Арал теңізі.
Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи ресурстарын ұтымды жұмсауды қамтамасыз етуді басқару мақсатында мем¬лекетпен қабылданған арнайы саяси, экономикалық, заңнамалық және өзге де шаралардың жүйесі.
Мемлекеттік экологиялық саясаттың мақсаты - экономиканың, қоғамның, табиғаттың үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық саясаттың жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы (әскери, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және т.б. сияқты) дамыған елдерде 1970-1980-шы жылдары жүзеге асты және ол экология саласында дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды.
Кез келген мемлекеттің экологиялық саясатының негізін ресми қабылданған экологиялық мәселелерді шешудің жал¬пы тұжырымдамасы құрайды. Бұл тұжырымдама тікелей мемлекеттік экологиялық саясаттың сипатын және билік органдарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенінің экологиялық қырларына тәсілін айқындайды.
Негізгі принңиптері
Экологиялық саясаттың негізгі принңиптері, міндеттері және шаралары заңнамалық актілер, "қоршаған ортаны қорғау туралы заң", үкімет бағдарламалары және т.б. анықталады.
Cаясаттың жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін жағдайлар
Экологиялық саясаттың жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін жағдайлар:
нақтылы мемлекеттің аумағындағы экологиялық мәселелердің ұшығуы;
экологиялық жағдайлардың ушығуынан туындайтын әлеуметтік-экологиялық мәселелердің сипаты;
экожүйе қызметінің бірқатар аса маңызды мәселелерін шешуде ғылыми екіүштылықтың болуы; ресурстық, оның ішінде қаржылық шектеулер;
ресурс жинақтаушы және табиғатты қозғаушы технологиялардың, оның ішінде, қалдықтарды жою мен қайта өңдеу мәселелерінің нақ¬тылы шешілу деңгейі;
өндірістің экономикалық тиімділігі және экологиялық таза өнімнің бәсекеге қабілеггілігі;
халықтың әлеуметтік жауабы;
халықаралық міндеттемелер.
Дереккөздер
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3