Ф 03-03 Утебаев А. А. «Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет25/46
Дата04.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79362
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
Байланысты:
«Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған МУ Word

Экологиялық мониторинг.
Экологиялық мониторинг – табиғи кұбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен коршаған орта жагдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. „Мониторинг" деген термин "монитор" - сақтандырушы, кадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференниясының алдында (1972 жыл, маусымда) "бакылау" ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.
Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық. шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ), былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қapeкeтi. Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып кеткенде ғана қayiпті ахуал, экологиялық дагдарыс басталып, ол бүкіл биосфераның азуына, коршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып озгеруіне апарып соғады. Қaзіpri уақытта бұл шектен асушылық орын алып отыр деп пайымдауға барлық нeгiз бар, яғни жергілікті экологиялық шектеулі жүктемелердің жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктеме шамасынан асып кетті.Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жагдайының үздіксіз өзгеруі қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың температурасының, кысымының, ылғалдығының өзгepyi кейбір тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Ceбeбi қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе коршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен коршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды.
Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бакылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалық, ионосферлық және басқалар) жүйелер жүргізеді.
Биосфераның абиоталық кұрамының антропогендік өзгеруін және ocы озгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар антропогендік әсердің арқасында кәзектеп экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге,бағалауға,болжауға экологиялықмониторингтің информациялық жүйесі жасалды.
Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингпен негізгі міндеттepi:

  • антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;

  • антропогендік әсер факторларын бақылау;

  • антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау;

  • табиғи ортаның физикалық жағдайын бақылау;

Ғаламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазақстанда бірнеше ведомствалық мониторинг жүйелері қызмет атқарады. Мысалы, қоршаған ортаның ластануын анықтайтын гидрометеорологиялық торап, яғни гидрометеорология жөніндегі мемлекеттік комитет жүйесіне енетін барлық обсерваториялар, бекеттер, құрылыстағы, көліктегі бақылау пунктері мен тұрақтар жиынтығы, жылжымалы және тұрақты лабораториялар, инспекциялық қызмет орындары және басқалар. 
Мониторинг жүйесін топтастыру
Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау.
Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, кұрғақ жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары, криосфера (климаттық жүйені кұрушылар) жатады.
Бақылау объектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеоролоиялық), топырақтық, климатгық мониторинг, сейсмикалық, ионосферлық, Күн, магнитометриялық, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі жэне т. с.
Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.
Әсер факторларының мониторингі - әр-түрлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің (электр магнитті сәулелену,күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.
Ластағыш көздердің мониторингі – нүктелі стационарлы көздер (зауыттардыцң мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (калалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) көздер.
Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша
мониторингтерге бөлінеді.
Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай
мониторинг жүйелерін кұрайды:
• ғаламдық (биосфералық) халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға устап,экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;
• базалық(фондық) – жалпыбиосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау;
• ұлттық- бip мемлекеттің шегінде арнайы кұрылған органдар арқылы жүргізетін мониторинг;
• аймақтық - халық, шаруашылығын карқынды игеру барысында ipi-ipi аудандардың көлемінде кұбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау;
• жергілікті (локалды) – елді-мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу;
• импактылық - ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.
Мониторинг жүйесін қолданылатын тәсілдерге (физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштердің мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.

    • Химиялық мониторинг-атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану деңгейін анықтау.

    • Физикалық мониторинг-қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, аңартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы) тигізетін әскерін бақылау жүйесі.

    • Биологиялық мониторинг – биондикаторлық көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс тұрысын қарап пішіп кеседі).

    • Экобиохимиялық мониторинг – қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.

    • Дистанциялық (аралық) мониторинг – зерттейтін обьектілерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық, космостық мониторинг.

Қоршаған ортаның құрама эколоигялық мониторингі – бұл қоршаған табиғи орта обьектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі мынадай тұде атқарылады:

  1. Бақылау обьектісін белгілеу;

  2. Бақылауға белгіленген обьектіні тексеру;

  3. Бақылау обьектісіне информациялық модель құрастыру;

  4. Өлшеуді жоспарлау;

  5. Бақылау обьектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық моделін ұқсастыру;

  6. Бақылаудағы обьектінің жағдайының өзгеруіне болжам жасау;

  7. Мәлеметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап қолданушыларға тапсыру.

Қазақстанда бірнеше ведомствалық мониторинг жүйелері қызмет атқарады. Мысалы, қоршаған ортаның ластануын анықтайтын гидрометеорологиялық торап, яғни гидрометеорология жөніндегі мемлекеттік комитет жүйесіне енетін барлық обсерваториялар, бекеттер, құрылыстағы, көліктегі бақылау пунктері мен тұрақтар жиынтығы, жылжымалы және тұрақты лабораториялар, инспекциялық қызмет орындары және басқалар. Экологиялық мониторинг жүйесі арқылы алынған мәлеметтер дұрыс қолданылса, табиғатты тиімді пайдаланатын жолдарды тауып іске асыруға болады. Қазіргі кезде Қазақстанда экомониторингтің бірлестірілген жүйесінің жоқтығы экологиялық қауіпсіздікт қамтамасыз етуге жауапты әр түрлі басқару органдарының қызметін біраз қиындатып отыр. Адам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздік деңгейін көтеруге су обьектілерінің, топырақтың, атмосфералық ауаның, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің, обьектілердің мониторинг жүйесін дамытуға және жақсартуға бағытталған зерттеу жұмыстарының маңызы зор.
Мониторинг зерттеулерінің негізі бағытына қоршаған орта сапасына баға беру жатады. Қоршаған орта сапасы – адам организімінің физиологиялық қажеттілігіне табиғи жағдайдың сәйкестілігі. Ол өмір сүру ұзақтығымен, денсаулық өлшемімен және белгіленген тұрғындар тобы үшін қалыпты арулардың деңгейімен сипатталатын адам өмірінің қажеттілігіне сәйкес орта дәрежесі. Көптеген ағзалардың таралу аймағы қатаң белгіленген табиғи адайлармен шектеледі. Адам кез-келген табиғи жағдай да өмір сүруге қабілетті. Ол табиғи жағдайларға тек қана физикалық жаынан ғана емес, сондай-ақ сол табиғат жағдайларын ыңғайлы тұрмыстық заттектер көмегімен де бейімделеді. Сонымен бірлестірілген экологиялық мониторингтің болуы экологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға бағытталған таоаптарды күшейтумен қатар, белгілі жүйелерді нақтылы қауіпсіздігіне аналитикалық болжам жасау арқылы қорғау шаралары жүйесін іске асыруға және экологиялық қауіп-қатерлікті төмендетуге мүмкіндік туғызады. Табиғи құбылыстардың іс-әрекеттерінің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін, бақылай қарап, сонын қатар бағалау тексеру жүргізіп, сонымен қоса болжау тәжірибелерін жүргізді. 
Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі 1970ж. құрылған. Бұл жүйенің мақсаты:
· қоршаған ортаның, жай-күйінің халықаралық мониторингі бағалануын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;
· мониторингтің жаңа станцияларын кұруда көмек көрсету;
· атмосфера мен климаттың жай-күйі, қоршаған орта 
ластануы туралы мәліметтерді жинау және тарату.
· ғаламдық жүйенің негізгі атқаратын міндетіне геоақпараттық жүйелердің технологиялық негізінде жерді пайдалану, климат, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі көптеген мәлеметтерді біріктіру мен ақпаратты ресурстарды басқару жөнінде кеңестік қызмет көрсету жатады.
Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиғи жүйесінің қазіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік бepiп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық кұрлықтағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялар жүргізеді. Олардың кейбірі биосфералық қорықтарда орналасқан.
Локалды мониторингі жүзеге асыратындар тұрақты, жылжымалы немесе шырақ астындағы тсксеру орындары. Осындай жүйелер көбіне Қазақстанның ipi калаларында. Мысалы, Алматы каласында атмосфералық ауаның мониторингі 6-7 орында жүргізіледі.
Қазіргі кезде табиғи ортаның сапасын бақылау және мониторинг терминдері қолданылады. Мониторинг – табиғи ортаның сапасын бақылау, бағалау және өзгерітерін болжау жүйесі. Мониторинг тікелей басқару міндетін атқармайды, ал бақылаумен қатар, мәліметтер жинақтау және басқару қызметтерін қарастырады.
Бақылау әдісі, масштабы, нысандары, әдістрі бойынша мониторингтің бірнеше түрлері ажыратылады. Масштабы бойынша глобалды (бүкіләлемдік, планетарлық), аймақтық және жергілікті мониторинг жүргізіледі. Қолданатын әдістері бойынша: ғарыштан, ұшақтардан, қашықтан, тұрақты ауыспалы бақылау міндеттері бойынша нақты жағдайды бақылау және болашақ өзгерістерді болжау. Бақылау нысандары бойынша атмосфера ауысуының мониторигтері.
Глобалды мониторинг – биосферадағы құбылыстар мен үрдістерді бақылап, мүмкін өзгерістерді болжау. Аймақтық мониторинг жеке аймақтарды қамтиды, табиғи ортаға антропогендік әсерлерді зерттейді. Табиғи ортаның сапасы химиялық, физика-химиялық әдістерімен ауадағы, судағы және топырақтағы ластаушы заттардың саны мен сапасы анықталады. Табиғат жүйелерінің әр түрлі ластаушыларға төзімділігі биоиндексация әдісім анықталады. Биоиндексация – антропогендік жүктемелерге тірі организмдердің сезімділігін анықтау.



  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;

6 Практикалық сабақтың тақырыбы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет