Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#9903
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Джакупов С.М., Изакова А.Т. Экспериментальное исследование влияния когнитивных 
способностей  на  профессиональное  самоопределение  //  Теоретические  и  прикладные 
проблемы социализации личности. - Алматы, 2000. - 216 c. 
2
 
Дементьева И.Ф. Российская семья: проблемы воспитания. – М., 2000. - 112 c. 
3
 
Анн Л. Психологический тренинг с подростками. – СПб.: Питер, 2003. - 97 c. 
4
 
Филиппов А.А., Кондратьева М.Л. Профессиональная ориентация и профессиональное 
самоопределение личности // Активность личности в общении и в профессиональном 
самоопределении. - Москва, 1976. - 254 c. 
5
 
Дусманбетов  Г.А.,  Шерьязданова  Х.Т.  Тренинг-программа  «Саморазвитие  личности 
подростков». - Алматы, 2003. - 127 c. 
6
 
Нурмаханбетов  А.  Кәсіби  бағдарлау  мәселелері  және  өмір  мағынасы  //  Педагогика. – 
2005. - №4 (3). – 27 б. 
 

 
164 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  рассматриваются  эффективность  и  значимость  использования  психологических 
тренингов в процессе профессионального становления студентов как будущих специалистов. 
 
RESUME 
 
This  article  is  about  the  effectiveness  and  relevance  of  the  use  of  psychological  training  in  the 
professional development of students as future specialists.  
 
 

 
165 
ӘОЖ 159.9 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бастауыш сынып 
оқушылары 
бойындағы 
агрессия мәселесі 
және оның 
теориялық талдауы 
 
Аннотация 
Ұсынылып  отырған  мақала  тақырыбының 
өзектілігі, 
бастауыш 
сынып 
оқушылары 
бойындағы агрессиялық мінез-құлық көрінісінің 
қазіргі 
таңда 
білім 
беру 
саласының 
қызметкерлерімен 
қатар 
бүкіл 
қоғамның 
назарын  аударып  отырған  іргелі  мәселеге 
айналып 
отырғандығына 
байланысты 
айқындалады. 
Осыған  байланысты  мақалада,  бастауыш 
сынып 
оқушылары 
бойында 
агрессия 
көрінісінің 
қалыптасуының 
теориялық 
тұжырымдамалары  қарастырылады.  Бастауыш 
сынып  оқушылары  бойындағы  агресиялық 
мінез-құлықтың 
ерекшеліктері 
мәселесі 
бойынша  шетел  және  отандық  зерттеушілердің 
ғылыми  көзқарастарына  талдау  жасалынады. 
Шетел және отандық ғылыми әдебиет негізінде, 
тұлға  дамуындағы  әлеуметтік-психологиялық 
факторлардың роліне зерттеу жасалынады. 
Түйін  сөздер:  бастауыш  сынып,  бастауыш 
сынып  оқушылары,  агресия,  тұжырымдамалар, 
ғылыми көзқарастар, әлеуметтік-психологиялық 
факторлар. 
 
 
Тақырыптың  өзектілігі,  болашақ  ұрпақ 
тәрбиесі  барлық  қоғамдық,  мемлекеттік,  саяси, 
мәдени-рухани 
тақырыптардың 
өзегіне 
айналуынан  туындап  отыр.  Мінез-құлқынан 
агрессивті 
қылықтар 
көрініс 
беретін 
оқушыларды  дұрыс  тәрбиелеу  мәселесі  барлық 
бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  маңызды 
педагогикалық  ісіне  айналып  отыр.  Өсіп  келе 
жатқан  жас  ұрпақтың  бойында  агрессивтілікті 
болдырмау  ең  алдымен  отбасы  мен  мектептегі 
білім  мен  тәрбиеге  байланысты  екендігіне, 
екіншіден  балаға  жақын  ұлттық  дәстүр,  ұлттық 
мәдениеттің  өзіне  тән  элементтері  арқылы 
қалыптасуына байланысты.  
Соңғы  кезде  бала  агрессиясына  деген 
мәселеге  ғылыми  қызығушылықтар  кеңінен 
танылып  отыр.  Шет  ел  ғылыми  әдебиеттерінде 
агрессия тақырыбы және агрессивтілік мәселесі 
кең түрде талқылануда. Осы мәселе төңірегінде 
кең  теориялық  тұжырымдамалар  ұсынылып, 
көптеген  эксперименттік  зерттеу  жұмыстары 
өткізілуде.  Біз  мұны  Р.  Бэррон  және  Д. 
Ричардсон  еңбектерінен  байқаймыз.  Агрессивті 
іс-әрекет  –  бұл  басқа да тірі жандарға қатысты 
 
Ж.Е. Төреқұлова
 
М. Әуезов атындағы орта 
мектеп, бастауыш сынып 
мұғалімі 
 

 
166 
оларды  қорлауға  немесе  зиян  келтіруге  бағытталған  іс-әрекеттердің  барлық  нысандары 
деп тұжырымдайды Р. Бэрон және Д. Ричардсон [1, 279]. 
Батыс  елдерінің  тұжырымдамаларын  шартты  түрде  екі  топқа  бөліп  қарастыруға 
болады.  З.  Фрейд,  К.  Лоренц,  Макдаугалл  сияқты  ғалымдардың  теорияларында, 
агрессивтілік  туа  біткен  қасиет,  түйсікпен  бірге  жүретін  инстинкті  құбылыс  деп 
қарастырылады.  Ал  екінші  топ  өкілдері  Доллард,  Басс,  Берковиц  еңбектерінде 
агрессивтілік адамның қоғамнан, қоршаған ортадан араласуы нәтижесінде бойында пайда 
болатын құбылыс ретінде қарастырады.  
Психологиялық әдебиеттерде агрессия теориялары төмендегіше жіктеледі: 
1. Құмарлық немесе инстинкт теориясы (З. Фрейд, К. Лоренц, В. Макдаугалл). 
2. Агрессияның фрустрациялық теориясы (Дж. Доллард, Л. Дуб, Н. Миллер, Р. Сире, 
Э. Фромм, С. Розенцвейг, Н.Д. Левитов). 
3. Әлеуметтік оқыту теориясы (Л. Берковиц және А. Бандура). 
4. Ықпал ету теориясы ( Р. Смит, Р. Браун және Дж. Тедеши). 
З. Фрейдтің психоаналитикалық теориясының алғашқы нұсқасында, агрессия «мен- 
құмарлық» деп аталатын құбылыстың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылған.  
Мұнда  агрессия  –  адамның  қуатының  таусылуына  әсер  ретінде  қарастырылады. 
Дегенмен,  «Мен  және  Ол»  деп  аталатын  кейінгі  еңбектерінде  З.  Фрейд  жаңа 
дихотомиялық  көзқарас:  өмірге  деген  құлшыныс  (эрос)  және  өлімге  деген  елтушілік 
(танатос) [2, 270] ұсына отыра, дербес агрессивті елтушілікті анықтаған.  
Этиологияның  негізін  қалаған  К.  Лоренц  те  осы  Фрейд  көзқарасын  ұстанады. 
Лоренц  бойынша  агрессия  –  адамның  бойына  туа  біткен  қасиет,  инстинк,  өмір  үшін 
жанталас,  бұл  сезім  адамдар  мен  жануарлардың  барлығына  тән  қасиет.  Адамның 
бойындағы бұл сезім табиғаттан бастау алады және табиғи заңдылық [3, 181].  
Фрейд  және  Лоренц  теорияларының  ортақ  тұжырымы  болғанына  қарамастан, 
олардың көзқарастарында бірқатар айырмашылықтар да бар. Фрейд, берілген мінез-құлық 
туа біткен, адамның ажырамас бөлігі, егер де танатос қуаты басқа арнаға жіберілмесе, ол 
тұлғаның  өзін  күйретуі  мүмкін  деген  көзқарасты  ұстанады.  Ал  Лоренц  көзқарасында, 
агрессиялық іс-әрекеттерге бақылау жасауға болатыны тұжырымдалады.  
Психоталдаудың  тағы  бір  өкілі  –Дж  Бейкер,  бала  бойында  агрессивтілік  қоршаған 
орта  тарапынан  қауіп  төнген  кезде  және  ол  санадан  тыс  өз  -  өзін  қорғау  үшін  күреске 
дайындалу барысында пайда болады деп түсіндіреді [4, 290].  
АҚШ  Пенсильвания  университетінің  ғалымдары  Дуэйн  Э.  Томас  және  Карен 
Л.Бирман,  балаларға  ата-ана  тарапынан  күш  қолданылатын  авторитарлық  жанұяда  бала 
бойында агрессия көбірек дамиды деп санайды [5, 80]. 
Р.  Смит,  Р.  Браун  және  Дж  Тедеши  өз  еңбектерінде  агрессия  терминінің  орнына 
балама ретінде мәжбүрлі күш түсінігін қолдануға негізделген тәсілді ұсынады. Ол арқылы 
бірқатар іс-әрекеттердің түрлерін сипаттауға болады деп түсіндіреді [6, 90]. 
Жалпы  психологияда  бала  бойында  агрессиялық  қиялдардың  пайда  болуын 
түсіндіретін  теориялар  жеткілікті.  Атап  айтқанда:  нативистік,  инстинктивті, 
интрапсихикалық,  фрустрациялық,  нейробиологиялық,  қазіргі  кездегі  мотивациялық 
теориялар. 
Ғалымдар агрессияның төмендегідей түрлерін ерекшелейді: 
1. Шабуыл жасау – басқа да тұлға немесе объектіге қарсы күш қолдану. 
2. Вербальды – ұрыс, айқай, қорқыту арқылы теріс сезімдерін білдіру. 
3. Тікелей – қандай да бір объект немесе субъектіге тікелей бағытталған. 
4. Жанама - жанама жолдар арқылы басқа тұлғаға бағытталған (сыртынан лақап сөз 
айту, орынсыз қалжыңдар). 
5. Құралдық – қандай да бір мақсатқа жету үшін құралдарды пайдлану. 
6. Зияндық – агрессия объектісіне зиян келтіруге бағытталған. 
7. Аутоагрессия - өзін өзі айыптау, өзін өзі қорлау, өз өзіне қол жұмсау. 

 
167 
Ресей  ғалымдары  В.В.  Лебединский  және  О.С.  Никольская  жүргізген  зерттеу 
мәліметтері бойынша, қақтығыстар жиі орын алып тұратын жанұяда, вербальды агрессия 
күнделікті  тұрмыс  салты  ретінде  қабылданып,  осы  жанұяда  тәрбие  алып  өскен  бала 
агрессияға бейім болады [7, 26]. 
Аутоагрессивті  іс-әрекет  саласында  зерттеу  жүргізіп  жүрген  ғалым  Л.В.  Пасечник, 
ата-ана  тарапынан  мейірім  көрмей  өскен  балада,  өзін  өзі  бағалауы  төмен  болып, 
аутоагрессия дамиды деп тұжырымдайды [8, 21]. 
Л.В. Пасечник соынмен қатар, агрессияның осы түрлеріне төмендегідей нысандарды 
қосады: 
- агрессияның жеңіл түрі; 
- агрессияның ауыр түрі. 
Ғалымның пікірінше, жеңіл түрдегі агрессия өзін - өзі қорғауға бағытталса, ал ауыр 
түрі басқа тұлға немесе жануарға зиян келтіруге арналады. 
Соңғы  кезде  жеткіншектер  агрессиясының  көпдеген  аспектілері  отандық  ғалымдар 
Т.К. Күнсләмова, С.Б. Елубаев, Қ.А. Айдарбеков, Т.М. Шалғынбаев зерттеулерінде орын 
алды.  Олар  жеткіншектердегі  агрессиялық  мінез-құлықты  өзіндік  сана  сезімдерді 
құрайтын негізгі мінез компоненттері ретінде қарастырған. 
Қазақстандық  зерттеуші  М.Д.  Ауренова  осы  пікірді  өрбіте  отыра  төмендегіше 
жазады:  «отбасында  балалар  табиғи  түрде  өмірге  бейімделеді.  Сондықтан  баланың 
болашағына  ата-аналар  жауапты.  Алайда,  барлық  ата-аналар  дерлік балаларына  қатысты 
нені  қалай  істеу  қажеттігін  анық  біле  бермейді.  Біреулері  баласының  психикалық 
ерекшелігін  біліп,  баланың  күйзелістеріне  түсінушілікпен  қарап,  қылықтары  мен 
әрекеттерін  таныса,  енді  біреулері  өзінің  өмірлік  мәселелерін  алдыңғы  орынға  қоя 
отырып,  баласының  ер  жеткенін  байқамай  қалады,  тағы  бірі  қатаң  ережелер  мен 
отбасылық заңдылықтарды қадағалап, баласын өзбеттілігінен айырады т.б.» [9, 24].  
Нұрмұхамбетова Т.Р. пікірінше, агрессивтіліктің сапалық және сандық сипаттамасы 
бар.  Барлық  қасиеттер  сияқты  ол  әртүрлі  деңгейлермен  ерекшеленеді.  Әрбір  жеке 
тұлғаның  белгілі  бір  деңгейде  агрессивтілігі  бар.  Оның  жоқтығы  пассивтілікке, 
конформділікке  және  т.б.  жеке  тұлғаның  өзіне  ыңғайсыз  жағдайларға  алып  келеді. 
Агрессивтілік  өздігінен  субъектіні  саналы  түрде  қауіпті  етпейді,  өйткені  ол бір  жағынан 
саналы қауіпті агрессия актісі ретінде ешуақытта көрініс бермеуі мүмкін [10].  
Көптеген  зерттеушілер  қазіргі  таңда  агрессивті  балалармен  педагогикалық  жұмыс 
жүргізуге көңіл бөлуде. А.Г. Асмолов [11,16] К. Бютнердің «Агрессивті балалармен өмір 
сүру»  кітабының  алғысөзінде,  қазіргі  кездегі  қоғамда  бала  бойында  бейбітшілікті,  өмір 
сүйгіштікті тәрбиелеудің орнына, қатыгездікті түзету және олардың алдын алу шаралары 
басым болғанын атап өтеді.  
Д. Московитц және А. Шварцман, агрессияны көбінесе денсаулықтың төмен болуы 
тудырады деп санайды. Авторлардың пікірінше, агрессивті үрдістерді үнемі басып отыру 
иммунитеттің төмендеуін тудырады. З. Матейчик [12, 18] агрессия көбінесе ұл балаларға 
тән көрініс деп санай отыра, мәдени – тәрбие дәстүрлермен күшейе түсетін «биологиялық 
заңдылық», деп санайды. 
Н.Д.  Левитов  [13,  121],  биологиялық  агрессияның  табиғатын  зерттей  отыра, 
агрессивтілік пен нерв жүйелерінің арасында тығыз байланыс бар екенін ескертеді.  
Клиникалық  және  нейрофизикалық  бағыт  зерттеушілерінің  мәліметтері  бойынша, 
аффективті,  оның  ішіндегі  агрессивті  мінез-құлық,  баланың  орталық  нерв  жүйесінің 
табиғи-генетикалық ерекшеліктерінен туындап, ми қабаттарының түрлі құрылымдары мен 
функционалды жүйелерінің ауытқушылығынан туындайды және ол баланың темпераменті 
және 
нейродинамикалық 
негіздеріне 
байланысты 
өрбиді. 
Зерттеушілердің 
материалдарында  бұл  өлшемдер  «негіз»  факторы  ретінде  анықталады.  Агрессияға  деген 
бейімділікті  көбінесе,  холерикалық  темпераментпен  байланыстырады.  Бастауыш  сынып 
оқушыларының  жас  ерекшеліктерінің  түрлеріне  тез  қозу,  ашушаңдылық  және  нерв 

 
168 
талшықтарының тез шаршауы, тежеу процесстерінің әлсіздігі тән, яғни баланың жоғарғы 
нерв қызметі, әлсіз нерв жүйесінің көріністеріне ұқсас болады [14, 123-124]. 
Жалпы мақалада талдау жасалынған еңбектерді тұжырымдай келе, зерттеушілердің 
еңбектерін қарастыра отыра, мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясының көріністерінің 
бірқатар факторлары болатындығын байқаймыз. Атап айтқанда:  
1. Биологиялық, генетикалық және биохимиялық факторлар. 
2. Жыныстық факторлар. 
Балаларда, үлкен адамдар сияқты, агрессия көрінісінің екі нысаны бар: 
1. Бүлдіргіш емес агресивтілік. 
2. Бүлдіруге бағытталған агрессивтілік. 
Бірінші агрессивтілік түрі - өз қажеттерін қанағаттандыру, мақсаттарына қол жеткізу 
және  бейімделуге  деген  ұмтылыс.  Ол  бала  бойында  қоршаған  ортада  бәсекелестікке 
жетелеп, өз мүдделерін қорғауға және танымдылығын оятуға септігін тигізеді. 
Екінші  агрессивтілік  түрінде  бала  біреуге  зиянын  тигізіп,  нұқсан  келтіруге  деген 
ұмтылысын жиі көрсетеді. 
Баланың агрессивтілігін тудыратын себептерді қарастырсақ: 
- Қорқыныш, қорғансыздық пен әлсіздік сезімі; 
- Бұл жағдайда агрессия қорғаныс құралы ретінде қолданылады; 
-  Тыйым  немесе  қажеттілікті  орындамау.  Мысалы,  ана  балаға  ойыншықты  сатып 
алмағанда, баланың агрессиясы қалағанына жету құралы болып табылады. 
- Тәуелсіздігі мен дербестігін қорғау.  
-  Агрессивті  реакциялар  жүйке  жүйесінің  ерекшеліктері  нәтижесі  болуып,  бұл 
жағдайда  сіздің  көмегіңізден  басқа  маманның  көмегі  қажет  болатындығы  туралы  бөлек 
атап кеткені жөн. 
Балалар агрессиясының факторларының біріне төмендегілерді жатқызуға болады: 
- отбасындағы тәрбие үлгісі (гипер және гипо қамқорлық); 
- зорлық зомбылық көріністерін баланың жиі бақылауы; 
- қолайсыз әлеуметтік – экономикалық жағдай; 
- баланың жеке ерекшеліктері; 
- отбасының әлеуметтік-мәдени мәртебесі 
Төмендегі  кестеде  балалар  агрессиясының  себептері  мен  оларды  түзету  жолдары 
берілген. 
 
Кесте 1 Балалар агрессиясының себептері және түзету жолдары 
 
№ 
Себебі 
 
Түзету жолдары 

Қимыл белсенділігінің жетіспеуі 

 
қимыл қозғалыс ойындары 

 
спорттық эстафеталар 

Ата-ана  назарының  жетіспеушілігі, 
ата-ана  сүйіспеншілігіне  деген  бала 
мұқтаждығы 

 
ата-аналарымен жұмыс 

 
психологқа бағыттау 

 
баланың  мінез-құлқына  бақылау 
жасау 

 
сюжеттік-рольдік ойындарға еліту 

 
баламен  эмоциялық қарым-қатынас 
орнату 
 
Отбасындағы 
агрессиялық 
іс-
әрекеттер эталонын бойына сіңіру 

 
ата-анасымен әңгіме 

 
психологқа бағыттау 
 
Бастауыш  сынып  оқушыларында  әлеуметтік  ортаға  бейімделі  үрдісі  біртіндеп 
қалыптасады,  осы  кезеңде  оқушы  бойындағы  туа  біткен  қасиеттері  де  жаңа  сипатқа  ие 

 
169 
бола  бастайды.  Сондықтан  да  барлық  шетел  және  отандық  ғалымдар  еңбектерінде 
агрессияның туындауының әлеуметтік факторлары ерекшеленіп көрсетіледі. Осы орайда, 
бастауыш  мектеп  оқушысында  өмірге  деген  дұрыс  көзқарас  қалыптасуына,  әлеуметтік 
ортаға  тартылуына  ықпал  жасайтын  мәселе,  бұл  мұғалім  және  ата-ананың  тығыз 
байланысы болып табылады. 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. - СПб: Питер, 2001. - 352 с. 
2
 
Фрейд З. Я и Оно. – Тбилиси: Мерани, 1991. – 375 с. 
3
 
Лоренц  К.  Агрессия  (так  называемое  «зло»):  Пер.  с  нем.  -  М.:  Издательская  гр. 
«Прогресс», «Универс», 1994. - 272 с. 
4
 
Baker J.A. Contributions of teacher–child relationships to positive school adjustment during 
elementary school. //Journal of School Psychology. – 2006. - № 44(3). - Р. 211-229. 
5
 
Duane  E.  Thomas.,  Karen  L.  Bierman.  The  impact  of  classroom  aggression  on  the 
development 
of 
aggressive 
behavior 
problems 
in 
children//http://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC2750030/citedby/ 
6
 
Кобзева  О.В.  Динамика  агрессивности  и  её  взаимодействия  с  личностными 
особенностями  в  подростковом  и  юношеском  возрастах  //  Журнал  прикладной 
психологии, 2006. – № 5. – С. 66-70. 
7
 
Лебединский  В.В.  Эмоциональные  нарушения  в  детском  возрасте  и  их  коррекция. 
/В.В. Лебединский, О.С. Никольская. - М.: Просвещение, 1990. – 178 с.  
8
 
Пасечник Л. В. Семья и проблемы воспитания. //Дошкольное воспитание. - 2010. - №1. 
– 21 с.  
9
 
Ауренова  М.Д.  Жеткіншектер  қарым-қатынасы:  балалар  үйі  жағдайында.  -  Өскемен, 
2012. – 129 б. 
10
 
Нұрмахамбетова  Т.Р.  Жеткіншектердің  агрессиясын  диагностикалау  әдістерін 
пайдалану нәтижелері. // CDO/Mak/Nurmahanbetova.Jetkin.doc 
11
 
Асмолов  А.Г.  Личность  как  предмет  психологического  исследования.  -  М., 
Просвещение, 1984. - 104 с. 
12
 
Матейчек 3. Родители и дети. Книга для учителя. - М.: Просвещение, 1992. - 320 с. 
13
 
Левитов Н.Д. Психическое состояние агрессии. // Вопросы психологии. - 1967. - № 6. - 
С. 118-130. 
14
 
O'Connor E.E., Dearing, E., & Collins B.A. Teacher-child relationship and behavior problem 
trajectories in elementary school. //American educational research journal. - 2011. - №.48(1). 
- Р. 120-162. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Актуальность темы данной статьи определяется агрессивными проявлениями в поведении у 
школьников начальных классов, которые являются одной из наиболее острых проблем не только в 
сфере  образования,  но  и  в  обществе  в  целом.  В  связи  с  этим,  в  статье  рассматриваются 
теоретические  концепции  формирования  агрессивности  у  школьников  начальных  классов. 
Проанализированы  научные  взгляды  зарубежных  и  отечественных  ученых  по  проблеме 
особенностей  агрессивного  поведения  младших  школьников.  Изучена  роль  социально-
психологических  факторов  в  развитии  личности  по  данным  отечественной  и  зарубежной 
литературы. 
 
 
 

 
170 
 
RESUME 
 
The  background  of  this  article  is  determined  by  the  aggressive  manifestations  in  primary  school 
children, which are one of the most acute problems not only for educators, but also for society as a whole. 
In this regard, the author examines the theoretical concept of the formation of aggressiveness in primary 
school children and reviews scientific views of foreign and domestic scientists on the issue features of the 
aggressive behavior of younger pupils. The author studied the role of social and psychological factors in 
the development of a personality according to home and foreign literature. 
 

 
171 
ӘОЖ 37.026:796.11(=512.122) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тоғызқұмалақтың 
бала логикасын 
дамыту әлеуеті 
 
Аннотация 
Мақалада  авторлар  ұлттық  зияткерлік 
тоғызқұмалақ  ойынының  бала  логикасын 
дамытуға  мүмкіндігін  Логика  ғылымының 
заңдылықтарымен 
салғастыра 
отырып 
қарастырған.  Аталмыш  еңбек  тоғызқұмалақ 
ойыны  балалардың  логикалық  ұғымдарды 
игеруге,  пайымдауға  және  ой  тұжырымдауға 
деген 
логикалық 
формаларды 
игеруге 
машықтандыратын  қолайлы  сайман  екендігін 
зерделеп, 
оны 
дұрыс 
ойлау 
қабылетін 
қалыптастыруға,  бала  логикасын  дамытуға 
қажетті тәрбие көзі ретінде дәйектеп көрсеткен.  
Түйін  сөздер:  логика,  тоғызқұмалақ, 
Аристотель, 
ойын, 
ұғым, 
пайым, 
ой 
тұжырымдау, форма, ақыл-ой, дұрыс ойлау. 
 
 
Логика  ойлауды  оның  функциялары  мен 
құрылымы,  оны  құрайтын  элементтері,  сондай-
ақ  олардың  арасындағы  байланыстар  мен 
қатынастар 
тұрғысынан 
қарастыратын 
болғандықтан,  ойлау  үдерісі  атқарылатын 
зияткерлік ойындарды да осы үдерістің мысалы 
ретінде  қарауға  әбден  болады.  Логика  –  дұрыс 
ойлау  заңдары  мен  формалары  туралы 
философиялық  ғылым  [3,  8-9],  [13,  3-7]  болса, 
зияткерлік  ойын  –  сол  дұрыс  ойлауды 
тәрбиелейтін  педагогикалық  жүйенің  бір  бөлігі 
мен формасы болып табылады. 
Ежелгі  грек  философы  Аристотельден, 
логикалық  операцияларды  тамаша  пайдаланған 
Сократтан  басталатын  логика  ғылымының 
тарихы  [3,  33-38]  дұрыс  ойлау  жүйесінің 
көрінісі 
болып 
табылатын 
зияткерлік 
ойындарды 
қарастырмаса 
да, 
зияткерлік 
ойындардың 
практика 
жүзіндегі 
әлеуеті 
ғылымда  қалыптасқан  логикалық  функциялар 
мен  амалдардың  тарихын  бірнеше  ғасырға 
тереңдететіні түбінде сөзсіз. 
Дұрыс ойлау анықтығымен, бірізділігімен, 
дәлелдігімен,  дәйектігімен  ерекшеленеді  және 
сол  арқылы  жүзеге  асса,  ендеше  тоғызқұмалақ 
ойыны  -  соның  бірден  бір  көрінісі.  Логиканың 
екі жары мың жылдан артық даму тарихы [13, 5] 
бар екені мәлім болса, тоғызқұмалақ ойынының 
тарихы  [10,  506]  төрт  мыңжылдықты  қамтиды. 
Демек,  түркі  халықтары,  соның  ішінде  қазақ 
халқы  дұрыс  ойлау  тәрбиесін  тоғызқұмалақ 
ойынымен бірге бастады деуге толық  негіз  бар. 
К.Қ. Базарбаева 
«Тұран-Астана» университеті,  
п.ғ.к., доцент  
 
А.Ш. Танирбергенова  
«Туран-Астана» университеті,  
п.ғ.к., доцент 
 
С.Ә. Ерғали 
«Тұран-Астана» университеті,  
магистрант 

 
172 
Алайда,  логика  ғылымы  педагогиканың  дұрыс  ойлау  тәрбиесіне  жататын  зияткерлік 
ойындарын  логика  ғылымының  тарихымен  байланыстыруды  әзірге  қарастырған  жоқ. 
Дегенмен,  ғылыми  орта  мен  тоғызқұмалақтану  ілімінің  ізденушілері  бұл  ойынның 
баланың  ойлау  жүйесі  мен  логикасын  дамытудағы  бірден  бір  рөлін  ашатын  пайымдары 
мен пікірлерін беріп үлгерді: 
«Тоғызқұмалақтың  орны  бөлек.  Бұл  ойын  адамды  тапқырлыққа  үйретеді.  Миды 
шыңдайды» академик М.Жүргенов [8]; 
«Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, салқын 
қандылықты, терең және логикалық ойлауды қажет ететін ақыл-ой спорты.» С.Тілеубаев, 
ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, спорт шебері [11];  
«...  бұл  ойынның  есебі  ерекше,  өзіне  ұқсас  ойындарға  қарағанда  анағұрлым 
күрделірек.  Оның  басты  себебі  –  тоғызқұмалақ  ойынын  немесе  оның  кейбір  жеке 
позицияларын тақтаға қарамай, абстракты түрде ойлау аса қиын» Т.Сұлтанбеков [7];  
«Тоғызқұмалақ  –  әлемдік  интеллектуалдық  ойындардың  озық  үлгілерімен  бой 
теңестіре  алатын  зияткерлік  ойын,  логикалық  ойлау  өнері»  М.Шотаев,  Қазақстан  және 
Орта Азия фестивалінің 2 дүркін жеңімпазы, спорт шебері [12]. 
Зияткерлік  ойын  болғандықтан  тоғызқұмалақ  ойыны  бала  логикасын  дамыту  тетігі 
ретінде жалпы логика ғылымы тұрғысынан қарастырылуға жатады. Сол себепті қазақтың 
бұл  зияткерлік  ойынын  бала  логикасын  дамытуға  деген  әлеуетін  қарастырмас  бұрын, 
оның  қаншалықты  логикалық  үдеріске  қауқары  бар,  қаншалықты  логикалық 
инфрақұрылымдардың қызметіне мүмкіндік беретін ресурсы бар екендігіне назар аудару 
қажет. 
Жалпы зияткерлік ойындарға тән бірден бір талап – ойналу кезіндегі адамның ойлау 
жүйесін әрекетке итермелейтіндей белгілі бір логикалық алгоритмдердің атқарылуы. Бұл 
жағынан  алғанда  тоғызқұмалақ  ойыны  да  осы  талаптан  шығатынына  көз  жеткізуге 
болады.  Сол  үшін  логика  ғылымы  қарастыратын  құрылымдардың  іске  асу  мүмкіндігін 
тоғызқұмалақты ойнау жағдайында да болатындығына куә болуымыз қажет. 
Сонымен  логика  ғылымының  негізгі  формалары  болып  табылатын  [13,  4]  ұғым, 
пайым  және  ойтұжырымға  қатысты  тоғызқұмалақ  ойынының  әлеуетін  қарастырайық. 
Логика ғылымы «ұғымды» зияткерлік іс-әрекеттің логикалық атомы ретінде қарастырады. 
Яғни  зияткерлік  қызметтің  ең  ішкі  әрі  кіші  бөлшегі  –  ұғым.  Ақыл-ой  дамуы  дегеніміз  – 
ескіні  ой  елегінен  өткізіп,жаңа  ұғымдарды  өмірдің  өзгеруіне  сәйкес  құрай  алатын 
қабылет.  Әрине,  тоғызқұмалақ  жағдайында  ұғымдар  жыймасына  оның  барлық  ойын 
құралдары  мен  олардың  амалға  қатысу  ережелері,  оларды  қолдану  кіреді.  Сөйтіп  бұл 
ойынның  тақтасы  мен  оның  барлық  құрылымы,  ойынға  қажетті  барлық  жарақтары  мен 
олардың не үшін керектігінің бәрі тоғызқұмалақ логикасының ұғымдарын құрайды.  
Логикалық ұғым қандай да бір сапаның болу-болмауына қарай оң және теріс болып 
бөлінеді,  бұл  сапа  тоғызқұмалақ  ойынында  ат  (құмалақ)  санының  тақ  болуы  –  теріс  [4], 
[11]:  қарсыластың  сол  отаудағы  аттарды  иеленуіне  қатысты  сапа;  ат  (құмалақ)  санының 
жұп болуы – оң: қарсыластың сол отаудағы аттарды иелене алмауына қарсы қорғаныс; сол 
секілді атсырау [4,], [12, 17-18] – теріс ұғым, ойыншының отауларында аттар бітіп, жүрісі 
тұйыққа  тірелгендегі  жағымсыз  жағдай.  Ал,  тұздық  алу  [11],  [12,  17-18]–  өте  оң  да 
жағымды  амалды  білдіреді,  қарсыластың  бір отауын  иемдену  арқылы,  оған  түскен  әрбір 
атты да иелену мүмкіндігі туындайды.Сол секілді ұтыс – оң ұғым да, ұтылыс – теріс ұғым. 
Яғни  тоғызқұмалақ  логиканың  классикалық  формасы  болып  табылатын  оң,теріс 
ұғымдарын  толық  бойына  сіңірген  ойын  болғандықтан,  ойыншыдан  қарама  қарсы  бұл 
формаларды игеріп, дұрыс ойлаудың негізін құруына итермелейді. 
Аталған  ұғымдармен  ойын  барысында  талай  амалдар  жүзеге  асады  да,  логикалық 
тетіктердің  іске  асуына  итермелейді:  жоғарыда  аталған  ұғым  түрлері  ойын  кезінде  жай 
ғана түсінік түрінде емес, олармен неше түрлі амалдар орындау үдерісінде қолданылады. 
Айталық,  «атсырау»  ұғымы  жүзеге  асуы  үшін  бір  ойыншы  қарсыласының  барлық 

 
173 
отауларындағы аттардың аласталуын болмаса желінуін қамтитын іс-әрекет жасауы қажет 
болады. Тоғызқұмалақ ойыншысы ойынның барлық ұғымдарын қамтыған ережені [2], [5], 
[6]  жақсы  білмесе  –  ойнай  алмайды  және  ұғымдардың  өзара  қатынасын,  ойын 
барысындағы  соларға  қатысты  әдіс-тәсілдерді  меңгеру  арқылы  логиканың  ұғымдық 
формаларына  қатысты  үдерістерді  дұрыс  ойлау  жүйесінің  тетігі  ретінде  өзінің  тиімді 
ойлауын машықтандырады. 
Тоғызқұмалақ  ойнаушы  логика  пәнінің  келесі  бір  формасы  болып  табылатын 
пайымды  да  меңгеруге  мәжбүр.  Пайым  –  ойлаудың  «молекуласы»  [13,  36]  ретінде 
мойындалған.  Пайым  үдерісінде  белгілі  бір  нәрсе  мен  оның  қасиеті  арасындағы  немесе 
нәрселердің  арақатынасы  туралы  уәж  не  құпталады,  не  терістеледі.  Пайым  ойлау 
формасының келесі сатысы болғандықтан, барынша күрделірек ойлау дағдысын меңгеру 
қажеттігі  туады.  Тоғызқұмалақ  ойыны  кезінде  ойыншы  өзі  мен  қарсыластың  тарабын 
бағалау  кезінде  болсын,  болмаса  әлдебір  жүрісті  жүзеге  асырғанда  қабылдайтын 
шешімінің дұрыстығына не бұрыстығына барынша көз жеткізіп барып әрекет етеді. Яғни, 
ойыншы санасында міндетті түрде әрекетті бағалау не құптау, не оны терістеу жолымен 
атқарылады.  Бұл  зияткер  ойыншыны  жағдайды  барынша  анық  әрі  дәл  бағалауға 
машықтандырады  да,  логикалық  форманың  құптау  мен  терістеу  арқылы  іске  асатын 
үдерісін  әрбір  жүріс  сайын  дұрыс  ойлаудың  көрінісіне  айналдыруға  итермелейді.  Дұрыс 
ойламаған  ойыншы  ұтылыс  табады  және  де  ойын  барысында  логикалық  пайымдаудың 
күрделі  түрі  жүзеге  асатынын  ескерген  жөн.  Өйткені,  бір  жүріске  бірнеше  ұғымдар  мен 
оларға  жасалатын  амалдардың  қатысы  атқарылады:  қарсыластың  отауындағы  аттарын 
иелену салдары ойыншыға не береді, одан арғы ойын барысы қалай болмақ деген секілді 
бірнеше ұғымды қамтитын ойлау амалы пайымдау кезіне тән. Мұны «Бұл ойын қазақтың 
барлық  ойынының  ішіндегі  ең  қиыны,  ойнаған  адамның  миы  істеп,  есепшілігі  тез 
артып,тапқыштық жағы күшеймек» ғалым С.Аманжолұлының уәжі де құптайды [1]. 
Осыдан  барып  жас  ойыншыларда  математикалық  қатаң  логика  қалыптасады.Олар 
өмірде  де  әрбір  қадамын  тоғызқұмалақ  жүрісіндегі  ойлау  формасына  салып,  бағалауды 
әдетке  айналдырып,  ақыры  ол  оның  темпераменті  мен  мінезіне  өзінің  жағымды  ізін 
қалдырары сөзсіз.  
Алайда,  тоғызқұмалақ  ойыны  барысында  ойыншы  ойынға  қатысты  ұғымдарды 
білумен және жағдайды бағалаумен шектеліп шешім қабылдамайды. Жүріс кезінде шешім 
қабылдау  үшін  ойлау  жүйесінің  келесі  формасы  –  ой  тұжырымдау  үдерісі  [13,  86-88] 
шешуші  рөл  атқарады.  Логиканың  бұл  формасы  алдыңғы  ұғым  мен  пайымға  қарағанда 
анағұрлым күрделі. Негізінде шешім қабылдаудың өзі - тікелей ой тұжырымның салдары, 
нәтижесі.  Сол  себепті,  логика  ғылымы  ұғымды  –  атом,  пайымды  –  молекула  десе,  ой 
тұжырымдау  –  сол  ақыл-ой  қызметінің  өзі  болып  табылады.  Тоғызқұмалақшының  ойын 
барысында  іштей  жағдайды  талдауы,  өзіне  өзі  қарсы  сұрақ  қоюы,  жауап  іздеуі,  дәйек 
(аргумент)  қарастыруы,  болжауы,  дәлелдеуі,  бекерлеуі  мен  құптауы  тағы  басқа  [3,  390-
406]  ойлау  әрекетінің  қандай  түрлері  болса  да,  жиналып  келгенде  оның  барлығы  -  ой 
тұжырымының  көрінісі.  Ой  тұжырымы  кезінде  ойыншы  қолда  бар  білім  мен  біліктен 
жаңаша тұжырым жасап, шешім шығарады, қандай болса да нәтижелі әрекет етеді. Яғни, 
ойыншының  бір  жүрісті  жүру  барысында  логиканың  үш  формасын  сатылай  отырып, 
атқарып  шығуына  тура  келеді.  Тоғызқұмалақшының  жүрісі  –  оның  ой  тұжырымының 
нәтижесі болып табылады.  
Алайда,  зияткер  ойыншының  логикалық  әрекеті  ойын  барысымен  шектелмейді,  ол 
ойын  біткесін  де  барлық  жүрісті  қайтадан  талдап,  қай  жерде  қандай  жеңіс  пен  жеңіліс 
болғанын сараптайды.Сөйтіп, ой тұжырымдау үдерісі ойын біткесін де жалғасын табады. 
Соның  нәтижесінде  жас  тоғызқұмалақшы  өзінің  логикасын  шыңдап,  ойлау  дағдысын 
дамыта  түседі.  Соған  сәйкес  оның  мінезі  де  түрленіп,  ойыншыға  қажетті  көріністе 
қалыптасады.  

 
174 
Аталмыш  тақырыпты  қозғай  отырып,  тоғызқұмалақ  ойыны  барысындағы 
ойыншының  логикалық  әрекеттерін  логика  ғылымының  заңдылықтары  жүзінде 
қарастырдық және сол заңдылықтардың мүлтіксіз орындалатынына көз жібердік. Ендеше 
жас  ұрпақтың  логикасын  ұлттық  зияткерлік  ойындар  арқылы  дамыту  барысында 
жаттықтырушылар  аталған  логика  формаларының  ойыншы  санасында  қандай  дәрежеде 
меңгерілгенін,  қалай  меңгеру  керектігін  және  оның  қарқыны  мен  салмағының  мінезге 
қаншалықты жүктеме болатынын ескеруі әрі қадағалауы қажет.  
Бұған  қоса  айтарымыз  –  тоғызқұмалақ  ойыны  нағыз  зияткерлік  ойындарға  тән 
логикалық  формалардың  барлық  түрлері  мен  сатыларын  қамтитын  дұрыс  ойлау  жүйесі 
екеніне  көз  жеткіздік.  Сол  себепті  аталмыш  ойынды  бала  логикасын  өсіруге, 
машықтандыруға,  дұрыс  ойлауды  дағдыландыруға,  бекітуге  тұрақты  да  арнайы 
бағдарламамен пайдаланса – дұрыс болмақ.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет