Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет152/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Тосап, джем, повидло сапасын бағалаған кезде ыдыс күйін, бүтіндігін, тазалығын, құрғақтығын, нақты маркіленуін және ілестірмелі құжаттарға сәйкестігін тексереді.

Тосыптың сыртқы түрін анықтағанда жемістердің өлшемі бойынша біртектілігін, пішінінің сақталуын, жемістер үстіндегі сироп қабатының біктігін анықтайды. Сиропты стақанға құйып алып, өтпелі жарықта қарап тексеру арқылы мөлдірлігін анықтайды. Барлық тосап, джем, повидлода қанттануын, ашу белгілерін тексереді. Сапалы повидло біртекті езгіленген масса болу керек, тосапта жемістер пішінін сақтаған және сиропта біртекті таралған болу керек. Джем жағылғыш консистенциялы болу керек.

Дәмі мен иісін дәмін татып және іскеу арқылы анықтайды. Жемістер мен жидектерлің дәмі мен иісінің айқын білінуіне назар аударады. Карамельденген қант татымы І сұрыпты өнімде рұқсат етіледі, ал жоғары сұрыпты өнімде рұқсат етілмейді.

Тосап, джем, повидло түсі жемістер мен жидектердің түсіне сай, біртекті болу керек. Төмен сұрыпты өнімдерде ашық қоңыр түсті реңдер болуы рұқсат етіледі.



Тосап, джем, повдло консистенциясы. Тосаптың консистенциясын сиропқа бөлек, жемістерге бөлек анықталады, ал джем мен повидло консистенциясы жалпы масса үшін анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет