Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет11/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   143
Бақылау сұрақтары:

1.Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері


2. Уланған кезде көрсететін алғашқы жәрдем
3. Дәрілік заттардың терапевтикалық дозасының ерекшелігі


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығыныңстуденттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.

Дәріс №5 Орталық жүйке жүйесі қызметін әлсірететін заттар




Жоспар:


1 Наркозға арналған заттар
2. Психотроптық, ұйықтатқыш, нейролептикалық заттар

1. Жүйке жүйесі – құрылысы мен қызметі өте күрделі, организмдегі барлық құбылыстарды реттеп отыратын жүйе.


2. Орталық жүйке жүйесін тежейтін заттардың ішінде ветеринарияда: наркотикалық заттар, ұйықтайтын заттар, нейролептиктер, седативті заттар, анальгезиялық (ауруды бәсеңдететін) және қызу басқыш алкогольдер қолданады.
Ауырсыну сезілуілінің жалпы әлсірететін дәрілерге наркоздық заттар жатады.
Наркоз (narcosis) – дегеніміз арнаулы дәрілік заттардың әсерінен орталық жүйке жүйесіндегі нейрон аралық синапстарда болатын қозудың өткізгіштік құбылысының әлсіреуі.
Наркоздың 4 даму дәрежесі.
1. Наркоздың 1 дәрежесі – базистік немесе беткейлік наркоз. Ауырсыну сезімі толығымен жайылады, көлденең жолақты бұлшық ететрдің тонусы бірден төмендейді, тыныс алу тамыр соғу, қан қысымы өзгеріссіз қалады.
2. Наркоздың ІІ дәрежесі – айқын наркоз. Ауырсыну сезімі толығымен жайылады, бұлшық ет тонуы бірден төмендейді, тыныс алу мен жүректің қызметі өзгермейді.
3. Наркоздың ІІІ дәрежесі – терең наркоз. Рефлекстер толығымен жойылады, тыныс алу әлсірейді, қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы жылдам болғанымен, әлсіз болады.
4. Наркоздың IV дәрежелі наркоз аса терең наркоз. Қан қысымы бірден төмендейді, тамыр соғуы әлсірейді, тыныс алу сиреп бір қалыпсызданады.
Наркоздық заттар 2 жолмен беріледі ингаляциялық емес наркоз (тері астына, бұлшық ерт арқылы, құрсақ қуысы арқылы, қан тамырлары арқылы, ауыз қуысы және тік ішек арқылы) беріледі. Бұл әдістің ыңғайлысы жануарлар тез наркозданады, наркоз құбылысы ұзаққа созылады. Препараты тиопентал натрий – Thiopentalum natrium, тиопентал тез әсер ететін наркоздық зат. Ең күшті наркоздық заттардың бірі ретінде хирургиялық операцияларда және ішектің түйілуі кезінде, сіреспеге қарсы зат ретінде қолданылады. Мөлшері барлық малдар үшін бірдей.
Ингаляциялық наркоз дегеніміз – тез буланатын сұйықтық (хлороформ, эфир, фторотан) немесе газдар (циклопропан, азоттың шала тотығы).
Берілу әдісі – ингаляция (демді ішке тарту). Препараттары хлороформ, эфир, фторотан.
Хлороформның – наркозға айналған хлорофор қолданады. Ол сезімтал жүйке талшықтарын қоздырып әлсіретеді, әсіресе қан тамыр жүйесіне қолайсыз әсер етеді.
Эфир этилді – Aether aethylicus – түссіз өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар мөлдір сұйық зат. Хлороформ сияқты әсер етеді.
Фторотан – Phtorotanum – наркоздық әсері хлороформға ұқсас.
Қазіргі уақытта ветеринария саласында ингаляция наркоздық заттарды көп қолданбайды. Дегенмен ингалап, пентарп, энфлуран секілді дәрілік заттар қолдануға ұсынылған.
Ұйқы келтіретін дәрілік заттарға – Барбитан натрий, фенобарбитан, барбамид, тетрадин, нейразепам, хлоралгидрат қолданады. Бұл препараттарды көбінесе операциядан кейінгі кезеңдерде, организмнің көңіл-күйі нашарлағанда, наркоз берудің алдында және т.б. тез әсер алу үшін күре тамыр арқылы енгізетін болса, ал ұзақ әсер алу мақсатында ауыз қуысы арқылы береді, жоғары мөлшері наркозды қалыпқа түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет