Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет30/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   152
Байланысты:
Ô 11-03 Æóìàíîâà Ã. Ì., Ìåðãåíáàåâà À. Ò.,Îñïàí Á.². 1943 «Ê?ñ³ï

6. Өндірістік жоспар. Бизнес-жоспардың бұл бөлімін өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпкерлер ғана жасайды. Оның басты мақсаты – әлеуетті әріптестер мен инвесторларға, қажетті мерзімде, талапқа сай тауарлар мөлшерін шығаруға жағдайы бар екендігіне көз жеткізу. Өндірістік жоспарды әзірлеу кезінде мына мәселелерге талдау жасалуы тиіс:
- қолданылатын техника мен технология;
- өндірістік база;
- шикізаттар мен материалдар, энергия;
- өнім өндіруді қамтамасыз ету және шығындарды болжау;
- еңбек ресурстары;
- тұрақты және айнымалы өндірістік шығындар;
- экологиялық қауіпсіздік.
Өнім өндіруді болжау өндірістік құрылым мен маркетингтік жоспарға сүйенеді. Негізгі міндет нарық пен сатып алушылар сұранысын ескеретін, жаңашылдық енгізуге мүдделі және тұтынушыға жұмыс істейтін өндірісті қалай ұйымдастыру керектігін білу болып табылады. Сонымен, өндірістік жоспарда тауар шығарудың өндірістік ағындары көрнекі түрде сипатталып, оны қамтамасыз ететін ақпараттармен таныстыру болып табыпады.
7. Маркетинггік жоспар. Маркетинг бизнесті табысқа жетелейтін маңызды жолдардың бірі. Көптеген кәсіпорындар тартымды өнім өндіргенімен, маркетингтің жоқтығына немесе маркетингтік бағдарламаның дұрыс жасалмауынан сәтсіздікке ұшырайды. Осы бөлімде өз жоспарының негізгі элементтері: тауарлар, нарықтар, әр түрлі өндірістің дамуы жөнінде түсіндіріледі. Мұнда маркетингтің мақсаты, міндеті, фирманың қандай маркетингтік стратегияны қабылдағаны туралы, тауарлардың жеке фирмалық дүкендер немесе көтерме сауда ұйымдары арқылы сатылатындығы, тауарларға қойылатын баға қалай анықталатыны және пайдалылық қандай деңгейде болатыны, сату көлемінің тұрақты өсуін, өткізу көлемін ұлғайту немесе жаңа тұтынушыларды ынталандырудың формалары есебінен, фирма және оның тауарлары туралы жақсы мәліметтерге қалай жетуге болатындығы жайлы ақпараттарды қарастырудан тұрады. Сондықтан бұл бөлім мынадай бөлімшелерден құрылады:
- маркетинг стратегиялары мен мақсаттары;
- баға белгілеу;
- тауарларды тарату схемасы;
- сатуды ынталандыру әдістері;
- сатудан кейін клиенттерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- жарнама;
- фирмалар және тауарлар туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы.
«Баға – сапа – рентабельділік» параметрлері бойынша өзара байланыс сақталуы тиіс. Баға белгілеу кезінде бағалардың жалпы құрылымын әзірлеу, оның өзгеруі, баға стратегиясының жалпы пайдаға әсері ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет