Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет327/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

12.3.5.Майшабақ тұқымдасы


Майшабақ тұқымдасы балықтарға атлант, тынық мұхит, беломор, каспий майшабақтары; салака; сардиндер; килька, тюлька жатады.

Майшабақ балықтарының денесі ұзынша келген. Басының қабыршағы жоқ, бүйір сызығы да жоқ. Арқа қанатшасы біреу және денесінің ортасында орналасқан. Бүйірлік қанатшалар да денесінің орта бөлігінде орналасқан.

Майшабақтар аулау жері, өлшемі және салмағы бойынша ажыратылады.



Майшабақ (сельд) – майшабақ тәрізділер отрядына жататын сүйекті балықтардың бір тұқымдасы. 50-дей туысы, 170-тей түрі бар. Ұзындығы – 37 см, массасы – 800 г, кәсіптік маңызы бар.

Майшабақтар тұздап, консервіленген сапасы жоғары әрі дәмді өнім беретін балықтар түріне жатады. Май шабақтың етінің құрамындағы майы жыл бойында өзгеріп отырады: күзге қарай бадық семіріп, оның етіндегі майдың мөлшері 20-дан 30%-ға дейін жетеді, ал көктемде уылдырық шашарда не бары 4% болады.

Каспий майшабағының бірнеше түрі бар. Черноспинка – ұзындығы 35 смден астам таңдаулы тауар беретін ең жақсы майшабақ. Уылдырық шашу басында 19% майы болады.

Астрахань майшабағы сапасы бойынша Черноспинкадан төменірек, майлылығы екі есе аз.

Пузанок – іші сәл салбыраған майшабақ, каспий майшабақтарының ішінде көп ауланатын түрі.

Қалған каспий майшабақтарының кәсіптік маңызы азырақ.



Килька жыл бойы ауланады. Килька – ұсақ майшабақтар тобы. Ол Балтық (Балтық килькасы), Каспий (кәдімгі каспийлік және ангоус килькасы), аздап Азов және Қара теңіздерден ауланады. Бұлардың ішіндегі ең дәмдісі және майлы семізі — Балтың килькасы. Салмағы 10—15 г. Олардан түгелдей дерлік «Килька» консервісін жасайды. Балтык килькасын салака сияқты консервілер дайындау үшін пайдаланады (мысалы, «Шпроттар»). Тоңазытылған және тұздалған килькадан әр түрлі басытқылар, сұйық жөне қою тағамдар өзірлеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет