8.6.Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі.
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген ұйымдастыру-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
Қызметкерлердің орташа жылдық санына және орташа жылдық табысына қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатады:
3 000 000 АЕК жоғары -(2019 жылы 7 575 000 000 теңге
Кәсіпкерлікпен айналысатын, шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады