Фаракодинамикасы. Қазiргi кезде витаминдік препараттардың жануар организмне әсерi айтарлықтай дәрежеде тексерiлiп. Жаңарған препараттармен толықтырылуда (кормовит
Е -25, капсуаит Е-25, гранувит Е, комбинол Е, триват А, Д, Е, тетравит, солмивит, авотан, фосфотиамин, аквитал, виказол, линетол және т.б.). Витаминдер тiкелей немесе жанама болса да организмдегi барлық биохимиялық құбылыстарға қатысады. Кейбiр витаминдер организмге қажеттi заттарды тузуге, ал кейбiреулерi энергетакалық заттар есебiнде қажет. Витаминдiк препараттар тотығу-тотықсыздану; карбоксилдену, декарбоксилдену, амин қышқылдарының түзiлуiне т.б. 6иологиялық құбылыстарға қатысады. Витаминдiк заттардың ферменттiк құбылыстардағы маңызы өте зор. Витаминдер өздiгiнен ферменттiк жүйелер құрамына кiрмейдi, алайда, олар ферменттiк құбылыстарға кофермент түрінде қатысады.
Барлық мал аурулары кезiнде, тіптен гпатологиялық құбылыстың субклинакалық түрiнде де витаминдер метаболизмi әртүрлi дәрежеде бұзылады.
Витаминдiк препартараттар тек қана зат алмасудың бұзылуын емдеу және алдын алу мақсатында ғана емес, сонымен қатар әртурлi жұқпалы және инвазиялық ауруларда, хирургия патологиясында кеңінен қолданылады. Себебi витаминдiк препараттар зат алмасу құбылыстарын қалыпқа келтiру немесе оларды күшейту арқылы организмнiң жалпы резистенттiлiгін жоғарылатады.
Көптеген витаминдік препараттар аз мөлшерлерде жануарлар организмiнiң жалпы қорғаныс механизмдерін күшейтедi. Сондықтан да әртүрлi жұқпалы аурулар кезiнде ең алдымен азық құрамындағы витаминдердiң мөлшерiн қалыпты деңгейге жеткiзу керек, сонан соң әр түрлi дәрiлiк заттар қолданылады: мысалы, тиамин асқазан қызметiн жақсартады, цианкобалмин гемопоэздi, аскорбин қышқылы фагоцитозды күшейтедi т.б.
Витаминдiк препараттардың барлық биохимиялық рекацияларға қатынасатынын ескере отырып оларды өсу, даму, өнiмділiк пен резистенттiлiктi күшейту мақсатында тағайындайды. Витаминдiк препараттардың көмегiмен әртүрлi гиповитаминоздар, жүйке және ас қорыту, жүрек қан-тамырлары, тыныс алу, жыныс, қан жүйелерi ауруларының алдын алу немесе емдеу үшiн қолданады.
Витаминдiк препараттардың әсерi белгiлi бiр жағдайларда ғана әсер етеді. Организмдi физиологиялық тепе-теңдiкте ұстау үшін оларды өте төмен мөлшерде тағайындайды, ал бiрақ берiлу аралығын белгiлi бiр мерзiмге ұлғайтады. Витаминдiк препараттардың емдiк тиімдiлiгi оларды басқа да емдiк заттармен бiрге тағайындғанда күшейе түседi. Әдетте, бұл мақсатта антибиотиктер, антиоксиданттар, электролиттер қолданылады. Дұрыс қолданылмаған жағдайда мұндай әсер зиянын тигiзуi мүмкiн.