Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет59/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143
Теофиллин-Тhероhullinum. Теоброминге және кофеинге қарағанда несеп айдағыш әсерi едәуiр күштiрек. Теоброминен айырмашылығы орталық жүйке жүйесiн күштiрек қоздырады. Асқазан - iшек жолының кілегейлi қабығын тітiркендiре отырып, ол іш өткiзуi мүмкiн. Ит пен мысықты көбiнесе құстыртады. Асқазан қабынғанда тiтiркендірiп әсер етедi.
Iшкiзілу мөлшерi: жылқы мен сиырға 2,0-6,0 г, есекке 0,5-3;0 г оның кқос теофиллиндi сiрке-натрийлі тұзын пайдаланады, ол судың 25 бөлiгiнде еридi. Несеп айдағыш дәрілердiң бұл тобына сондай-ақ эуффиллин мен нигексин, хлорлы аммоний мен спиронолоктан жатады.
Калий ацетаты (сiрке қышқылды калий) – kalii acetas3 (СН3СООН). Аздап сiрке суының иiсi бар ақ түстi кристалды ұнтақ, ауада оңай тозаңданады, судың 0,4 бөлiгiнде және спирттiң 4 бөлiгінде еридi. Прелараттың күрт ылғал тартқыштығынан оның әдетте официаналды ерiтiндiсі пайдаланады. Бұл ерiтiндiнің құрамында 33-35% СН3СООК болады.
Калий ацетаты ас қорыту жолынан тез сiңірiледi және калий карбонатына айналады. Препарат тiптi көп мөлшерде қолданылғанда уытсыз, бүйрек арқылы бөлiнiп шығарылады. Тұз және әлсіз тiтiркендіргіш ретінде несеп айдап әсер етедi. Несеп айдағыш дәрi ретiнде көбiнесе жүрек гликозидтерімен, немесе арша жидегімен қосып қолданады. Бұл орайда сонымен бiрге көп мөлшерде су iшкiзiледi.
Ішкізілу мөлшері: жылқыға 20,0-50,0 г, сиырға 25,0-60,0 г, қойға 5,0-10 г, шошқаға З,0-7,0г, итке 1,0-2,0 г, мысыққа 0,5-1,0 г, тауыққа 0,1-02г натрийдiң осы аттас тұзы - мочевина және маннит осыған ұқсас әсер етедi, бiрақ әсері әлсiздеу.
Гидрохинон – Hydrochinonum, парадиоксибензол,С6 Н4(ОН)2.
Қасиетi мен әсерi жөнiнде резорцинге өте жақын. Гидрохинонның күштi көрініс табатын тотықсыздандырғыш әсерi бар және жануарлар үшiн өте улы. Гидрохинонды ветеринарияда жеке дара қолданбайды, бiрақ құрамында гидрохинон бар заттарды - аюқұлақ жапырағын және басқаларды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет