Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет121/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

25. Онтогенез эволюциясы.


Онтогенез ұғымы. Әртүрлі топтардағы онтогенез ерекшеліктері. Онтогенез – филогенез негізі. Рекапитуляция жайлы ілім немесе биогенетикалық заңдылық.


Онтогенез – зигота түзілу сәтінен оның өмірлік циклінің табиғи аяқталуына дейінгі даралардың дамуы болып табылады. Онтогенез – біздің ғаламшарымыздағы өмірдің негізгі құбылыстарының (феномендерінің) бірі. Онтогенез – ұрықтық жасушаға салынған ұрпақтың ақпараттық жүзеге асу әрекеті. Онтогенездің туындауынсыз өмір эволюциясы мәнсіз болып, бір сатыда тоқтап қалар еді. Эволюциялық өзгеріс тек түрлердің түзілуі және өлуімен, мүшелердің пайда болуымен ғана емес, сондай-ақ онтогенездік дамудың қайта құрылыуымен де байланысты. Онтогенез – кез-келген даралардың жүйелік орнына тәуелсіз, сол дараның өзіне тән қасиеті. Әр түрлі түр дараларының онтогенезі жіктелу ұзақтығы мен қарқыны және сипаты бойынша әрқилы. Негізінен оны проэмбриондық, эмбриондық және постэмбриондық кезеңдерге бөледі. Жануарларда негізінен жіктелуге эмбриондық кез, ал өсімдіктерде – постэмбриондық кез бай болады.
Онтогенездің әрбір кезеңдері ары қарай сапалы сатыларға жіктелуі мүмкін. Онтогенез метомарфоз жолымен дамуы немесе тікелей дамуы мүмкін.
Әртүрлі топтардағы онтогенез ерекшеліктеріТірі табиғатта өзіндік дамудың көрініс түрлері бірдей емес, алуан түрлі, мысалы, қарапайымдылардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың әр түрлі өкілдерінде онтогенез әрекеті де әр түрлі болады.
Ағзалардың көпжасушалы түрге айналуымен қатар, онтогенез формасы да күрделеніп, тіршілік уақыты ұзарады. Онтогенездің эволюциялық әрекетінде ұрпақтағы тұқымқуалау ақпаратын нақтылай жүзеге асыру негізінде дамудың толық және қарапайымдану түрлері байқалады. Эволюция барысында жануарлар мен өсімдіктерде әрбір сатысы белгілі бір орта жағдайларына машықтанған дамудың күрделі циклі туындайды. Кейде эволюция әрекетіндегі тіршілік айналымында қайта қарпайымдану да кездесіп отырады.
Тіршілік айналымының қарапайымдануымен онтогенездік дамудың бүкіл кезеңі сапалы түрде ауысады. Тіршіліктің қарапайымдану салдарының бірі дамудың гаплоидты фазасынан диплоидты фазасына өту мен метаморфоздық дамудан (мысалы, қосмекенділерде) тікелей дамуға (бауырмен жорғалаушылармен жоғары сатыдағы омыртқалыларда) өту болып табылады. Тікелей даму кезінде жаңадан туылған жануар тек мөлшерімен ғана ерекшеленіп, ересек даралардың қасиеттеріне ие болады. Метаморфозбен даму дернәсілдік сатылар қатары арқылы өтеді: жұмыртқадан шыққан дернәсіл күрделі түрлену жолымен ересек жануар белгілеріне ие болады.
Метаморфоздан тікелей дамуға өту – жердегі тіршілік эволюциясының соңғы сатыларының маңызды жиынтығының бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет