Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері


Эволюцияны зерттеу әдістері. Тіршіліктің негізгі қасиеттері



бет25/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

10. Эволюцияны зерттеу әдістері. Тіршіліктің негізгі қасиеттері.


Эволюцияны зерттеу әдістері. Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері. Тіршіліктің негізгі қасиеттері.Тіршіліктің құрылым деңгейлері арасындағы байланыс.
Эволюцияны зерттеу әдістері. Палеонтологиялық - филогенетикалық (қазба қалдықтар мен аралық формалар), морфологиялық (салыстырмалы-анатомиялық ұқсас мүшелер гомологиясы және рудимент, атавизм, егіз түрлер), эмбриологиялық (ұрықтың алғашқы сатысындағы ұқсастық), биогеографиялық (ұқсас түрлердің қилы отанда қоныстануы мен аралдық түрлер) , систематикалық (эндемді және реликті түрлер), иммунологиялық, экологиялық, генетикалық, биохимия мен молекулалық зерттеу әдістері мен дәлелдемелері қолданылады.

Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері. Тіршіліктің құрылымы нуклеин қышқылдары, ақуыз, көмірсулар сияқты макромолекулалардан басталып, органоидтар, жасушалар, ұлпа, мүше және ағзаға дейін күрделенеді. Тіршіліктің жоғары дәрежедегі құрылымы ағзалардың бірлестігі – популяция, биоценоздан және биосферадан тұрады.

Тірі ағзаға тән негізгі қасиеттері: 1.Көбею - олардың ұдайы өзін-өзі өндіруге қабілеттілігі. Ағза көбею барысында өзіне ұқсас ұрпақ қалдырады. Ағзаның бұл қасиеті тұқым қуалаушылықпен тығыз байланысты. 2. Тұқым қуалаушылық – ағзалардың өз белгілері мен қасиеттерін, көбею ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беруі. 3. Өзгергіштік – ағзаның жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы. 4. Өсу және даму. Өсу. Өлі табиғат (кристалдар) сыртқы қабатына жаңа заттар қосу арқылы өссе, тірі ағзалар қоректік заттардың есебінен өседі. Даму өсумен тығыз байланысты. Бұл әрекеттің нәтижесінде ағза құрамы мен құрылымы күрделі де сапалы өзгерістерге ұшырайды. 5. Тітіркенгіштік – ағза айналасындағы ортаның әсеріне түрліше жауап бере алады ( таксис, тропизм, рефлекс). 6. Өзін - өзі реттеуге қабілеттілігі. Кез келген ағза сыртқы ортадағы алуан түрлі өзгерістерге қарамастан денесінің химиялық құрамы мен физикалық әрекеттер жиынтығын тұрақты сақтай алады. 7. Бейімделгіштігі – ағза мүшелерінің және тіршілік етуі мен мінез-қылығының белгілі ортаға сай келуі. 8. Дискреттілігі – тірі дене көптеген құрамдас бөлшектердің жиынтығы, яғни макромолекулалар, органоидтар, жасуша ,ұлпа, мүше, ағза болып табылады. 9. Қоректнуі. Ағзалар өмір сүруіне қажетті энергия мен заттарды қоректену арқылы алды. Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын қоректік заттар жасауға пайдаланады. Бұл – фотосинтез құбылысы. Фотосинтез құбылысы автотрофты жолмен қоректенетін жасушаларда жүреді. 10. Тыныс алу. Ағзалар тыныс алғанда кейбір көп энергиялы қосылыстар ыдырап, соның нәтижесінде энергия бөлінеді. Бұл энергия аденозинтрифосфат (АТФ) молекуласы түрінде сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет