Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет41/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   131
Байланысты:
Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары жән-emirsaba.org

Бейiмделушiлiк түрлерi. Бейiмделушiлiк белгiлерi қасиеттерiне қарай:
I- қарапайым (бейiмделгiш ) қорғаныштық бейiмделгiштiк белгiлерi.
II- күрделi бейiмделгiштiк белгiлерi.
I. Қарапайым қорғаныштық белгiлерi түрлердiң тiршiлiк үшiн күресте өз тiршiлiгiн сақтап қалу барысында (құрылысы) сыртқы дене құрылысындағы белгiлердiң көзге көрiнетiндей өзгеру белгiлерiн қамтиды. Жануарларда жиi өзгерiп дамып отыратын - қатқыл жабындарын жатқызуға болады. Бунақденелiлердiң хитиндi жабыны, тасбақалардың панцирi, шаянтәрiздiлердiң жабыны, молюскалардың бақалшықтары, жорғалаушылардың сүйектi қабыршақты мысал бола алады. Өсiмдiктер жасушасының қымыздық қышқылына және кальцийге және сыртқы қабаттарында кремнеземге бай болуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан қорғауда үлкен рөл атқарады. Қорғаныштық белгiлер көптеген өсiмдiктер мен жануарларда кездеседі. Мысалы, инелер мен тiкендер (кактус, итмұрын, долана т.б. кiрпiлер) Ағзалар денесiндегi түктерінен қорғаныштық белгi түрiндегi қышқылды заттарды бөлуi, мысалы, қалақай, ара шаншарлары т.б. Қарапайым (пассивтi) қорғаныштық белгiлерi ағзалардың тiршiлiк әрекетiне арай әр түрлi болып келедi.


Бүркенiш рең. Бейiмделудiң бұл түрi ашық жерлерде тiршiлiк ететiн ағзалардың жауынан қорғану белгiсi. Көптеген көбелектер, бунақденелiлер, денесiнiң әр түрлi түстi болуына сәйкес өсiмдiктер арасынан ажырату қиын. Ұясын ашық жерлерге салатын құр, шiл сияқты құстардың ұясында отырған аналығын бiрден аңғару мүмкiн емес. Қиыр солтүстiктегi жануарлардың көпшiлiгiнiң реңi ақ болып келедi – ақ аю, ақ құр т.б.
Орманды, далалы жерлерде тiршiлiк ететiн жануарлар әр түрлi жолақты, теңбелдi белгiлерiмен ерекшеленедi. Мысалы, зебр, жираф, жолбарыс, жылан т.б. түстерi мекен ортасындағы жарық пен көлеңке дақтарының тез алмасып отыруына сәйкес келедi. Бұндай бүркенiш реңнiң қалыптасуы - эволюциялық элеметарлық жағдайлар әрекетiнiң нәтижесiнде деп қарау керек. Оған мысал ретiнде кәдiмгi дәуiттi алайық. Оның алғашқы ата тегi кепкен жапыраққа ұқсамаған болуы мүмкiн. Қандайда бiр жағдайдың әсерiнен олардың тiршiлiк ортасы өзгередi делiк, тіршілік үшін күрестің нәтижесі –бейімделушілікке ие болған даралардың пішіндері мен түстері өзгере отырып, тірі қалады.Табиғатта үнемi болып тұратын мутациялық өзгергiштiктiң нәтижесiнде бiр дараның денесiнде қоңыр дақ немесе қанаттарында жапырақ жүйкелерiне ұсас иректелген сызықтар пайда болады. Құстар дәуiттi кепкен жапырақ арасынан байқауы қиынға түседi. Популяциядағы көптеген даралардың iшiнен тiршiлiк үшiн күрес пен табиғи сұрыпталудың нәтижесiнде құрғақ жапыраққа көбiрек ұқсағандары тiрi қалады, қалғандарын жаулары жеп қояды. Бұл пайдалы белгi ұзақ уақыт ұрпақтан –ұрпаққа берiле отырып, ең соңында айналадағы ортаның реңiне толық ұқсаған даралар түзiледi.


Жасырушы рең – жануарлардың дене пiшiнi мен реңi тұрғысынан айналадағы заттарға сәйкес келуi. Мысалы, теңiз, көл суларында мекендейтiн атбасы мен инебалықты ажырату да қалың балдырлар арасынан ажырату қиын. Ағаш дiңiнде кездесетiн қоңыздар, өрмекшiлер, көбелектер қияларға ұқсас болғандықтан байқалмайды.
Мүр көбелегiнiң жұлдызқұрты бұтаққа ұқсайды. Бразилияда тiршiлiк ететiн жапырақ – балық -өлi жапыраққа ұқсас, тек айырмасы реңiн өзгерте алады. Оқпақ (выпь) (Botaurus st ellaris) құсы өз ұясын қамыс арасында салады, қауiп төнгенде мойын созып, қамыс арасынан байқалмай қалады.


Сақтандырушы рең –көбiне улы және шағатын жәндiктерге тән белгi. Нгiзгi белгiлерi ашық реңдi болады. Тiршiлiк барысында өздерiн жақсы қорғауға бейiмделген түрлер жатады. Ашық түстi рең өз жауларын сақтандыру белгiсi “көру мен қателiк ” жасау нәтижесiнде, сақтандыру реңiн қатты есте сақтауға жаттығады.
Мысалы, сары ала жолақты аралар, қызыл жолақты тропикалық улы жылан, қараұрт. Сақтандырушы рең – эволюцияның элементарлы факторы, өзiнiң де, басқа түрдiң де тiршiлiгiн сақтап қалуда маңызды роль атқарады. Қара қоңыз, кобра жыланы, түктi бүйi, шамшат айырқұйрығының жұлдызқұрты, палщты кесiртке т.б.


Қорғаныш рең (мимикрия) – қауiпсiз, жәндiктердiң пiшiнi, реңi, мiнез –қылығы тұрғысынан улы шағатын қауiптi жәндiктерге ұқсастығы. Мысалы, кейбiр шыбындардың (шағатын сона) араға ұқсауы, улы емес жыланның улы жыландарға ұқсауы. Бейiмдiлiктiң бұл түрi қорғана алмайтын әр түрге жататын дараларда бiркелкi мутациялар олардың тiрi қалуына мүмкiндiк беретiн белгi деп түсiндiрiледi.
Мимикрия (ат греч mimikos -елiктеушi) мағынаны бiлдiредi.
Мимикрияның екi жағы болады. Модель (объект елiктеушi объект) және имитатор (елiктеушi).
II

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет