Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р



Pdf көрінісі
бет3/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Пәнді оқытудың мақсаты - Қазақстан тарихындағы отандық тарихтағы 
негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде 
міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен 
сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, 
бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи 
тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын 
қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты төмендегiдей мiндеттер 
қойылады:
- Қазақстанның алғашқы қауымдық кезеңі, ежелгі дәуірдегі бірлестік 
тайпаларының саяси тарихы, ежелгі, орта, кейінгі орта ғасырлардағы саяси 
жағдайларға сараптама жасау; 
қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы
мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи 
фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай 
және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-
негізді тұжырымдамасын жасау;
- полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды 
біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;
-дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы 
ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен 
маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; 
-кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының әлеуметтік-экономикалық, саяси 
және мәдени дамуындағы жетістіктері мен қарама-қайшылықтарын анықтау;
-Қазақстанның 
тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін 
қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің 
теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; 
-жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және 
идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми 
тарихи білім мазмұнымен толықтыру.
-Қазақстан тәуелсіздігі және оның тарихи алғышарттарын көрсету;
- студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру, оларды халықаралық 
қатынастар мен мемлекеттің ішкі өміріндегі оқиғаларға бейімдеу болып 



табылады.
Аталған міндеттерге студенттер дәріс, семинар сабағы, студенттердің 
оқытушымен бірге өзінді жұмысы БӨЖ орындау барысында қол жеткізетін 
болады. 
Тәуелсіздік 
алғаннан бергі еліміздегі қайта кұрулар, экономиканы 
дамытудағы жана стратегиялық багдарлар, қоғамнын ашыктығы мен 
ақпараттануы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі езгертті. 
Қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты білім мазмұнын 
жаңарту, сапалы білімге қол жеткізу, окытудың жана дидактикалык жүйесін 
іздестіру - бугінгі тандағы көкейкесті мәселеге айналып отыр. 
Республикада болып жаткан реформалар білім беру сапасына үлкен езгерістер 
әкелді. 
Ғылым мен білімнін жаһандану заманындағы озгерістер білім мен рухани 
денгейлерді әлемдік білім кеңістігіне үндестіруді талап етіп отыр. 
«Еуропа кеңістігіндегі жоғары білімге катысты мамандықтарды мойындау 
туралы» Лиссабон конвенциясында қабылданган құжатка сәйкес білім берудің 
жаңа моделін кұру кажеттігі туындады. Осыған орай елімізде мамандар даярлау
білім берудің халықаралық стандартына негізделген оқытудын жаңа кредиттік 
жуйесі арқылы жүзеге асырыла бастады. 
XXI ғасырдағы білім беру қазіргі дуниенің жалпы рухани 
бағыттылығын,білім сапасының манызды кундылыктары мен 
мақсаттылығын,басымдылық рөлін айқындайтын тұтас, жүйелі 
синтезденген, интегративті процесс болумен қатар, жеке тұлғаның 
дүниетанымды 
қасиеттерін, әлеуметтік құндылығын арттыру, 
шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге бағытталган жүйелі іс 
әрекет. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуға арналған күрделі 
мемлекеттік құжаттар еліміздің өткен және қазіргі тарихына терең түрде талдау 
жасап, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіндіруде озык әдістер мен тиімді 
техно логиялар қолдануды, сондай-ак отанымыздың тарихын адамзат 
құндылыктары денгейіне көтеру маселесін талап етеді. 
Қазақстандық жоғарғы оқу орындарының алғашқыларының бірі болып 
Оңтустік Қазақстан мемлекеттік университеті 2003-2004 оқу жылынан бастап 
оқытудың кредиттік жүйесіне өтуді бастады. Осы жылдардағы тәжірибемізді 
жинақтай отырып, Қазақстан тарихынан кредиттік жүйе негізінде студенттердің 
өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға көмекші құрал ретінде осы әдістемелік 
нұсқауды ұсынып отырмыз. Бұл жүйе студенттердің өзіндік жұмыстарын дұрыс 
ұйымдастырып, материалдарды терең меңгеріп, бекітуге көмектеседі. 
Әдістемелік нұсқауда кредиттік оқу жүйесі бойынша студенттердің өзіндік 
жұмыстары тапсырмалары және оны ұйымдастырудың жолдары мен тәсілдері 
керсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет