Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Бизнес-жоспардың көрсеткіштері мен негізгі параметрлері, жалпыланған резюме



бет28/152
Дата05.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#90256
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   152
2. Бизнес-жоспардың көрсеткіштері мен негізгі параметрлері, жалпыланған резюме. Бұл тарау құрама болып табылады жәнежоспардың негізгі идеясы мен мазмұнын көрсетеді. Ол жоспарды өңдеу шамасына байланысты құрылады және нақтыланады, бизнес-жоспар толығымен құрылып біткен соң аяқталады. Бизнес-жоспар резюмеден басталады, оның көлемі 4 беттен аспайтын болуы керек. Ол жоспардың мазмұны мен негізгі ойын таныстырады және мынадай бөлімдерден тұрады:
- жобаның басты мақсаты;
- кәсіпкерлік өнімнің қысқаша сипаттамасы;
- қойылған мақсатқа қол жеткізу жолдары мен әдістері;
- жобаны жүзеге асыру мерзімі;
- іске салынған қаржының рентабельділік деңгейі;
- сату көлемі туралы мәлімет;
- жобаны жүзеге асыруға байланысты шығындар;
- күтілетін тиімділік және нәтижесі;
- нәтижелерін қолдану аймағы.
Резюме бизнес-жоспардың ең басты таныстырушы бөлігі болғандықтан, оны нақты, қысқа және дәлелді етіп жасау керек. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімі болашақ тұтынушыларға берілетін тауарлар (қызметтер), яғни өнімнің сипаттамасын беретін бөлімнен басталады. Бұл бөлім нақты ұқыпты талқылауды қажет етеді. Кәсіпкердің тауарлар мен қызметтер жөнінде нақты мәліметтері болуы тиіс. Жалпыланған резюменің көрсеткіштері: жалпы жинақталған көрсеткіштер (өнім мен қызметті жүзеге асыру және өндіріс көлемі; саудадан түскен ақша; жеке және несиелік құралдар; пайда, рентабельділік); арнайы (жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтің сапасы, олардың ажыратылатын қасиеттері, тұтынушының сұранысы мен ерекше талғамына бейімделуі; қаржы орнын толықтыру мерзімі; тәуекелдіктің төмен деңгейі; жоспарланған нәтижені алудың кепілдігі).
3. Тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер, тауарлар, өнімдер сипаттамасы. Бұл бөлімде кәсіпкер ұсынылған жоба шеңберінде өндірілетін өнімі немесе қызметі туралы сипаттамаларды көрсетеді. Оларды бәсекелестердің өнімдерімен салыстырады және өндірісті дамыту жоспарларына талдау жасайды. Мұнда өнімге қатысты келесі мәселелер қарастырылады: өнім атауы, функционалдық тағайындалуы, оның негізгі қасиеттері, қабылданған стандарттарға сәйкестігі, тауарлары мен қызметтері қандай сұраныстарды қанағаттандырады, нарықта олардың басқалардан айырмашылығы, жетістіктері мен кемшілікгері, тұтынушының осы тауарлар мен қызметтерді пайдалана отырып, нені ұтатындығы туралы айтуы қажет. Сонымен қатар кәсіпорынның қандай интеллектуалды меншікке (патент, лицензия, кәсіпорын құпиялары) жататындығын көрсету маңызды болып саналады. Өнім сипаттамасын қарастырғанда бәсекелестердің өніміне де талдау жасалуы тиіс. Ол үшін бәсекелес өнімдердің функционалдық және тұтынушылық қасиеттерін сипаттау, не себепті бәсекелестердің өнімдері белгілі бір сұранысқа ие болып отырғанын зерттеу, олардың баға белгілеу қағидаларын ескеру, бәсекелестердің пайдаланып отырған өткізуді ынталандыру тәсілдерін анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет