Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Аюқұлақ жапырағы (лист толокиянки) – Folium и Uvae ursi



бет60/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143
Байланысты:
369577-1

Аюқұлақ жапырағы (лист толокиянки) – Folium и Uvae ursi. Көк бұта тұқымдасына жататын өсiмдiктен алынады, Ресейдiң Орталық алқаптарында. Кавказда, Батыс және Шығыс Сiбiрде, Қиыр Шығыста кеңiнен таралған. Гулдену кезінде жиналған жапырақтардың құрамында 10-30 % илiк заттар және арбутин глюкозидi мен басқа да бүйректе қабынуға қарсы және несеп айдағыш дәрi ретiнде әсер ететiн қосылыстар бөлiп шығарады. Ақұулақ жапырақтарын қуық несеп жолының және iшiнара бүйректiң ауруларында қолданады Арбутин тұрақты, жапырақтар тiптi ұзақ созылғанда да өзiнiң белсендiлiгiн жоймайды.
Өсiмдiк препараттарынан сондай-ақ арша жемісi, қырықбуын шөбi, бүлдiрген жапырағы және басқалар қолданылады.
Дихлортиазид – Dichlortiazidium. Ақ түсті майда кристалды ұнтақ, суда аз еридi (1:480), сiлтiде ериді, ‘Б” тiзiмi бойынша сақталады. Несеп айдағыштық әсерi бүйректiң иiр өзекшелерiнде натрий мен хлор иондарның сiңiрiлуiнің азаюына байланысты келедi. Сондықтан да оны натрийуретик деп жиi айтады. Шөп қоректі жануадарда калий гидрокарбонаттарының қайта сіңірiлуі едәуiр азаяды Ал бұл үшін дихдортиазид салуретик болып табылады. Препарат диуретик пен салуретик ретінде де, бүйрек үшін гипотензивтiк дәрi ретiнде де тиiмдi. Ішкізілу мөлшерi: сиырға 0,4-1,2 г, қойға 0,1-0,3 г.
Циклометиазид, хлортамидон, фуросемид, этакрин қышқылы, клопамид, триамтерен, дихлортиазидке қарағанда бiраз әлсіздеу әсер етедi.
ЖАТЫРДЫҢ ЖИЫРЫЛУЫН КҮШЕЙТЕТIН ЗАТТАР
Әртүрлi физиологиялық жағдайда жатырдың қызметiн реттеу үшiн кейбiр гормондық препараттар ойдағыдай қолданылуда. Жатыр бұлшық етiнің жиырылуын бәсеңдету үшiн әдетте ингаляцияық емес есiрткiлер пайдаланылады. Жыныстық циклды қалпына келтіру үшін – эстрогендер мен холинергиялық пепараттар қолданылады. Шудың кiдiруіне, сондай-ақ жатырдағы кейбiр қабыну құбылыстарында да өте тиімді.
Жатырдың жиырылуын фармакологиялық, әдiс пен күшейту үшiн бiрiңғай салалы бұлшық еттiң ширақтығын арттыратын адренергиялық инервацаяның әсерiн күшейтетiн заттар пайдаланады. Жатырдың әлсiреуiнде сондай-ақ ацеклидин, хинин, пахикарпин, сферофизин, тиамин, аденозин үш-фосфорлы қышқылы қолданылады. Бұл заттардың бәрi тек жатырға ғана емес, сонымен бiрге барлық мүшелердің біріңғай салалы бұлшық еттерiне де әсер етедi. Сондықтан да олар оқулықтың басқа бөлiмдерінде сипатталған (питуитрин хлорлы, кальций глюкоза). Бұрын қаралған адренергиялық заттар жатырды емдейтiн дәрiлер ретінде пайдаланылмайды. Өйткені қан тамырлары мен жүрек қызметiнiң күйін күрт өзгертеді. Олар жатырда өзгерістер туғызады және басқа мүшелерге қарағанда неғұрлым айқынырақ көрініс табады. Бұл заттарды шартты түрде жатырды емдейтiн дәрiлер деп атайды. Осындай дәрілердiң бiрi қастауыш болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет