – Алматы: Ғылым, 1994. – 240 б. 
3
 
Тәжімұратов  М.  Шәңгерей.  Жасампаздық  өмірі.  –  Алматы:  «Өлке»  баспасы,  2002.  – 
336 б. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет