3. Мəтінді оқып, жоспарын құрыңыз.
Акционерлік қоғам (АҚ) – жарғылық қоры белгілі бір акция-
ларға бөлінген қоғам. Акционерлік қоғам құру үшін құрыл-
тай
шыларға акционерлік қоғамның құрылуы туралы хабарла-
нып, сатылымға бағалы қағаздар шығарылады жəне белгілі бір
тұлғаларға оны (бағалы қағаздарды) сатып алу тапсырылады,
сөй тіп жарғылық қор жасалады.
Акционерлік қор мүшелері акционерлер деп аталады.
АҚ-ны жеке тұлғалар да заңды тұлғалар да құруы мүмкін.
АҚ-ның ашық (Ашық акционерлік қоғам) жəне жабық (Жабық
акционерлік қоғам) деген түрлері бар. Бұлардың бірі-бірінен
айырмашылығы ЖАҚ-тың акциялары тек алдын ала белгіленген
тұлғалар (мысалы, тек оның мүшелерінінің) арасында ғана
бөлініске түседі, ал ААҚ-ның акциялары кез келген тұлғаға сатыла
береді, яғни оларға жазылу жүргізіліп, еркін сатылымға жіберіледі.
АҚ құру кезінде құрылтайшылар арасында шарт жасалып,
онда бірлескен қызмет тəртібі, жарғылық қор көлемі, акциялар
саны жəне т.б. көрсетіледі.
Құрылтай құжаты – біреу, бұл – құрылтайшылар бекітетін
жарғы.
Акционерлер толық жауапкершілікте болмайды, яғни өзіне
тиесілі акция көлеміне сəйкес ғана жауапкершілікте болады.
АҚ жоғарғы органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол
жыл сайын жүргізілуі қажет. АҚ-ның атқарушы органы – бас ди-
ректор, алқалық атқарушы органы – басқарма (дирекция). Акцио-
нерлер өзінің əр акциясы үшін түскен пайдадан дивидент түрінде
үлесін алады.
86
айырмашылығы – различие
бөлініске түседі – распределяются
жазылу жүргізіледі – объявляется подписка
бекіту – утверждать
тиесілі – принадлежащий
4. Мəтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын
анықтаңыз.
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1. Акционерлік қоғам – жарғылық
қоры акцияларға бөлінбеген қоғам.
2. Акционерлік қоғам құру үшін са
ты-
лымға бағалы қағаздар шыға ры лады.
3. Акционерлік қоғамды тек заңды
тұлғалар ғана құрады.
4. АҚ акциялары тек алдын ала бел -
гіленген тұлғалар арасында ғана бө-
лі ніске түседі.
5. ААҚ акцияларына жазылу жүр-
гізіліп, еркін сатылымға жібері леді.
6. АҚ шартында бірлескен қызмет
тəртібі, жарғылық қор көлемі, акци-
ялар саны жəне т.б. көрсетіледі.
7. Акционерлердің жауапкер-шілігі
шексіз.
8. АҚ-ның атқарушы органы – бас-
қарма, алқалық атқарушы органы –
бас директор.
5. Сұрақтар бойынша жолдасыңызбен сұхбаттасып, жолда-
сыңыздың пікірін əңгімелеп беріңіз.
Сұрақтар
Жолдасыңыздың жауаптары
1. Сізге кəсіпкерліктің қай түрі
ұнады? Себебін түсіндіріңіз.
2. Біздің елімізде жеке кəсіпкерлікті
тіркеу оңай ма?
3. Біздің елімізде заңды тұлғалардың
қызметіне не кедергі келтіреді?
4. Сіздің ойыңызша, елімізде
кəсіпкерліктің қай түрі қарқынды
дамып жатыр?
87
Х І АП ТА
1 - са б а қ
Биржа деген не?
Құнды қағаз, көтерме баға, мəміле, əмбебап, тауар биржасы, қор
бир жасы, валюта биржасы, еңбек биржасы, тараптар, делдал, тапсы-
рыс, қанағаттандыру, табыс көзі.
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
1) құнды қағаздар
а) келісімі
2) көтерме бағамен
ə) кеңесі
3) əмбебап тауар
б) нарығы
4) тараптардың
в) сату
5) делдалдың
г) беру
6) тапсырыс
ғ) шығару
2. Сөздердің синонимін табыңыз.
мəміле – ...................... құнды қағаз – ...................
тауар өндіру – ................... тараптар – ..................
3. Қажетті септеулік шылауларды қойып, сөйлемдерді то-
лық тырыңыз.
Қажетті сөздер: арқылы, гөрі, жайында, тарта, қарағанда.
Бұл қор биржасында мыңға ............... адам жұмыс істейді. Сізде
серіктестіктің құрылтайшылары ............... қандай мəліметтер
бар? Ол кəсіпкерлікпен айналысу .............. өзінің қоғам алдында-
ғы жауапкершілігін түсінді. Құнды қағаздардың бағасы өткен ап -
та ға ................ көтеріліпті. Саған ұзақ мерзімді іссапарға бар ған-
нан ............... сапарға тез барып келген ұнайтын сияқты.
4. Сөйлемдерді «бірақ» немесе «алайда» шылауымен толық-
тырыңыз.
Бұл компанияның құнды қағаздары жоғары сұранысқа
ие, .................... қазір оған қаржы дағдарысы ықпал етіп жатыр.
Ол делдалдың ұсынысын қабылдайтынын айтты, ...................
өзі əлі де бір шешімге келе алмай тұр. Сіздің құнды қағаз сатып
алғаныңыз дұрыс, .................. тəуекелдің де бар екенін ұмытпаңыз.
88
Сіздердің компанияларыңыз тұтынушыларға əмбебап тауар
лар
ұсынды, ................... тауарларыңыз оларды қанағаттандырды ма?
Сіз кəсіпкерлік қызметпен айналысамын деп шештіңіз, ..................
оның қиындықтары туралы ойладыңыз ба?
5. Мəтінді оқып, жоспар құрыңыз.
Биржа (лат. вursa – əмиян) – сұраныс пен ұсыныстың ара-
қа
тынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ,
жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-
сауда мəмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың
жиналатын орны.
Биржалар 15-16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы
Бир жалар əмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған
Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді.
Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты биржалар
тауар биржасы, қор биржасы, валюта биржасы, еңбек биржасы,
т.б. болып бөлінеді.
Компьютерлендіру дəуірі басталғанға дейін тараптар ауыз-
ша мəміле жасасатын болған. Ал қазір қаржы-сауда мəмілелері
негізінен электронды түрде арнайы бағдарламаларды пайда-
лану арқылы жүргізіледі. Делдалдар өз мүддесі немесе тұтыну-
шыларының мүддесі үшін сауда жүйесіне құнды қағаздарды
(валюталарды, тауарларды) сатып алу немесе сатуға тапсырыс
шы ғарады. Бұл тапсырыстар басқа саудагерлердің қарсы тапсы-
рыстарымен қанағаттандырылады. Биржа жасалған мəмілелерді
есепке алып, əрбір жасалған мəміле үшін комиссиялық алым ала-
ды. Бұл олардың негізгі табыс көзі болып табылады. Уикипедия.
6. Берілген сөйлемдерге мағынасы сəйкес келетін сөйлемдер-
ді табыңыз.
1) Биржа тауарларды, құнды қағаздарды, жұмыс күшін
көтерме бағамен сатуды ұйымдастырады.
А) Биржаның қызметі – тауарларды, құнды қағаздарды, жұмыс
күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру.
Ə) Биржа тауарларды, құнды қағаздарды, жұмыс күшін
қымбат бағамен сатуды ұйымдастырады.
Б) Биржаның қызметі – тауарларды, құнды қағаздарды, жұмыс
күшін арзан немесе қымбат бағамен сату.
2) Алғашқы биржалар əмбебап сипатта 15-16 ғасырларда
пайда болды.
89
А) Соңғы үлгідегі биржалар əмбебап сипатта 15-16 ғасырларда
пайда болды.
Ə) Əмбебап сипаттағы алғашқы биржалар тарихы 15-16
ғасырларда басталады.
Б) Бір ғана тауар түрін сатуды көздейтін алғашқы биржалар
əмбебап сипатта 16-17 ғасырларда пайда болды.
3) Компьютерлендіру дəуірі басталғанға дейін тараптар
ауызша мəміле жасасатын болған.
А) Компьютерлендіру дəуірі басталғанға дейін екі жақтың
келісімі ауыздан-ауызға тарайтын болған.
Ə) Компьютерлендіру дəуірі басталғанға дейін екі жақ ауыз-
ша келісімге келетін болған.
Б) Компьютерлендіру дəуірі басталғаннан кейін тараптар ау-
ызша мəміле жасасатын болған.
4) Қазір қаржы-сауда мəмілелері негізінен электронды
түрде арнайы бағдарламаларды пайдалану арқылы жүр гізі-
леді.
А) Қазір қаржы-сауда келісімдерін жасаудың электронды түр-
дегі бағдарламалары көп.
Ə) Қазір қаржы-сауда мəмілелері негізінен қағаз нұсқадағы
арнайы бағдарламаларды пайдалану арқылы жүргізіледі.
Б) Қазір көп жағдайда қаржы-сауда мəмілелері электронды
түрде арнайы бағдарламаларды пайдалану арқылы жүргізіледі.
5) Құнды қағазды сатып алуға берілген тапсырыс сату-
шының қарсы тапсырысымен қанағаттандырылады.
А) Құнды қағазды сатып алуда екі жақ та тапсырыс береді.
Ə) Тұлғалардың құнды қағаз сатып алуға берген тапсырысы
сатып алушының қарсы тапсырысымен қанағаттандырылады.
Б) Құнды қағазды сатып алуға берілген тапсырыс делдалдың
қарсы тапсырысымен қанағаттандырылады.
2 - са б а қ
Қор биржасының қызметі
Қор биржасы, жергілікті өкімет органдары, алғашқы иегер, орта-
лықтандырылған орын, бос ақша құралдары, шоғырландыру, меншік құ-
қығы, ықпал ету, жариялылық, кепілдік.
90
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлем құраңыз.
Үлгі: Қор – биржа. – Қор биржасы. Қор биржасы құнды қағаз-
дарды сату, сатып алуды ұйымдастырады.
2. Берілген сөйлемдерді кеңейтіңіз.
Құнды қағаздар сатылады. Келіссөз жүргізіледі. Мəміле жаса-
лады. Кепілдік беріледі.
3. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдердің екінші сы-
ңар ларын табыңыз.
1) Қазір əлемдегі биржалардың барлығы əмбебаптық сипатын
жоғалтты, ...
2) Құнды қағаздарын сатуға тапсырыс берді, ...
3) Делдалдар тұтынушылар мүддесі үшін жұмыс істейді, ...
4) Жеке кəсіпкерлікті тіркеу қиын емес, ...
5) Серіктесіңіздің ұсынысын қабылдамауыңызға болады, ...
А) ... бірақ сатып алуға тапсырыс əлі түскен жоқ.
Ə) ... бірақ жауапкершілігі шексіз.
Б) ... алайда əмбебаптық сипатын сақтап қалған биржалар да
жоқ емес.
В) ... алайда іскери қарым-қатынасты сақтау қажет.
Г)... алайда өз мүддесін де ұмытпайды.
4. Берілген сұрақтарды мəтіннің баяндалу ретімен орналас-
тырып, жауап беріңіз.
А) Қор биржасы биржалық сауданың жариялылығын, ашық-
тығын қамтамасыз ете ме?
Ə) Қор биржасы қайда жасалған мəміленің орындалуына
кепілдік береді?
Б) Құнды қағаздар нарығы неге байланысты өзгеріп тұрады?
В) Қор биржасында жасалатын мəмілелердің қандай түрлері
бар?
Г) Қор биржасы қандай бағаны анықтайды?
Қор биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік
емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мəміле-
лер жүргізіледі. Қор биржасында жасалатын мəмілелер кассалық
мəміле (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2-3 күн ішінде
91
төленеді) жəне мерзімдік мəміле (акциялардың ақшасы 1 ай
ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздар нарығы сұраныс
əсеріне, дивиденд көлеміне жəне пайыз мөлшеріне қарай өзгеріп
тұрады.
Қор биржасының негізгі міндеттері:
• құнды қағаздардың алғашқы иегерлеріне сатылуын жəне
сондай-ақ екінші рет сатылуын жүргізуге болатын орталық тан-
дырылған орындар ұсыну;
• тепе-тең биржалық бағаны анықтау;
• уақытша бос ақша құралдарын шоғырландыру жəне меншік
құқығын беруге ықпал ету;
• биржалық сауданың жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз
ету;
• төрелікті (арбитражды) қамтамасыз ету;
• биржа залында жасалған мəміленің орындалуына кепілдікті
қамтамасыз ету;
• биржа саудасына қатысушыларға арналған этикалық стан-
дарттарды, кодексті дайындау. Уикипедия.
5. Берілген əр сөйлемге 5 сұрақтан қойыңыз.
1) Қор биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемле-
кеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мə-
мілелер жүргізіледі.
2) Қор биржалары уақытша бос ақша құралдарын шоғыр лан-
дырады.
3) Қор биржасы биржа саудасына қатысушыларға арналған
этикалық стандарттарды дайындайды.
3-сабақ
Нью-Йорк қор биржасы туралы не білеміз?
Қаржы қуаттылығы, нышан, өнеркəсіптік компания, танымал,
бағасы белгілену, капиталдандыру, төраға, өкіл, жариялану.
1. Сөздердің синонимдерін жазыңыз.
орындау – .................... баға – ....................
92
қуатты – .................... танымал – ....................
іссапар – .................... тауар – ....................
2. Берілген сөздермен түбірлес сөздер жасап, сөз тіркесін құ-
раңыз.
құн – ....................., ...................., ......................
белгі – ...................., ...................., .....................
анық – ....................., ...................., ....................
көтерме – .................., ..................., ...................
3. Берілген тақырыпшаларды мəтіннің баяндалу ретімен ор-
на лас тырыңыз.
А) Нью-Йорк қор биржасының құрылуы
Ə) Биржа қызметі туралы
Б) Əлемдегі ең ірі биржа
В) Қордың директорлар кеңесінің құрамы туралы
В) Нью-Йорк қор биржасы қызметіндегі қазіргі өзгерістер
Г) Қордың жекеменшік сипатын жоғалтуы
Нью-Йорк қор биржасы – əлемдегі ең ірі жəне АҚШ-тың
бас қор биржасы, АҚШ-тың қаржы қуаттылығының жəне жал-
пы қаржы индустриясының нышаны. Бұл биржада өнеркəсіптік
компаниялар үшін бүкіл əлемге танымал Доу-Джонстың индексі
анықталады.
1972 жылдың 17 мамырында лондондық əріптестері сияқты
кофеханаларда мəміле жасап, қаржы құралдарымен жұмыс істеп
жүрген 24 нью-йорктік брокер Нью-Йорк қор биржасын құру ту-
ралы құжатқа қол қойды.
1975 жылдан бастап 1366 жеке мүшелерінің меншігінде болған
коммерциялық емес корпорацияға ауысты. Корпорациядағы
мүшелердің орындары сатылатын жəне əрбір орынның құны 3
миллион АҚШ долларына тең болды.
Биржада акциялармен, басқа да құнды қағаздармен опе-
рациялар жүргізіледі. Биржада 3 мыңнан астам компанияның
бағалы қағаздарының бағасы белгіленеді. НЙҚБ-да сауда-саттық
жүргізетін компаниялардың капиталдандыруы 2006 жылдың
соңына қарай $26,5 трлн. құрады.
НЙҚБ директорлар кеңесінің құрамына төраға, президент,
биржаның он мүшесі жəне iскерлер тобының он өкiлi кіреді.
93
2006 жылдың маусым айында Нью-Йорк қор биржасының
еуропалық Euronext қор биржасымен қосылатыны туралы жария-
ланды. Сөйтіп 2007 жылдың 4 сəуірінде НЙҚБ Euronext қор бир-
жасымен бірікті. Уикипедия.
4. Мəтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын
анықтаңыз.
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1. Нью-Йорк қор биржасы – əлем-
дегі ең тұңғыш биржа.
2. Нью-Йорк қор биржасында
таны
мал Доу-Джонстың индексі
анық талды.
3. Нью-Йорк қор биржасын құру
туралы құжатқа 17 нью-йорктік
брокер қол қойды.
4. 1366 жылы коммерциялық емес
корпорация болды.
5. 1975 жылдан бастап корпора ция-
дағы мүшелердің орны сатылатын
болады.
6. Нью-Йорк қор биржасында əр-
түр лі тауарлар сатылады.
7. Нью-Йорк қор биржасында 3
мыңнан астам компанияның бағалы
қағаздарының бағасы белгіленеді.
8. 2007 жылы НЙҚБ Доу-Джонс
қор биржасымен бірікті.
5. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз.
1. Меншік, ықпал, биржасы, етеді, құқығын, қор, беруге.
2. Қамтамасыз, қор, міндеттерінің, бірі, төрелікті, ету, бир жа-
сының, негізгі.
3. Деп, акциялардың, аталады, ақысы, ай, ішінде, мерзімдік,
бір, мəміле, төленсе.
4. жасалған, алады, биржа, əрбір, үшін, комиссиялық, мəміле,
алым.
94
Х І І АП ТА
1 - са б а қ
Отандық тауар өндірісін дамыту қажет пе?
Отандық өндіріс, бəсекеге қабілетті, өндіруші өнеркəсіп, жолдау,
ішкі нарық, есебінен, тасымалдау.
1. Сөйлемдерді кеңейтіңіз.
Өндірісті дамытады. Тапсырыстарды қабылдайды. Тауарлар-
ды тасымалдайды. Бəсекеге қабілетті болады.
2. Бөлшектік сан есімдерді жазумен жазыңыз.
26,5; 43,2; 87,6; 88,1; 34,9; 0,1; 0,63; 1/3; 7/9.
3. Көмектес септігінің жалғаулары мен шылауларын қойып,
сөйлемдерді толықтырыңыз.
Отандық тауар өндірісі.......... (қатар, бірге, қоса) ............... оны
экспорттауды да ойалуымыз қажет. Тұтынушылар үшін тауардың
сапасы.......... (қатар, бірге, қоса) ............... бағасы да маңызды.
Делдалдар акцияны сатушылар.......... (қатар, бірге, қоса)
............... сатып алушыларға да қызмет көрсетеді. Бізді олардың
компанияларының жарғылық қорының көлемі.......... (қатар, бір ге,
қоса) ............... директорлар кеңесінің құрамы да қызықтырады.
Биржа жасалған мəмілелерді есепке алу.......... (қатар, бірге, қоса)
олар үшін комиссиялық алым алады.
4. Мəтінді оқып, септік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыз.
Олардың қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын анықтаңыз.
Бүгінде бəсекеге қабілетті тауарлардың, жұмыстардың жəне
қызметтердің отандық өндірісін дамыту Қазақстан Респуб лика-
сының стратегиялық міндеттерінің бірі болып отыр. Қазақстан
экономикасының құрылымында өндіруші өнеркəсіп жыл сайын
өсіп келеді. Алайда отандық тауар өндірісі əлі де төмен деңгейде.
Мəселен, 2009 жылғы көрсеткіштер бойынша, отандық тауар са-
95
тып алу 43,2%, жұмыс сатып алу 88,1%, қызмет сатып алу 87,6%
құраған.
Ел ба сы ның 2010 жылғы халыққа Жолдауында «2014 жылға
қарай ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларының 80 пайызын
отандық өнім дер құрауы тиіс» деген тапсырмасы бəрімізге мəлім.
Мамандардың зерттеулері көрсеткендей, ішкі на рықты нан, сүт,
ет секілді отандық өнімдердің есебінен 80 па йыз ға толтыруға бо-
лады. Ал технологиялық жағынан өңдеуі күрделі тауарлар көбіне
шетелден тасымалданады. Сон дықтан бүгінде отандық өндірісті
көтеру мем лекеттің жан-жақты қолдауын барынша қажет етеді.
5. Мəтін бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
1) Бүгінде бəсекеге қабілетті отандық өндірісті дамыту
............................ .
а) жолында;
ə) елімізде жоқ;
б) еліміздің стратегиялық міндеті.
2) Қазақстан Республикасының экономикалық құрылымында
........................... төмен деңгейде.
а) тауар өндірісі;
ə) өндіруші өнеркəсіп;
б) қызмет көрсету.
3) 2009 жылғы көрсеткіштер бойынша ................
87,6% артқан.
а) тауар сатып алу;
ə) жұмыс сатып алу;
б) қызмет сатып алу.
4) 2014 жылы ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларының 80
пайызын ..................... құрауы тиіс.
а) шетелдік тауарлар;
ə) аралас тауарлар;
б) отандық тауарлар.
5) Технологиялық жағынан өңдеуі күрделі тауарлар көбіне
.................... тасымалданады.
а) Қытайдан;
ə) шетелден;
б) АҚШ-тан.
96
6. Берілген əр сөйлемге 5 сұрақтан қойыңыз.
1. Бəсекеге қабілетті тауарлардың, жұмыстардың жəне қыз-
мет тердің отандық өндірісін дамыту Қазақстан Республи
касы-
ның стратегиялық міндеттерінің бірі.
2. 2009 жылғы көрсеткіштер бойынша, отандық тауар сатып
алу 43,2 пайызды құраған.
3. Бүгінде отандық өндірісті көтеру мем лекеттің жан-жақты
қолдауын барынша қажет етеді.
2 - са б а қ
«Алтын сапа» сыйлығы
Сыйлық, арттыру, жарлық, жүлде, байқау, көрме, ескеру, үздік, нə-
ти
же, енгізу, сұранысты қанағаттандыру, шағын кəсіпкерлік, орта
кəсіпкерлік, ірі кəсіпкерлік, нысан, санат, аталым, өндірістік тауарлар,
халықтық тауарлар, қару-жарақ пен əскери техника өндірісі, бəсеке.
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
1) президенттің
а) сыйлық
2) мемлекеттік
ə) қатысу
3)
байқау
б)
санатты
4) көрмеге
в) жарлығы
5) жүлдегер
г) өткізу
6)
жоғары
ғ)
атану
2. Берілген сөздерден туынды сөздер жасап, сөз тіркесін құ-
раңыз.
сыйлау – ........................ көру – ........................
жүлде – ........................ нəтиже – ........................
халық – ........................ əскер – ..........................
техника – ....................
кəсіпкер – ......................
3. Сөздердің антонимін табыңыз.
жоғары – ...................... отандық – ......................
сұраныс – .................... жеңу – ...........................
ішкі – ....................
ұзақ мерзімді – .....................
97
4. Мəтінді оқып, жоспар құрыңыз.
Қазақстан өнім сапасын арттыруға ерекше ықылысты ел.
Елімізде өндірілетін өнімдердің, тауарлардың, көрсетілетін
қыз меттердің сапасын арттыру, Қазақстан нарығын жоғары са-
палы жəне бəсекеге қабілетті ету мақсатында Қазақстан Рес-
пуб
ликасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2006 жылғы 9
қазандағы №194 Жарлығына сəйкес «Алтын сапа» жүлдесі
тағайындалды. Осыған орай, жыл сайын Қазақстан Республика-
сы Президентінің «Алтын сапа» байқауын жəне «Қазақстанның
үздік тауары» республикалық байқау-көрмесін өткізу белгіленді.
2009 жылдан бастап байқау қазіргі заманғы менеджменттің даму
тенденцияларын ескеретін жəне сапа бойынша Еуропа сыйлығы
үлгісімен үйлестірілген жаңа үлгі бойынша өткізіледі.
Байқауға қатысудың негізгі критерийлері өнім өндіруде,
қызмет көрсетуде жоғары нəтижелерге қол жеткізу, бəсекеге
қабілеттілікті арттыру, сапаны басқарудың тиімді əдістерін пай-
далану, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушылардың
сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
«Алтын сапа» сыйлығы «Шағын жəне орта кəсіпкерлік ны-
сандары», «Ірі кəсіпкерлік нысандар» деген екі санат бойынша
үш аталыммен өткізіледі:
1. «Үздік өндірістік тауарлар»;
2. «Үздік халықтық тауарлар»;
3. «Үздік қызмет саласындағы тауарлар».
Сыйлыққа ие болу үшін Қазақстан Республикасы аумағында
тауар өндіретін, қызмет көрсететін (қару-жарақ пен əскери тех-
ника өндірісін есептемегенде) заңды тұлғалар өзара бəсекеге түсе
алады.
5. Мəтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын
анықтаңыз.
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1. Қазақстан өнім сапасын арттыруға
ерекше мəн береді.
2. «Алтын сапа» жүлдесін тағайындаудың
басты себебі – отандық өнімдердің сапа-
сын арттыру.
7-742
98
3. «Алтын сапа» жүлдесі ҚР Заңына
сəйкес тағайындалды.
4. «Алтын сапа» байқауы екі жылда бір
рет өткізіледі.
5. 2009 жылдан бастап байқау жаңа үлгі
бойынша өткізіледі.
6. «Алтын сапа» сыйлығы үш санат бой-
ынша беріледі.
7. «Алтын сапа» байқауы екі аталым бой-
ынша өткізіледі.
8. Байқаудың «Үздік шетелдік тауарлар»
деген аталымы бар.
9. Байқауға ҚР аумағында тауар өндіретін,
қызмет көрсететін заңды тұлғалар қатыса
алады.
10. Байқауға қару-жарақ пен əскери тех-
ника өндіретін заңды тұлғалар да қатыса
алады.
Достарыңызбен бөлісу: |