ÆÎҒÀÐÛ ÎҚÓ ÎÐÛÍÄÀÐÛÍÛҢ ҚÀÓÛÌÄÀÑÒÛҒÛ Ø. Ì. Áàғèåâà ²ÑÊÅÐÈ ҚÀÇÀҚ Ҳ˲ Алматы, 2012


Берілген үлгіге қарап, хабарландыру жазыңыз



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата30.01.2017
өлшемі0,63 Mb.
#3032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

6. Берілген үлгіге қарап, хабарландыру жазыңыз.
2011 жылдың 7-9 желтоқсан аралығында 
Астананың халықаралық сауда-көрме 
орталығы «Көрме» кешенінде «Қазақстанның 
үздік тауары 2011» байқау-көрмесі өтеді.
Көрмеге 250-ге жуық отандық өнім өн діру-
шілер қатысады. Бұл күндері көрмеге азық-
түлік, өнер кə сіп, халық тұтынатын тауар лар дың 
алуан түрі шы 
ғарылады. Қазақстандық кəсіп-
орындардың шыға 
ратын өнімдермен танысып, 
қолжетімді бағаға сатып алушыларға есік ашық! 

99
3 - са б а қ
«Мінсіз» халықтық сапа белгісі
Сапа белгісі, сауда орталығы, Қазақстан тұтынушыларының ұлт-
тық лигасы, Мінсіз бизнес кəсіпорындар қоғамдастығы.
1. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
қызмет көрсету – сапа, тұтынушылар – сұраныс, кəсіп орын 
– қызметкер, байқау – талаптар, орта кəсіпкерлік – өкілдер, жұ-
мыс – нəтиже. 
2. Көмектес септігінің жалғауларын, қажет болған жағдайда 
шылауларын қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз. 
Байқауға кездейсоқ келгенім........... (қатар, бірге, қоса), ............ 
көп нəрсе біліп қайттым. Байқауға қатысудың кри терий ле рі мен 
танысу........... (қатар, бірге, қоса) ............... көп ақпарат ала ала-
сыз. Көрме өтетін орын табылғаны............ (қатар, бірге, қоса), 
............... сол жерде өтетіні əлі шешілген жоқ. Байқау-көрмені 
тамашалау.......... (қатар, бірге, қоса) ............... қолжетімді бағаға 
əртүрлі тауарлар сатып алуға болады. Біз ерте барған............ 
(қатар, бірге, қоса), ............... іс-шара уақытында басталмады. 
Байқауға қатысуға заңды тұлғалар.......... (қатар, бірге, қоса) 
............... жеке тұлғалар да өтініш білдірген. 
3. Берілген сұрақтарды мəтіннің баяндалу ретімен орнала-
стырып, жауап беріңіз. 
А) Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының басшысы 
кім?
Ə) «Мінсіз» халықтық сапа белгісі ол ең алдымен  кімнің 
таңдауы?        
Б) «Мінсіз» халықтық сапа белгісін кімдер иеленеді?
В) 11 маусым күні  Алматы қаласындағы «Метро» сауда 
орталағында не өтті?
Г) Бұл іс-шараның тұтынушыларға қандай пайдасы бар?
Ғ) Бұл іс-шараны өткізудегі негізгі мақсат не?
11 маусым күні Алматы қаласындағы «Метро» сауда орталы-

100
ғында  Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы мен Мінсіз 
бизнес кəсіпорындар қоғамдастығының ұйымдастыруымен жыл 
сайынғы  «Мінсіз» халықтық сапа белгісімен марапаттаудың 12-
ші рəсімі өтеді.
Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мəсли-
хатында Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының жəне Мін-
сіз бизнес кəсіпорындар қоғамдастығының басшысы Светлана 
Романовская мəлім етті. Оның айтуынша, бұл күні дəстүр бойын-
ша үздік белгісін жетілген, дамыған бизнес жасауға ұмтылатын 
мінсіз компаниялар, халық мойындаған ең сапалы тауар  мен 
қызмет көрсететін өндірушілер иеленбек. «Бұл іс-шараны өткі-
зудегі негізгі мақсат – қазақстандық тұтынушыларға кімнің «мін-
сіз» екендігін, кім «мінсіз» тауар шығаратынын көрсету болып 
табылады. Бұл іс-шара аясында тұтынушылар «мінсіз» деген атқа 
лайық болған компания өнімдерімен қатар, олардың басшылары-
мен таныса алады, отандық өндірушілердің ең үздік тауарларының 
дəмін татып, көптеген пайдалы ақпараттар мен кеңестер ала 
алады. Ол ең алдымен дұрыс таңдау жасауыңызға ықпал етеді.  
«Мінсіз тауар» – ол  Қазақстанның болашағы. «Мінсіз» халықтық 
сапа белгісі – ол ең алдымен  халық таңдауы.   
4. Сөйлемдерді дұрыс құраңыз.       
1) Өндіруде, жеткізу, байқауға, негізгі, критерийлерінің, қаты-
судың, бірі, өнім, нəтижелерге, жоғары, қол.       
2) Байқау-көрмесі, жыл, сайын, өткізіледі, Қазақстанның, тау-
ары, республикалық, үздік.
3) Өндірушілер, иеленбек, мінсіз, сапалы, сапа, ең, қызмет, 
бел гісін, көрсететін.  
4) Көптеген, ала, пайдалы, мұнда, мен, тұтынушылар, ақпа-
раттар, кеңестер, алады.  
5. Сұрақтар бойынша əңгімелеңіз.
 Жақын уақытта сіз қандай көрмеге немесе байқауға 
бардыңыз?
 Сіз барған іс-шара кімдерге арнап өткізілді?
 Ол іс-шараны ұйымдастырушылар, демеушілер кімдер?
 Іс-шара қайда өтті?
 Іс-шара сізге ұнады ма? Қандай əсер алап қайттыңыз?
 Қандай іс-шараның қатысушысы болғыңыз келеді?

101
Х І І І   АП ТА
1-сабақ
Жарнама не үшін қажет? 
Жарнама, жарнамалау, нотариалдық кеңсе, байланыс орнату, құ-
рал, ғаламтор.
1. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
Қызық жарнама, тауарды жарнамалау, нотариалдық кеңсе ашу, 
тұтынушылармен байланыс орнату, Бұқаралық ақпарат құрал-
дары, ғаламтордың пайдасы.
2. Сөйлемдерді кеңейтіңіз.
Жарнама берді. Бизнесті танытуға көмектеседі. Жарнамаға 
тап боласыз. Теледидар көреді. 
3. Сөйлемдердің баяндауыштарын қалау рай формасына 
қойыңыз. 
Менің жарнама агенттігінде (жұмыс істеу) .................... . 
Біздің жарнамаға (түсу). .................... . Сіздің көрмеге (қаты су) 
.................... ? Біз сіздерге жаңа өнімімізді (ұсыну) ................ . Олар 
жарнама беру арқылы өз компанияларын (таныту) ................... . 
Сендердің байқау жеңімпазы (болу) ................... . 
4. «Себебі», «өйткені», «сондықтан» шылауларын қойып, се-
беп-салдар салалас сөйлемдерін толықтырыңыз. 
Біздің көрмеге барғымыз келді, (себебі, өйткені, сондықтан) 
.................. онда тауарлар арзан бағамен сатылады. Мен бұл 
жоба туралы пікір айта алмаймын, (себебі, өйткені, сондықтан) 
.................. бұл жобамен таныс емеспін. Бастық оның өтінішіне 
қол қоймады, (себебі, өйткені, сондықтан) .................. ол ренжіп 
шықты. Сіздердің газетке берген хабарландыруларыңызбен та-
ныстым, (себебі, өйткені, сондықтан) .................. түйіндемемді 

102
жіберіп көрейін дедім. Оған бұл жарнама ұнамайды, (себебі, 
өйткені, сондықтан) .................. теледидардың арнасын ауыс-
тырды. 
5. Мəтінді оқып, жоспарын құрыңыз. 
Көптен күткен арманыңыз орындалып, өз дүкеніңізді, мей-
рамханаңызды немесе нотариалдық кеңсеңізді аштыңыз. Биз-
несіңіз сізге өзіңіз қалағандай пайда келтіруі үшін, өз ісіңізді 
жарнамалауды ұмытпаңыз, өйткені жарнамасыз тұтынушыларға 
өз бизнесіңізді таныту, одан пайда табу өте қиын. Жарнама – 
сіздің бизнесіңіз, тауарыңыз туралы қысқа əрі ұтымды ақпарат 
беріп, тұтынушылар мен сіздің араңыздағы байланысты орната-
тын негізгі құрал. 
Қазіргі кезде жарнаманың біздің өмірімізге еніп кеткені сон-
шалық, оны үйде де, жұмыста да, көшеде де кездестіре аласыз. 
Теледидар көрсеңіз – жарнама, радио тыңдасаңыз – жарнама, 
ғаламторға кірсеңіз – жарнама, тіпті газет, журнал оқысаңыз да, 
жарнамаға тап боласыз. 
Жарнама қызметінің арзан тұрмайтыны белгілі, сондықтан 
көптеген кəсіпкерлер жарнамаға көп ақша салғаннан гөрі, оны 
басқа мүддеге сай жұмсағанды жөн көреді. Алайда жарнамаға 
салатын қаражаттыңыз бизнесіңізді дамытуға салатын қаражат 
екенін ұмытпаңыз. Оның да өз қайтарымы бар. 
5. Берілген сөйлемдерді дұрыс құраңыз. 
1) Мен, кəсіпкер, жарнама, тұтынушы, орнататын, арасында, 
байланыс, құрал.
2) Адамға, кері, əсер, күнделікті, өмірде, ететін, жағымсыз
жарнамалар, да, кездеседі. 
3) Қажет, сапалы, шығу, жарнама, үшін, ақша, көп, жұмсау. 
4) Жарнамаларына, радио, қарағанда, теледидар, көп, жарна-
маларына, назар, халық, аударады. 
5) Бəрімізге, барлығы, белгілі, ақпарат, жарнамалардың, бір-
дей, шынайы, беремейтіні. 

103
6. Берілген əр сөйлемге 5 сұрақ қойыңыз. 
1) Көптеген кəсіпкерлер жарнамаға көп ақша жұмсағылары 
келмейді. 
2) Жарнамасыз тұтынушыларға өз бизнесіңізді таныту, одан 
пайда табу өте қиын.
3) Жарнамаға салатын қаражат – бизнесті дамытуға салатын 
қаражат.
2 - са б а қ
Теледидар жарнамасы: артықшылықтары мен 
кемшіліктері
Теледидар жарнамасы, жарнама беруші, назарға ілігу, артықшылық, 
кемшілік, жаппай қамти алу, көрермен, таңдамалылық, нысаналы топ, 
басымдық, көрсетілу ұзақтығы.
1. Берілген сөздерден сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құ-
раңыз.
1) жарнама берушінің 
а) арналған 
2) көрерменнің  
 
ə) қызықтыру 
3) нысаналы топқа 
б) артықшылықтары 
4) басымдық 
 
в) назарына ілігу
5) тұтынушыларды 
г) мақсаты
6) жарнаманың    
ғ) береді
2. Сөздердің антонимін табыңыз.
пайда – ...................   
кемшілік – ......................   
ұзақ – ......................   
қиын – ............................
3. «Себебі», «өйткені» шылауларын «сондықтан» шылауы-
мен алмастырып, құрмалас сөйлемдердің сыңарларын ауыс ты-
рыңыз.
Үлгі:  Оны жарнама агенттіктерінің қызметі қызықтырады
өйткені оның болашақ мамандығы – маркетолог. – Оның болашақ 

104
мамандығы – маркетолог, сондықтан оны жарнама агенттіктерінің 
қызметі қызықтырады. 
Ол банктен несие алып жатыр, өйткені өз бизнесін ашпақшы. 
Мен ол жарнаманы білмеймін, себебі радио тыңдамаймын. Бізге 
жарнаманы 31-арнаға берген тиімді, өйткені біздің нысаналы топ 
– сериал көретін қыз-келіншектер. Нарықта біздің тауарлардың 
рейтингі əрқашан жоғары болуы керек, сондықтан жарнама жасау 
мəселесін тезірек шешу қажет. Маған бұл кір жуатын ұнтақтың 
жарнамасы ұнамайды, сондықтан мен бұл ұнтақты сатып алмай-
мын. 
4. Берілген тақырыпшаларды мəтіннің баяндалу ретімен 
орналастырыңыз. 
А) Теледидар жарнамаларының кемшіліктері
Ə) Теледидар жарнамаларының беделі оның кемшіліктеріне 
тəуелді емес
Б) Тұтынушылар назары теледидар жарнамаларында
В) Теледидар жарнамаларының артықшылықтары
Зерттеулерге қарағанда, жарнама түрлерінің ішінде тұтыну-
шы лардың назарына көп ілігетін түрі теледидар жарнамасы екен. 
Осындай басымдыққа теледидар жарнамасының өзіндік артық-
шылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Теледидар жарна ма-
сы ның басты артықшылығы – оның жаппай қамти алу қабілеті 
мен көрермендерінің таңдамалылығы. Белгілі бір нысаналы топқа 
арналған жарнама, мысалы, кір жуатын ұнтақтың жарнамасы 
əйелдерге арналған бағдарламалар кезінде көрсетіледі. Сондай-
ақ мұнда жарнама беруші өз тауарын немесе қызмет көрсетуін əр 
қырынан көрсетуге мүмкіндігі бар. 
Теледидар жарнамасын жасаушылар суретті, дыбысты, қозға-
лысты, түрлі түстерді, сондай-ақ компьютерлік технологияларды 
пайдалана алатындықтан, олардың мүмкіндіктері шексіз. Тұты-
нушы өз көзімен көрген нəрсесіне сеніп үйренген, сондықтан те-
ле дидар жарнамасы əрқашан басымдыққа ие. 
Теледидар жарнамасының өзіндік кемшіліктері де жоқ емес. 
Ең басты кемшілігі – құны өте жоғары. Келесі кемшілігі – 
таңдамалылығының төмендігі. Егер жарнама белгілі бір шағын 

105
нысаналы топқа арналса, теледидар жарнамасы қолайсыз. Көр-
сетілу ұзақтығы тым қысқа, жарнаманың көрерменмен байланы-
сы шектеулі бір уақытқа байланған. Жарнамалық ортаның сіздің 
тауарыңызға немесе қызмет көрсетуіңізге кері əсер етуі де теле-
дидар жарнамасының кемшілігі болып табылады. Мəселен, 
теледидардан сіздің тауарыңызға ұқсас тауар жарнамасының 
қатар берілуі сіздің тауарыңыздың көрермен есінде қалдырмауы 
мүмкін. 
Аталған кемшіліктеріне қарамастан теледидар жарнамасы 
əлде де басқа жарнама түрлерінен басым болып қала бермек. 
5. Берілген сөйлемдерге мағынасы сəйкес келетін сөй 
лем-
дерді табыңыз. 
1) Теледидар жарнамасының өзіндік артықшылықтарымен 
қатар кемшіліктері де бар.
А) БАҚ жарнамасының өзіндік артықшылықтарымен қатар 
кемшіліктері де бар.
Ə) Теледидар жарнамасының жақсы жақтарымен қатар жаман 
жақтары да бар.
Б) Радио жарнамасының өзіндік артықшылықтарымен қатар 
кемшіліктері де бар.
2)  Теледидар жарнамасының басты артықшылығы – 
оның жаппай қамти алу қабілеті.
А) Теледидар жарнамасының басты артықшылығы – оны көп 
адам көре алатындығында. 
Ə) Теледидар жарнамасының басты кемшілігі – оның жаппай 
қамти алу қабілеті.
Б) Теледидар жарнамасының басты артықшылығы – оған 
атақты адамдар түсетіндігінде. 
3) Теледидарға жарнама берушінің өз тауарын əр қырынан 
көрсетуге мүмкіндігі бар.
А) Теледидардан сіздің тауарыңызды əр қырынан көрсетеді.
Ə) Теледидарға жарнамалаушының сіздің тауарыңызды əр 
қырынан көрсетуге мүмкіндігі бар.
Б) Теледидарға жарнама беруші өз тауарын əр тараптан 
көрсете алады.

106
4) Кемшіліктеріне қарамастан теледидар жарнамасы бас-
қа жарнама түрлерінен басым болып қала бермек.
А) Кемшіліктері теледидар жарнамасының танымал болуы-
нына кедергі жасайды..
Ə) Кемшіліктеріне қарамастан теледидар жарнамасы басқа 
жарнама түрлерінен басым бола алмайды.
Б) Теледидар жарнамасының басқа жарнамалардан басым бо-
луына оның кемшіліктері əсер етпейді.
6. Берілген үлгі бойынша жарнама мəтінін құраңыз.
Сарайыңды ашатын,
Шаршағанды басатын
Шай болмайды жаһанда
«Аламаннан» асатын!

107
3 - са б а қ
Қазақстанда жарнама нарығының дамуы 
Жарнама нарығы, сарапшы, дерек, баспасөз жарнамасы, сыртқы 
жар нама, телеарна, аймақтық телевизия, жарнама қызметі, танымал-
ды лық, жарнама құралдары, ортанқол, оқшаулану, құрылым.
1. Берілген сөздермен түбірлесі сөздер жасап, сөз тіркестерін 
құраңыз.
сарап – ....................... 
дерек – ......................
танымал – ......................  орта – ........................
артық – ..........................   кем – .........................
2. Сөздердің синонимдерін табыңыз.
танымал – .................... 
ортанқол – ....................
дерек – ......................... 
сан алуан – ...................
төмендеу – ..................  
көтерілу – .....................
3. Берілген сұрақтарды мəтіннің баяндалу ретімен орнала-
стырып, жауап беріңіз.
А) Қазақстанда ғаламтор жарнамасының дамуы қандай 
деңгейде?
Ə) Қазақстан ТМД елдері ішінде жарнама нарығының көлемі 
бойынша нешінші орын алады?
Б) Қазақстан жарнама нарығында көлемі жағынан үшінші 
орынды қандай жарнама алады?
В) Қазақстан жаңа жарнама жүйесіне қай жылы көшті?
Г) Сыртқы жарнама өкілдері арасында бəсеке қандай?
Қазақстанның жарнама нарығының көлемі ТМД елдері ішінде 
Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады, сарапшылардың 
2010 жылғы бағалауы бойынша 240 млн. теңгені құрайды. 
Тəуелсіз зерттеушілердің деректеріне қарағанда, Қазақстандағы 
жарнамаға жұмсалған қаражаттың ара салмағы мынадай: теле-
дидар жарнамасы – 79,42%, баспасөз жарнамасы – 11,81%, ра-
дио жарнама 3,50%, сыртқы жарнама – 5,27%. Қазақстанның 

108
телевизиялық нарығы 13 эфирлі телеарна, аймақтық телевизия-
лар жəне 40 кабельді операторлар арқылы жүргізіледі.    
Телеараналардың жарнамалық мүмкіндіктерін сату сейлз ха-
устар немесе телеарналардың жарнама қызметі арқылы десбес 
жүзеге асырылады. 2008 жылы жаңа жарнама жүйесіне көшу 
Қазақстанның медианарығының жаңа белеске көтерілуіне жол 
ашты.
Баспасөз бетінде жарияланатын жарнамалар танымалдылығы 
жағынан екінші орын алады. Қазақстанның жарнама нарығының 
бұл сегменті қатысушыларының көптігі мен жарнама құрал дары-
ның сан-алуандығына қарамастан, даму қарқыны төмендегенін 
байқатты.
Көлемі жағынан Қазақстан жарнама нарығындағы үшінші 
сегмент – сыртқы жарнама. Сыртқы жарнама республиканың ірі 
жəне ортанқол қалаларындағы бизнестің оқшаулануымен жəне 
құрылымының шектеулілігімен сипатталады. Бұл сыртқы жарна-
ма өкілдерінің арасындағы бəсекені күшейтіп отыр. 
Өткен жылдармен салыстырғанда, елімізде радио жарнама-
лар дың біршама өскеніне қарамастан, нарықта алатын үлесі өте 
төмен. Сондай-ақ əлемдік ғаламтор жарнамаларының қарқынды 
дамуына қарамастан, Қазақстанда ғаламтор жарнамасының да-
муы əлі де төмен деңгейде. Тек Алматы, Астана секілді ірі қала-
ларда ғана дамып келе жатқаны байқалады. 
5. Мəтін бойынша берілген ақпараттың дұрыс, бұрыстығын 
анықтаңыз. 
Сөйлемдер
дұрыс
бұрыс
1. Қазақстан жарнама нарығының 
көлемі жағынан ТМД елдері ішінде 
алдыңғы қатарда тұр.
2. Жарнама нарығының көлемі 
2012 жылғы бағалау бойынша 240 
млн. теңгені құрайды.
3. Теледидар жарнамасына жұмса-
латын қаражат 11,81% құрайды. 

109
4. Қазақстанның телевизиялық на-
рығы 13 эфирлі телеарна арқылы 
жүргізіледі.    
5. Телеараналардың жарнамалық 
мүмкіндіктерін сату телеарна 
лар-
дың жарнама қызметі арқылы дес-
бес жүзеге асырылмайды.
6. Баспасөз бетінде жарияланатын 
жарнамалардың даму қарқыны тө-
мен деген. 
7. Көлемі жағынан сыртқы жарна-
ма төртінші орын алады.
8. Ғаламтор жарнамасы Алматы, 
Астана секілді ірі қалаларда ғана 
дамуда.
5. Сұрақтар бойынша əңгімелеңіз.
 Сіздің жарнамаға қарым-қатынасыңыз қандай?
 Қандай жарнамаларға жиі назар аударасыз?
 Сүйікті жарнамаңыз бар ма? Ол ненің жарнамасы?
 Сіздің ойыңызша, Қазақстанда жарнама нарығы қалай 
дамып жатыр?

110
Х І V  АП ТА
Берілген тест тапсырмалары бойынша біліміңді тексер. Оқу 
құралының соңында кілті ұсынылған.
1. Дұрыс сөз тіркесі:
А) төлқұжат шешу
Ə) хатшының дайындалу
Б) іскерлік сапардан көрсету
В) тізім жасау
2. Дұрыс емес сөз тіркесі:
А) жалдамалы пəтердің артықшылықтары
Ə) іссапардың мерзімі
Б) қауіп-қатерге болмау
В) ортақ келісімге келу
3. Дұрыс емес сөз тіркесі:
А) айла-шарғы қолдану
Ə) бизнестің қоғамдық жауапкершілігі
Б) келіссөз жүргізу
В) іскери қатынасты сақтау
4. Синонимдерді табыңыз.
А) жəрдем беру, жəрдем көру
Ə) көмек көрсету; жəрдем беру
Б) кішкентай, зор
В) мейірімді, тиімді
5. Антонимдерді табыңыз.
А) шығару, өндіру
Ə) атақты, танымал
Б) артықшылық, басымдық
В) жеңілу, жеңу
6. Синонимдерді табыңыз:
А) пайда табу, кіріс кіргізу
Ə) қайырымды, жауапты
Б) шығару, шығын
В) қонақ үй, жалдамалы пəтер

111
7. Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз: Отандық тауар ................. 
дамыту мемлекеттің жан-жақты қолдауын қажет етеді.
А) сапасын
Ə) бағасын
Б) өндірісін
В) шығаруды
8. Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз: Радио жарнамалардың 
біршама ............................ қарамастан, нарықта алатын үлесі өте төмен. 
А) көлеміне
Ə) өскеніне
Б) бағасына
В) дамығанына
9. Сөйлемді қажетті сөзбен толықтырыңыз: Байқау өткізудегі басты 
мақсат – бəсекеге ............................... арттыру. 
А) түсуді
Ə) пайдалануды
Б) жүргізуді
В) қабілеттілікті
10. Баяндауышы нақ осы шақтағы сөйлем:
А) «Мето» сауда орталығында «Мінсіз» халықтық сапа белгісімен 
марапаттаудың 12-ші рəсімі өтіп жатыр.
Ə) ПетроҚазақстан компаниясы «Алтын сапа» белгісінің иегері болды.
Б) Біз жаңа өнімдерімізді теледидар арқылы жарнамалайтын боламыз.
В) Бағалы қағаз сатып алу үшін, қор биржасына тапсырыс бері керек.
11. Баяндауышы нақ осы шақтағы сөйлем:
А) Биржаның тауарлар биржасы, құнды қағаздар биржасы, валюталар 
биржасы, еңбек биржасы деген түрлері бар.
Ə) Тараптар ортақ шешімге келе алмай отыр.
Б) Ол ұзақ мерзімді іссапарға кетті.
В) Біз өз міндетімізді дұрыс атқаруға тырысамыз.
12. Қалау рай формасындағы етістікті көрсетіңіз:
А) жалдады, төледі
Ə) ұйымдастырылды, хабарланды
Б) ұсыныс жасағысы келді, өз ісін ашқысы келеді
В) бағалаған, артқан
13. Баяндауышы қалау рай формасынан болған сөйлем: 
А) Менің жеке кəсіпкерлігімді тіркегім келеді.

112
Ə) Сіздер азық-түлік өндірісімен айналысасыздар ма?
Б) Біз серіктесіміздің ұсынысын қадағаламадық.
В) Олар сіздерге қысым көрсеткендей болды ма?
14. Сұрақтың дұрыс жауабы: Сіздің келісімшартқа қол қойғыңыз ке-
ліп отыр ма?
А) Иə, отыр
Ə) Иə, келеді
Б) Жоқ, отырған жоқ
В) Иə, қол қойғым келіп отыр
15. Сөйлемді қажетті шылаумен толықтырңыз: Ол ертең іссапарға 
кетеді, ........ əлі дайындалған жоқ.
А) себебі
Ə) бірақ
Б) сондықтан
В) қатар
16. Шығыс септігі бар сөйлем:
А) Келіссөз кезінде қарсы жақтың айтқанына көнесіз бе?
Ə) Ол іскерлік сапарға жиі шығады.
Б) Дамыған елдердің үлкен қалаларынан апарт-отель табудың еш     
           қиындығы жоқ.
В) Радио жарнамасына жұмсалатын қаражат 11,81% құрайды.
17. Көмектес септігі бар сөйлем:
А) Бизнес бір істен кіріс кіргізуге мүмкіндік береді.
Ə) Елімізде шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіліп жатыр. 
Б) Бізге сіздермен жұмыс істеген ұнайды.
В) Менің осы компанияның акционері болғым келеді.
18. Сөйлемді қажетті шылаумен толықтырңыз: Мен іссапарға жиі 
шығамын, ............... жолға тез жиналамын.
А) сондықтан
Ə) себебі
Б) кейін
В) алайда

113
Грамматикалық анықтамалық 
1.1 Сөйлемдегі сөздердің орын тəртібі
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің өзіндік орын тəртіптері 
төмендегідей:
1. Баяндауыш үнемі сөйлемнің соңында жазылады. Баян дау-
ыштың рөлін барлық сөз таптары атқара алады. Көмекші етіс-
тік тер жəне шылаулар жеке тұрып, сөйлем мүшесі бола алмай-
ды. Басқа сөз таптарымен тіркесіп барып, баяндауыш қызметін 
атқарады. Мысалы: Ертең жұмысқа ерте келе ғой.  Маған енді 
ештеңе айтпай-ақ қой.
2. Анықтауыш үнемі анықталушы мүшенің алдында келеді. 
Мысалы: Елімізде нарықтық экономика дамып жатыр. 
3. Ілік септігіндегі зат есім, есімдіктер де анықтауыш қызметін 
атқарады. Ал анықталушы мүше тəуелді формада болады. Мыса-
лы:  Біздің өнімдеріміз нарықта жоғары бағаланады. Тауардың 
бағасы қымбаттады.
4. Сөйлемде пысықтауыш, толықтауыш баяндауыштың ал-
дында келеді. Мысалы: Біз кеше ерте келдік. Олар Астанаға пой-
ызбен келді.
5. Бастауыш сөйлемнің басында да, ортасында да келеді. 
Ол баяндауышпен жақ бойынша қиысады. Мысалы: Ертең біз 
жұмысқа ертерек барамыз. Мен ертең сабаққа ертерек бара-
мын. 
1.2 Табыс септігі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет