Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р



Pdf көрінісі
бет29/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
 
Әдістемелік нұсқау
Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу - Ғылыми-зерттеу жобаны әзірлеу 
және қорғау дегеніміз – студенттің зерттеу жұмысы нәтижесінің ғылыми 
кеңесшінің жетекшілігімен қорытындылануы болып табылады. Тақырыптың 
өзектілігі, практикалық маңыздылығы ескеріледі.  
Студент нақты мәселені шешу үшін білімді қолдану білігін, тақырып 
бойынша өзінің мәтіні мен презентазациясын сәйкесінше қисынды құру білігін, 
шешендік қабілетін көрсете алуы тиіс.


41 
Студент жоба бойынша презентация дайындайды. Презентацияда жобаның 
өзектілігін, мақсатын, міндеттерін, күтілетін нәтижені, оған жеткізетін әдіс-
тәсілдерді, жобаның негізгі бөлімінде көтерілген мәселелердің қысқаша 
мазмұны, қорытындысы беріледі. Презентация жасалып болғаннан кейін 
қорғалады. Қорғауға 5-7 минут беріледі. Студент осы уақыт аралығында өзінің 
зерттеу материалы бойынша ең негізгі ақапарттарды беріп үлгереді.
Оқытушы студентке жоба қорғау барысында сұрақтар қояды. Жобаны 
бағалап, жоба қорытындысы бойынша өз пікірін жазып береді. Жоба мынадай 
элементтерді қамтуы тиіс: титул парағы; абстракт (аннотация); мазмұны;
кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; пайдаланылған дереккөздердің тізімі;
қосымша. 
Ғылыми жетекшінің міндеттері: студенттерге жобаның орындау жоспарын 
әзірлеудегі практикалық көмегі, зерттеу әдістерін таңдауда көмек көрсету, 
әдебиеттер мен нақты материалдарды іріктеуде кәсіби кеңес беру, әзірленген 
жоспарға сәйкес жобаның орындалуын жүйелі қадағалау, ұсынылған талаптарға 
сәйкес жобаның орындалу сапасын бағалауы және оны ғылыми жетекшінің өз 
жазба пікірінде көрсетуі.
Жобаны бағалаудың критерийлері: тақырып қаншалықты айқындалды 
және қаншалықты басқалардың қызығушылығын оятты, сондай-ақ студент 
аталған мәселені талаптық тұрғыдан қалай қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет