Қазіргі заманғы несеп және өт айдайтын жаңа препарат түрлері.
Ветеринарлық медицинаның дамуына байланысты, фармакологияда да бірнеше жетістіктерге жетіп, қазіргі заманда дәрілік заттардың бірнеше түрлері зерттеліп, жаңа дәрілік препараттар шығарылды.
Жаңа диуретикалық заттар бірнеше түрге бөлінеді: салуретиктер, калий сақтағыш және осматикалық болып.
Олардың жұмыс жасау механизмінің негізіне бүйректің каналшаларындағы тұздар мен басқа да электриттердің организмге қайта сіңірілуін бәсеңдетеді, осының арқасында, олардың зәрмен бірге бөлінуін,ал тұзбен бірге несептің сыртқа айдалуы күшейеді.
Салуретикалық заттар: производные бензотиазина. Диуретикалық әсерінен, бүйректің проксималды каналшаларындағы натрий мен хлордың реабсорбциясын азайтуына байланысты, калий мен бикарбанаттардың да реабсорбциясы азаяды, тек аздаған көлемде.
Циклометиазид – Cyclomethiazidum. Ақ және ақшыл сары түсті порошок, суда ерімейді.
Форма выпуска:. 0,0005граммдық таблетка.
Әсері: Жақсы сіңіріледі. Диуретикалық әсері 2-4 сағаттан кейін көрінеді және 10-12 сағатқа дейін әсерін жоймайды, тәуліктік диурезі 1,5 -1,2 есеге дейін артады.
Дозасы: Иттерге ішке 1-2 таблеткадан береді.
Карбоноангидраздың ингибаторлары: Диуретикалық негіздердің біріне карбоангидраздың активтілігін бәсеңдету жатады. Натрий гидрокарбонатының реабсорбциясын және сутек ионының секрециясын проксимальды каналдарда азайтады және гидрокарбанат пен фосфаттың несеппен бірге айдалуын күшейтеді.
Қышқыл туындылары: Диуретикалық қасиеті натрий мен хлордың иондарының реабсорциясын төмендетуінде, және ол тек проксимальды емес, сонымен қоса, дистальдық ойық каналшаларында да өтетін әсер. Калий реабсорциясының да әлсіреуі білінеді, бірақ өте аздаған көлемде.
Фурасемид – Furosemidum. Ақ кристаллды ұнтақ, суда ерімейді.
Форма выпуска: 0,04 г. Таблеткалар, 1% ерітінді 2мл ампуладағы.
Әсері: Өте тез әсер ететін дәрі, көбіне оны жедел көмек кезінде қолданады (бүйрек пен мидың ісінуінде қолданады) . Ішке, тамырға және бұлшық етке енгізеді. Антигипертензиялық әсеріне байланысты оны гипертонияның бірнеше түрлерінде қолданады.
Дозасы: Иттерге, әрбір жануарға шамамен 0,02 – 0,08 г