Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет326/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   379

12.3.4. Алабұға тұқымдасы


Алабұға тұқымдас балықтарының арқасында екі қанатшасы бар, оның алдыңғысы тікенекті болып келеді. Бүйірлі қанатшалар кеудесінде орналасқан. Қабыршақтары өте тығыз жабысқан.

Алабұға тұқымдас балықтарға судак, берш, алабұға, таутан және басқалары жатады.

Көксерке (судак) – тісті алабұға тұқымдасы. Каспий, Арал теңізі, Балхаш, Алакөл, Қапшағай көлдерінде және көптеген өзендерде өмір сүретін кәсіптік маңызы бар балық. Массасы 600 граммнан 2,5 кг-ға дейін кейде 20 кгға дейін жетеді. Көксеркенің еті адам ағзасына жақсы сіңіп қорытылады. Көксеркенің етіне көптеген тағамдар әзірлейді.

Берш – көксеркенің бір түрі, бірақ одан кішігірім; тістері жоқ, желбезектері қабыршақпен жабылған.

Алабұға (окунь) – тұщы суда өседі, өзендер мен тоғандарда, сондай-ақ көптеген көлдерде тіршілік етеді. Жергілікті кәсіптік маңызы бар. Оның ірісінің тұрқы 40 см-ге жетеді, салмағы – 2 кг. Еті жұмсақ, ақ, майсыз, хош иісті, экстрактивті заттарға бай. Алабұғаның ұсағынан сорпа қайнатады, сондай-ақ сорпасын дірілдек дайындау үшін де пайдаланады. Ал ірі алабұғаны қуырады немесе қайнатып пісіреді. Алабұға еті тығыз, ароматты, дәмді.

Таутан (ерш) – тұщы суда өседі. Ол барлық өзендер мен көлдерде тіршілік етеді. Салмағы 20–30 г. Сібір өзендерінде салмағы 400–500 г болатын таутандар кездеседі. Таутанның қабыршағы ұсақ және шырышты болып келеді. Кәдімгі таутаннан басқа дондық таутан балығын иемесе қалма балығын аулайды (салмағы 80–40 г), жас таутаннан сорпа (уха) дайындайды. Қара теңізде теңіз таутаны (қара теңіздік) немесе скорпена таутаны кездеседі. Олардың тұщы су таутандарына қарағанда ерекшелігі – жонындағы қанатының түбінде улы безі болады (сондықтан аршыган кезде сақ болған жөн). Еті өте дәмді. Таутан – майда сүйекті балық. Ұзындығы 12 см-ден жоғары таутан саудада 2 топ майда болығы болып, ал 12 см-ге дейін балықтар – 3 топ майда балықтары болып бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет