Рибофлавин (В2 -витаминi) – Riboflavinum. Рибофлавин күлгiн сары түстi, иiссiз, дәмi ащы. Суда өте нашар еритін (1:9000) қиыршық зат. Рибофлавин ішекте сiңірілiп басым түрде бауыр ұлпасында шоғырланады. Негiзiнен несеп арқылы, жартылай термен, нәжіспен, т.б. сыртқа шығарылады.
Рибофлавин организдегi қант мөлшерiн реттейдi. Тиамин және никотин қышқылы тәрiздес ол алдымен сүт қышқыльн пирожүзiм қышқылына, соңынан көмiр қышқылына өзгертедi. Ол азот алмасуына да қатысады.
Рибофлавиннiң ең бiр маңызды әсерлерiнiң бiрi жануар организiмнiң трифтопан, гистидин, фениланин және треонин тәрiздес амин қышқылдарының пайдадануын жақсартады. Ал гликокол, цистин, тирозин сияқты амин қышқылдарының организмдегi өзгеруi рибофлавинсiз мүмкiн емес.
Рибифлабин жетiспесе немесе оның белсендiлiгi төмен болса бұл заттардың алмасуы бұзылады, тiптен олардан әртүрлi улы заттар пайда болады. Рибофловин организмде тыныс алу ферменттерiн түзуге қатысады. Рибофлавин орталық жүйке жүйесi қызметiн, қан тамырлары асқазан және iшек бездерiнiң ауыр, терi, кілегейлі қабықтар т.б. функционалдық қызметінің қалыпты жағдайда болуын қамтамасыз етеді.
Рибофловин мал организмiнің өнімділігін жоғарылату, тотығу-тотықсыздану реакцияларын белсендіру, торшалық тыныс, белок және майлар синтезiн күштейту үшiн, гемеостазды белсендiру т.б. үшін тағайындалады.
Емдік мақсатта рибофловинге бай азықтар берiледi, ал профилактикалық мақсаттарда рибофлоиндiк премикстер берiледi, iшкізу мөлшерi- иттерге 0,005 0,2 г. шошқаларға 0,01- 0,06 г.
Никотин қышқылы (РР1 витаминi). Пиридинкарбон - 3 қышқылы және оның амидi (никотинамид) арнайы пеллагра ауруына қарсы емдiк зат болып табылады.
Қазiргi кезде ел өте жиi қолданылады себебi бұл витамин ас қорытумен органзмдегі зат алмасу құбылыстарына айтарлықтай әсерiн тигiзедi.
Никотин қышқылы – Asidum aicotinum - түссіз, иiссiз, қышқыл дәмi бар қиыршық зат. Суда 15 С - 1:75, 60 С 1:25, 100 С - 110 мөлшерде еридi, қыздыру, жарық әсеріне, тотықтырғыштар әсерiне төзiмдi. Организмге сiңгеннен кейiн никотин қышқылының қосылыстарын бауырда, жекелеген эндокринді бездерде, өкпеде, бүйректе, мида, асқазан мен iшекте, жүректе кездеетiруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |