Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет42/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131
. Күрделi бейiмделушiлiк белгiлерi. Түрлердiң (тiршiлiк белгiлерi) тұқым қуалаушылық белгiлерi тiршiлiк барысында бiртiндеп жинақтала отырып күрделi әрекеттi бейiмделу белгiлерiн құрайды. Мысалы, бунақдене қоректi – шыбын жегi өсiмдiгiндегi елiктiргiш көзшелер тәрiздi мүшелерi, ол мүшелердiң қозғалғыштық қабiлетi, автотрофты ағзалардың жыртқыштық және оны қорыту қабiлетi. Росинка (Dzosera rotundifolia). Жапырақтарының ұшында өте сезгiш талшықтарының және ондағы хош иiстi жабыстырғыш сұйықтық бөлуi, келiп қонған шыбынның ары – берi қозғалуынан тiтiркендiргiш қабiлетiн күшейте отырып, дене бөлiгiнiң жиырылуын тездетедi. Талшық ұшындағы көзше денелер қозу нәтижесiнде өзiнен пепсиндi ферменттерге бай сұйықтық бөледi. Жалпақ дене бөлiгiнде қоректi қорыту әрекетi жалғасады. Сұйықтық сөлдiң нәтижесiнде бунақдененiң дене құрылысын түзушi ақуызды заттар ери бастайды, сол пластинкалы денеде сiңiрiледi. Осы ас қорыту әрекетi аяқталысымен өсiмдiк бастапқы күйге қайта келедi.
Кейбiр өсiмдiктердiң асқорыту мүшелерi басқа түрде де болады. Мысалы, “құмыра” және “қақпан” тәрiздi түр өзгерген түрлерi кездеседi. Мысалы, венерина шыбын жегi (Dionaea muscipule)
Физиологиялық бейiмделушiлiк - бұл өсiмдiктердегі физиологиялық – биохимиялық мутацияның пайда болуы. Гетеротрофты ағзалардың қоректену тәсiлi. Сыртқы ортаның абиотикалық факторларынан қорғану белгiлерi. Жыл құстарының қоныс аударуы, өсiмдiктердiң қысқы тыныштық күйi, күн жылуына орай көбею әрекетiнiң жүруi.


Бейiмделушiлiктiң пайда болу механизмi. Бейiмдеушiлiк ағзалар мен сыртқы ортаның арасындағы үйлесiмдiлiк белгiсi. Бейiмделу белгiлерiнiң қалыптасуы эволюцияның элементарлы материалы – тұқымқуалайтын өзгергiштiктiң пайда болуы сұрыпталу нәтижесiнде қалыптасып отырады. Популяциядағы сыртқы орта жағдайына жауап ретiндегi фенотиптiк белгi бейiмделушiлiк әрекетiне жатпайды. Нәтижесiнде мутацияның өзiн де бейiмделушiлiкке жатқыза алмайды. Бағалы генотиптiң жиынтығы бейiмделушiлiктiң алғашқы сатысына жатады. Бейiмдеушiлiк белгiлерi бiртiндеп жеке даралардан көрiнiс берiп, толық популяцияны қамтыған кезде қалыптасқан белгi деп саналады. Бейiмделушiлiктiң қалыптасуын Ч. Дарвин табиғи сұрыпталумен толықтыра түседi. Жоғарыда келтiрiлген мысалдардан табиғи сұрыпталу барысында қалыптасқан бейiмделушiлiк белгiлерiн көремiз. Яғни, түрлердiң тiршiлiк үшiн күресте сыртқы орта жағдайына жауап ретiнде пайда болған тұқымқуалайтын өзгергiштiк белгiлерiнiң табиғи сұрыпталу нәтижесiнде қалыптасқан формаларын бейiмделушiлiк деп атаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет