Кірпішті көк шайды күзде немесе көктемде жиналатын ірі ескі жапырақтардан арнайы технологиямен престеу арқылы алады. Көк кірпішті №10 және Грузия атпен шығарылады.
Экстракцияланған шай қара шайдың концентраты және тез еритін шай түрінде шығарылады.
Шай концентраты шай экстрактінен, құмшекер және лимон экстрактінен тұратын сироп тәрізді сұйықтық.
Тез еритін шайды қара және көк бұйра шайдан ерігіш заттарды ыстық сумен экстракциялап, сосын кептіру арқылы ұнтақ түрде шығарады. Ассортиментті кеңейту үшін ароматталған шай шығарылады.
Шайды буып түю және сақтау. Бұйра қара және көк шайды қағаз немес картон қораптарға 25,50,75, 100, 200 граммнан, сонымен қатар 50,100 граммдық пластмасса, метал ыдысқа буып шығарады.
Жоғары және І сұрыпты плиткалы шайды подпергаментке, фольгаға және затбелгі қағазына орайды, ал төменгі сұрыпты қара тақта және көк шайды подпергаментке және затбелгі қағазына орайды.
Шай жоғары гигроскопиялық өнім болғандықтан ылғалдылық жоғары болғанда ол ылғалданады. Бұл кезде шайдың ароматы жоғалады және көгеруі мүмкін. Сондықтан шайды құрғақ, таза, желдетілетін бөлмелерде 65% аспайтын салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Оларды өткір иісті заттармен бірге сақтауға болмайды. Сақтау мерзімі – шығарылған күннен бастап 8 ай.
Достарыңызбен бөлісу: |