ÆÎҒÀÐÛ ÎҚÓ ÎÐÛÍÄÀÐÛÍÛҢ ҚÀÓÛÌÄÀÑÒÛҒÛ Ø. Ì. Áàғèåâà ²ÑÊÅÐÈ ҚÀÇÀҚ Ҳ˲ Алматы, 2012



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата30.01.2017
өлшемі0,63 Mb.
#3032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Табыс септігі іс-əрекет бағытталған объектіні көрсетеді. Та-
быс септігі кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға 
жауап беріп,  жалғаулары есім сөздерге, есімдіктерге, есімшеге, 
тұйық етістікке жалғанады. Жалғаулары: -ды, -ді, -ты, -ті, - н. 
Сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: тауар-
ды сату, өнімді  өндіру, шаруашылықты басқару, өндірісті  да-
мыту, тұтынушылардың сұранысын ескеру. 
1.Қатаң
2. б, в, г, д
Дауысты
1. Үнді
2. ж, з
Тəуелдік фор-
ма ІІІ жақ
жуан
жің.
жуан
жің.
жуан
жің.
жуан
жің.
-ты
-ті
-ны
-ні
-ды
-ді


8-742

114
2.1 Ауыспалы осы шақ жəне ауыспалы келер шақ. Ауыспалы осы, 
келер шақтармен келетін үстеулер 
Қазақ тілінде ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақтың 
жасалуы бірдей: -а, -е, 
 деген жұрнақтар арқылы жасалады. Ауыспалы осы шақ 
əдеттегі, үнемі қайталанып отыратын іс-əрекетті білдіреді. Ауы-
спалы осы шақ пен ауыспалы келер шақ бір-бірінен тек контексте 
ғана ажыратылады. Егер етістіктің алдында күнде, жиі, сирек, 
үнемі, ылғи деген үстеулер келсе, бұл ауыспалы осы шақ, ал егер 
ертең, бүрсігүні, сосын, келесіде, енді деген үстеулер келсе, бұл 
– ауыспалы келер шақ. Мысалы: Күнделікті өмірде «экономика» 
сөзін жиі кездестіреміз (АОШ). Бізде ертең «Экономика теория-
сынан» дəріс болады (АКШ). 
Ауыспалы шақтағы сұраулы сөйлемдерде үшінші жақтағы 
жіктік жалғауы түсіп қолданылады. Мысалы: Ол ертең жұмысқа 
келе ме? 
Болымды форма
І. Мен сат+а+мын  
Біз сат+а+мыз
ІІ. Сен сат+а+сың   
Сендер сат+а+сыңдар
ІІ. Сіз сат+а+сыз   
Сіздер сат+а+сыздар
ІІІ. Ол сат+а+ды   
Олар сат+а+ды
І. Мен біл+е+мін   
Біз біл+е+міз
ІІ. Сен біл+е+сің   
Сендер біл+е+сіңдер
ІІ. Сіз біл+е 
 
Сіздер біл+е+сіздер
ІІІ. Ол біл+е+ді 
 
Олар біл+е+ді
Болымсыз форма
І. Мен сат+па+й+мын 
Біз сат+па+й+мыз
ІІ. Сен сат+па+й+сың 
Сендер сат+па+й+сыңдар
ІІ. Сіз сат+па+й+сыз 
Сіздер сат+па+й+сыздар
ІІІ. Ол сат+па+й+ды 
Олар сат+па+й+ды
І. Мен біл+ме+й+мін 
Біз біл+ме+й+міз
ІІ. Сен біл+ме+й+сің 
Сендер біл+ме+й+сіңдер
ІІ. Сіз біл+ме+й+сіз 
Сіздер біл+ме+й+сіздер
ІІІ. Ол біл+ме+й+ді 
Олар біл+ме+й+ді 

115
3.1 Сұраулы сөйлем жасаудың жолдары
Сұраулы сөйлемдердің мақсаты – сөйлеушіден белгілі бір 
ақпаратты, мəліметті білу. Қазақ тілінде сұраулы сөйлем жасаудың 
бірнеше түрі бар:
а) сұрау есімдіктері арқылы: кім? не? немене? қай? қандай? 
қанша? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? 
қайдағы? қашанғы? қайсы? не үшін? (Депозит ашу үшін қандай 
құжаттар керек?)
ə) сұраулық шылаулар арқылы: ма? ме? па? пе? ба? бе? ше? 
(Сен депозит аштың ба?)
б) модаль сөздер арқылы: ғой, шығар, мүмкін. (Мүмкін банк 
қызметкерімен ақылдасармыз?)
Сұрақтың бəріне əрдайым толық жауап беріле бермейді. То-
лымсыз жауаптар құрамы сұраулы сөйлемде қай сөзге логикалық 
екпін түскеніне байланысты болады, яғни қай сөзге логикалық 
екпін түссе, сол сөзге жауап қайтарылады. Мысалы: 
Бүгін банкке сен бардың ба?
Иə, мен.
Сен бүгін банкке бардың ба?
Иə, бүгін.
Бүгін сен банкке бардың ба?
Иə, банке.
Бүгін сен банкке бардың ба?
Иə, бардым.
3.2 Бөлшектік сан есім
Қазақ тілінде бөлшектік сан есімдерді жасауда бүтін (це-
лое) сөзі мен шығыс септігі (-нан/-нен, -дан/-ден, -тан/-тен
қолданылады. Мысалы:
7,3 – жеті бүтін оннан үш;
0,17 – нөл бүтін жүзден он жеті;
12,075 – он екі бүтін мыңнан жетпіс бес;
2/5– бестен екі.
Ауызекі сөйлеуде бөлшектік сан есімдер бүтін мен бөлшектің 
арасына  де  сөзін қою арқылы жасалады. Мысалы: Доллардың 
бағамы – жүз қырық сегіз де жеті (148,7). 

116
4.1 Жатыс септігі
Жатыс септігі заттың орналасқан жерін, істің мезгілін, жағ-
дайын, адамның жас мөлшерін білдіреді. Кімде? неде? қай да? 
(где?) қашан? деген сұрақтарға жауап беріп, есімдерге, есім-
діктерге, есімшелерге, тұйық етістіктерге жалғанады. Жал 
ғау-
лары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде. Сөйлемде пысықтауыш, толық-
тауыш қызметін атқарады. Мысалы: Біздің бас офисіміз Алматы 
қаласында орналасқан. Мен сіздердің компанияларыңызға өткен 
аптада келгенмін. Менің жасым отыз екіде. 
1. Қатаң
2. б, в, г, д
1. Дауысты
2. Үнді
3. з, ж
Тəуелдік форма ІІІ 
жақ
жуан
жіңішке
жуан
жіңішке
жуан
жіңішке
-та
-те
-да
-де
-нда
 
-нде
4.2 Ілік септігі
Ілік септігі заттың біреуге меншікті екенін білдіреді. Өзі-
мен тіркесетін сөзге тəуелдік жалғауының жалғануын қажет 
етеді. Жалғауы есімдерге, есімдіктерге, есімшелерге, тұйық етіс-
тіктерге жалғанып, кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген 
сұрақтарға жауап береді. Жалғаулары: -ның, -нің -дың, -дің -тың, 
-тің.  Сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Ал анық-
талушы мүше тəуелді формада болады. Мысалы: Жұмыс беру-
шінің сұрақтары маған қиын болған жоқ.
Ілік септігі мен тəуелдік жалғауы арқылы жасалған тіркестер 
атауыштық мəнге ие болса, онда ілік септігінің жалғауы түсіп 
қалады. Мысалы: Абай даңғылы (Абайдың даңғылы емес), Халық 
банкі (Халықтың банкі емес).
Дауысты, үнді: м, н, ң
Ұяң: з, ж, үнді: р, л, 
й, у 
Қатаң, ұяң: 
б, в, г, д
жуан
жіңішке
жуан
жіңішке
жуан
жіңішке
-ның
-нің
-дың
-дің
-тың
-тың

117
Ілік септігіндегі зат есімдер көбіне көмекші есімдермен 
тіркеседі. Көмекші есімдер дегеніміз – заттық мағынасын толық 
немесе жартылай жоғалтқан, жеке дара тұрып сөйлем мүшесі 
бола алмайтын сөздер.
аст(ы) (под)                
арт(ы) (за, сзади)           
үст(і) (на, над)            
жағ(ы) (сторона) 
орта(сы) (среди, середина)   
жан(ы) / қас(ы) (рядом, возле) 
іш(і) (в, внутри)          
сырт(ы) (за, внешняя, задняя сторона)
ара(сы) (между)       
алд(ы) (перед)   
қарсы(сы) (напротив)       
шет(і) (край) 
Мысалы: Кабинеттің іші жарық екен. Қағаздары үстелдің 
үстінде жатыр.
1.1 
Жедел өткен шақ 
Жедел өткен шақ – сөйлеп тұрған мезгілден аз уақыт бұрын 
болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі. Же-
дел өткен шақтың жай жəне күрделі түрі бар. Жай жедел өткен 
шақ етістік түбіріне -ды/-ді, -ты/-ті жұрнақтары мен жіктік 
жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Негізгі етістік + -ды/-ді, 
-ты/-ті + Жіктік жалғауы. Мысалы: Мен жұмысқа тұр+ды+м.
Күрделі жедел өткен шақ та жоғарыдағы жолмен жасалады, 
тек ды/-ді, -ты/-ті жұрнақтары көмекші етістікке жалғанады. Ал 
негізгі етістік қызметін -ып/-іп/-п тұлғалы көсемше атқарады. 
Көсемше (-ып/-іп/-п) + Көмекші етістік + -ды/-ді, -ты/-
ті + Жіктік жалғауы. Мысалы:  Жұмыс күнімнің жоспарын 
құрастыр+ып бол+ды+м
Жай жедел өткен шақтың болымды формада жіктелуі
І. Мен жоспарла+ды+м Біз 
жоспарла+ды
ІІ. Сен жоспарла+ды+ң Сендер 
жоспарла+ды+ңдар

118
ІІ. Сіз жоспарла+ды+ңыз Сіздер 
жоспарла+ды+ңыздар
ІІІ. Ол жоспарла+ды  
Олар жоспарла+ды
Жай жедел өткен шақтың болымсыз формада жіктелуі
І. Мен жоспарла+ма+ды+м   
ІІ. Сен жоспарла+ма+ды+ң   
ІІ. Сіз жоспарла+ма+ды+ңыз 
ІІІ. Ол жоспарла+ма+ды     
І. Біз жоспарла+ма+ды
ІІ. Сендер жоспарла+ма+ды+ңдар
ІІ. Сіздер жоспарла+ма+ды+ңыздар
ІІІ. Олар жоспарла+ма+ды
Күрделі жедел өткен шақтың болымды формада жіктелуі
І. Мен түсіндір+іп бер+ді+м
ІІ. Сен түсіндір+іп бер+ді+ң
ІІ. Сіз түсіндір+іп бер+ді+ңіз
ІІІ. Ол түсіндір+іп бер+ді
І. Біз түсіндір+іп бер+ді+к
ІІ. Сендер түсіндір+іп бер+ді+ңдер
ІІ. Сіздер түсіндір+іп бер+ді+ңіздер
ІІІ. Олар түсіндір+іп бер+ді
Күрделі жедел өткен шақтың болымсыз формада жіктелуі
І. Мен түсіндір+іп бер+ме+ді+м
ІІ. Сен түсіндір+іп бер+ме+ді+ң
ІІ. Сіз түсіндір+іп бер+ме+ді+ңіз
ІІІ. Ол түсіндір+іп бер+ме+ді
І. Біз түсіндір+іп бер+ме+ді+к
ІІ. Сендер түсіндір+іп бер+ме+ді+ңдер
ІІ. Сіздер түсіндір+іп бер+ме+ді+ңіздер
ІІІ. Олар түсіндір+іп бер+ме+ді
5.2 Бұрынғы өткен шақ
Бұрынғы өткен шақ іс-əрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан 
көп бұрын өткенін білдіреді. Бұрынғы өткен шақтың жай  жəне 
күрделі  түрі бар. Жай бұрынғы өткен шақ етістік түбіріне

119
-ған/-ген, -қан/-кен жұрнақтары мен жіктік жалғаулары жалғану 
арқылы жасалады. Негізгі етістік + -ған/-ген, -қан/-кен + 
Жіктік жалғау. Мысалы: Ертеде ақша рөлін əртүрлі тауарлар 
атқар+ған.  Күрделі бұрынғы өткен шақ та негізгі етістікке 
-ған/-ген, -қан/-кен жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. 
Алайда жіктік жалғаулары негізгі етістіктен кейін келетін екен 
көмекші етістігіне жалғанады. Негізгі етістік + -ған/-ген, -қан/-
кен + екен + Жіктік жалғау Мысалы: Сіз үш жыл бұрын бан-
ктен несие ал+ған екен+сіз. 
Бұрынғы өткен шақ жедел өткен шақпен салыстырғанда 
сөйлеушінің іс-əрекеттің жүзеге асқан, аспағанына сенімсіздігін 
білдіреді. Мысалы: Ол таңертең жұмысқа кетті (ЖӨШ). Ол 
таңертең жұмысқа кеткен (БӨШ). 
Жай бұрынғы өткен шақтың болымды формада жіктелуі
І. Мен айт+қан+мын  
Біз айт+қан+быз
ІІ. Сен айт+қан+сың   
Сендер айт+қан+сыңдар
ІІ. Сіз айт+қан+сыз   
Сіздер айт+қан+сыздар 
ІІІ. Ол айт+қан 
 
Олар айт+қан
Жай бұрынғы өткен шақтың болымсыз формада жіктелуі
І. Мен айт+қан жоқ+пын 
Біз айт+қан жоқ+пыз
ІІ. Сен айт+қан жоқ+сың 
Сендер айт+қан жоқ+сыңдар
ІІ. Сіз айт+қан жоқ+сыз 
Сіздер айт+қан жоқ+сыздар 
ІІІ. Ол айт+қан жоқ   
Олар айт+қан жоқ
Күрделі бұрынғы өткен шақтың болымсыз формада жіктелуі
І. Мен төле+ген екен+мін
ІІ. Сен төле+ген екен+сің
ІІ. Сіз төле+ген екен+сіз
ІІІ. Ол төле+ген екен
І. Біз төле+ген екен+біз
ІІ. Сендер төле+ген екен+сіңдер
ІІ. Сіздер төле+ген екен+сіздер
ІІІ. Олар төле+ген екен
Күрделі бұрынғы өткен шақтың болымсыз формада жіктелуі
І. Мен төле+ме+ген екен+мін
ІІ. Сен төле+ме+ген екен+сің

120
ІІ. Сіз төле+ме+ген екен+сіз
ІІІ. Ол төле+ме+ген екен
І. Біз төле+ме+ген екен+біз
ІІ. Сендер төле+ме+ген екен+сіңдер
ІІ. Сіздер төле+ме+ген екен+сіздер
ІІІ. Олар төле+ме+ген екен
5.3 Ырықсыз етіс 
Қимыл, іс-əрекет пен оны орындаушы (субъект) арасындағы 
қатынасты білдіретін етістік түрін етіс деп атайды. 
Ырықсыз етіс – қимыл, іс-əрекет түрі белгісіз болатын етіс 
түрі. Мысалы: Жоспар орында+л+ды. Жоспарды кім орындағаны 
белгісіз, тек оның орындалғаны ғана айтылып тұр. 
Ырықсыз етіс етістіктің негізіне -ыл/-іл/-л жұрнақтары мен 
шақ жұрнағы (өткен шақ, осышақ) жалғануы арқылы жасалады. 
Егер етістіктің түбірінде л дыбысы болса, онда -ын/
-ін/-н жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы: Тауар 
сат+ыл+ды (ЖӨШ).  Жоспар талқыла+н+ған (БӨШ).  Сапалы 
тауар өндір+іл+е+ді (АОШ). 
6.1 Сын есімнің салыстырмалы шырайы 
Зат белгілерінің əртүрлілігін, бір-бірінен артық-кемдігін 
білдіретін сын есім формалары шырай деп аталады. 
Салыстырмалы шырай – зат белгілерінің артық-кемдігін 
бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайтын шырай түрі. Мыса-
лы:  үлкен – үлкенірек / үлкендеу (большой – больше), жақсы 
–  жақсылау / жақсырақ (хороший – лучше).  Екінші кабинет 
біріншіден үлкенірек. – Второй кабинет больше первого.
Бір заттың белгісін екінші заттың белгісімен салыстырған 
сөйлем құрылымында қарағанда, салыстырғанда деген сөздер 
қолданылады. Бұл сөздер өзінің алдында белгілі бір септікті қажет 
етеді, мəселен қарағанда  сөзі  барыс септігін,  салыстырғанда 
сөзі  көмектес септігін қажет етеді. Мысалы: Бүгінгі жұмыс 
күні кешегіге қарағанда ауырлау болды. Жаңа бастық бұрынғы 
бастықпен салыстырғанда біліктірек болып шықты. 
Салыстырмалы шырай сын есім негізіне кестеде көрсетілген 
қосымшалардың жалғануы арқылы жасалады.

121
Шырай 
түрлері
Қосымшалары
Мысалдар
І. Жай шырай
əдемі, жақсы, көк, ақ
ІІ. Салыстырмалы   
шырай
-рақ, -рек, 
-ырақ, -ірек, 
-лау, -леу, 
-дау, -деу,
-тау, -теу, 
-қыл, -ғыл, 
-қылт, -ғылт,
-ғылтым, 
-қылтым, 
-шыл, -шіл, 
-шылтым, -ілдір, 
жақсырақ, ағырақ, 
көгірек, жақсылау, 
ақтау, ақшыл, 
ақшылтым, көгілдір, 
əдемірек, əдемілеу.
6.2 Сын есімнің асырмалы шырайы 
Асырмалы шырай өте, тым, аса, ең деген үстеулердің сын 
есіммен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: өте қымбат, тым 
арзан, аса үлкен, ең сапалы. Бізде ең сапалы тауарлар ғана саты-
лады. 
«Алу» көмекші етістігінің қолданылуы
Қазақ тілінде «алу» көмекші етістігі көсемше формасында 
келіп, іс-əрекет иесінің белгілі бір істі істей алу-алмау мүмкіндігін 
білдіреді. Мысалы: Мен ертең сағат төртке кел+е ал+а+мын. 
Негізгі етістік + -а, -е, й + алу + жіктік жалғау
Болымды формасы
І. Мен көмектес+е ал+а+мын  
Біз көмектес+е ал+а+мыз
ІІ. Сен көмектес+е ал+а+сың  
Сендер көмектес+е ал+а+сыңдар
ІІ. Сіз көмектес+е ал+а +сыз  
Сіздер көмектес+е ал+а+сыздар
ІІІ.Ол көмектес+е ал+а+ды   
Олар көмектес+е ал+а+ды

122
Болымсыз формасы
І. Мен көмектес+е ал+а+мын  
Біз көмектес+е ал+а+мыз
ІІ. Сен көмектес+е ал+а+сың  
Сендер көмектес+е ал+а+сыңдар
ІІ. Сіз көмектес+е ал+а +сыз  
Сіздер көмектес+е ал+а+сыздар
ІІІ.Ол көмектес+е ал+а+ды   
Олар көмектес+е ал+а+ды
8.1 Қалау рай
Қалау рай – іс иесінің іс-əрекетті қалайтынын, не қала май тынын 
білдіретін рай түрі. Қалау рай етістікке -ғы/-гі, -қы/-кі жұрнақтары 
мен тəуелдік жалғауларының жалғануы жəне кел көмекші етістігінің 
тіркесуі арқылы жасалады. Шақ мағынасы кел көмекші етістігіне 
беріліп, ол осы, келер, өткен шақта қолданылады. 
Қалау райдың келер, өткен шақта жіктелуі
 І. Менің көр+гі+м келеді/ келді/ келген       
Біздің көр+гі+міз келеді/ келді/ келген
ІІ. Сенің көр+гі+ң келеді/ келді/ келген             
Сендердің көр+гі+лерің келеді/ келді/ келген
ІІ. Сіздің көр+гі+ңіз келеді/ келді/ келген            
Сіздердің көр+гі+леріңіз келеді/ келді/ келген
ІІІ. Оның көр+гі+сі келеді/ келді/ келген       
Олардың көр+гі+сі келеді/ келді/ келген 
8.2 Шығыс септігі жəне онымен тіркесетін 
септеулік шылаулар 
Шығыс септігі іс-əрекеттің, қимыл-қозғалыстың қайдан бас-
талғанын, қай уақыттан басталғанын көрсетеді; заттарды, адам-
дарды салыстыруда қолданылады; заттың неден жасалғанын 
көрсетеді. Шығыс септігінің жалғауы
зат есімге, есімдікке, есімшеге, тұйық етістікке жалғанып, 
кімнен? неден? қайдан? қашаннан бері? қай уақыттан бері? 
деген сұрақтарға жауап береді. Жалғаулары: -нан/-нен, -дан/-

123
ден, -тан/-тен. Сөйлемде пысықтауыш. толықтауыш қызметін 
атқарады. Мысалы: Ол кеше іссапардан келді. Бастық түстен 
кейін жұмыста болмайды. Бүгінгі күн кешегі күннен ыстығырақ 
болды. Бұл еменнен жасалған үстел. 
Соңғы 
дыбыс
1. қатаң
2. б, в, г, д
1. Дауысты
2. л, й, у, р
1. м, н, ң, л
2. Тəуелдік жалғау
Буын
жуан
жіңішке
жуан
жіңішке
жуан
жіңішке
Жалғау
-тан
-тен
-дан
-ден
-нан
-нен
Шығыс септігімен тіркесетін септеулік шылаулар: кейін, соң, 
гөрі, бері, бұрын. Мысалы: Жұмыстан кейін келіңіз. Бастықтан 
соң  орынбасары келді. Несие алғаннан  гөрі қарыз ал. Жаңа 
жұмысқа тұрғаннан  бері уақыты жоқ. Жұмысқа бастықтан 
бұрын кел. 
9.1 Атау септігімен тіркесетін септеулік шылаулар
 Атау септігі
Септеулік шылаулар
Мысалдар 
кім? не? кімдер? 
нелер?
туралы, жөнінде, жай-
ында, сайын, үшін, 
сияқ 
 
ты, бойы, тəрізді, 
бой ынша, арқылы, ша-
ма  лы,  шақты
бизнес туралы,
ол жайында,
пайда үшін, ай сайын, 
кəсіпкер сияқты, күні 
бойы, бастықтың қолы 
тəрізді, жоспар бойын-
ша, өндіру арқылы, жүз 
шамалы, он шақты
9.2 Нақ осы шақ 
Нақ осы шақ – іс-əрекет, қимылдың дəл сөйлеп тұрған кезде өтіп 
жатқанын білдіретін осы шақтың түрі. Нақ осы шақтың дара жəне күрделі 
түрі бар. Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жүр, жатыр көмекші етістіктерімен 
жасалады.
Дара нақ осы шақтың жасалуы:
отыр, тұр, жүр, жатыр + Жіктік жалғау
І. Мен жұмыста отыр+мын   
Біз жұмыста отыр+мыз

124
ІІ. Сен жұмыста отыр+сың
Сендер жұмыста отыр+сыңдар
ІІ. Сіз жұмыста отыр+сыз              
Сіздер жұмыста отыр+сыздар
ІІІ. Ол жұмыста отыр                 
Олар жұмыста отыр
Күрделі нақ осы шақтың жасалуы:
Ет. негізі + Көсемше + Көмекші ет. + Жіктік жалғау
 Жоспарла  +  -ып/-іп/-п + (отыр, жатыр, тұр, жүр)
 Өткіз         -а/-е/-й 
Отыр, тұр – нақты əрекетті көрсетеді
Жүр – ұзақ өтетін əрекетті білдіреді
Жатыр – нақты бір əрекетпен айналысуды көрсетеді
І. Мен күт+іп отыр+мын  
Біз күт+іп отыр+мыз
ІІ. Сен күт+іп отыр+сың 
Сендер күт+іп отыр+сыңдар
ІІ. Сіз күт+іп отыр+сыз 
Сіздер күт+іп отыр+сыздар
ІІІ. Ол күт+іп отыр   
Олар күт+іп отыр
Нақ осы шақтың болымсыз формасының жасалуы:
Көсемше + Көмекші ет. + -ған/-ген,-қан/-кен + 
жоқ + Жіктік жалғау
І. мен жаз+ып отыр+ған жоқ+пын   
ІІ. сен жаз+ып отыр+ған жоқ+сың   
ІІ. сіз жаз+ып отыр+ған жоқ+сыз    
ІІІ. ол жаз+ып отыр+ған жоқ  
ІІ. сендер жаз+ып отыр+ған жоқ+сыңдар
ІІ. сіздер жаз+ып отыр+ған жоқ+сыздар
ІІІ. олар жаз+ып отыр+ған жоқ
10.1 Қысқарған сөздердің емлесі
Күрделі сөздер қысқартылу жолдарына қарай бірнеше түрге 
бөлінеді, соған сəйкес əр түрінің өз емлесі бар.
1. Күрделі сөз құрамындағы сөздердің бас əріптері алыну 

125
арқылы қысқартылған сөздер. Емлесі: қосымша соңғы дыбыстың 
айтылу əуеніне қарай дефис (-) арқылы жалғанады. Мысалы: 
БҰҰ-ның құрамында ҚР да бар.
2. Алғашқы сөздің бірінші буыны мен кейінгі сөздердің бас 
əріптері алыну арқылы қысқарған сөздер. Емлесі: қосымша 
соңғы дыбыстың ыңғайына қарай дефис (-) арқылы жалғанады. 
Мысалы: Ол ҚазҰУ-ға құжат тапсырды.
3. Күрделі сөз құрамындағы сөздердің бірінші буындарын алу 
арқылы қысқарған сөздер. Емлесі: қосымша соңғы буынға буын 
үндестігін сақтай отырып жалғанады, дефис (-) қойылмайды. 
Мысалы:  Колхоз,  совхоздарда  өндіріс бесжылдыққа арналған 
жоспар арқылы жүргізілді. 
4. Күрделі атаулардың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші 
буынын, ал соңғы сөзді толық алу арқылы қысқарған сөздер. 
Емлесі: қосымша соңғы буынға буын үндестігін сақтай отырып 
жалғанады, дефис (-) қойылмайды. Мысалы:  Оның анасы пе-
динститутты бітірген.
5. Техника атауларын білдіретін қысқарған сөздер. Емлесі: 
қосымша соңғы дыбыстың немесе сөз буынының айтылуына 
қарай дефис 
(-) арқылы жалғанады. Мысалы: Біз Алматыдан ЯК-40-пен 
ұштық.
6. Өлшем атауларын білдіретін қысқарған сөздер. Емлесі: 
қосымша дефис (-) арқылы жалғанады. Мысалы: Бұл екі шағын 
қаланың арасы 60 км-ден асады екен. 
10.2 Барыс септігі жəне онымен тіркесетін
септеулік шылаулар
Барыс септігі бағыт-бағдарды, істің мақсатын, заттың ба ға-
сын білдіреді. Есімдерге, есімдікке, есімшеге, тұйық етістікке 
жалғанып,  кімге? неге? қайда? (куда?) қаншаға? қашанға 
дейін? деген сұрақтарға жауап береді. Жалғаулары: -ға/-ге, -қа/-

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет