ÆÎҒÀÐÛ ÎҚÓ ÎÐÛÍÄÀÐÛÍÛҢ ҚÀÓÛÌÄÀÑÒÛҒÛ Ø. Ì. Áàғèåâà ²ÑÊÅÐÈ ҚÀÇÀҚ Ҳ˲ Алматы, 2012


Сауалнама сұрақтарына берген жауаптарыңызды қалау



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата30.01.2017
өлшемі0,63 Mb.
#3032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4. Сауалнама сұрақтарына берген жауаптарыңызды қалау 
рай формасына қойып, «Менің келіссөз жүргізу стилім» деген 
тақырыпта əңгімелеңіз. 
Үлгі:  Келіссөз кезінде  объективті критерийлердің қолда ны-
луын талап еткім келеді... 
5. Берілген əр сөйлемге 5 сұрақтан қойыңыз.
1) Өзімшіл менеджер келіссөз кезінде серіктесіне қысым 
көрсетеді.
2) Білікті менеджер келіссөз жүргізудің стратегиясын, əдіс-
тəсілдерін білуге міндетті.
3) Əрбір басшының қалыптасқан келіссөз жүргізу стилі бар.

72
І Х   АП ТА
1 - са б а қ
Бизнес дегеніміз не?
Пайда табу, экономикалық қызмет, жеке кəсіпкер, кіріс кіргізу, ма-
те риалдық қажеттілік, рухани қажеттілік, қанағаттандыру, көмек 
көрсету, салық төлеу.
1. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құ-
раңыз.
..................., ..................., .................... бизнес
..................., ..................., .................... қызмет
..................., ..................., ................... кəсіпкер
..................., ..................., ................... пайда
2. Түбірлес сөздер жасаңыз.
Зат есім
Сын есім
Етістік
пайда
жоспарлы
қаржыландыру
өнімді
3. Сөйлемдерді атау септігінің шылауларымен толық ты ры-
ңыз. 
Керекті шылаулар: туралы, жайында, сайын, үшін, сияқты, 
бойынша.
Əрбір құрылымдық бөлімше бастығы жоспар ..................... есеп 
береді. Біздің қызметкерлеріміз жыл ................... біліктіліктерін 
көтереді. Сіз бизнес .................... тағы не білесіз? Салық төлеу 
ережелері ..................... қайдан білуге болады? Сіз ..................... 
табысты кəсіпкер болу үшін не істеу керек? Іскерлік сапар сəтті 
болуы ................. нені ескеру қажет?
4. Мəтінді оқып, «Бизнес дегеніміз не?» деген тақырыпта 
сұхбаттасыңыз.
Бизнес (ағылш. busіness – кəсіпкерлік, сауда-саттық) – пайда 

73
табуға бағытталған əрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі;  
жеке кəсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі. 
Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе 
оты 
рып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің 
материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, соны-
мен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес 
қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, 
экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен 
түс кен табыстан салық жəне басқа да алымдар төлеу жəне оларды 
қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, əлеуметтік көмек көрсету 
нəтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген əлеуметтік жəне 
басқа да мəселелерді өкімет бағдарламаларының шеңберінде, со-
нымен қатар дербес шешуге де қатысады. Уикипедия.
5. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз.
1) Қоғам, мен, мүшелерінің, бизнесті, үшін, ескеру, қажет, сұ-
ра нысы, ұсынысын, дамыту. 
2) Рухани, адамның, материалдық, мүмкіндік, береді, қажет ті-
ліктерін, бизнес, қанағаттандыруға. 
3) Əлеуметтік, көрсетеді, қоғамға, бизнес, өкілдері, көмек. 
6. Берілген əр сөйлемге 5 сұрақтан қойыңыз.
1) Бизнес – пайда табуға бағытталған əрекеттің, экономикалық 
қызметтің бір түрі.
2) Бизнес бір істен кіріс кіргізуге мүмкіндік береді. 
3) Бизнес экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту 
арқылы қалыптасады. 
2 - са б а қ
Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі
Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі, өкіл, басымдық, аталым, 
сыйлық, кəсіпорын, күміс иегер, қайырымдылық жоба, демеуші, қолдау 
көрсету, əкімдік, ынтымақтастық, корпоративтік қор.

74
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
жауапкершілігі ................, ................, ................. 
....................., ......................, ....................... жоба 
..................., ..................., ................... кəсіпорын
əлеуметтік .................., ..................., ................... 
2. Сөздердің синонимін жазыңыз. 
қайырымды – ................ кіріс кіргізу – ................
көмек көрсету – ............ кішкентай – ...................
3. Берілген сөйлемдердің баяндауышын нақ осы шақ форма-
сы на қойыңыз.
Үлгі:  Елімізде шағын бизнес өкілдеріне қолдау (көрсетілу, 
жатыр). – көрсетіліп жатыр.
Ол бұл бизнестен үлкен пайда (табу, жатыр) ................ . Мен 
қазір мəжілісте (отыр) ............... . Сіз іссапарда (жүр) ................ бе? 
Олар біздің ұсынысымызды (қабылдамау, отыр) ................ . Біздің 
компания байқауға екінші жыл (қатысу, отыр) ................ . Сіз-
дердің компанияларыңыз бұл жолы сыйлық (алу, жоқ) ................ . 
4. Мəтінді оқып, атау септігінің шылаулары бар тіркестерді 
теріп жазыңыз. 
Елімізде бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі бизнес өкіл-
дерінің басты басымдықтарының біріне айналып келеді. 
Осы ұс 
танымды ұстанып келе жатқан компаниялардың бірі – 
«ПетроҚазақстан» компаниясы. 
«ПетроҚазақстан» компаниясы 2011 жылы бизнестің əлеу-
меттік жауапкершілігін дамыту үшін өткізілген «Эколо 
гия-
ға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша Қазақстан Респуб-
ли 
касының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Алтын Парыз» 
сыйлығын алды. Ал 2008 жылы  компания «Ең жақсы əлеуметтік 
жауапты кəсіпорын» аталымының күміс жүлдегері болды. 
«ПетроҚазақстан» – Қазақстандағы əлеуметтік жəне қайы-
рым дылық жобаларының аса ірі демеушілерінің бірі, ол осы 
жобаларды іске асыруға елеулі инвестициялар құйып отырады. 
Аймақтарға тұрақты негізде əлеуметтік қолдау көрсету үшін 

75
Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының əкімдіктері 
мен арадағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 
Компания Қызылорда облысының əкімдігімен бірлестікте 
құрылған «Демеу» корпоративтік қорын құруда өзекті рөл атқа-
рады. «Демеу» аймақта жұмыс істейтін түрлі мұнай-газ компа-
ниялары бөлетін қаражатты біріктіру арқылы əлеуметтік мəні 
бар жобаларды, атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру, 
мəдениет пен спорт салаларының жобаларын қаржыландыруға 
бағытталған. 
Компания дарынды жастарға қолдау көрсетуге де зор үлес 
қосып келді. 2005 жылдан бері қазақстандық білімді жастардың 
Қазақстанның, Қытайдың Қазақстан-Британ техникалық уни вер-
ситеті, Қазақстанның менеджмент, экономика жəне болжау ин-
ституты, Қытай мұнай университеті (Пекин) секілді жоғары оқу 
орындарында бакалавр бағдарламасы бойынша білім алуларын 
қаржыландырып келеді. Сондай-ақ Қызылорданың медициналық 
жəне агротехникалық колледждерін бітірген түлектерінің Қа-
зақ стан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуына 
пəрменді қолдау көрсетуде.
5. Берілген сөйлемдерге мағынасы сəйкес келетін сөйлемдерді 
табыңыз. 
1) Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі бизнес өкілдерінің 
басты басымдықтарының біріне айналып келеді.
А) Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі бизнес өкілдерінің 
басты кемшіліктерінің біріне айналып келеді.
Ə) Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі бизнес өкілдері үшін 
маңызды нəрсеге айналып келеді.
Б) Бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі бизнес өкілдерінің ба-
сты басымдығына айналмайды.
2) «ПетроҚазақстан» компаниясы бизнестің əлеуметтік 
жауапкершілігі бойынша бірнеше рет сыйлық иегері атанды.
А) «ПетроҚазақстан» компаниясы бизнестің əлеуметтік ба-
сымдығы бойынша бірінші рет сыйлық иегері болды.
Ə) «ПетроҚазақстан» компаниясы бизнестің əлеуметтік кем-
шілігі бойынша бірнеше рет сыйлық алды.
Б) «ПетроҚазақстан» компаниясы бизнестің əлеуметтік жа-
уап кершілігі бойынша екі рет сыйлық иегері болды.

76
3) «ПетроҚазақстан» еліміздегі əлеуметтік, қайырым ды-
лық жобаларға жиі демеушілік етеді.
А) «ПетроҚазақстан» еліміздегі əлеуметтік, қайырымдылық 
жобаларға жиі қаржылай көмек көрсетеді.
Ə) «ПетроҚазақстан» еліміздегі əлеуметтік, қайырымдылық 
жобаларға жиі демеушілік ете алмайды. 
Б) «ПетроҚазақстан» шетелдегі əлеуметтік, 
қайырымдылық жобаларды жиі қаржыландырады.
4) «Демеу» корпоративтік қоры əлеуметтік жобаларды 
қаржыландыруға бағытталған.
А) «Демеу» корпоративтік қоры əлеуметтік жобаларды қар-
жыландыруды көздейді.
Ə) «Демеу» корпоративтік қоры коммерциялық жобаларды 
қаржыландырумен айналысады.
Б) «Демеу» корпоративтік қоры əлеуметтік жобаларды қар-
жыландырумен айналысқысы келеді.
5) Компания дарынды жастардың жоғары білім алуына 
пəрменді қолдау көрсетіп келеді. 
А) Компания дарынды жастардың кəсіптік орта білім алуына 
пəрменді қолдау көрсетіп келеді. 
Ə) Компания дарынды жастардың Қазақстан жəне Қытай жо-
ғары оқу орындарына түсуіне қолдау көрсетіп келеді. 
Б) Компания алдағы уақытта Қазақстан жастарының білім 
алуына қолдау көрсетеді. 
3 - са б а қ
Бизнес-жоспар туралы не білеміз?
Бизнес-жоспар, кəсіпорын, нарықтық орта, зерттеу, ағымдағы 
жағ   дай, өзгеріс, кедергі, жоба, іске асыру, табыс мөлшері, тиімділік, бə-
се келесу қабілеті, бəсекелестер, өнімді өткізу нарығы, қауіп-қатер, бол-
жау, қаражат, алдын алу.

77
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
1) бизнес-жоспар   
 
а) алдын алу
2) 
зерттеу 
 
   ə) 
жағдайы 
3) нарықтық ортаның  
 
б) құру
4) 
жобаны 
 
   в) 
жүргізу
5) қауіп-қатердің    
 
г) мүмкіндіктері
6) бəсекелестердің  
 
ғ) іске асыру
2. Сөйлемдерді кеңейтіңіз.
Бизнес дамып жатыр. Демеуші болды. Бизнес-жоспар құрды. 
Өз бизнесін ашты. 
3. Сөйлемдерді нақ осы шаққа айналдырыңыз.
Мен өз бизнесімді ашамын. Сіз өнімді өткізу нарығын біле-
сіз. Олар біздің мүмкіндіктерімізді ескеріп отыр. Сіздер табыс 
мөлшерін есептедіңіздер. Сендер бұл жобаны іске асыра алмай-
сыңдар. Ол қажетті қаражатты таба алмады.
4. Мəтінді оқып, сұхбат құраңыз.
Бизнес-жоспар – кəсіпорынның алдына қойған экономикалық 
мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен əдіс-
тəсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта 
жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, 
болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан 
түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, 
көбінесе, банктен кредит алу жəне оның қайтарылуын қамтамасыз 
ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кəсіпорынның 
стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы 
жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нəтижесі көрсетілген 
жалпы сипаттамадан жəне он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен 
тұрады:
1) жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері 
жəне олардың бəсекелесу қабілеті сипатталады;
2) тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, 

78
өнімді өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға 
анықталады;
3) бəсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) 
туралы мəліметтер талданады;
4) маркетингтік зерттеу нəтижелері (тауарларды өткізу жəне 
баға саясаты, өнімді сатуды ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сара-
ланады;
5) өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланы-
стар, өндірістік шығындарды азайту жəне өнім сапасын жақсарту 
əдістері айқындалады;
6) ұйымдастыру-басқару жұмыстары жəне қызметкерлермен 
жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
7) жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық 
құжаттар жасалады;
8) жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау жəне 
оның алдын алу шаралары қарастырылады;
9) жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері 
жи нақ талып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақ-
тыланады;
10) қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы 
қайдан, қанша мөлшерде ала алады жəне жоба қандай мөлшер-
де пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде 
қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. 
Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының 
жалпы балансын айқын бейнелейді. Уикипедия.
5. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз. 
1) Нарықтық, зерттеледі, ортаның, бизнеспен, жағдайы, үшін, 
жан-жақты, айналысу.
2) Банктен, көбінесе, бизнес-жоспар, несие, үшін, жасалады, 
алу.
3) Жобаның, бизнес-жоспарда, көрсету, мен, қажеттілігін, 
тиім ділігі, қажет.
4) Қауіп-қатердің, бизнеспен, кезінде, кездесетін, алдын, 
шара лары, алу, айналысу, көрсетіледі.

79
6. Сұрақтар бойынша жолдасыңызбен сұхбаттасып, жолда-
сыңыздың пікірін əңгімелеп беріңіз.
Сұрақтар
Жолдасыңыздың жауаптары
1. Сіздің бизнеспен айналысқыңыз 
келе ме?
2. Өз бизнесіңізді ашсаңыз қаржыны 
қайдан аласыз?
3. Бизнесіңізді қай салада жүргізгіңіз 
келеді?
4. Сіз үшін бизнестің əлеуметтік жа-
уапкершілігі маңызды ма?

80
Х   АП ТА
1 - са б а қ
Жеке кəсіпкерлік
Жеке кəсіпкерлік, жеке кəсіпкер, ашу, тіркеу, заңды тұлға, ЖШС, 
АҚ, қайта ұйымдастыру, жалдау, жеке куəлік, СТН, Əлеуметтік 
жеке код (ƏЖК), Əділет басқармасы, Статистика басқармасы, Салық 
комитеті, өкілдік.
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
1) жеке кəсіпкерлікті 
а) артықшылықтары
2) заңды тұлғаның 
ə) көшірмесі
3) жеке куəліктің   
б) ашу
4) жұмысшылар   
в) тіркеу
5) 
салық 
  г) 
жалдау
6) өкілдігін 
 
ғ) төлеу
2. Қысқарған сөздерге қосымшалардың дұрыс жалғануын 
көрсетіңіз. 
Несие алу үшін (ƏЖКнің, ƏЖК-нің, ƏЖК-ның) көшірмесі 
қажет пе? (БҰҰ-дың, БҰҰ-ның, БҰҰның) қазіргі хатшысы кім? 
Мен (ХБАда, ХБА-на, ХБА-да) оқимын. Қазақстан (ТМД-ға, 
ТМДқа, ТМД-ге) қай жылы мүше болды? «ПетроҚазақстан» 
компаниясы (ҚБТУ-дың, ҚБТУдың, ҚБТУ-ға) студенттеріне 
демеушілік етіп келеді. 
3. Мəтінді оқып, төмендегі мəтін мазмұны бойынша ақпарат-
тарды баяндалу ретімен орналастырыңыз.
1)  Бухгалтерлік есеп жүргізу қиындық тудырмайды, оны 
өзіңіз де жүргізе аласыз. 
2) Жеке кəсіпкер қосылған құнға салынатын салықты 
төлемейтіндіктен, кейде заңды тұлғалармен серіктестік құра ал-
майды. 
3)  Жеке кəсіпкерлікті тіркеу үшін жеке куəлік, фотосурет, 
СТН, ƏЖК қажет.

81
4) Егер кəсіпкер болғыңыз келсе, алдымен кім ретінде 
тіркелесіз соны шешіп алу керек. 
5) Заңды тұлғаны тіркеу үшін, Əділет басқармасы, Статистика 
басқармасы жəне Салық комитетінен тіркеуден өту керек.
6) Егер сіз ЖШС ретінде тіркелген болсаңыз, оны АҚ ретінде 
қайта тіркеуге құқыңыз бар. 
7) Заңды тұлғалардың мемлекетке төлейтін салық мөлшері 
үлкен. 
Сіз өз бизнесіңізді ашқыңыз келеді, алайда неден бастауды 
білмейсіз. Ең бірінші сізге қажеті – кəсіпкерлік қызметіңізді тіркеу. 
Ол үшін алдымен сіз кім ретінде тіркелесіз, соны шешіп алыңыз: 
заңды тұлға ма (мəселен, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 
(ЖШС), Акционерлік қоғам (АҚ) немесе жеке кəсіпкер ме? 
Қайсысы жақсы: жеке кəсіпкерлік пе əлде заңды тұлға болу ма? 
Əрине, мұны əркім өзі шешкен жөн. Олай болса, біз сіздермен 
тек жеке кəсіпкерлік пен заңды тұлғаның артықшылықтары мен 
кемшіліктерін қарастырайық. 
Жеке кəсіпкерліктің артықшылықтары:
1. Жеке кəсіпкер салықты аз мөлшерде төлейді.
2. Жеке кəсіпкер бухгалтерлік есепті есепші жалдамай-ақ 
өзі жүргізе алады. Сондай-ақ бухгалтерлік есебі заңды тұлғаға 
қарағанда біршама жеңіл түрде жүргізіледі.
3. Жеке кəсіпкерлікті тіркеу оңай əрі қарапайым.
4. Жеке кəсіпкерлікті тіркеуге кететін шығын өте төмен. 
Жеке кəсіпкерліктің кемшіліктері:
1. Жеке кəсіпкердің жауапкершілігі шексіз. Егер жеке кə сіп-
кердің қарызы болса, сот шешіміне сəйкес ол барлық жеке мүл-
кінен айырылып қалуы мүмкін.
2. Кейде заңды тұлғалар жеке кəсіпкермен серіктестік құру-
дан бас тартады. Себебі жеке кəсіпкер қосылған құнға салынатын 
салықты (ҚҚСС) төлемейді.
3. Жеке кəсіпкер заңды тұлға ретінде қайта ұйым дас ты рыл-
майды.
4. Патент бойынша жұмыс істейтін жеке кəсіпкер жұмыс шы-
лар жалдауға құқы жоқ.
5. Жеке кəсіпкерге фирмалық атауын сақтау қиын.
6-742

82
Заңды тұлғаның артықшылықтары
1. Жауапкершілігі шектеулі. Сіз кредиторлар алдында ЖШС 
(не месе АҚ) үшін толық жауапкершілікте болмайсыз.
2. Егер бизнесте серіктесіңіз болса, онда сіздер ЖШС немесе 
АҚ болып, бірлескен жоспарларыңызды жүзеге асыра аласыздар. 
Бұрын ЖШС құрылтайшыларының саны 100-ден аспау керек 
болса, қазір мұндай шектеу жоқ.
3. Бір заңды тұлғаны екінші заңды тұлға түрінде қайта құруға 
болады. Мысалы, АҚ-ны ЖШС түрінде қайта құруға болады.
4. Заңды тұлға өзінің филиалын немесе өкілдігін аша алады.
Заңды тұлғаның кемшіліктері
1. Салық мөлшері үлкен.
2. Бухгалтерлік есебі мен салық есебі өте күрделі.
3. Заңды тұлғалар салық органдарының жəне сонымен қатар 
статистика органдарының алдында есеп береді.
4. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу аса күрделі. Əділет 
бас қармасы, Статистика басқармасы жəне Салық комитетінен 
тіркеуден өтуі қажет.
5. Заңды тұлғаны тіркеуге кететін шығын жеке тұлғаға қа
-
рағанда анағұрлым үлкен.
6. Заңды тұлға өз қызметінде өте көп құжаттармен жұмыс 
істейді.
Жеке кəсіпкерлікті тіркеуге қажетті негізгі құжаттар:
- жеке куəлік;
- фотосурет;
- СТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі);
- ƏЖК (Əлеуметтік жеке код) беру туралы куəлік.
5. Мəтіндегі ақпараттарды пайдаланып, жеке тұлға немесе 
заңды тұлға ретінде тіркелудің біреуін таңдап, неге таңдаға ны-
ңыз ды түсіндіріп əңгімелеңіз. 
6. Жеке кəсіпкер мен тілші арасындағы сұхбат құрасты 
-
рыңыз.

83
2 - са б а қ
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), мақсатқа қол жет-
кізу, шектеулі, келісімшарт, серіктес, серіктестік, жарғылық қор, құ-
рыл тайшы, салым құны, куəландырылады, құқықтық мəртебе, жо ғар-
ғы орган, жалпы жиналыс.
1. Үлгі бойынша сөз тіркесін жасап, сөйлемдер құраңыз. 
Үлгі: Кəсіпкер – мақсат. – Кəсіпкердің мақсаты. Кəсіпкердің 
мақсаты – пайда табу. 
ЖШС – жарғылық қор. Келісімшарт – мерзім. Құрылтайшы-
лар – жалпы жиналыс. 
ЖШС – жоғарғы орган. Салық комитеті – мекенжай. Бас ди-
ректор – қол. 
2. Барыс септігінің жалғаулары мен шылауларын қойып 
сөй лемді  толықтырыңыз. 
Түс......... (дейін, таман, жуық) .............. құрылтайшылардың 
жалпы жиналысы болды. Жеке кəсіпкер........... (қарай, қоса, 
қарағанда,) заңды тұлғаны тіркеу қиындау. Бұл компанияда 
мың......... (дейін, таман, жуық) .............. адам жұмыс істейді. 
Ол сағат он бірлер....... (дейін, таман, жуық) .............. телефон 
соқты. Қыс........ (қарай, қоса, қарағанда,) нарықта баға түседі. 
Құжаттарыңыз......... (қарай, қоса, қарағанда,) фотосуретіңізді де 
тапсырыңыз.
3. Берілген сұрақтарды мəтіннің баяндалу ретімен орналас-
ты рып, жауап беріңіз.
А) Құрылтайшылар қандай құжат дайындайды?
Ə) Келісімшартта құрылтайшылар туралы мəліметтер көр се-
тіле ме?
Б) ЖШС-тің жоғарғы органы не?
В) Серіктестіктің құқықтық мəртебесін қандай құжат бел гі-
лейді?

84
Г) Құрылтайшылардың келісімшарт бойынша жауап кер шілігі 
қандай?
Ғ) ЖШС қанша адам құрылтайшы болатын шаруашылық?
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) – бір немесе 
бірнеше адам құрылтайшы болған шаруашылық.  Жауапкершілігі 
шектеулі серіктестік ұзақ мерзімге немесе белгілі бір қажетті 
мерзімге құрылуы мүмкін.
Сол бір белгілі мерзімде мақсатқа қол жеткізулері қажет. Құ-
рылтайшылардың арасында келісімшарт жасалады. Құрыл 
тай 
-
шылар келісімшарт бойынша  серіктестіктің жарғылық қо 
рына 
қосылған салым құны көлеміндегі шығынға жауапты болады. 
ЖШС-тің арнаулы, нақты атауы болуға тиіс. Ол құрыл тайшы-
лардың келісімшарты негізінде құрылады.
Келісімшартта ЖШС-тің толық атауы, орналасқан жері, құ-
рылтайшылар туралы толық мəлімет, жарғылық қордың көлемі, 
енгізілген салымның көлемі мен мерзімі көрсетіледі. 
Келісімшарттың шарттары құрылтайшылар үшін міндетті. Ол 
құжатқа құрылтайшылардың барлығы қол қояды. Ресми құжат 
нотариалды түрде куəландырылады. 
Серіктестіктің құқықтық мəртебесін белгілейтін жарғы да но-
тариалды түрде куəландырылуға тиіс. ЖШС-тің жоғарғы органы 
– құрылтайшылардың жалпы жиналысы.
4. Берілген əр сөйлемге 5 сұрақтан қойыңыз. 
1) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұзақ мерзімге немесе 
белгілі бір қажетті мерзімге құрылады.
2) Келісімшарттың шарттары құрылтайшылар үшін міндетті 
болады. 
3) Серіктестіктің жарғысы нотариалды түрде куəландырылады.
3 - са б а қ
Акционерлік қоғам
Акционерлік қоғам, сатылым, бағалы қағаздар, Ашық акционерлік 
қоғам (ААҚ), Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ), жарғылық қор көлемі, 
бекіту, жарғы, бас директор, алқалық атқарушы орган.

85
1. Берілген сөздермен түбірлес сөздер жасаңыз.
кəсіп – ....................., ....................., .....................
құрылтай – ...................., ..................., ...................
серік – ....................., ......................, ......................               
бəсеке – ...................., ...................., .....................
келісу – ...................., ....................., ....................              
атқару – ...................., ....................., ...................
2. Берілген сөз тіркестерімен cөйлемдер құрастырыңыз.
Акционерлік қоғамда, акционерлік қоғамның, акционерлік 
қо ғам ды, акционерлік қоғамнан, акционерлік қоғамға. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет