Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет40/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Транзитивті (ауыспалы) сұрыптау кезінде түр ішіндегі саны аз формалар көбейіп, көп формалардың өзінен басып өзып кетеді. Мұның мысалы ретінде индустрияға байланысты ақ көбелігінің азайып, жойылып, орнына қара түсті көбелектер көбейіп кетуін айтуға болады.

Тұрақтандырушы сұрыптау. Механизмі мен нәтижесі бойынша бұл сұрыптау қозғаушы сұрыптауға кері сұрыптау. Мұндайда сол жағдайда қалыптасқан нормадағы өкілдер қалып отырады да, қандай да болмасын ауытқулар элиминацияға ұшырайды. Қозғаушы сұрыптау мен тұрақтандырушы сұрыптау бірөбірімен тығыз байланысты. Шындығында бір процестің екі бөлігі болып табылады. Популяциялар үнемі өзгеріп отыратын қоршаған ортаға бейімделіп отырады. Қалай орта біршама тұрақты күйге көшсе сұрыптау соған бейім форма түзеді. Осылайша қозғаушы сұрыптау тұрақтандырушы сұрыптауға ауысып отырады. Сонымен қозғаушы сұрыптау өкілдерің, популяцияның тарихи дамуын қамтамасыз етсе, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өзгергіштік пен тұрақтылық эволюцияның ажырамас екі бөлігі. Табиғи сұрыптау тіршілікті тек жасап қана қоймай, оның алуан түрлігін де сақтап отырады.

Жыныстық сұрыпталу. Көптеген түрлердің жыныстық сұрыпталуына күйттік сайыс және жағынудың күрделі инстинктивті әрекеттері жатады. Көптеген құстар қанатының әдемілігі, балықтардың реңі, өсімдіктерде гүлдер пішінінің әртүрлілігі, құстардың сайрауы, бұғылардың мүйіздерінің үлкен болып бұтақтануы жыныстық сұрыпталудың белгілері, т.б. Сұрыпталудың барлық түрлері тұқым қуалау өзгерістеріне негізделеді.

18. Бейімдеушілік - табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі.


Бейiмделушiлiктiң пайда болуы Бейімдеушілік және оның түрлері. Әлсіз бейімдеушілік түрі. Күрделі бейімдеушілік. Бейiмделушiлiктiң пайда болу механизмi. Бейімдеушіліктің салыстырмалы сипаты.
Бейiмделушiлiктiң пайда болуы. Эволюция барысында пайда болған жаңа белгiлер қалыптаса отырып, бейiмделушiлiкке әкеледi.
Бұл кейбiр түрлердiң морфологиялық ерекшелiктерiне тең келсе, ол бiртiндеп жаңа түрлер мен популяциялардың түзiлуiне әрi қарай биогеоценоздың өзгеруiне бастама болады. Сыртқы орта жағдайына орай бейiмделушiлiк белгiлерiнiң пайда болуы – эволюцияның негiзгi нәтижесi. Сондықтан эволюцияны бейiмделушiлiктiң пайда болу әрекетi ретiнде қарастыруға болады – адаптациогенез. Бейiмделушiлiк деп белгiлi орта жағдайларында тiршiлiк етiп, тұқымқуалаушылық белгiлерi арқылы ұрпаққа берiлуiн қамтамасыз ететiн нақты морфологиялық қасиеттердiң дамуы мен пайда болуын айтамыз.
Беймделушiлiктiң қалыптасуы тұқым қуалайтын өзгергiштiк пен сұрыптауға тiкелей байланысты. Өйткенi тұқым қуалайтын өзгергiштiк бейiмделушiлiкке элементарлы эволюциялық материал болса, сұрыпталу - эволюциялық әрекет. Кез келген популяциядағы белгiлi бiр фенотиптiк өзгерiстi бейiмделушiлiк деп қарауға болмайды. Популяция дараларында сол ортаға сәйкес арнайы белгi қалыптасқанда ғана бейiмделушiлiк деп қарауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет