Ф 04 -01 Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет8/9
Дата21.03.2023
өлшемі151,82 Kb.
#75639
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жүсіпбек Аймауытовтың “Ақбілек” романы[1] (1) (1) (копия) (копия)

ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі қазақ романының ХХ ғасырдың басында туғанына ешкім де күмән келтірмейді.Роман жанрының қазақ әдебиетінде туып, қалыптасуы – бірсыпыра уақытты қажет етіп,көптің көмегімен, көптің көркем ойымен жүзеге асқан.
Қазақ романының ту басында М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», С Торайыровтың «Қамар сұлуы», «Кім жазықты?», М.Әуезовтың «Қилы заманы», Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа» секілді шығармалары тұр деп біз нық сеніммен айта аламыз.
Осы романдардың ішінен мен Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын қазақ романдары ішінен шоқтығы биігі дер едім.
Себебі, Жүсіпбектің романдарын алғашқы «қазақ романдары» деп пікір айтқан С Қирабаев өзінің «Ж.Аймауытов» атты еңбегінде С.Сейфулиннің «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасымен салыстырып, «Тар жол, тайғақ кешуді» тарихи-мемуарлық, деректі шығарма дей отырып, роман жанрының алғашқы үлгісін Ж.Аймауытов жасады» дейді.
«Ақбілек» романында кейіпкер болмысы мүлде жаңа қырынан көрінеді; қоғамдық жағдайлардың ауысуына байланысы адам бойындағы пайда болған өзгерістер мен оның тарихи көңіл-күйі суреттеледі; кейіпкердің тағдырын, оның қалыптасу және даму процестерін көркемдік кеңістік пен уақыт аясында жан-жақты толық етіп көрсетеді. Ақбілек бейнесі сол кезде жазылған ( тақырыптас) шығармалардағы әйел образдары: Жамал, Қамар, Ғайша, Шұға, Ботагөзбен өсу жолын, тағдырын, санасын, әлеуметтік жағдайын салыстырып қарар болсақ, көп ерекшеліктерді байқаймыз.
Дулатов, Көбеев т. б. шығармаларындағы кейіпкерлер сыртқы көркі ішкі жан дүниесінің сұлулығына сай, сүйген адамына жан-тәнімен берілген, өз махаббаты үшін бәрніне дайын жандар. Сүйгендерінен айрылған Шұға, Қамар да қасіретпен мерт болады. Тек Ғайша ғана қашып құтылады.
Бір қарағанда бір-біріне ұқсамайтындай көрінетін кейіпкерлердің өзара ортақ белгілері – бәрінің де періште кейіпкердің (идеальная героиня) сипатын көрсететіні, бәрінің де махаббат пен адалдық идеясын ту етіп көтеретін; әлеуметтік қайшылықтан, теңсіздік кесірінен шырмалып жоғары шыға алмауы. Автор қазақ қызының басындағы бар қиындықты ашып көрсетеді, бірақ одан қалай шығу керектігін айтпайды. Бірақ біз олай деп кінә тақпаймыз, мүмкін дәл сол кезде қыз өз еркін алуы мүмкін де болмаған шығар. Ал Жүсіпбекте жоғарыда айтқандай дәріптеу (идеализация) жоқ, тіпті оның көркемдік жүйесіне де тән емес десек те болады. Ол өзінің бас кейіпкерін өзіне ұнайтын, жанына жақын етіп ешқашан да көкке көтеріп дәріптемейді. Жалпы адам бойындағы жақсы да, жаман да қасиеттер Жүсіпбек кейіпкерінің бойынан табылады.
Жүсіпбек романында көркем бейне жасаудың принциптері мен деңгейлері – оның өз шығармашылығында фольклорлық эстетикалық дәстүрдің ілгері озғандығы арқылы көрінеді.
ХХ ғасыр басында әйел бостандығы – әлеумет бостандығының ең негізгі мәселесі болып есептелді. Шынында да, анасының көзі жасты, қызының көңілі мұңды ұлтта қандай бостандық болуы мүмкін. Ғасыр басындағы шығармалардың әйел тағдырына орайлас келуінің бірден – бір себебі де осы шығар. «Ақбілек» те дәл осындай шығармалардың бірі, яғни романның негізгі тақырыбы - әйел бостандығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет