Басшының басқару стилі
Басқару стилі, əдіс-тəсілдер, сөйлеу мəнері, бұйрық беру, ұжым,
авторитарлық, демократиялық, либералдық, билік, жол бермеу, сын,
кеңесу, тың идея, ынталандыру, ұстаным, ұстану, біліктілік.
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
1) шешім
а) ұстану
2) пікір
ə) сенбеу
3) басшыны
б) білдіру
4) қызметкерлерді
в) қабылдау
5) стиль
г) сынау
6) қарамағындағыларға ғ) ынталандыру
2. Қажетті шылаулардың бірін қойып, сөйлемдерді толықты-
рыңыз.
Үлгі: Тауарларыңызды ......... (өте, тым, аса, ең) арзан бағаға
сатып жатырсыздар. – Тауарларыңызды тым арзан бағаға сатып
жатырсыздар.
57
Əлемдегі ......... (өте, тым, аса, ең) бай адамның бірі – Билл
Гейтс. Өзімшіл басшы басқалардың пікіріне ......... (өте, тым,
аса, ең) аз көңіл бөледі. Адамзат қоғамында айырбас сауда .........
(өте, тым, аса, ең) ерте кезде-ақ пайда болған. Біздің басшы үшін
қызметкерлердің жалақысын уақытында алуы ......... (өте, тым,
аса, ең) маңызды емес. Біздің бөлімге келген жаңа қызмет
кер
......... (өте, тым, аса, ең) білікті маман болып шықты.
3. Сөйлемдері кеңейтіңіз.
Басшы бұйрық береді. Ол қадағалайды. Басшы ұйым дас ты-
рады.
4. «Алу» көмекші етістігімен қажетті форманы жасаңыз.
Үлгі: Мен жоспарды кешке дейін (бітіру, алу). – Мен кешке
дейін жоспарды бітіре аламын.
Ол жас болса да, қарамағындағыларға бұйрық (беру, алу).
Өкінішке орай, сіз басқаларды (тыңдау, алмау). Мен мұндай жа-
уапты шешімді жалғыз (қабылдау, алмау). Бастықтың орнына
оның орынбасары (қол қою, алу). Сіздер мұндай тəртіпсіздікке
(жол беру, алмау). Біз қазір мұндай ұстаным (ұстау, алмау).
Қызметкерлер басшыға өз пікірлерін (білдіру, алу). Сен əрқашан
маған өз ұсынысыңды (айту, алу). Сіздер бүгін жұмыстан ертерек
(қайту, алу).
4. Мəтінді оқып, жоспар құрыңыз.
Басшының басқару стилі адамдармен жұмыс жүргізуде қол-
данатын əдіс-тəсілдер жүйесі арқылы қалыптасады. Басшының
басқару стилі оның қарамағындағыларға сөйлеу мəнерінен, бұй-
рық беруінен, басқаларды қалай тыңдауынан, шешім қабыл-
дауынан көрінеді. Басшының жеке жұмыс орны мен ұжымының
жұмысына қарап-ақ оның басқару стилін аңғаруға болады.
Басқару стилінің негізгі кең тараған үш түрі бар, олар:
авторитарлық, демократиялық жəне либералдық.
Авторитарлық стиль биліктің бір адамның қолында болу-
ымен сипатталады. Авторитарлық стильді ұстанатын басшы
шешімді өзі қабылдайды, қызметкерлердің өз ұсыныс, пікір-
58
лерін білдірулеріне жол бермейді. Қарамағындағылар тек оның
бұйрығын орындауы қажет, мекеме өміріне қатысты ақпараттың
бəрін білу оларға міндетті емес. Мұндай басшы өз қызметкерлеріне
сенбейді, оларға өзіне сын айтқызбайды.
Демократиялық стильді ұстанатын басшы шешім қабылдауда
өз қызметкерлерімен кеңеседі, олармен мекеме жұмысын бір-
лесіп жүргізеді, барлық ақпаратты олармен бөліседі. Ортақ істе
өз ұсыныстарын білдірген, тың идея айтқан қызметкерлерді
ынталандырып отырады. Қызметкерлерді тек басшы ғана емес,
сондай-ақ белсенділер тобы да қадағалайды.
Либералды стиль басшының өз қарамағындағылардың іс-
əрекетіне мейлінше аз араласуымен көрінеді. Басшы келісім-
шартқа отыру кезінде делдал қызметін атқарып, өз қызметкерлерін
жұмысқа қажетті ақпаратпен, материалдармен қамтамасыз етеді.
Ешқашан өзінен жоғары басшыларды сынға алмайды, бағынышты
ұстанымын ұстанғанды жөн санайды. Жұмысқа əрекетсіздік та-
нытып, бəрін өз еркімен қояды, тек жоғарыдан немесе төменнен
қысым келгенде ғана жұмысқа кіріседі. Сынды тыңдайды, бірақ
ешқандай шара қолданбайды. Мұндай басшылықтағы ол қы лық-
тар көбінесе ұжымнан бір-екі адам шығып, солардың басқа руы-
мен ғана орнына келеді.
Басқаруда бір стильді өте жақсы немесе мүлде жаман деп
қарауға болмайды. Əр стильдің өзінің қолданылатын кезі болады.
Басшы біліктілігінің көтерілуі де оның басқару стилінің өзгеруіне
əсер етеді.
6. Мəтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Басшының басқару стилін неден көруге болады?
2) Басқару стилінің қандай негізгі түрлері бар?
3) Авторитарлық стильді ұстанатын басшы өз қызметкерлеріне
сене ме?
4) Қандай басшы шешімді тек өзі қабылдайды?
5) Демократиялық стильді ұстанатын басшы қызметкерлерімен
ақпаратты бөлісе ме?
6) Қандай басшының қызметкерлері өз идеялары үшін ынта-
ландырылады?
7) Либералды басшы өз ұжымы үшін қатты уайымдай ма?
8) Қандай басшы басқаруда белсенділік танытпайды?
59
3 - са б а қ
Қазіргі заман менеджерлеріне қойылатын талаптар
Заманауи, талап, ақпараттар ағыны, көрегендік таныту, қалыптан
тыс шешім, стратегиялық, материалдық, əлеуметтік, ұйымдастыру,
өкім беру, үйлестіру, қадағалау, бақылау.
1. Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.
......................., ......................., ...................... талап
əлеуметтік ...................., ..................., ....................
....................., ....................., ................... қадағалау
..................., .................., ................. ұйымдастыру
2. «Алу» көмекші етістігімен қажетті форманы жасаңыз.
Кез келген маман біліктілігін (көтеру, алу). Басшы ретінде
тиісті шара (қолдану, алу). Біз сіздерді шикізатпен (қамтамасыз
ету, алу). Сіздер мұны өздеріңіз (ұйымдастыру, алу). Сіздер бас-
шыны (сынау, алмау). Сіз бізге (өкім беру, алмау). Менеджер
қызметкерлердің жұмысын (үйлестіру, алу). Менің орныма бұл
жұмысты сен де (қадағалау, алу).
3. Мəтінді оқып, берілген сұрақтарды мəтіннің баяндалу ре-
ті мен орналастырып, жауап беріңіз.
А) Ненің материалдық жəне əлеуметтік организмін құрады?
Ə) Жаңа ғасыр менеджері қандай болуы керек?
Б) Басқару ісінің жаңа даму бағыттары менеджерлерге қандай
талаптар қояды?
В) Жаңа заман менеджері ненің əртүрлі əдістерін білуі қажет?
Г) Менеджер кəсіпорындағы барлық əрекетті, жағдайды өзара
байланыста, бірлікте, үйлесімде ұстап, кім болуы керек?
Басқару ісінің заманауи даму бағыттары менеджерлерге қойы-
латын жаңа талаптарды қалыптастырды. Сонымен ХХІ ғасыр
ме нед жерлері қандай болуы керек, оларға қойылатын талаптар
қандай?
ХХІ ғасыр менеджері ақпараттар ағынында бағдар ұстай ала-
60
тын, өзіне керекті ақпараттарды дұрыс қорыта алатын болуы тиіс.
Кез келген қиын жағдайда стратегиялық дұрыс шешім қабылдап,
көрегендік таныта алуы керек. Ол ұйымдастыруда, басқаруда кез-
де сетін мəселелерді шешудің əртүрлі əдістерін білуі жəне қалып-
тан тыс шешімдер қабылдаудан қорықпауы қажет.
ХХІ ғасыр басшысы
• келешекті ойлап, əрекет ету бағдарламасын жасайды, яғни
көреген болады;
• кəсіпорынның материалдық жəне əлеуметтік организмін
құрады, яғни ұйымдастырушы болады;
• тиісті шараларды қолдана отырып, қызметкерлерге жұмыс
істетеді, яғни өкім беруші болады;
• кəсіпорындағы барлық əрекетті, жағдайды өзара байланы-
ста, бірлікте, үйлесімде ұстайды, яғни үйлестіруші болады.
• барлық істің бекітілген ережеге, берілген өкімге сай жүзеге
асуын қадағалайды, яғни бақылаушы болады.
5. Мəтіннен «алу» көмекші етістігі бар сөйлемдерді табыңыз.
6. Берілген əр сөйлемге 5 сұрақтан қойыңыз.
1) Менеджер кез келген қиын жағдайда стратегиялық дұрыс
шешім қабылдай алуы керек.
2) Менеджер қалыптан тыс шешімдер қабылдаудан қорықпауы
қажет.
3) Менеджер барлық істің бекітілген ережеге, берілген өкімге
сай жүзеге асуын қадағалай алуы қажет.
6. Сұрақтар бойынша жолдасыңызбен сұхбаттасып, жолда-
сыңыздың пікірін əңгімелеп беріңіз.
Сұрақтар
Жолдасыңыздың жауаптары
1. Сіздің ойыңызша, басшы болып
туа ма əлде қалыптаса ма?
2. Басшы болу үшін адамға ең бас-
тысы қандай қасиеттер қажет?
3. Сіздің ойыңызша, болашақта сіз-
ден басшы шыға ма?
4. Егер сіз басшы болсаңыз қандай
басшы болар едіңіз?
61
V І І АП ТА
Берілген тест тапсырмалары бойынша біліміңді тексер. Оқу құра-
лының соңында кілті ұсынылған.
1. Дұрыс сөз тіркесі:
А) қызметкерлерді қадағалау;
Ə) білікті жұмыс;
Б) айналаңыздағылар үйлестіру;
В) тарихтың валютасы.
2. Дұрыс емес сөз тіркесі:
А) білікті маман ретінде;
Ə) пайда табу;
Б) қызметкерлік бет-бейне;
В) айналымға ену.
3. Дұрыс емес сөз тіркесі:
А) сұранысты қанағаттандыру;
Ə) жоспарлы экономика;
Б) шаруашылықпен жүргізу;
В) тауар айналымы.
4. Синонимдерді табыңыз.
А) жұмыс, шаруа, іс;
Ə) іс, іскер;
Б) ертең, келесіде;
В) күнде, сирек.
5. Антонимдерді табыңыз.
А) көбейту, арттыру;
Ə) жағымды, жағымсыз;
Б) білікті, білімді;
В) ақырындап, біртіндеп.
6. Синонимдерді табыңыз.
А) жариялану, төмендеу;
Ə) табыс, шығын, зиян;
Б) ұсыныс, сұраныс;
В) табыс, кіріс, пайда.
62
7. Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз: Адамның жұмыс орны-
на қарап, оның .......................................... байқауға болады.
А) қызметкерлерін;
Ə) мерзімді басылым;
Б) іскери бет-бейнесін;
В) жағымсыз əсерін.
8. Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз: Уақытыңызды жоспар-
лағанда ............................... жұмыстарға да уақыт қалдырыңыз.
А) орындалмаған;
Ə) жоспарланбаған;
Б) жүргізілмеген;
В) жүзеге асырылмаған.
9. Баяндауышы бұрынғы өткен шақтағы сөйлем:
А) Бұл кəсіпорында нағыз өз кəсібінің шеберлері жұмыс істейді.
Ə) Біздің компания шетелдік мамандарсыз да жұмыс істей алады.
Б) Сіз тəуір жұмыс тапқан екенсіз.
В) Менің ойымша, сіз білікті заңгерсіз, сондықтан жалақыңыз жоғары.
10. Баяндауышы ауыспалы осы шақтағы сөйлем:
А) Кеше біздің компанияның қызметкерлерімен сауалнама жүргізілді.
Ə) Мен оның жұмыс істегісі келмей отырғанын байқадым.
Б) Ол əдейі маған бұл сұрақтың жауабын дұрыс айтпады.
В) Біз өз міндетімізді дұрыс атқаруға тырысамыз.
11. Ырықсыз етісті көрсетіңіз:
А) ойлану, үнемдеу, жасалды;
Ə) ұйымдастырылды, айтты, өндірді;
Б) қолданылды, жасалды, ашылған;
В) бағаланды, артады, сұрайды.
12. Баяндауышы ырықсыз етістен болған сөйлем:
А) Сіз жұмыс уақытыңызды тиімді пайдаланасыз ба?
Ə) Маңызды шаруаларды алдымен бітіру керек.
Б) Тапсырманың бəрі уақытымен орындалды.
В) Бүгін жұмыс көп болғандықтан, тез шаршадым.
13. Сұрақтың дұрыс жауабы: Сіз бұл банкпен шарт жасамас бұрын
көп ойланған шығарсыз?
А) Иə, ойлады;
Ə) Иə, шығармын;
Б) Жоқ, көп ойланған жоқпын;
В) Иə, көп ойлаған.
63
14. Сұрақтың дұрыс жауабы: Екінші дəрежелі банктер ақша аудары-
мы, валюта айырбастау, төлемдер қабылдау сияқты операцияларды жүзеге
асыратын шығар?
А) Иə, екінші дəрежелі банктер;
Ə) Иə, жүзеге асырады;
Б) Жоқ, ақша аудармайды;
В) Жоқ, жүзеге асырмайды.
15. Табыс септігі бар сөйлем:
А) Əлемдік экономикалық əдебиеттерде экономикалық жүйені топта-
стыру кең таралған.
Ə) 1785 жылы АҚШ мемлекетінде доллар ұлттық валюта ретінде ресми
түрде қабылданды.
Б) Қазіргі кезде көптеген елдерде экономикалық жүйе аралас сипатта
дамып жатыр.
В) Инновациялық инфрақұрылым тек инновациялық білім мен ғылым
дамығанда қалыптасады.
16. Ілік септігі бар сөйлем:
А) Ертеде ақша рөлін əр елде əртүрлі заттар атқарған.
Ə) 1995 жылы 19 мамырда Қазақстанда банкноттарды шығаратын фа-
брика ашылды.
Б) Ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы нумизматика деп
аталады.
В) «Теңге» сөзі орта ғасырлық түркі тайпаларының «денге», «таньга»
сөздерінен шыққан.
17. Бөлшектік сандарды санмен көрсетіңіз:
1. Қырық жеті бүтін жүзден он сегіз. – ...................
2. Нөл бүтін оннан үш. - ....................
3. Он үштен төрт. – ..................
18. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз:
1) Басқарудың, ісінде, табысты, меңгеру, үшін, əдістерін, болу, керек,
басқару.
2) Ел, дамытып, бұл, технологияларды, индустриясын, жатыр, кəсіп-
орын, жаңа, қолданып.
64
VІІІ АП ТА
1-сабақ
Іссапарға қалай дайындалу керек?
Іссапар, іскерлік сапар, дайындалу, сəтті, көлік мəселесі, қиындық
тудыру/тудырмау, хатшы, қарастыру, тізім, төлқұжат, іссапар куə-
лігі, кеңсе заттары, шабадан, сапарыңыз сəтті болсын.
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
1) іссапарға
а) жасау
2) іскерлік сапардан
ə) көрсету
3) көлік мəселесін
б) тапсыру
4)
тізім
в)
дайындалу
5) төлқұжатын
г) шешу
6)
хатшыға
ғ)
келу
2. Сөйлемнің етістіктерін қалау рай формасына қойыңыз.
Үлгі: Менің іссапарға (бару, келу). – Менің іссапарға барғым
келеді.
Сіздің ұшақтың билетіне тапсырыс (беру, келу) ........... ме?
Өзіңмен бірге қандай заттар (алу, келу) ......................... ме?
Серіктестерімізбен алдын ала (хабарласу, келу) ......................... .
Сіздердің біздің талаптарымызбен (келісу, келу) .................... . Сіздің
депозит (ашу, келу) ....................... ме? Біздің қызметкерлеріміз
өздерінің біліктіліктерін (көтеру, келу) ......................... .
3. Шығыс септігінің жалғаулары мен шылауларын қойып,
сөйлемді толықтырыңыз.
Үлгі: Қонақ үйге барған.......... (кейін, соң, гөрі, бері, бұ
-
рын) .............. тамақтанайық. – Қонақ үйге барғаннан кейін та -
мақтанайық.
Бастығым келесі аптада он күнге іскерлік сапарға барасың
деген........... (кейін, соң, гөрі, бері, бұрын) ................. балаларым-
65
ды ойлап, уайымдап жүрмін. Əуежайға келген.......... (кейін, соң,
гөрі, бері, бұрын) ............... , күтіп алушыларды іздей бастадым.
Іссапарға пойызбен барған........... (кейін, соң, гөрі, бері, бұрын)
................. ұшақпен ұшқан ыңғайлы ғой. Сіз........... (кейін, соң,
гөрі, бері, бұрын) ............... мен кірейін. Шабаданыңды дайын-
дау............ (кейін, соң, гөрі, бері, бұрын) ................. қағаздарыңды
дайындасаңшы.
4. Мəтінді оқып, жоспарын құрыңыз.
Іскер адамдар үшін іссапарға шығу үйреншікті нəрсеге ай нал-
ған. Əсіресе, іскер адам қатардағы қызметкер емес, басшы болса,
оның іскерлік сапарға шықпауы мүмкін емес.
Кез келген іссапар алдын ала дайындықты қажет етеді. Өйткені
іссапарға дайындалуға кеткен уақыт – сіздің іссапарыңыздың
сəтті өтуінің кепілі.
Іссапарға кететін күн анықталған соң, бірден көлік мəселе-
сін шешуді бастаңыз. Іссапарға барып-қайту сізге қиындық
тудыр
мауы қажет. Мəселен, танымайтын, бөтен қалаға түн
ортасын да же тіп, вокзалда жүру сізге жайсыз əрі қауіпті бола-
ры белгілі. Сондық
тан хатшыңызбен бұл мəселені жан-жақты
қарастырғаныңыз абзал.
Ары қарай іссапарға дайындықты офистен бастаңыз. Алды-
мен дайындығыңыз жүйелі болуы үшін, өзіңізбен алатын зат-
тардың тізімін жасаңыз. Бірінші орында папкаңызға төл
құжа-
тыңыз бен іссапар куəлігін салуды ұмытпаңыз. Басқа да іскерлік
сапарда жұмысыңызға қажетті құжаттарыңызды алуды естен
шығармаңыз. Кейбір кеңсе заттары, ноутбук, фотоаппарат секілді
заттар керек деп ойласаңыз, алып алғаныңыз жөн. Керек болса,
сатып алармын деп ойламаңыз, сатып алуға уақытыңыз немесе
басқа да мүмкіндігіңіз болмауы мүмкін.
Іскерлік сапарға ұстауға қолайлысы – шағын шабадан. Іс-
сапарға дайындықтың үшінші кезеңінде осы жол шабаданының
ішіне салатын заттарыңызды дайындайсыз. Шабаданға ең қажетті
киімдер, аксессуарлар, гигиеналық заттар, дəрі-дəрмек салынады.
Ақшаңызды шабаданға салмаңыз. Ақша əрдайым өзіңізбен бірге
болуы керек. Сапарға ақшаны үш түрде алған жөн: тамақтануға,
сусын алуға жəне т.б. арналған ұсақ ақша (оны қалтаңызда
ұстаңыз), ірі ақша жəне банк карточкасы.
5-742
66
Бəрін дайындап болсаңыз, алаңсыз сапарға аттана берсеңіз
болады. Сапарыңыз сəтті болсын!
5. Мəтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын
анықтаңыз.
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1. Əсіресе, іскерлік сапарға
басшылар жиі шығады.
2. Іссапарға міндетті түрде ал-
дын ала дайындалу қажет.
3. Іссапарға баратыныңыз анық-
тал
ғаннан кейін ең алдымен
кім мен баратыныңызды анық-
та ңыз.
4. Қасыңыздағы серігіңіз жақсы
адам болмаса, сіз үшін іссапар
қауіпті болады.
5. Маңызды құжаттарыңызды
алуды ұмытпаңыз.
6. Ноутбук, фотоаппарат секілді
заттарды алмаңыз, оларды са-
тып аласыз.
7. Іссапарға үлкен шабадан
алыңыз: ішіне көп зат сияды.
8. Ұсақ ақша, ірі ақша жəне банк
карточкасын алған жөн.
2 - са б а қ
Қайсы жайлы: қонақ үй ме əлде жалдамалы пəтер ме?
Қонақ үй, жалдамалы пəтер, дамыған ел, жөн көру, таңдау, сезіну,
ұмтылу, жабдық, жабдықталу, артықшылық, фейсбақылау.
1. Үлгі бойынша сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
Үлгі: Іссапар – мерзім. – Іссапардың мерзімі.
67
Қонақ үй – қызмет көрсетулер. Жалдамалы пəтер – жайлылық.
Дамыған елдер – іскер адамдар. Іссапарға бару – артықшылықтар.
Кабинет – жабдық.
2. Сөйлемнің етістіктерін қалау рай формасына қойыңыз.
Үлгі: Менің іссапарға (бару, келмеу) ......................... . – Менің
іссапарға барғым келмейді.
Сіздің қонақ үйге (орналасу, келмеу) ........................ . Сенің
жұмыстан кеш (қайту, келмеу) ....................... . Оның пойызбен
(жүру, келмеу) ...................... . Біздің сапасыз тауар (сатып алу, кел-
меу) ................ . Сендердің кофе (ішу, келмеу) ................ . Сіздер-
дің пəтер (жалдау, келмеу). Олардың өздерін жайсыз (сезіну, кел-
меу) ..................... .
3. Берілген сұрақтарды мəтіннің мазмұндалу ретімен орна-
ластырып, жауап беріңіз.
А) Шетелде апарт-отель немесе жалдамалы пəтер табу үшін
не істеу керек?
Ə) Дамыған елдердің іскер адамдары іссапарда негізінен
қайда тұрғанды қаламайды?
Б) Іскер адамдар неге апарт-отельде немесе жалдамалы пə-
терде тұрғанды жөн көреді?
В) Қайда қонақтарыңызды емін-еркін қарсы алуға болады?
Г) Апарт-отельдердің қонақ үйлерден айырмашылығы қандай?
Қазіргі кезде дамыған елдердің іскер адамдарының көпшілігі
ұзақ мерзімді іскерлік сапарда қонақ үйде тұрғаннан гөрі апарт-
отельде немесе жалдамалы пəтерде тұрғанды жөн көреді. Іскер
адамдардың бұл таңдауының басты себебі – аз уақытқа тоқтаған
орнында өзін үйіндегідей жайлы, еркін сезінуге ұмтылу. Ал
қонақ үйлер өз клиенттеріне барлық жағдайды жасағанымен, көп
жағдайда үй сияқты берекелі бола алмайды.
Апарт-отель дегеніміз не? «Апарт» сөзі француздың «апарта-
мент» – пəтер деген сөзінен алынған. Апарт-отельдердің қонақ
үйлерден айырмашылығы – нөмірлерінің ас үй жабдықтарымен
68
жабдықталуы. Басқа қызмет көрсетулері жағынан қонақ үйге
ұқсас. Қонақ үйге қарағанда арзанға түседі, сондықтан қысқа
мерзімге де, ұзақ мерзімге де жалдауға болады.
Жалдамалы пəтерлердің артықшылығы – фейсбақылаудың,
ресепшннің жоқтығы. Келген қонақтарыңызды емін-еркін қарсы
алып, оларды өзіңіз қалаған уақытқа дейін қонақ қыла аласыз.
Яғни, өзіңізді еркін сезінуге барлық мүмкіндік жасалған.
Дамыған елдердің үлкен қалаларынан апарт-отель немесе
жалдамалы пəтер табудың еш қиындығы жоқ. Тек бар болғаны
ғаламтордан осы сала бойынша қызмет көрсететін сайтты
тапсаңыз болғаны.
4. Мəтіннен шығыс септігіндегі сөздерді теріп жазыңыз.
5. Сұрақтар бойынша жолдасыңызбен сұхбаттасып, жол да-
сыңыздың пікірін əңгімелеп беріңіз.
Сұрақтар
Жолдасыңыздың жауаптары
1. Сізге іссапарға бару ұнай ма?
2. Іссапарға қандай көлікпен бар-
ғанды қалайсыз?
3. Іскерлік сапарда қайда тоқта ған-
ды жөн санайсыз: қонақ үйде ме
əлде жалдамалы пəтерде ме?
4. Қалай ойлайсыз, іссапарға бару
маманның кəсіби біліктілігін көте-
ре ме?
3 - са б а қ
Келіссөз жүргізу стиліңізді анықтаңыз
Келіссөз жүргізу, кəсіби қызмет, қарсы жақ, айла-шарғы, ықпал ету,
келісімге келу, мəміле, ортақ шешім, ұту/ұтылу, сорақы, қысым көр се-
ту, мүше, іскери қатынас, сақтау, дау, жеңіс, көнпістік, қаталдық,
ынтымақтастық.
69
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
1) ортақ
сақтау
2) серіктестермен
қолдану
3) айла-шарғы
келісімге келу
4) мəмілеге
келіссөз жүргізу
5) іскери қатынасты
келу
2. Берілген сөздердің антонимдерін жазыңыз.
бару – ......................
сақтау – ............................
жеңу – ......................
тиімді – ............................
шағын – ...................
қаталдық – ......................
сапалы – ..................
артықшылық – ................
3. Мəтінді оқып, келіссөз жүргізу стиліңізді анықтаңыз.
Басшының кəсіби қызметі негізінен келіссөздер жүргізумен
байланысты. Сондықтан кез келген білікті менеджер келіссөз
жүргізудің стратегиясын, əдіс-тəсілдерін, қарсы жақтың айла-
шарғыларын, оларға ықпал етудің оңтайлы жолдарын білуге
міндетті. Дегенмен, əрбір басшының өз келіссөз жүргізу стилі
бар. Сіз де өз келіссөз жүргізу стиліңізді анықтап көріңіз.
Сізге 9 сұрақ ұсынылады, əр сұраққа жауап беру үшін «а»,
«ə», «б» жауаптарының бірін таңдаңыз.
1. Келіссөз кезінде сіз нені талап етесіз?
а) келісімге келуді;
ə) мен ұсынған шешімнің қабылдануын;
б) мəмілеге келуде объективті критерийлердің қолданылуын;
2. Келіссөз кезінде ортақ шешімге келуге ұмтыласыз ба?
а) екі жаққа да тиімді ортақ шешімге келуге ұмтыламын;
ə) мен үшін тиімді болатын ортақ шешімге келуге
ұмтыламын;
б) жоқ, өз ұсыныстарымды айтамын.
3. Келісімге келу үшін қарсы жақтың ұсынысын қабыл дайсыз
ба əлде келіскеніңіз үшін басымдық берілуін талап етесіз бе?
а) ұтылатынымды білсем де, келісімге келуге тырысамын;
ə) келіскенім үшін басымдық берілуін талап етемін;
б) екі жаққа да тиімді болатын шешім іздеймін.
70
5. Келіссөздің болуы мүмкін ең сорақы нəтижесін белгілейсіз
бе?
а) қарсы жаққа өзім белгілеген ең сорақы нəтижені ашамын;
ə) қарсы жақтан өзім белгілеген ең сорақы нəтижені жасы
рамын;
б) ең сорақы нəтижені белгілемеймін.
6. Келіссөз кезінде қарсы жаққа ұсыныс жасайсыз ба əлде қы-
сым көрсетесіз бе?
а) қысым көрсетемін;
ə) екі жақтың да мүдделерін ескеремін;
б) ұсыныс жасаймын.
7. Келіссөз кезінде өз ұстанымыңызды өзгертесіз бе?
а) ұстанымымды оңай өзгертемін;
ə) өз ұстанымымды берік ұстанамын;
б) мен үшін ұстаным емес, пайда маңызды.
8. Келіссөз кезінде сіз келіссөз мүшелеріне сенім білдіресіз
бе?
а) иə;
ə) жоқ;
б) менің əрекетім сеніміме тəуелді емес.
9. Келіссөз мүшелері мен шешім қабылдауда талапшылсыз
ба?
а) жоқ;
ə) иə;
б) келіссөз мүшелерімен сыпайы, ал шешім қабылдауда та-
лапшыл болуға тырысам.
10. Іскери қатынасты сақтау үшін, келіссөз кезінде қарсы
жақтың айтқанына көнесіз бе?
а) іскери қатынасты сақтау үшін көнемін;
ə) іскери қатынасты жалғастырудың шарты ретінде жеңілдік
жасалуын талап етемін;
б) адамдар арасындағы дауды келіссөзде мəмілеге келуден
бөлек нəрсе деп қараймын.
Нəтижені бағалау
Егер сізде «а» деген жауаптар көп болса, сіздің келіссөз
жүргізудегі стиліңіз – көнпістік, келіссөздегі мақсатыңыз –
келісімге келу.
71
Егер сізде «ə» деген жауаптар басым болса, сіздің келіссөз
жүргізу стиліңіз – қатыгездік, қысым көрсету, келіссөз жүргізу де-
гі мақсатыңыз – жеңіске жету, тек өзіңіздің ғана жеңіп шығуыңыз.
Егер «б» деген жауаптарыңыз көп болса, сіздің келіссөз
жүргізу стиліңіз – ынтымақтастық, мақсатыңыз екі жаққа да
тиімді ортақ шешімге келу.
Достарыңызбен бөлісу: |