Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


-ші лекцияға арналған бақылау сұрақтары



бет59/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   114
8-ші лекцияға арналған бақылау сұрақтары:
1. Отбасының пайда болуы және даму түрлер. Отбасының құрылымы мен қызметтері.
2.Отбасы тұлға қажеттілігіне объектісі ретінде және отбасылық жүріс-тұрыстың типтері.
3. Отбасының өмірлік циклі, отбасы бірлігі. Отбасындағы қатынас. Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы.
4.Отбасылық саясат.
5.Әлеуметтік қолдау.
6.Әлеуметтанулық ғылымдар жүйесіндегі отбасы әлеуметтануының орны.

Негізгі әдебиеттер:


1. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.
2.Әлемдік әлеуметтану антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.
3.Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.
4.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.
5.Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.
6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.
7.Оданова Р.К. Жалпы әлеуметтану. Лекциялар курсы. Шымкент. 2004ж.
8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.
9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл.


9 Тақырып. Өркениеттер тарихындағы саяси білімдердің негізгі даму кезеңдері. Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат.

  1. Ежелгі Шығыстың құлиеленуші мемлекеттердегі саяси ілімдер.


  2. Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер

  3. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, мүмкіндіктері, шептері мен келешегі..

  4. Саясаттың негізгі түрлері.



1.Ежелгі Шығыстың құлиеленуші мемлекеттердегі саяси ілімдер.


Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс — Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін кәрсетті. Мұнда ен аддымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сұлтан, король, император және т. т.) қолында болды. "Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл ха-лықтың игілігі үшін қызмет етеді" деген көзқарас қалыптасты. Патша әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік камқорлық керсетеді, ал оның қол астындағылардың оған ешқандай талап қоюға қақылары жоқ. Себебі, билеуші халық алдында емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл елдердін тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей көрінді. Оңдағы өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орындамағандықтан туып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кұралы деп есептелінді.
Саяси ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың мифтік көзқарастары негізінде Ежелгі Шығыста пайда болды. Ежелгі Шығыста саяси ойлар діни сипатта қалыптасқанымен, онда белгілі бір таптың мүддесі мен билігін қорғайтын белгілер мен заң қаталдығы анық сезілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет