Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет62/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   143
Эргометриндi малеат – Еrgometrini maleas. Малеат - лизергиндi қышқылды пропаноламидi. Иiссiз ақ немесе сарғыш түстi майда ұнтақ, суда (1:36) және спиртте (1:100) еридi. Ол жатыр бұлшық етiнің тонусын өте тұрақты түрде арттырады және оның жиырылуын күшейтедi. Препарат жатыр денелерi мен мүйiзшелерiнiң жиырылуын бiрдей дәрежеде жандандырады. Бастапқы күйде жатыр бұлшық етiнiң тонусы төмендеген сайын, оның әсерi соғұрлым күшитiрек болады.
Эргометрин жатыр бұлшық етiнiң күштi жиырылуы нәтижесiнде қан тамырларының өзегiн баяу жиырады және жатырдан қан кетуді тез тоқтатады. Эрготамин тартраты E.tartas. Эргомотринге ұқсас әсер етедi. Қастауышты қолданғандағыдай ауруларда қолданады.
Хлорлы котарнин – Cotarnini choridium. Иiссiз, ашық-сары түстi кристалды ұнтақ, дәмi ащы, ылғал тартқыш, суда (1:1) және спиртте (1:2) оңай еридi, сақтықпен сақтайды (Б тiзiмi). Жатырдың және қан тамырлары бұлшық, еттерiн баяу, бiрақ ұзақ мерзімге жиырылтады. Жатырдан қан кетудi тоқату және шудың түсуiн жеделдету үшiн қолданады. Сиырға iшкізiлу мөлшерi: 0,001 г, ал терi астына енгiзiлу мөлшерi тiрiдей салмағына шаққанда 0,0005 г.
Сферофизин - бензонаты – Sphaerophusini S.benzoas. Ақ түстi кристалды ұнтақ, суда жақсы еридi, жатыр бұлшық етiнiң жиырылуын күшейтедi, төлдеу кезiнде толғақты жандандырады. Жатырдан қан кетудi тоқтатуға септiгiн тигiзедi, шудың түсуiн жеделдетедi. Терi астына енгiзу мөлшерi: жылқыға 004-0,2 г, итке 0,005-0,01 г. Сонымен бiрге сферофизин iшкі мүшелердiң қан тамырларын кеңейтеді және қан қысымын төмендетедi.Оны әртүрлi гипертонияларда пайдаланады.
Жатырдың жиырылуын күшейту және жұмысын жақсарту мақсатында метидэргометрин, гифотоцин, эстрофан, простетон, ваготил, местицид, эстриол, хангегиф, ферродекс секiлдi жаңа дәрiлiк заттарды қолдануға болады.
БАУЫРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН КҮШЕЙТЕТІН ЗАТТАР
Бауырдың қызметi өте күрделi ол ас қорытуға, зат алмасуға, гемопоэзге, экзогендiк және эндогендiк сипаттағы улар мен токсиндердi бейтараптандыруға қатысатын мүше болып табылады. Бауыр қызметінің бұзылуы ағзаның жалпы күйiне қолайсыз әсер етедi.
Өз кезегiнде басқа мүшелердiң де қызметiнiң бұзылуы бауырдың қалыпты жағдайда жұмыс істеуiне кең ықпалын тигiзедi.
Бауыр қызметiнiң бұзылуы толық зерттелмегендiктен, оның ауруларына қарсы қолданатын дәрiлiк заттар да онша көп емес. Бауырдың қызметi нашарлағанда, өттің пайда болуын жақсартатын заттарды үш топқа бөлуге болады:
1. Өттiң пайда болуын жылдамдатып, оның ферментативтi белсендiгiн күшететiндер (эфир майлары, атофан, никотин қышқылы, хлоралгидрат) өттiң сұықтануын арттыратындар (тұз қышқылы, сабур, гексаметилентетрамин) және өттің мнкробтарға қарсы әсерiн күшейтетiндер (йод, каломель, салицилаттар, сульфаниламидтер,антибиотиктер); өттің пайда болуын арттыратын заттарға мыналар да жатады: дехолин, дегидрохол қышқылы, дехолин, гепалон, аллахол, холензим, холосас, жүгерiнің және мақсарының (софлор) шашақтары;
2. Өт жолдарының, өт қабығының жұмысын жақсарттып өттің iшектерге түсуiн жақсартатындар (пентон, магний сульфаты, атропин, папаверин, тұз қышқылы);
3. Қабынуға қарсы әсердiң салдарынан өттің пайда болуын арттыратындар (холин, К витамині, цианкобаламин, никотин қышқылы, викасол, кальций қосылыстары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет