Ф 03-18 Мергенбаева А. Т., Жуманова Г. М., Оразалиева Э. А



бет84/89
Дата10.10.2022
өлшемі0,7 Mb.
#42120
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Протекционизм

Фритредерство

Мағынасы:

Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау үшін шектеу.

Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін жүруі.

Артықшылықтары

Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қорғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Кемшіліктері:

Өндіріс тиімділігі төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды.

Ұлттық экономиканы шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.).

Фритредерстік - еркін сауда саясаты, ішкі рынокты шетелдік капитал мен қызметтерге ашу.
Қазақстан Республикасының алыс шетелге экспортқа шығарған тауарлары 5562 млн доллар құрады, бұл дегеніміз - 69,7 %, ал импорт - 2763,6 млн доллар (47,8 %).
Германияға экспорт - 5,9 %, Италияға - 11,1 %, Қытайға - 7,2 %, Түркияға 0,8 % құрады.
Қазақстан Республикасының тауарлар экспорты ТМД елдеріне 2413,7 млн доллар құрады, бұл - барлық сыртқы сауда айналымының 30,3 %-ы, импорт - 3023,8 млн доллар (52,2 %). Ресейге экспорт- 20,3%, Украинаға -5,6 % құрады. Осыған сәйкес Ресейден тауарлар импорты - 45,8 %, Украинадан - 2,4 % болды.
Ресей Федерациясына экспорт құрамында мыналар қомақты үлес алады: минералды отын - 45,4 %, астық өнімдері -16,5 %, органикалық емес химия өнімдері, асыл, сирек кездесетін металдар, радиоактивті элементтер бірлестігі -14,7 %.
ТМД елдерінен импорт құрамында машина, жабдықтар, көлік құралдары, приборлар мен аппараттар, отын-энергетикалық ресурстар, химия және металлургия өндірісінің өнімдері басым болып келеді. Машина, құрал-жабдықтар, приборлар, аппараттар үлесі импорт көлемінде -32 %, отын-энергетика ресурстары - 22 %, металлургия өнімдері - 15 %, химиялық тауарлар - 15 % құрады.
Сауда балансы айырмасы ТМД елдерімен теріс қалыптасты (2001 жылғы қаңтар-маусымда) - 22,8 млн доллар.
Капитал шығару — басқа елдерге тиімді орналастыру және пайдалану мақсатындағы капитал экспорты.



Капитал шығару формалары



Кәсіпкерлік капитал

Несие капитал мынадай түрде шығарылады



Тікелей инвестиция- өз шетелдерде өз өндірісін құру

Портфельді инвестиция-ақшаны жергілікті компанияларға салу

заемдар

кредиттер

Халықаралық жұмыс күші миграциясы - жұмысқа қабілетті халықтың ұлттық шекарадан тыс жерлерге орналасуы.


Миграциялық айырма — шетелге кеткен адамдар (эмигранттар) саны мен шетелден осы елге келген (мигранттар) саны арасындағы айырма.
Миграцияның экономикалық себептері:
- кәсіби біліктілігі төмен жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және ұсыныстың өсуі;
- дамушы елдерде кәсіби біліктілігі жоғары мамандарға сұраныстың өсуі;
- жалақыдағы мемлекетаралық айырмашылықтар. Халықаралық сауда және қаржы операцияларында әр түрлі ұлттық валюталар қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет