Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р


БӨЖ -ді өткізу түрлері әр түрлі болуы мүмкін



Pdf көрінісі
бет9/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
БӨЖ -ді өткізу түрлері әр түрлі болуы мүмкін 
-дәстүрлі сұрақ-жауап әдісі; 
-студенттер үшiн күрделі мәселелер бойынша пікір алысу; 
-кіріктірілген сабақ;
-конференция сабақ. 
Дегенмен, БӨЖ -дің ең негiзгi турi студенттердің білім деңгейіне бірнеше 
сатылы бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін оқытудың белсенді (интерактивті) 
әдістері. 
Білімгердің  өзiндiк жұмысы 
Тарих ғылыми пән ретінде аса маңызды бiлiм сапасына жатады. Өйткені ол 
бүкіл адамзат баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәжiрибесiн 
баяндайды. Тарихи бiлiм әрбір адамға қажет. Тарихи білімді адам ғана өзі өмір 
сүрген коғамдағы орнын, атқаратын қызметiн дұрыс анықтай алады. Әбу Насыр 
әл-Фараби «Тарихты білмей - өткендi, казiргi жағдайды, келешектi болжау қиын» 
- деп бағалайды. 
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан тарихын» оқып үйренудiң қажеттiлiгi туралы: Бұл - 
тәуелсiз Қазакстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзiнiң арғы бергі тарихи 
жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгiн кімбіз? Ертен кiм боламыз?» - 
деген тақырыпта ойлансын деген сөз» деп жазады. 
Адам баласының ғылыми дуниетанымын қалыптастыруда тарих сабағының 
мәні ерекше. 


16 
Қазакстан тарихын оқытудағы басты максат Казакстаннын дамуы үшiн 
ынталы, жан-жакты жетiлген, өзiнiң тарихи тамырларын, когамдагы орнын 
түсiнетiн белсендi казакстандык жастарда «тарихи зерделiлiк қалыптастыру. 
Ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, оны тәжiрибе жүзiнде қолдана бiлетiн
жаңаша ойлауға талдау жасауға қабiлеттi мамандар дайындау бүгiнгi күннiң 
негiзгi талабы. 
Бүгiнгi студент-ертеңгi маман. Сондықтан студенттiң ойлау қабiлетiн арттыра 
отырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда, оларды өмiрге, еңбекке 
дайындауда студенттердiң өз бетiнше ізденуiнiң орны айрықша. Кредиттiк оку 
жүйесiнiң 3/2 бөлігі студенттiң өз бетімен жасайтын 
жұмысынан тұрады, яғни бiлiмнiң негiзiн студент ерiк-жiгерiн өз бетінше iздену, 
бiлуге деген қызығушылыққа бағыттай отырып қалыптастырады. 
Студенттің өз бетімен жасайтын жұмысынын түрлері, формалары, әдiс-
тәсiлдерi 
ТМД 
мемлекеттерiнiң 
педагогика 
саласының 
ғалымдары: 
А.М.Розенштейн. А.Абылкасымова, И.П.Подласый, С.М.Макаров, А.Демеуов, 
Б.Г.Есипов, В.П.Горунов және т.б. авторлардың еңбектерiнен кездестіруге 
болады. Осы еңбектерде студенттің өзіндік жұмысының жан-жақты 
сипаттамаларын береді, өзiндiк студенттердің білім жұмыс мен бiлiк 
қалыптастыруындағы, оқытушының бағыттауына және бағдарлауына орай, бiрақ 
оның қатысуынсыз iске асатын iс-әрекет. Студенттiң өзiндiк жұмысы бiлiм беру 
кезiндегi 
дидактикалық 
тапсырмаларды 
орындау 
процесінде, 
білуге 
қызығушылығын қалыптастыратын және белгілі ҒЫЛЫМ толықтыратын ерекше 
оқыту түрі. Өз бетімен жасайтын жұмыс практикалық тапсырмаларды игеру 
кезiнде, логикалык ойды дамытуды камтамасыз ететін, шығармашлык 
белсенділікпен оку материалын меңгеру кезiнде студенттің ізденушілікке 
икемделінуі. Кредиттік оқыту жүйесiнiң талаптарына сай студенттің өзіндік 
жұмысы аудиториядан тыс уакытта белгiлi оку кестесiне негiзделiп, 
оқытушының қатысуымен аудиториядан тыс уакытта ОҚЫТУШЫНЫҢ 
қатысуынсыз және нақты тапсырмаларды орындау мақсаттарында іске асатын 
түрлерiнiң арқасында жүзеге асады. Кредиттік оқыту жүйесi бойынша оқыту 
бағдарламасының саласы бойынша бiлiмiн негiзгi бөлiгi студенттің өздік 
жұмысына лайықтап жасалған. 
БӨЖ-ағымдағы тапсырмаларды, рефераттарды, тағы да басқа тапсырмаларды 
орындауға бағытталған аудиториялық және аудиториядан тыс жүргiзiлетiн 
үздіксіз жұмыс. Оқу процесiнiң ажырамас бөлігі. Студенттердің өзіндік жұмысы 
сабақтын барысында басталып, сабақтан кейiн үздiксiз жалгасын табады. Өз 
бетінше жұмыс жасай білгенде ғана бiлiм алуда ғана емес, ақыл 
ойды дамытуда да нәтижеге жетуге болады. Қазақстан тарихын окып үйренуде 
өз бетінше жұмыс жасай білмейінше терең игеру табысты болмайды. Студентке 
академиялық дәріс оқылады. Әрі қарай студент өз бетінше жұмыс жасауы қажет. 
Дәрісте оқытушы студенттердің өзіндік жұмысына бағыт береді, ол ғылымның 
жоғарғы шыңына тырысып шығу, оны меңгеру студенттердің өз мiндетi. Негiзгi 
мiндет - тарихи фактілерді жаттап алып, айтып беру емес, керісінше әртүрлі 
тарихи және қоғамдық проблемаларды дұрыс талдау, салыстыра білу. 


17 
Студенттердің өзіндік жұмысы дәрістің барысында басталып, дәрістен 
кейiн жалғасын табады. 
Дәріс ойды қозғап, студенттің ойлануына түрткі болатын интербелсенді 
сипаттағы проблемалық баяндау тәсiлiне негiзделедi. Бұл тәсілдер оқытушы 
еңбегінің өнiмдiлiгiн арттырады. Өйткені Ол проблемалық тапсырмаларды беру 
негiзiнде таныстыру мен студенттердің өз бетiмен жұмыс iстеуiн ұштастырады. 
Студенттер тарихи фактiлердi меңгергенде, оларды жинақтап қорыта 
білгенде, осы қорытындылардың өткені мен қазiргi кездегi қоғамдық өмiрдi 
бағдарлауға көмегі тигенде ғана танымдық қасиетi қалыптасады. 
Ынталанудың пайда болуы танымдық мiндеттiң қойылуымен, оны шешудегі 
кездесетін киыншылыктармен тығыз байланысты. Оган жетудін негiзгi жолы 
проблемалык жагдай жасау, студенттерге ойлау міндеті қойылады. Студенттерге 
берілген өздігінше iстейтiн жұмыс, оны iздестiру жолы, студенттердi 
ынталандыра түседі. 
Студенттердiн ынтасын арттыру ушiн студенттер оку процесiн тек 
кабылдаушы емес, бiлiм мен iскерлiктi өздерi белсене iздеп табушы етiп, 
Ұйымдастырудың маңызы үлкен. Оған жетудiң негiзгi жолы белгiлi бiр 
мақсатпен жұмыс істеу.
Дәріс барысында бiрiн-бiрi дамыта, толықтыра түсетiн жеке мiндеттердi 
айқындау. Бiр танымдық мiндет пен екiншi бiр танымдық мiндеттi шешуге 
апаратын эвристикалық баяндау осы принципке негiзделген. 
Дәріс барысында студенттердi негұрлым жеткiлiктi мөлшерде ойландырса 
соғұрлым ынтасы арта түседі. Бiлiмнiң түрлі деректерiң пайдалану студенттердiң 
таным қызметiн дамытуға, өз бетiмен жұмыс iстеуiн ұйымдастыруға жағдай 
жасайды. 
Окытушының лекциясының өзi студенттердiң танымдық қызметіне басшылық 
жасау болып табылады. 
Дәрісті оқымастан бұрын оқытушы студенттерiң жаңа материалды өткенде 
ойланып отыруы үшiн нақты мiндет қояды: 
-Өтiлетiн дәріс қыска жоспарын жасау; 
-жаңа фактiлердi бұрынғы белгiлi фактiлермен салыстыру: 
-жаңа құбылыстарды айқындалу т.б. тапсырмалар бередi. 
Дәріс барысында студенттердiң орындаған жұмыстары айқындалып талданады. 
Осындай басшылықтың тиiмдi тәсiлдерiнiң бiрi студенттердi проблеманы 
жолдарын iздестiруге, тарихи құбылыстарды шешу салыстырып, олардың елеулi 
белгiлерiн 
табуға, 
өздігінше 
қорытынды 
жасауға 
және 
жинақтауға 
ынталандыратын проблемалық жағдай. Ол үшін оқытушы студенттерге тарихи 
құжаттармен, көрнекi құралдармен т.б. жұмыс жасатады. Студенттер 
тақырыптық кестелер, сызбалар жасайды. Тарихи құбылыстардың байланысын 
көрсететiн кестелер, сызбалар т.б. Үлкен роль атқарады. Лекцияда естiгендi 
автоматты түрде ойланбастан жазбай, кілт сөздер, тезис, аннотация ретінде, тірек 
сызба нұсқа түрiнде жазып отыруға бағыттайды.


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет