Эволюция ілімі табиғаттың тарихи дамуының жалпы заңдылықтары және қозғаушы күштері жайлы ілім. Эволюцияның негізгі дәуірлері



бет45/131
Дата20.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#109266
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   131
Түрдің құрылымы. Түр құрылымы оның популяциялардағы биологиялық әрекеттердiң күрделiгiне дәлел екендiгi бiзге мәлiм. Ықшам популяциядан бастап барлық популяциялар күрделi тiршiлiкте болады. Бұл күрделiлiк бiр сыпыра жағдайлармен: 1) популяцияның құрылысымен әр жылдағы өзгергiштiгiне; 2) популяцияның генетикалық ерекшелiгiне; 3) сыртқы ортаның әсерiне; 4) сыртқы жағдайлардың өзгерiсi мен популяцияның реакциясына қарап анықталады.
Жоғарыда, қарапайым эволюциялық бірлік ретінде популяция ішінде де генетикалық туыстығы бар шағын топтарды ажыруатуға болады. Жануарлар мен адам популяцияларында ондай топтарды демдер деп, ал өсімдіктерде- биотоптар деп атайды. Табиғатта популяция деңгейінен жоғары тіршілік құрылымдар болады, олар жануарлада – нәсілдертүр тармақтары делінсе, өсімдіктерде-экотиптер және түр тармақтары деп аталады.
20. Түр түзілу - микроэволюцияның нәтижесі.


Түр түзілу - тірі табиғаттағы сан алуандықтың негізгі көзі. Түр түзілу механизмі. Түр түзілудің негізгі жолдары мен әдістері. Аллопатриялық түр түзілу. Симпатриялық түр түзілу.


Түр түзілу - тірі табиғаттағы саналуандылықтың негізгі көзі. Түр түзілу - бұл шығу тегі бір тұтас түрдің екіге немесе бірнешеге бөлінуі (уақыт пен кеңістік бойынша). Басқаша айтсақ түзілу бұл- генетикалық ашық жүйенің генетикалық жабық (немесе міндетті түрдегі тұрақты) жүйеге бөлінуі. Түр түзілу түр ішіндегі тұрақты жүретін микроэволюция әрекетінің нәтижесінде жүзеге асады.
Түр түзілу механизмі. Географиялық рассалардың көбi түр мен түр тармақтарының шекарасында тұрады. Бұл оқшауланған түр тармағына жаңа түр түзiлу процесiн түсiну үшiн өте қажетті мағұлымат болып саналады. Ауыспалы түр тармақтарының өз ара бiр – бiрiнен жанасып жатқан тiзбегi шеңбер түзiп, ашық екi шеткi ұштары түйiсiп тұйықталып отырады. Бiрақ, осы шеңбердiң екi жағындағы мүшелер бiр – бiрiнен алшақтап кеткендiгi соншалық, бұлар бiр – бiрiмен будандаспайды, яғни бұлар өз алдына оқшау түр бейнесiнде болады. Осы сияқты жағдайлар құстарда жиi кездеседi.
Оқшаулаушы механизмдердiң әрекетi әр түрлi дәрежедегi популяциялардың барлығына бiрдей таралғанда ғана жаңа түр дербес бөлiнiп шығады.Осы тұрғыдан жарты түрлерге Дарвиннiң “ түрше” – “туып келе жатқан түр ” ал түр дегенiмiз – “оқшауланған түрше” деген сөздерiн қолдануға болады. Басқаша айтқанда жарты түр формалары дегенiмiз – түзiлу процесiндегi түрлер.
Түр түзiлудегi оқшаулаушы механизмнiң пайда болуы күрделi процесс, бұл әр түрлiтүрдiң дамуының түрлiше кезеңiнде болып отырады. Сонымен қатар оқшаулаушы механизмнiң өзi әр қилы болуы мүмкiн. Осыған байланысты оқшаулаушы механизмдердi мынадай төрт топқа бөледі:
1) Экологиялық – географиялық оқшаулану, 2) Экологиялық оқшаулану, 3) Механикалық оқшаулану және 4) Репродуктивтiк оқшаулану.


Экологиялық – географиялық оқшаулану. Аллоптрикалық түрлердiң бiр – бiрiмен шағылыспауы, оладың ареалдары кеңiстiк арқылы бөлiнiп бiр –бiрiмен оқшау орналасуынан емес. Әр түрлi экологиялық жағдайда меккендеушi симпатрикалық түрлерде де сондай кеңiстiктiк оқшаулану пайда болады. Бiр жерде мекендеушi түрлердiң өсiп -өнуi кезеңi тұтаспайтындықтан олардың арасында байланыс болмайтындығы белгiлi.

Экологиялық оқшаулану  бiр түрдiң еркегi мен ұрғашыларының шағылысуы алдындағы мiнез – құлқына байланысты, демек олардың түр iшiндегi қарым – қатынастарының ерекшелiктерiне байланысты.

Механикалық оқшаулану – бiр түрдiң особьтары екiншi түрдiң особьтарымен шағылысуына шағылыс аппараттарының бiр - бiрiне сәйкестенбеуiне байланысты.

Репродуктивтi оқшаулану – гаметаларының физиологиялық – генетикалық сәйкессiздiгi. Түр iшiнде түрлiше дәрежеде популяциялар қалыптасуындағы микроэволюциялық процесте осы оқшаулаушы механизмнiң бастапқы фазасы пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет