Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет10/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   143
Байланысты:
369577-1

Бақылау сұрақтары:

1. Дозалаудың жалпы принциптері


2. Синергизм
3. Антагонизм


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығыныңстуденттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім / С. Е. Тулеметова, Т. Р. Балтахожаев, Ұ. Қ. Омарова. - Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ С. Е. Тулеметова, Қ, А. Алтаева - Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №4 Фармакологиялық заттардың жағымсыз әсерлері


Жоспар:
1 Фармакологиялық заттардың жағымсыз әсерлері
2 Токсикологиялық әсер


Кей кезде дәрілік заттардың тіркестігі. жағымсыз
нәтиже беруі мүмкін. Ондай жағдайда олардың әсерлері
бір-бірімен қиылыспайды. Химиялық және фармакологиялық қиыспаушылықтарды ажыратады. Қатарынан қолданылған дәрілік заттар өзара химиялық реакцияласу арқылы бір-бірінің фармакологиялық әсерлерін жойып жібереді.
Қайталап жіберілген дәрілік заттардың әсері.
Малдәрігерлік тәжірибеде дәрілік заттарды қайталап жіберу жиі кездесетін жағдай. Мұндайда дәрілік заттардың әсерінің жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін. Жоғарылауы олардың тіндер мен ағзаларда, жалпы организмде шоғырланып, жинақталуымен байланысты. Бұл құбылыс кумуляция деп аталады.
Кумуляцияның негізі неде? Организмге түскен дәрілік заттардың молекулалары ондағы биополимерлер молекулаларымен реакцияласады да әртүрлі деңгейдегі комплекстер түзеді. Оның құрамындағы дәрілік заттың фармакодинамикалық белсенділігі жойылады. Белгілі бір жағдайларда ол комплекс ыдырайды да, дәрілік заттың белсенді молекуласы бөлініп шығады. Ол бос, белсенді түрінде қанда, тіндерде әр кезде айналыста болады. Осындай дәрілік заттардың дозасын, терапевтикалық ережені сақтамай, кезекті жіберген кезде олардың деңгейі улылық деңгейіне дейін жетуі мүмкін.
Материалдық кумуляция - Дәрілік зат организмнен өте жәй бөлінуі салдарынан онда улылық мөлшеріне дейін шоғырланады. Мұндай жағдайда дәріні кезекті жіберу онын организмдегі қалдығы толық шығып болғаннан кейін ғана іске асырылуы керек.
Функционалдық кумуляция - организмде дәрінің өзі емес оның тиімділік әсері жинақталып, жоғарылайды. Мұндай жағдай дәрілік заттың кезекті дозасы ағзалар мен жүйелердің қызметі әлі бірінші дозадан қалпына келмей жатып түскен кезде байқалады.
Қайталап қолданылған дәрілік заттарға организмнің сезімталдығының жоғарылауы да мүмкін. Мұндай құбылыс сенсибилизация құбылысы деп аталады. Оның негізінде организмге жіберілген дәрілік заттарға қарсы денелердің түзілу процессі жатыр.
Дәрілік заттарды кайталап қолданғанда олардың әсерінің . төмендеуі байқалады. Бұл құрбылыс үйреншектілік (адаптация) деп аталады. Бір сөзбен айтқанда кейбір дәрілік заттарға (аналгетиктерге, іш өткізетін, т.б. дәрілік заттарға) организмде толеранттылық пайда болады.
Дәрілік заттарды жиі қолданғанда тірі организмнің оған үйреншіліктігінің пайда болуы ол заттардың метаболиттерінің жаңадан арнайы түзілген ферменттердің әсерінен тез арада талқандалуынан, немесе организмнен тез бөлініп шытуынан болады. Мұндай құрбылыстар микроорганизмдерде, бунақденелілерде және гельминттерде жылдамырақ пайда болады.
Кейбір дәрілік заттарды қайталап қолданғанда (әсіресе нейротропты заттарға) организмде дәріге тәуелділік пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда, әсіресе адамдарда, сол дәрілік затты қайта-қайта қолдануға құштарлық пайда болады.
4. Токсикологиялық әсер.
Әрбір дәрілік заттың өздеріне тән қолдану ерекшелігі болады, егер қолдану ерекшелігі сақталмаса, олар қолайсыз әсер етеді, кейде тіпті уландыруы да мүмкін.
Дәрілік заттар 2 топқа бөлінеді.
1. Улы заттар – А тізімі бойынша арнаулы темір шкафтарда құлыптанып сақталады, есігінің ішкі жағына «А- Venena» деп жазып қояды, жапсырма қағазы қара фонда ақ түсті әріптермен жазылады.
2. Күшті әсер ететін заттар – Б тізімі бойынша арнаулы жерде шкафта сақталады «Б - Heroica» деп жазып қояды. Жапсырма қағазы қара фонда қызыл түсті әріппен жазылады.
Токсикологиялық әсер – малға дәрілік заттарды дұрыс қолданбағандықтан болатын патологиялық күй. Мысалы: препараттық мөлшерін тым арттырып жіберу, дұрыс таңдалып қолданбаған дәрілік пішінді қодану, дәрілерді қайталап енгізу уақытын қысқартып жіберу, бірнеше препараттарды біруақытқа енгізгендегі олардың өзгеруін білмеу.
Уланған кезде көрсететін алғашқы жәрдем:
1. Организмге удың азықтық заттармен, сумен, ауамен түсуін тоқтату.
2. Денеге сіңіп үлгермеген уды бейтараптандыру, немесе теріні немесе кілегей қабықота асқазанды мұқият жуып тазалау (зонд арқылы шаяды) ит пен шошқаға құстырғыш заттар қолданады.
3. Улы зат қанға сіңіп үлгерсе әртүрлі антидоттар қолданады.
Малдардың ауруларының дамуы олардың организміндегі физиологиялық құбылыстардың күшеюімен, немесе әлсіреуімен сипатталады. Ауру организмде оның барлық қорғаныс факторлары іске қосылады. Егерде организмнің гуморалдық және торшалық қорғаныс факторлары жоғары болса, онда ол организм ауруды жеңіп, мал сауығады. Ал ауру малдың қорғаныс қабілеттілігі төмен, организмде терең патологиялық өзгерістер болғанда Дәрігердің іске кірісуіне тура келеді. Мұндай жағдайда малдәрігерінің негізгі қаруы - фармакотерапия. Емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттарды анықтау аурудың даму барысы мен клиникалық көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі. Организмнің біртұтастығын ескере отырып, аурудың ағзалар мен жүйелерде тудырған негізгі өзгерістерін анықтай білу қажет. Аурудың даму барысында қосымша микроорганизмдердің әсерлері болатынын естен шығармау керек.
Егер ауру асқынбаса, уақытында жоғарғы тиімділікті дәрілік заттар қолданылса, онда ауру мал жазылады. Ал ауру ауыр түрде жүрген уақытта жан-жақты, комплексті емдеу әдістерін қолданады.
Емдеудің жалпы принципы бойынша аурудың белгілеріне қарсы әсер ететін дәрілік заттарды қолданады.
Дәрілік заттардың терапевтикалық дозасының ерекшелігі - ол организмнің тұрақтылығын, функциялары мен құрылыстарының физиологиялық параметрін қалпына келтіреді. Олардың ішінде функционалдық өзгерісті қалпына келтіру метаболизм мен құрылысының өзгерістерін қалпына келтіруден әлдеқайда жылдамырақ іске асырылады.
Фармакотерапия аурулардың алдын алу; олардың себептеріне, белгілеріне қарсы қүресу; патогенетикалық және орын толтыру әдістері арқылы іске асырылады.
Малдардың организмінде аурулардың даму барысында болатын терең өзгерістер клиникалық және лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады. Емдеу барысында қолданылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасын, фармакодинамикасын және әсер ету механизмін жетік білудің емдеуді дұрыс жүргізу үшін, оның нәтижесінің жоғары болуы үшін маңызы өте зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет