Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Ірімшік өнімдерін буып-түю және сақтау



бет207/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Ірімшік өнімдерін буып-түю және сақтау. Ірімшік массасы саудаға өлшеніп сатылатын және оралған күйде түседі. Өлшеніп сатылатын ірімшікті таза ағаш бөшкелерге 50 кг дейін, металл флягаларға 35 кг дейін, алюминий бидондарға 10 кг дейін салады. Ыдысты ірімшік массасымен толтырып, бетін пергаментпен жауып, тығыздап қақпақпен жабады. Флягаларда резина төселу және пломбалану керек. Оралған ірімшік массасын және сыроктарды жұқа подпергаментке, алюминий фольгасына: сырокты – 50, 100 г-нан, ірімшік массасын – 250, 500 г-нан орайды да, 12 кг-нан үш қатар етіп ағаш, жәшіктерге, картон қораптарға салады.

Ірімшік торттарын астына пергамент төселген картон қораптарға салады, өнім массасы – 250, 500, 1000 және 2000 г. Кремдер мен паста тәрізді ірімшікті шыны банкілерге, картон стакандарға 50-ден 250 г дейін салады. Содан кейін оларды маркілейді, өндіруші кәсіпорын аты, өнім аты мен майлылығы, нетто массасы, шығарылған күні, құрамы, калориялығы және т.б. белгіленеді. Дукенде ірімшік массалары 8С дейін температурада 36 сағат, ал ірімшік торттарын – 24 сағат сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет