2 Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1. Қоршаған ортаны қорғаудың тарихи кезеңдері
2. Экологиялық іс - әрекет түрлері және олардың өзара байланысы
3. Бақылау түрлері
1 Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты .
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы – мемлекеттік, жалпы халықтық міндет болып табылады.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адам мен орта және қоғам, табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Табиғат-санада және санадан тыс жүретін обьективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызмет атқарады:
1. Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет;
2. Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;
3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз-құлықтылық қызмет.
Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар негізінде – табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғатты қорғауда көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану – материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қоғамның экономикалық мүддесімен анықталады. Табиғатты қорғау – қазіргі кезең және болашақ ұрпақтар үшін қоршаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Бірақ, тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да) жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігін де көрсету керек. Міне тек осы жерде ғана табиғатты дамыту (жақсарту ) туралы, экологиялық заңдарды сақтауға аса назар аудару керек. Әлеуметтік экологияға, оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтық экология кіреді. Құқықтық экология деп – қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып, экология құқығы танылады. Экология құқығы – бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен қорғауға байланысты қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық (эколгиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы .
Экология құқығы, құқық саласы ретінде біздің ортақ үйіміз –жерде өмір сүретін адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялық қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалардың жүйесін құрайды .
2 Табиғат қорғау саласында басқарудың негізгі ұстанымдарының бірі қабылданатын шешімдердің іс - әрекеттің алдын алу сипатында болуы. Өйткені табиғи ортаға келтірілген зиянды жоюдан гөрі оны болдырмау әлдеқайда тиімді. Сондықтан басқарудың ең негізгі әдісі болжамдар, бағдарламалар, жоспарлау және жобалау. Алғаш ұзақ мерзімдік болжамдар, тұжырымдар, бағдарламалар жасалады, содан кейін олардың негізінде ұзақ қысқа мерзімдік жоспарлар бекітіледі. Солармен қоса, ғылыми – техникалық болжамдар, тұжырымдамалар, жоспарлар әзірленеді.
Қоршаған ортаны басқару негізгі үш жүйе бойынша қалыптасады:
1) басқару жүйесі;
2) ірі ресурспен қамтамасыз ету;
3) түсіністік.
1. Елдің экономикасы үшін табиғи ресурстардың маңызы өте зор болғандықтан табиғат байлығын пайдаланумен қатар табиғат қорғау іс – шараларын басқару, елдің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.
2. Сұраныс және ұсыныс құраламы белгілі бір тепе- теңдікке, табиғи ресурстарға баға беріп және өндірістің тоқтап қалмауын ескеру қажет.
3. Экологиялық және экономикалық жоспарлы саясатты жүзеге асырғанда күйзелістен шығып, тұрақты дамуға көшу экономиканың және өркениеттің дамуын тұтастай қарап, қоғамның құндылықтар жүйесінің және дүниеге көзқарастың өзгеруі нәтижесінде жүзеге асатындығын ескеру керек.
Қоршаған ортаны басқарудың құрылымы
Экологиялық басқару қоршаған орта жағдайының нашарлауы салдарына қатысты ғана енгізілген жоқ, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі ғылыми – техникалық прогресс нәтижесінде пайда болған өнеркәсіп орындарының (биотехнология және ядролық технология) заңды түрде дамуына байланысты және басқару жүйесінде талаптардың ұлғаюына байланысты қалыптасты. Сонымен қатар кәсіпорынның өңірлік орналасуы, жаңа технологияның дамуына қатысты өндірістік қуаттың артуы салдарынан және де өндіріс әсерінің ушығуы, тек өңірлік табиғатқа ғана емес, жалпы әлемдік кеңістікке тигізер әсерінен әлемдік экономикада қауіпті қалдықтар өндіруші елдерге бөліну салдарынан қоршаған ортаны басқару жүйесі енгізілді.
Табиғатты қорғау іс–шараларын жүргізуде басқару жүйесі қоршаған ортаның өзгеруін және онның құрамына кіретін ресурстардың адам өз қажеттілігіне жаратудағы тұтынысын және ұлттық экономиканы дамытуда алға қойған мақсаттарды шешуде, тұрақты даму концепцияларын жүзеге асыруда мүмкіндік беретін әдіс және іс –шаралар жүргізетін ұйым ретінде қарастыруға болады.
Қоршаған ортаны басқаруда – қоғамның өмір сүру жағдайын сақтауда бағдарламаны жасау және жүйелі түрде оны іске асыру, сонымен қатар тұрғындарға және тұтынушыларға олардың сұрауы бойынша экологиялық ақпарат беру жүйесін қалыптастыру
Қоршаған ортаны басқарудың қағидалары
1. Экологиялық таным қағидасы. Бұл экологиялық басқару процесінде мақсатқа жету барысында, озу мақсатында жасақталып дамуы қажет.
2. Іс -әрекетің экологиялық мотивация қағидасы. Оның іс-әрекеті экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған мотивациялық құралдарды қолдану. Тәжірибе бойынша әкімшілік және қарулы күштер басқармасын қолдану тиімсіз.
3. Мамандану қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты басқарушының экология
саласындағы білімін пайдалану арқылы арнайы жобаларды дайындау.
4. Озу қағидасы. Көптеген экологиялық проблемалардың алдын алу оңайға соқпайды. Экологиялық басқарудың барлық механизмі дағдарыстан, төтенше жағдайдан бұрын іске асырылуы қажет.
5. Мақсатқа жету және стратегия қағидасы. Экологиыялық басқару егер нақты стратегиясы болмаса және алға қойған мақсаты болжанылмаса, онда ол тиімсіз болып табылады.
6. Алдын алу қағидасы. Экологиялық проблемалар байланыстарын көрсететін, тіке және жанама әсер салдарын есептеу және шешім табу. Проблеманы шешуде және басқару шешімін табуда оның іс -әркет салдарын есептеуде экологиялы-экономикалық тұрғыдан қарау керек.
7. Жауапкершілік қағидасы. Экологиялық басқарудың әр–түрлі факторларға байланысты туындайтын проблемаларына жауапкершілікпен қарау.
СӨЖ тапсырмасы : ШРК ұғымы, ШРК түрлері; Эмиссия ұғымы; Ластануға квота деген не? Ұғымдарға анықтама беріп, талдау жасау.
Бақылау сұрақтары
1. Қоршаған ортаға әсер етуді басқарудың негізі не?
2. Басқарудың негізгі мақсаты қандай?
3. Басқару әдістерінің жүйесін нешеге бөлуге болады ?
4. Мониторинг деген не?
5. Әкімшілік басқару жүйесі деген не?
6. Қоршаған ортаның сапасын бақылауды қалай түсінесіз?
7. Экологиялық сараптама деген не?
8. Лицензиялар өндіріс көлеміне сәйкес қалай беріледі?
9. Табиғат пайдаланушыға сертификаттар қалай беріледі?
10. Табиғи ортаның тазалығы қандай бағыттар бойынша бағаланады?
№11 Практикалық сабақтың тақырыбы: Жасыл экономика
Достарыңызбен бөлісу: |