Жемістер мен көкөністердің химиялық құрамын сипаттаңыз.
Көкөністердің жіктелуі
Жемістердің жіктелуі
Жемістер мен көкөністердің аурулары, олардың ерекшелігі қандай?
Балғын жемістер мен көкөністерді өңдеу әдістері қандай?
Ашытылған орамжапырақ пен тұздалған қиярдың тауарлық сорттары қандай?
Кептірілген жемістер мен көкөністер
Көкөніс консервілері ассортименті қандай?
Жеміс консервілері ассортименті қандай?
Тез қатырылған жемістер мен көкөністерді өндіру ерекшелігі неде?
4-тарау. ДӘМДІК ТАУАРЛАР
Дәмдік тауарлар – адамда дәмдік сезімдерді тудыратын және тамақтың сіңуіне ықпал ететін әртүрлі тамақ өнімдері. Көбінің тағамдық құндылығы төмен, себебі құрамында ақуыз, май, көмірсулер аз мөлшерде болады. Дәмдік тауарлар құрамында органикалық қышқылдар, гликозидтер және т.б. заттар бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, ас қорыту сөлінің бөлінуін күшейтіп, асқорытуды жақсартады. Кейбір дәмдік тауарларда (табиғи жемісжидек және көкөніс шырындары, шараптар және т.б.) минералды тұздар, дәрумендер және органикалық қышқылдар едәуір мөлшерде болады және құнды, емдәмдік өнімдер болып табылады.
Адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша дәмдік тауарларды екі топқа бөледі: жалпы әрекеттегі, жеке әрекеттегі.
Жалпы әрекеттегі дәмдік тауарлар орталық жүйке жүйесін қоздырады және көбінесе ағзаға зиянын тигізеді. Оларға алкогольді сусындар (ликер- арақ өнімдері, шараптар, коньяк, сыра, квас, бал сусындары) және кофеин (шай, кофе) мен никотин (темекі және темекі бұйымдары) алкалоидтары бар өнімдер жатады.
Жеке әрекеттегі дәмдік тауарлар тағамның дәмін және иісін жақсартатын заттардың болуы мен ерекшеленді. Оларға татымдықтар (бұрыш, қалампыр, лавр жапырағы және т.б.) және дәмқосарлар (қыша, түбіртамыр, тағамдық қышқылдар, ас тұзы) жатады.
Саудалық тәжірибеде дәмдік тауарларды келесі топтарға бөледі: алкогольді сусындар (спирт, арақ, ликер-арақ өнімдері, шараптар); әлсіз алкогольді сусындар (сыра, ашымық, бал сусындар, морстар); алкогольсіз сусындар (минералды сулар, жеміс-жидек шырындары, сироптар, экстракт, жеміс-жидек газдалған сусындары); шай, кофе және кофе сусындары; татымдықтар (мускат жаңғағы, қалампыр, лавр жапырағы, бұрыш, ваниль т.б.); дәмқосарлар (сірке, лимон, шарап, алма және сүт қышқылдары, ас тұзы және т.б.); темекі және темекі бұйымдары.
Достарыңызбен бөлісу: |