Ф 03-03 Утебаев А. А. «Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған Әдістемелік нұСҚАУ


Халықаралық нормативтік - әдістемелік құжаттар



бет36/46
Дата04.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79362
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
Байланысты:
«Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған МУ Word

Халықаралық нормативтік - әдістемелік құжаттар:
Бүкіләлемдік банк құжаттары:



  • Экологиялық бағалауды жүргізу жөніндегі Дүниежүзілік банк Басшылығы.. Экологиялық бағалау департаменті, қаңтар 1999 ж.;

  • Экологиялық сараптама жөніндегі Дүниежүзілік банк Басшылығы. 4.01 Операциялық Директиві 4.01. Экологиялық бағалау департаменті, қазан 1998 ж.


Еуропалық банк құжаттары :



  • Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі материалдар жинағы (Environment Assessment Sourcebook (1991));

  • Қоршаған орта скринингіне түзетулер енгізу (Update Environmental Screening, (1993)).


Еуропалық комиссия құжаттары:



  • ҚОӘБ есептерінің сараптамасы. Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі Еуропалық Комиссия басшылығы. 2001ж.;

  • «Салалық экологиялық бағалау» Бүкіләлемдік Банк Басшылығы. Экологиялық бағалау департаменті, қазан 1993 ж.;

  • «Аймақтық экологиялық бағалау» Бүкіләлемдік Банк Басшылығы. Экологиялық бағалау департаменті, маусым 1996 ж.;

  • ҚОӘБ жүргізу жөніндегі Еуропалық Комиссия Басшылығы. Скрининг. (Guidance on EIA. Screening. 2001);

  • ҚОӘБ ауқымын анықтау. ҚОӘБ жүргізу жөніндегі Еуропалық комиссия Басшылығы. (Guidance on EIA. Scoping; 2001);

  • Жанама және кумулятивті әсерлерді, сонымен қатар әр түрлі әсерлердің өзара әрекетін бағалау жөніндегі Еуропалық комиссия басшылығы. (Guidelines for the Assessment of Indirect and Cumulative Impacts as well as Impact Interactions, 1999).

10 Практикалық сабақтың тақырыбы:


Қоршаған ортаны басқару


I Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні
1.Қоршаған ортаға әсер етуді басқару
2.Қоршаған ортаның сапасын бақылау
3.Қоршаған ортаға әсер етуді бақылау әдістері
1 Қоршаған ортаға әсер етуді басқарудың негізі – табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі. Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық – ұйымдастырушылық экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқару аса күрделі үрдіс, өйткені мұнда табиғи және қоғамдық құбылыстар бір – бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді, жүйелі басқаруды талап етеді.
Басқару әдістерінің жүйесін екіге бөлуге болады: әкімшілік және экономикалық. Басқару әдістерін екі жүйеге бөлудің өзі шартты түрде ғана. Іс жүзінде олар бір – бірімен тығыз байланысты. Әсіресе жоғарыда айтылған экология саласындағы еңбектің қоғамдық сипатына байланысты басқарудың барлық әдістері үйлесімді, кешенді қолдануы тиіс, сонда ғана ол нәтижелі болады. 
Әкімшілік басқару жүйесі – табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережелерінің, нормаларының орындалуын ұйымдастыру қадағалау негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бір орталықтан басқару, жоспарлау табиғат пайдалану шектерін белгілеуге басым назар аударылады.
Экономикалық жүйеде шаруашылық еркіндікке мүмкіншіліктер беріледі. Табиғат пайдалану нормаларын, ережелерін орындау экономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік) басқарылады.
2 Қоршаған ортаға әсер етуді басқаруда қолданылатын тәсілдердің мынадай түрлерін айтуға болады:
Құқықтық – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, құзіретін, құқықтарын белгілеу. Табиғат пайдалану, қорғау туралы әкімшілік актілер қабылдау. Әкімшілік актілер орындалуға міндетті.
Техникалық ұйымдастырушылық – табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника , технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Ұйымдастырушылық – табиғи ортаны қорғауға табиғатты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау және олардың іске асырылуын ұйымдастыру.
Әлеуметтік–психологиялық – жеке адамдармен, ұйымдармен, ұжымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт – насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.
Экономикалық әдіс – баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы, несие, т.б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.
Қоршаған ортаны басқару республикалық және аймақтық негізде басқарылады. Бұл басқару жүйелері келесі негізгі фунцияларды атқаруы тиіс:
· Қоршаған орта жағдайын сараптамалау;
· Әрбір ластаушы зат үшін (қоршаған ортаға қауіпсіз деңгейде) экологгиялық стандарттар енгізу;
· Аралық лимиттерді және оладың мерзімін енгізу;
· Рұқсат етілген шығарындылар мөлшерін белгілеу;
· Әрбір шығарынды зат үшін әрқайсысының бюджетке немесе бюджеттен тыс қорларға түсетін төлем мөлшерін анықтау;
· Қаражат қорларын көзделген мақсат үшін тиімді пайдалану үшін төлем жинау;
· Кәсіпорындар арасында рұқсат етілген лимиттер мен саудаласуда және шығарындыларға мониторинг жүргізу және де олардың рұқсат етілген лимиттермен сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру, қабылданған ережелермен жүргізілуін қадағалау.
3 Қоршаған ортаға әсер етуді басқаруда қолданылатын әдістер: оптимизация, жүйелеу, сараптау әдістері кеңінен қолданылады. Табиғат пайдалануды басқарудың маңызды тетігі – экологиялық сараптама. Табиғат пайдалануға байланысты барлық болжамдар, тұжырымдамалар, жобалар, жоспарлар, нақты шаруашылық және іс- әрекеттер, техника мен технология, өнімдер пайдаланатын шикізат, материалдар, отын – энергия, шығарылатын қалдықтар міндетті түрде Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді. Ішетін су, тағамдар, дәрі – дәрмек т.б. адамның денсаулығына тікелей әсер ететін өнімдер, процестер санитарлық – экологиялық сараптамадан өтеді. Сараптамалардың негізгі мақсаты табиғатқа адамның денсаулығына зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау.
Табиғат қорғауды, пайдалануды басқару Қазақстан Республикасының заңдарына, үкімет шешімдеріне сәйкес ұйымдастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет